"Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 571 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2464. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.01.13 № 13 бұйрығымен.

      КЕЛІСІЛГЕН          
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым      
министрімен         
2003 жылғы 7 тамыз     
 
КЕЛІСІЛГЕН         
Қазақстан Республикасының 
Индустрия және сауда   
министрлігі Құрылыс істері
жөніндегі комитетінің  
төрағасымен        
2003 жылғы 6 тамыз    

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

БЕКІТІЛГЕН            
Қазақстан Республикасының   
Денсаулық сақтау министрінің  
2003 жылы 25 шілдедегі     
N 571 бұйрығымен        
"Мектепке дейінгі ұйымдардың  
құрылымына, оларды пайдалану  
барысында қойылатын      
санитарлық-эпидемиологиялық  
талаптар" санитарлық ережелері
мен нормаларын бекіту туралы"

"Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық ережелері және нормалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мектепке дейінгі ұйымдардың құрылымына, оларды  пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарындағы орналастыру жағдайына, жер учаскесіне, ғимаратқа, үй-жайларды жабдықтауға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, ауа арқылы жылыту режиміне, табиғи және жасанды жарықтандыруға, су және канализация жүйесімен қамтуға, медициналық қызмет көрсету және тазалық тәртібіне үйретуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.

      2. Осы санитарлық ережелер меншік нысанынан тәуелсіз мектепке дейінгі ұйымдарға арналады.

      3. Осы санитарлық ережелердің талаптарының сақталуына мектепке дейінгі ұйымдардың бірінші басшылары жауапты.

      4. Осы санитарлық ережелерде келесі терминдер қолданылған:
      1) мектеп жасына дейінгі балалар ұйымы - Қазақстан Республикасының заңдар жиынтығына сай, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқу-тәрбие беру жағдайының міндетті түрдегі мемлекеттік стандарттар негізінде әзірленген бағдарламалар мен оқу жоспарларына сай тәрбие беріп-оқытатын заңды тұлғалар;
      2) топтық бөлік - бір топтағы балаларға арналған үй-жайлар жиынтығы;
      3) топтың жинақталуы - топты құру үшін норма бойынша балалар саны;
      4) күн тәртібі - балалар үшін белгіленген күн тәртібі;
      5) ертеңгі жүргізілетін тазалық сақтау жұмыстары - жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жүргізілетін медициналық шаралар;
      6) дене шынықтыру -адам денсаулығын арттыруға және адам денесінің мүмкіншілігін дамытуға бағытталған іс-қимыл аумағы;
      7) тиімді тамақтандыру - физиологиялық және жас мөлшеріне қарай керекті тамақтандыру нормаларын ескере отырып, тамақтандыру балансын сақтау;
      8) бракераж - тағамдық азық-түлікке және дайын тағамдарға түйсік органдарының көрсеткіштері бойынша баға беру;
      9) оқшаулайтын бөлме - ауруларды оқшаулауға арналған үй-жайлар жиынтығы;
      10) инсоляция - үй-жайға гигиеналық тұрғыдан баға беру үшін күн радиациясын нормалайтын көрсеткіш;
      11) табиғи жарықтандыру коэффициенті (әрі қарай - ТЖК) үй-жайды табиғи жарықпен қамтамасыз етудегі нормалайтын көрсеткіш;
      12) климаттық аумақ - климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;
      13) септик - тұрмыстық жағдайда қолданылған шағын көлемдегі су қалдықтарын тазалауға арналған құрылғы. Ол жер астында горизонтальды орналасқан, бір немесе бірнеше камерадан тұратын және су қалдықтарын жинайтын тұндырғыш;
      14) зарарсыздандырғыш заттар - қоршаған орта нысандарындағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою үшін қолданылатын химиялық заттар.

      5. Мектепке дейінгі ұйым бір жастан жеті жасқа дейінгі аралықтағы балалар үшін ұйымдастырылады және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1216 тіркелген ережеге сәйкес жасына қарай топтарға бөлініп, жинақталады. Қараныз P041353

      6. Мектепке дейінгі ұйымдарда орын саны қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес анықталады (бұдан әрі - ҚНжЕ).

2. Мектепке дейінгі ұйымдарды орналастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      7. Мектепке дейінгі ұйымдарды елді мекендердегі тұрғын үйлер аумағында, магистральдық жолдан, коммуналдық және өнеркәсіптік ұйымдардан қашық, оңашаланған жердегі учаскеде:
      1) қалаларда - 300 метр (бұдан әрі - м);
      2) селолық елдімекендерде және кіші қалаларда - 500 м;
      3) қалаларда ғимараттан қызыл сызыққа дейін қашықтық (учаскелер шекарасы) - 25 метр;
      4) ауылдарда - 10 м қызмет көрсету радиусымен орналастыру қажет.

      8. Мектепке дейінгі ұйымдардан гараждар мен төбесі ашық автотұрақтардың арақашықтығы жеңіл автокөліктер санына қарай болуға тиіс:
      1) он және одан кем болған жағдайда - 15 м;
      2) он бірден жүз автокөлікке дейін - 25 м;
      3) жүз бірден үш жүз автокөлікке дейін - 50 м;
      4) үш жүз автокөліктен жоғары болғанда арақашықтық өкілетті органмен белгіленген тәртіп бойынша анықталады.

      9. Мектепке дейінгі ұйымдардың тұрғын үйлерден арақашықтығы инсоляция және жарықтандыруға қатысты есеп негізінде алынуы керек. Үй-жайларда үзіліссіз үш сағат бойы инсоляция қамтамасыз етілуі тиіс.
      Екі-үш қабатты тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың ұзын жақтарының арақашықтығын 15 м кем емес, төрт қабатты ғимараттардың арақашықтығын - 20 м кем емес етіп алу керек; төрт қабатты ғимараттардың ұзындығы мен енінің арасы егер терезесі бар тұрғын бөлмелерден тұратын болса 10 м кем болмауы тиіс.

      10. Мектепке дейінгі ұйым жер учаскелерінің көлемін есеп бойынша бір орынға:
      1) жүз орынға дейін - 40 шаршы метр(бұдан әрі - м 2 );
      2) жүз орыннан жоғары - 35 м 2 ;
      3) бес жүз орыннан жоғары - 30 м 2 .

      11. Мектепке дейінгі ұйымның жер учаскелерінде топтық алаңдар, жалпы денешынықтыру алаңы, жеміс бақшасы, шаруашылық алаңы және екпе ағаштарға орын қарастырылуы керек:
      1) топқа арналған алаңдардың көлемі: бөбектер үшін бір орынға - 7,5 шаршы метр; мектеп жасына дейінгі балалар үшін - бір орынға 7,2 шаршы метр, осы санитарлық ережелерге 1 қосымшаға сәйкес қабылдануы тиіс;
      2) мектеп жасына дейінгі балаларға арналған топтық алаңдар учаскенің периметрі бойынша өзара кеңдігі 1,5 метр болатын жолмен айналып қосылуы керек.

      12. Балалар алаңдарына шығатын үй-жайдың есігіне дейін ішіндегі тиісті топтық бөліктерге ыңғайлы қатынас жолы болуға тиіс. Бөбектерге арналған алаңдар үй-жайға шығатын жерге жақын орналасуы тиіс. Алаңдардағы жабдықтар балалардың бойы мен жасына сәйкес болып және берік орнатылуы тиіс. Жабдықтардың беті, бүдірсіз және шығып тұратын бұрандасы болмай, тегіс болуы тиіс. Оның беті суға шыдамды және тазартуға ыңғайлы болуы тиіс. Жабдықтарды дайындауға Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдер тізіліміне сәйкес материалдар қолданылуы тиіс.

      13. Топтық алаңдар екпе ағаштармен қоршалуы керек. Учаскенің көгалдандыруға жататын алаңы оның кем дегенде 50% бөлігін құрауы тиіс. Ғимараттан екпе бұтақтар 5 метрден артық емес қашықтықта; ағаштар - 10 метр қашықтықта отырғызылуы тиіс, ІV-климаттық белдеуде бұл арақашықтықтарды кемітіп және үлкен көлеңке түсіретін биік ағаштарды отырғызуға болады.

      14. Әр топтың алаңында көлеңке түсіретін, көлемі 40 шаршы метр болатын бастырмасы болуы тиіс. Көлеңке түсіретін бастырманың едені балалардың денсаулығы үшін қауіпсіз, жылу өткізгіш Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалуы тиіс.

      15. Бөбектер тобына арналған алаңдардың беті арнайы шөп егілген, ал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған алаңдардың беті шөп егілген және тығыздалған топырақтан болуы тиіс.

      16. Мектепке дейінгі топтар үшін ортақ пайдалануға жеміс - бақша жоспарлауға жол беріледі.

      17. Дене шынықтыру алаңын қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес жоспарлау керек.
      Дене шынықтыру алаңының жанынан тереңдігі - 0,4-0,6 м ашық жүзетін бассейндерді және тереңдігі 0,25 м шомылу бассейндерді орналастыруға жол беріледі. Ашық жүзетін бассейндерді қарастырған кезде, олар қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес үй-жайлармен қамтамасыз етілуі тиіс.

      18. Шаруашылық алаңы оқшау, ас блогына және кір жуатын орынға жақын орналасып, бетінің қатты қабаты (бетон немесе асфальт) болып, өз алдына бөлек көлік кіретін жолы болуға тиіс. Шаруашылық алаңына кіретін жол аумақтың ішінде топтық алаңдарға қатынайтын жолдармен қиылыспауы керек.
      Шаруашылық алаңында көлемі 50 шаршы метр болатын көкөніс сақтайтын қойманы орналастыруға рұқсат етіледі. Темірден жасалған, қақпағы бар қоқыс жинағыштарды бетондалған немесе асфальтталған алаңда, ұйымның ғимаратынан 25 метр қашықтықта орналастырады.

      19. Мектепке дейінгі ұйымының қарасты жер учаскесінің биіктігі 1,6 метр болатын қоршаулы болуы тиіс. Жер учаскесін айналдыра ағаштар немесе екпе бұтақтар алқабы отырғызылуы тиіс.

3. Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      20. Мектепке дейінгі ұйымдар биіктігі екі қабаттан аспайтын жеке ғимараттарда орналасуы тиіс. Ұйымның құрылысын жүргізу және жоспарлау қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      21. Ғимаратта және учаскеде оқшаулау принципі максимальды түрде сақталып, топтарды бір бірінен (әсіресе, бөбекжай) және әкімшілік-шаруашылық үй-жайларынан бөлек орналастырылуы тиіс.

      22. Ғимаратқа кіретін есіктің алдында кеңдігі 1,6 метр болатын қосақталған екі кіреберісі болуы тиіс. Кіреберістің біреуінің есігі ішке қарай ашылуы тиіс.
      Ішкі есіктер әйнектелуіне тыйым салынады.

      23. Сәби жастағы балаларға арналған топтық ұялар көпшілігінде бірінші қабатта орналасып, әр топқа кіретін бөлек есігі болуы тиіс.
      Сәби жастағы балаларға арналған ұялы топтар құрамына қабылдау, ойын, ұйықтайтын бөлмелер, дәретхана және буфет (тамақтанатын орын) кіреді. Бірінші топтағы жас балаларды қабылдау бөлмесінде ата-анасына шешінетін орын және баланы емізетін орын қарастырылады.

      24. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған топтардың ұялары бірінші қабатта және сол сияқты екінші қабатта орналасуына болады. Мектеп жасына дейінгі балалар тобына төрт топқа дейін ортақ бір есіктен кіруге жол беріледі.
      Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған топтардың ұялары құрамына шешінетін орын, топтың ойнайтын орны, ұйықтайтын бөлме, дәретхана, буфет (тамақтанатын орын) кіруі тиіс.

      25. Мектепке дейінгі ұйым ғимараттарының үй-жайларының терезелерін көкжиектің тұстарына бағыттау осы санитарлық ережелерге 2-қосымшаның 2 кестесіне сәйкес алу керек.

      26. Ұйықтайтын және ойнайтын топтық үй-жайларда тікелей немесе бұрыштан табиғи жолмен желдету қамтамасыз етілуге тиіс. ІV климаттық аудандарда тікелей немесе бұрыштан табиғи жолмен желдету ас блогы мен кір жуатын үй-жайларда да қамтамасыз етілуі керек.

      27. Әр үй-жайдың терезелеріндегі фрамугалары мен форточкалары жылдың барлық мезгілінде қолданылуы тиіс. Фрамуга мен форточка ауданының еденнің ауданына қатынасы 1:50 құрауы тиіс. Фрамуганың сыртқы бөлігі төменгі жағынан, ал ішкі бөлігі жоғарғы жағынан ашылуы тиіс. Ішкі бөлігінің бүйірінен шектегіш болуы тиіс.

      28. Баспалдақтардың биіктігі 1,2 метр қоршауы болуға тиіс. Тұтқалары үлкен адамдар үшін 0,85 метр, балалар үшін 0,5 метр биіктікте орналасуы тиіс. Баспалдақтар қоршауының тігінен орнатылған элементтерінің арасы 0,1 метрден аспауы тиіс, оларды көлденең орнатуға жол берілмейді.

      29. Негізгі үй-жайларды санитарлық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету ҚНжЕ талаптарына осы санитарлық ережелерге 3 -қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      30. Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка және гимнастикамен айналысуға арналған залдар болуы тиіс:
      1) жүз қырық орынға дейінгі залдың алаңы 75 шаршы метр;
      2) жүз қырықтан жүз тоқсан орынға дейінгі залдың алаңы - 100 шаршы метр;
      3) екі жүз сексеннен үш жүз отыз орынға дейін екі зал қарастырылуы тиіс, олардың көлемдері 100 және 50 шаршы метрден немесе екі зал көлемі 75 шаршы метрден;
      4) залдардың едені жылу өткізгіштігі төмен материалмен қапталуы тиіс (паркет, ағаш, жылы төсенімі бар линолеум);
      5) зал арқылы өтуге болмайды, екі залды жылжымалы арақабырғамен бөлуге рұқсат етіледі. Залдарда көлемі 6 шаршы метр болатын қойма қарастырылуы тиіс.

      31. Мектепке дейінгі ұйымда ваннасының көлемі 3х7 метр және тереңдігі ауыспалы 0,6-дан 0,8 метрге дейін болатын жүзу бассейіні болуы мүмкін. Ваннаның периметрі бойынша биіктігі 0,15 метр, ені 0,30 метр болатын ернеуі және оны айналып жүретін кеңдігі 0,75 метрден кем емес жолы болуы тиіс. Жүзу бассейінінің құрылуы мен жабдықталуы қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      32. Медициналық үй-жайлардың құрамында, бірінші қабатта орналасатын, бөлек, учаскеге шығатын есігі бар оқшауланған бөлме болуы тиіс. Ол палатадағы орын саны ұйымдағы орын санының 1,5% құрауы тиіс.

      33. Ас блогы үй-жайлары бірінші қабатта орналасып, сыртқа есігі болуы қажет. Көкөніс және құрғақ азық-түлікті сақтайтын қойма ас үйден бөлек орналасуы тиіс.
      34. Негізгі және қосымша ғимараттардың құрамы мен ауданын  қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына, осы Санитарлық ереженің 2 қосымшасының 1 кестесіне сәйкес қабылдауы тиіс. 

      35. Кір жуатын және үтіктейтін бөлмелер жапсарлас орналасады. Кірлеген төсек әбзелдері мен киімдерді қабылдайтын шлюздердің терезелері кір жуатын бөлмеге қарай ашылып, таза және кір төсек әбзелдері мен киімдерді қабылдау және жіберу кезінде араласпауы тиіс.

      36. Кір жуатын бөлменің есігін топтық ұялардың үй-жайларына және ас блогына қарсы орналастыруға жол берілмейді; сол сияқты ас блогының, кір жуатын бөлменің, дәретхананың терезелерін топтық ұялардың үй-жайларының, ұйықтайтын, ойнайтын бөлмелерінің астына орналастыруға болмайды.

      37. Мектепке дейінгі ұйым үй-жайларының қабырғасы мен едені тегіс болып және ылғалды әдіспен тазартуға мүмкіндік беретін материалдармен әрленуі тиіс.
      Топтық ұяларға арналған негізгі үй-жайлардың, музыка мен гимнастика сабақтарына арналған бөлмелердің қабырғалары ашық түсті бояумен сырланып, жууға және зарарсыздандыруға шыдамды болуы тиіс. Ас блогы үй-жайларының, кір жуатын, үтіктейтін бөлмелердің және дәретхананың қабырғалары 1,8 метр биіктікке дейін глазурленген тақтайшалармен қапталуы керек.

      38. Топтарға арналған, ұйықтайтын, ойнайтын, оқшаулайтын үй-жайлардың едені тесігі жоқ, жылы болуы тиіс. Бірінші қабатта орналасқан (І-ІІ климаттық белдеу) топтық және ойнауға арналған үй-жайлардың едені жылу ұстайтындай болуы тиіс:
      1) топтарға, ойнауға, ұйықтауға арналған үй-жайлардың, медициналық және оқшаулау кабинеттерінің, дәліздің едендеріне тақтай, паркет, линолеум төселуі тиіс;
      2) ас блогы, кір жуу, үтіктеу және әжетхана бөлмелерінің едендері керамикалық плитамен төселуі тиіс;
      3) қабырға мен еденді өңдеуге арналған полимерлі материалдарды іріктеу барысында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдер тізілімі басшылыққа алынады.

4. Мектепке дейінгі ұйымды табиғи және жасанды жарықпен қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      39. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі үй-жайлары табиғи жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Топтарға, ұйықтауға арналған үй-жайларда, медицина кабинетінде, оқшаулау палатасында, музыка және гимнастика сабағы өтетін бөлмелерде қамтамасыз етілетін табиғи жарықтың ең төменгі коэффициент - 1,5% кем болмауы тиіс.

      40. Екінші жарықты қолдануға дәретханалық, қоймалық, персоналға арналған дәретханалық және буфеттік жайларда (азық-түлік қоймаларынан басқа) жол беріледі.

      41. Топтарға арналған үй-жайларда жарық тек бір жағынан түскен жағдайда бөлменің кеңдігі ішіне қарай 6 метрден аспауы тиіс. Үй-жайдың іші өте кең болғанда терезелер екі жақтан қатар немесе қосымша бұрыштан орналасуы тиіс. Терезенің майда тор көздері болмауы тиіс. Терезенің жақтауына биіктігі 15 сантиметрден аспайтын екі-үш гүлдерді орнатуға болады. Еденнен 65-70 сантиметр биіктікте аспалы, жылжымалы гүлдер орнатуға болады.

      42. Жасанды жарық көздері барлық үй-жайды жеткілікті көлемді және біркелкі қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына, осы санитарлық ережелерге 4 қосымшаға сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.

      43. Үй-жайда біркелкі шамдар қолданылуы тиіс: жәй немесе люминесцентті шамдар. Жарық беретін шамдалылар жарық түсетін қабырғаға паралель орналасқан қабырғаға сыртқы қабырғадан 1-2 метр қашықтықта және ішкі қабырғадан 1,5 метр қашықтықта орналастырылады. Мектепке дейінгі балаларға арналған топтарда орнатылған тақтаға паралель орналасқан екі шамдалымен жарық берілуі тиіс, олар тақтаның жоғарғы шетінен 0,3 метр биіктікте, топтар жағынан 0,6 метр жерде орналастырылуы тиіс.

      44. Арматурасы бар шамдарды жылына екі реттен кем емес жүргізілуі және күйіп кеткен шырақтарын уақытысында ауыстырып отыру қажет. Дұрыс жұмыс істемейтін, күйіп кеткен люминесцентті шамдарды жинап мектеп ғимаратынан тыс жерге құрамында күкірт бар люминесцентті шамдарды сақтаумен және жоюмен айналысатын ұйыммен шығарылуы тиіс.
      Оларды жалпы білім беру ұйымдарының үй-жайларында мемлекеттік санитарлы-эпидемиялық қадағалау органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде уақытша сақтауға жол беріледі.
      Люминесцентті шамдар жалпы білім беру және интернаттық ұйымдарының бөлек тұрған подвалдарда, жертөле үй-жайларында, сынбайтын ыдыста сақталады. Үй-жай кілтпен жабылуы тиіс.
      Істен шыққан люминесцентті шамдар сақталуына жауапты тұлға бекітілуі тиіс.
      Қоқыс жинағыш контейнерлерге істен шыққан люминесцентті шамдарды лақтыруға тыйым салынады.

      45. Жәй шамдарды қолданғанда жарық беру деңгейі 100 люкс болуы тиіс. Әрбір шаршы метрге жалпы электр қуаты 1800 вольт (бұдан әрі - в/м 2 ), ал жекеленген шаршы метр үшін меншікті қуаты - 30-36 вольт болуы тиіс. Оқу-тәрбие беретін ұйымдарда сертификаттау сапасына және санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысына сәйкес қолдануға тыйым салынбаған шамдардың түрлерін пайдалануға болады.

      46. Балалар тұратын тұрақты үй-жайларда штепселді розеткалар және жарықты қосып-өшіргіштер еденнен 1,8 метр биіктікте орналастырылуы тиіс. Жасанды жарықты жыл маусымына қарай, табиғи жарықтың деңгейін ескере отырып қосу керек.

5. Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      47. Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай су құбырымен, ыстық сумен қамту жүйелерімен және канализациямен жабдықталуы тиіс. Судың сапасы қолданыстағы стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

      48. Орталықтандырылған поселкелік және қалалық су құбыры жүйелері мен канализациялар жоқ болған жағдайда, жергілікті су құбыры мен канализацияларды таңдау және орналастыру жұмысы тиісті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде шешіледі.

      49. Ас блоктарына, кір жуатын жайларға, бөбек топтары бөлмелерінде, буфеттерге және дәретханаларға келтірілген ыстық сулар болуы тиіс. Ыстық су жүйесіне балалардың сыртқы киімін кептіруге арналған сөрелердегі қыздырғыш аспаптар қосылуы тиіс.

      50. Балаларға арналған санитарлық құрал-жабдықтар құрылымдарының еденнен биіктігі мынандай болуы тиіс:
      1) кіші топтағы мектеп жасына дейінгі және сәби жасындағы балаларға арналған қолжуғыш - 0,4 метр;
      2) мектеп жасына дейінгі орта және ересек топтағы балаларға арналған қолжуғыш - 0,5 метр;
      3) постаменттегі ванналар - 0,6 метр;
      4) сәбилер тобындағы және бірінші кіші топтағы балаларға арналған (су себезгісі табандықтан бір метр);
      5) Мектепке дейінгі балаларға арналған (су себезгісі табандықтан 1,6 метр биіктікте орналасқанда) саяз себезгі табандығы - 0,3 метр.

      51. Ғимараттар қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай орталық жылыту, желдету жүйелерімен жабдықталуы тиіс.

      52. Мектепке дейінгі ұйым ғимараттарын орталық жылу жүйесімен, аудандық және жергілікті қазандықтар арқылы жылуменен қамту алдын-ала ескерілуі тиіс. Ауылдық жерлерде орналасқан және елуден аса орын алмайтын бірқабатты бала бақшалары пешпен жылытылады. От жағатын тесіктерде дәлізге ашылатын герметикалық есіктер болуы тиіс. От жағу жұмысы балалардың келгенінен 1,5-2 сағат бұрын аяқталуы тиіс.
      Орталық жылу беру жүйесінің жылыту құрал-жабдықтары алынып-салынатын, жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен жуылуға жататын торкөздерменен қоршалуы тиіс. Жаңқадан жасалған ағаш тақтайшасымен қоршауға болмайды.

      53. Бөлмедегі ауаның температурасы бөлменің қолдану ерекшелігіне және балалардың жасына қарай салыстырыла есептеліп, қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына, осы санитарлық ережелерге 5 -қосымшаға сай болуы тиіс.

      54. Бірінші қабатта орналасқан ойнауға және топтарға арналған бөлмелерде, еден үстінің температурасы қысқы мезгілде қосу 22 о С-дан төмен болмауы тиіс.

      55. Балалар болатын бөлмелердегі ауаның ылғалдылығы 40-55%, асхана және кір жуатын бөлмелерде 60-70%-ға дейін болуы тиіс.

      56. Күнделікті балалар болатын бөлмелерде ауаның алмастыруы 1,5 есе болып, таза ауамен қамтамасыз етілуі тиіс.

6. Мектепке дейінгі ұйымдардың үй-жайларын жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      57. Мектепке дейінгі ұйымдарын жабдықтау жұмысы қолданыстағы стандарт талаптарына және балалардың бойы мен жас ерекшелігіне сай болуы тиіс.

      58. Сабақ өткізуге арналған жиһаздарды орнына қою жұмысы кезінде мынандай талаптарды ескерген жөн:
      1) үстелдері, жарық түсетін қабырғаға қаратып міндетті түрде сол жақтан жарықтандырылатындай етіп қою керек;
      2) төрт орынды үстелдердің орналасуы екі қатардан, ал екі орынды үстелдер үш қатардан аспай орналасуы керек. Үстел қатарларының ара қашықтығы 0,5 метрден аспауы тиіс;
      3) бірінші қатардағы үстел жарық түсетін қабырғадан - бір метр қашықтықта;
      4) бірінші үстелдің тақтаға дейінгі қашықтығы 3-2,5 метр;
      5) қабырғаға ілінген тақтаның астыңғы жағының еденнен биіктігі - 0,7-0,8 метр;
      6) қабырғаға ілетін тақтаның мөлшері - 0,75-1,5 метр;
      7) балаларды орындықтарға денсаулығына, көруіне және естуіне байланысты отырғызу керек.

      59. Балабақша тобында орналасқан ойын залындағы манеждер мен барьерлер терезеден бір метр қашықтықта және параллельді орналасуы тиіс.

      60. Бірінші топтағы балабақша жасындағыларға арналған қолжуғыштың қасында жөргекке орайтын үстел, орамал ілетін ілгіш пен кір киімдерге арналып белгіленген бак орналасуы тиіс.

      61. Жатын бөлмелер-жайы стационарлы кереуетпен жабдықталады. Кереуеттердің ұзындығы қолданыстағы стандарт талаптарына сай келуі тиіс:
      1) үш жасқа дейінгі балаларға арналған кереуеттің ұзындығы 120 сантиметр, ені 60 сантиметр болып, бет жақтағы қоршауының биіктігі жасына қарай анықталады;
      2) жасы үш-жеті жастағы балалар үшін кереуеттің ұзындығы 140 сантиметр, ені 60 сантиметр болуы тиіс.

      62. Мектепке дейінгі топтар үшін екі қабат кереуеттерді қолдануға болады.

      63. Қабылдау және шешінетін бөлмелер балалар мен қызметкерлер үшін шкафтармен жабдықталуы тиіс. Оларда киім кептіретін орын қарастырылуы тиіс. Киім ілуге арналған шкафтарда жеке белгіленген ұяшықтар бас киімді қоюға арналған сөрелер мен сыртқы киімді ілетін ілгіштер қарастырылуы тиіс.

      64. Балаларға арналған дәретханаларда жеке бастың тазалығын сақтауға арналған заттарды қоятын сөрелер, балалар сүлгісін ілетін ілгіштер қарастырылады. Ал сәби тобындағылар үшін жеке белгісі бар түбек қоюға арналған шкаф қарастырылады.

      65. Телехабарларды қарау үшін экран мөлшері 59 сантиметр кем емес телевизорлар пайдаланылуы тиіс. Олардың еденнен биіктігі 1-1,3 сантиметр болуы тиіс. Диапроекторларға арналған экран да осында 1-1,3 метр биіктікте ілінуі тиіс. Телевизорлардың экраны мен көрермендердің ара қашықтығы 4-6 метр аралығында, ал диапроектордың экранынан 1,2-2,4 метр болуы тиіс; Орындықтарды төрт-бес қатарға ғана орналастырады; орындықтардың арасы 0,5-0,6 метр болуы тиіс. Орындықтарға балаларды бойына қарай отырғызады.

      66. Кешке қарай телехабарлар мен диафильмдер немесе видеофильмдерді көрсеткенде жасанды немесе жергілікті жарық көздерін пайдалану керек. Күндіз терезелерді ақшыл перделермен жапқан дұрыс. Телехабарлар мен диа немесе видеофильмдерді көру ұзақтығы төрт-бес жастағы балалар үшін жиырма минуттан, ал алты жастағылар үшін отыз минуттан аспауы тиіс.

      67. Ас блоктары мен кір жуатын бөлімдер үшін керекті құрал-жабдықтар тізімі қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес анықталады.

7. Мектепке дейінгі ұйымдарға учаске бөлгенде және оны пайдалану барысында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      68. Барлық үй-жайларды жинау жұмысы бөлмелердің терезелерін немесе желдеткіш көздерін ашып қойып, жуғыш заттарды қолдана отырып, ылғалды әдіспен күн сайын жүргізілуі тиіс. Терезе әйнектерінің ішкі беті апта сайын сүртілуі, ай сайын жуылуы тиіс; ал сыртқы беті кір болуына қарай, бірақ үш айда бір реттен кем емес. Еден күніне екі рет жуылуы тиіс; жиһаздар, жылыту радиаторлары, терезенің алды, балалардың киім ілгіштері бар шкафтар күн сайын сүртіліп, жетісіне бір рет жуылуы тиіс. Музыка және гимнастика сабақтары өтетін бөлмелер әр сабақтан соң тазаланып отырылуы тиіс.

      69. Күрделі тазалау жұмыстарын ай сайын, немесе эпидемиологиялық көрсеткіштер керек еткенде жүргізілуі тиіс, мұндайда: еден жуылып, жарық көздерінің арматуралары, терезелері, есіктер, қабырғалар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарын қолдана отырып сүртіп, тазалау керек.

      70. Сорып шығаратын желдеткіштің тор көздері ылғи да ашық болуы тиіс, ара кідік шаңнан тазаланып отырылуы тиіс. Тор көздерді тек үй-жайларда ауа райы күрт суығанда ғана жабуға болады.

      71. Сорып шығаратын желдету жүйесінің шахталарын тазалау жылына екі рет жүргізілуі тиіс. Терезе тесіктерін және оның шынысын екі жағынан шаң мен кірден тазалау жылына (көктем мен күзде) екі рет жүргізілуі тиіс.

      72. Топтық ұяшықтардың қызмет етуі кезінде әктеу және өзге жөндеу жұмыстарын (қабырға және төбелерді ақтау, терезе жақтауларын сырлау, күрделі жөндеуді) жүргізуге тыйым салынады.

      73. Жаңадан сатылып алынған ойыншықтарда сапа сертификаты болып, қолданар алдында жуғыш заттарды қолдана отырып оларды жуып, одан соң таза сумен шайып, ауада кептірілуі тиіс. Мұндай өңдеуден жұмсақ және түкті ойыншықтарды өткізуге болмайды.

      74. Бірінші топтағы сәбилер үшін ойыншықтар күніне екі рет ыстық сумен сабынмен щетка арқылы жуылып, немесе екі пайызды ас содасының ертіндісінде арнайы белгі салынған ыдыстарда жуылып, артынан ағынды сумен шайылып, ауада кептіріледі. Үлкен жастағы балаларға арналған ойыншықтар күн сайын, жұмыс соңынан жуылуы тиіс. Ойыншықтардың киімдерін кірлегеніне қарап жуады да, үтіктейді. Ойыншықтарды жуатын ыдысқа белгі салынуы тиіс.

      75. Іші жұмсақ материалдармен толтырылған қолданыста болған ойыншықтар жұмыс соңынан 30 минут бойы бактерияөлтіргіш шамның сәулесімен 25 сантиметр арақашықтықты жерде өңделуі тиіс. Пенолатекстен, варсоланнан жасалған ойыншықтар, шығарушы зауыт берген сабағат бойынша өңдеуден өткізілуі тиіс.
      Сәби жасындағы балаларға және оқшаулау бөлмесі үшін іші жұмсақ материалдармен толтырылған және пенолатекстен жасалған түкті ойыншықтарды сатып алуға болмайды.

      76. Жұмыста жазылмалы кереуеттерді қолданғанда, оған қоса берілетін төсек әбзелдеріне белгі салынуы тиіс. Әрбір төсек үшін үш төсек әбзелдері, екі құстөсек тысы арналуы тиіс.

      77. Төсек әбзелдері мен сүлгіні айырбастау олардың ластануына қарай жүргізіліп, жетісіне бір реттен кем болмауы тиіс. Төсек әбзелдері мен жаялықтар пайдаланылып біткен соң арнайы ыдыстарға салынуы тиіс. Жұмыс соңында қапқа (клеенкадан, кездемеден жасалған) салынған кір жуатын орындарға жеткізілуі тиіс. Кездемеден жасалған қаптар жууға беріліп, клеенкадан жасалған қаптарды ыстық сабынды - сода ертіндісімен өңделеді. Төсек әбзелдерін: құстөсектерді, жастықтарды, көрпелерді, ұйықтау қаптарын сол бөлмелердің өзінде, терезелерді ашып қойып желдету керек, ал күрделі тазалау жұмыстарын жүргізгенде оларды сыртқа шығарып қағып, сілкіп, желдету керек. Эпидемиологиялық көрсеткіштер пайда болған кезде камералық жолмен зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

      78. Кілемдер күн сайын шаңсорғышпен тазаланып, ал күрделі тазалау жұмыстары жүргізілген кезде қағылып, щеткамен тазалануы тиіс, және жылына бір рет химиялық өңдеуден өтуі тиіс. Жөргөкке орау үстелдерін, жаялық астына салатын клеенкаларды, манеждердің жабқыштарын, төбешіктерді күніне екі рет немесе ластанған сайын жуып отыру керек. Егер олар нәжістермен былғанса, оларды жуғыш және зарарсыздандырғыш заттардың ерітіндісі сіңірілген арнайы шүберекпен сүртіледі.

      79. Дәретхананың едендері мен унитаздарды күніне екі рет ағынды ыстық сумен жуып, (бала бақша жасындағыларды түбекке отырғызған сайын жуып) зарарсыздандырғыш заттармен зарарсыздандырылады.

      80. Топтарға арналған үй-жайларда орналасқан үстелдер тамақ ішердің алдында және ішкеннен соң ыстық сумен жуылады. Орындықтар күніне бір рет сүртіледі.

      81. Құрал-жабдықтардың әр түрі арнайы шүберекпен сүртіліп, жуылады, олар қолданыста болғаннан кейін жуылып, құрғатылып, осы күйінде белгі салынған қақпағы бар ыдыста сақталынады.

      82. Балалар мен қызметкерлердің арасында жұқпалы аурулар пайда болған кезде белгіленген тәртіп бойынша зарарсыздандыру (дезинсекция, дератизация) шаралары жүргізіледі.

      83. Бала бақша тобындағыларда канализация болмаса, оларға нәжістерді жинау үшін беті жабылатын шелек бөлінеді; түбекті зарарсыздандыратын ерітінділерді сақтайтын сыйымдылық және оларды шаятын таза су толтырылған шелектер болуы керек.

      84. Ғимаратқа кірер есіктің алдында аяқ киімді тазалау үшін қырғыштар, тор көздер, щетка және әр бөлмеге кірер жерде ылғалды кілемше төселіп, ол балалардың келер шағына дейін тазаланылып отыруы тиіс.

      85. Дәретхананы жинауға арналған керек жарақтарға (шүберектер, шелектер, шөткелер) белгі салып, дәретхана бөлмесінде арнайы шкафта сақталуы тиіс. Жұмыс бабында қолданылған барлық керек жарақтарды жұмыстан соң жуғыш заттар қосылған ыстық сумен жуылуы қажет. Жуғыш және зарарсыздандырғыш заттар және олардың ерітіндісі балалардың қолы жетпейтін жерде, белгі салынған қара ыдыста сақталуы тиіс. Ыдыста зарарсыздандырғыш ерітіндінің дайындалу уақыты көрсетілген белгі болуы тиіс.

      86. Шыбын-шіркейлердің ас блогына, кір жуатын орындарға, дәретханаларға кіріп кетпеуін болдырмас үшін, олардың терезелері кіші көзді тормен қапталуы тиіс.

      87. Учаскедегі құрал-жабдықтар дұрыс жұмыс атқара алатындай жағдайда болып, күнсайын тазаланып отырылуы тиіс. Балалардың ойын ойнауы басталар алдында құмы ылғалдалады, аптасына бір рет араластырылады, айына бір рет ауыстырылады, түнге қарай құм салатын орындар қақпақпен жабылуы тиіс.

      88. Учаскені жинап, тазалау жұмыстарын балалар келерден бір-екі сағат бұрын, немесе ластануына қарай жинау керек. Жылдың жылы мезгілдерінде ыстық және құрғақ кездерде жинау жұмыстарын жүргізерден бұрын жерді суландырған дұрыс.

      89. Орталықтандырылған канализация қарастырылмаған жағдайда, су өткізбейтін тазаланатын құдықтарды, қоқысжинағыштардың 2/3 мөлшері толған кезде олар үнемі тазаланып, рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттардың бірімен зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек. Ауладағы дәретханалардың ішкі қабырғаларын зарарсыздандырғыш заттарды қоса отырып айына екі рет ақтау керек. Есік тұтқаларын күніне екі рет жуу керек.

      90. Жүзу бассейндерін пайдаланғанда жүзу бассейндерінің құрылымына және пайдалану барысында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің және қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай болуы тиіс.

8. Мектепке дейінгі ұйымның ауа мен жылыту жүйесіне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      91. Тікелей немесе бұрыштап желдету жұмыстары балалар жоқта: олар келгенше, залда-сабақ өткенде, серуен жасаған уақыттарда жүргізіледі. Желдету уақытының ұзақтығы сыртқы ауаның температурасынан, желдің бағытынан және жылыту жүйесінің қуаттылығына байланысты. Бұл шаралар балалар келерден 30 минут бұрын жүргізілуі тиіс. Дәретханалар арқылы желдету жұмысын жүргізуге болмайды. Желдету бір жақты болатын болса, онда ол жерде балалардың қалуына болады. Жылдың жылы мезгілдерінде үй-жайдағы ауа алмастыру жұмысын тоқтаусыз жүргізуге болады. Ал жылдың суық уақыттарында желдету жұмысы үй-жайдағы температура қосу 16-18 о С-ға дейін төмендетілгенше жүргізіледі.

      92. Ұйықтау үй-жайларындағы желдету жұмысы балалар жоқта жүргізіледі. Жылдың суық уақытында терезені ауа кіретін тесіктер мен фрамуктерін балалар ұйқыға кетерден жиырма минут бұрын жауып қою керек; ұйықтау кезінде оларды бір жақты ашып қойып, оянардан отыз минут бұрын жабу керек. Жылдың жылы кезеңдерінде ұйықтау, сыртқы температураны еске ала отырып, терезе мен фрамуктер ашық болуы қажет.

      93. Ауаның температурасына бақылау жасау тұрмыстық термометрді қолдану арқылы жүргізіледі. Ол қабырғаға 0,8-1,2 метр биіктікке ілінеді.

      94. Балаларды серуендету жұмысы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына сай, таза ауада күніне екі рет жүргізіледі. Жоғарғы дәрежедегі сауықтыру нәтижесін қамтамасыз ету мақсатында:
      1) бағдарламада көрсетілген таза ауада болу мерзімі қысқартылуына жол бермеу;
      2) серуендеу барысында балалардың белсенді қимылдар жасауын қамтамасыз етуі қажет.

9. Балалардың тамақтандыруын ұйымдастыруда қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      95. Ас блогы үй-жайларының жиыны мектеп жасына дейінгі ұйымның жобасын ескере отырып, ҚНжЕ талаптарына сай анықталады. Ас блогының құрамына: ас дайындайтын және жуатын жайларымен асхана бөлмелері, құрғақ өнімдерге арналған, мұздатқышы бар қойма мен көкөністерге арналған қоймалар кіреді. Жуатын, дайындайтын және бөлетін үй-жайлар асханадан қалқа арқылы бөлініп тұрады. Жуатын және дайындайтын бөлмелердің едендері канализацияға суды ағызатын еңісі бар тарапты болуы тиіс.

      96. Тағамды дайындау және өңдеу үшін электрлік құрал-жабдықтарды, газ плитасын қолдануға жол беріледі. Асхана үй-жайлары механикалық созылмалы вентиляциясымен жабдықталуы тиіс. Бөлек үй-жайларға шығып, қатты отынмен жанатын ас үй плитасын ауылды жерде орналасқан, елу орны бар мектеп жасына дейінгі ұйымдарда қолдануға рұқсат етіледі.

      97. Мектепке дейінгі ұйымда тез бұзылатын өнімдерді сақтайтын термометрлі мұздатқыш қондырғылары болуы тиіс. Әртүрлі өнімдерді сақтау үшін, мұздатқыш және мұздатқыш қондырғыларда олардың орындарын нақты анықтауы тиіс.

      98. Бір жастағы балаларға арналған өнімдер (қоспалар) бөлек тоңазытқыштарда сақталуы тиіс. Шкафтармен немесе сөрелермен жабдықталған, көкөніс сақтайтын және басқа да қоймаларда құрғақ өнімдер мен көкөністер сақталуы тиіс. Қойма жақсы желдетілген және құрғақ болуы тиіс. Үстелдердің үсті бірегей металдан жасалған таттанбайтын болаттан немесе дюралюминийден болуы тиіс. Беті мырышты темірмен жабылған үстелдерде тек қана шикі ет және балық өнімдерін өңдеуге рұқсат етіледі. Нан илеуге арналған үстел үстінің беті тегіс сүрленген болып, ағаштың қатты түрінен жасалынады.

      99. Бөлшектеуге арналған тақтайлар және арнайы пышақтар, олардың белгіленуі сақталу шарттары және зарарсыздандыруы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы қажет.

      100. Тамақ қалдықтарын металдан жасалған қақпағы бар шелектерге немесе басқышы бар бачоктарға жинап, екі-үштен көп емес көлемде толғанда тазаланады. Шелектер мен бачоктар әр күннің соңында тазаланып, 2% кальцийленген сода ерітіндісімен жуылып, содан кейін ыстық сумен шайылып кептірілуі тиіс.

      101. Сапасы мен қолдану жолдары сертификатпен расталған эмальдан, таттанбайтын болаттан, шойыннан (таба), қалайыланбаған темірден жасалған (қаңылтыр таба сияқты) ас үй ыдыстарын қолдануға жол беріледі. Ас үй ыдыстары арнайы немесе жай сөрелерде, ал ұсақ керек-жарақтар - шкафтарда сақталуы тиіс.

      102. Ас үй ыдыстарын жуу үшін ыстық және суық суы жүргізілген жуатын ванналар орнатылуы тиіс. Ванна мен канализацияны қосатын жерде ауа айырғыш қарастырылады.

      103. Ас блок үй-жайларында күн сайын жуу заттарын қолдану арқылы тазалау жұмысы, ал айына бір рет - барлық үй-жайларды, құрал-жабдықтар мен саймандарды зарарсыздандыратын күрделі жинап-тазалау жұмыс түрі жүргізілуі керек.

      104. Бөлшектеуге арналған құрал-саймандар (тақтайлар, қалақшалар, араластырғыштар) және ас үй ыдыстары (50 о С) рұқсат етілген жуу заттарын қолдану арқылы ыстық сумен жуылып, соңынан ыстық сумен шайылып сөрелерде кептіріледі.
      Металдан жасалған құрал-саймандарды жуып болғаннан соң, тандыр шкафта қыздырады; қолданылған еттурағышты құрамына бөлшектеп, жуады да қайнақ сумен бүркіп кептіреді. Ас үйдегі құрал-саймандарды, үстел үстін және ыдыстарды жуып болғаннан соң шүберек пен ысқыштарды бір рет жуып, содан соң 25 минуттай қайнатып, кептірілгеннен соң, жабық ыдыста сақталады. Щетка мен қылдүрбіні жуып, арнайы бөлінген жерде сақтайды.

      105. Мектепке дейінгі ұйымында шыбынмен күресу шаралары өткізіледі:
      1) санитарлық профилактикалық: әйнек, терезелердің ұяшықтарынан 2-1,2 мм үлкен емес тор салу. Мектепке дейінгі ұйымда санитарлық режимнің, аумағынан қалдықтардың жиналуының, уақытша сақталуының, шығару және өзге мақсаттарға пайдаланылуының сақталуы.
      2) жоюшы - Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдер тізіліміне сәйкес зарарсыздандырғыш заттарды пайдалану.
      Дератизациялық, зарарсыздандыру, дезинсекциялық шаралар лицензиясы бар ұйымдармен жүргізіледі.

      106. Мектепке дейінгі ұйымға түсетін тағам өнімдерінің барлығында өнімнің қауіпсіздігін растайтын сертификат немесе өзге де құжат түрлері болуы тиіс. Шикі және дайын өнімдер бөлек сақталуы қажет.
      Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайлары мен сату мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 1 тамыздағы N 32, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 30 қыркүйектегі N 1989 тіркелген "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және сату мерзіміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелері мен нормалары талаптарына сәйкес орындалады.

      107. Көкөністердің қоры жиырма күнге, төгілмелі өнімдердің қоры отыз күнге ғана жетуі тиіс. Төгілмелі өнімдер құрғақ және желдетілген үй-жайлардағы қабырғадан 20 сантиметр, еденнен 15 сантиметр қашықтықта орналасқан сөрелердегі қаптарда немесе қақпағы тығыз жабылатын ыдыстарда сақталуы тиіс.

      108. Ақ нан мен қара нан бөлек шкаф сөрелерінде сақталуы тиіс; астыңғы сөре мен еденнің ара қашықтығы 35 см. төмен болмауы тиіс. Шкаф есіктерінде желдеткішке арналған тесіктер болуы тиіс. Сөрелердегі қоқымдар арнайы шөткелермен тазаланып, 1% асханалық сірке су ерітіндісіне матырылған шүберекпен сүртіледі.

      109. Балаларды тамақтандыру, өнімдердің құрамындағы негізгі тағамдық заттардың өсіп келе жатқан ағзаны физиологиялық қажеттіліктермен қанағаттандыратындай толық және әртүрлі болып, тағам тізімі бойынша ұсынылған жеті-он күндік асмәзірі негізінде құрастырылады.

      110. Медицина қызметкерлері мынандай жұмысқа қатысуы тиіс:
      1) күндегі асмәзірін құрастыру кезіндегі аспаздық жұмыстың дұрыстығын, өнімдердің толығымен сақтауға салынуын, дайын тамақтың дәмдік қасиетін және тамақтың шығымын қарастыруға;
      2) үшінші тамақтарға С-витаминін қосып, оларды сақтау жолдарының дұрыстығын бақылау, өнімдерді сату мерзімдерін және ас блогының санитарлық жағдайын сақтауға.

      111. Дайын тағамдарға арналған бракеражды журналға тіркеліп, бағасын беріп, дәмін көргеннен кейін ғана дайын тамақ беріледі. Асмәзірінде көрсетілген әр тамақ түрлерінің дәмдік қасиетін бағалап, үлестірілген тамақтардың мөлшеріне байланысты салмағы мен сапасын көрсету керек.

      112. Тағам шығымын тексеру үшін он порция тамақ өлшенеді. Медицина қызметкерімен айына бір рет тағамдардың қуаттылығы мен құрам бөлшегін есептеу жұмысы жүргізіледі.

      113. Тамақ дайындау кезінде мынандай ережелер сақталуы тиіс:
      1) белгіленген және бөлшектейтін құрал-сайманды қолдану арқылы шикі және піскен өнімдерді өңдеу жұмысы әртүрлі үстелдерде жүргізіледі;
      2) ет-сүйектен жасалған сорпалар сүзіледі;
      3) "ПК" - пісірілген көкөніс деген белгісі бар тақтайшалар мен үстелдерде салат жасауға арналған шикі көкөністерді өңдеу және бөлшектеу жұмысы жүргізіледі;
      4) бірі - шикі өнімдерге, ал екіншісі - піскен өнімдерге арналған еттурағыштың екі түрі болуы тиіс;
      5) балық немесе ет турамасынан жасалған котлет, биточка сияқты тағам түрлерінің екі жағын он минуттан аз емес уақытта қуырып, дайын болғанға дейін 220 о -250 о С температурасымен тандыр шкафында қуырады;
      6) бірінші және екінші тамақтарға қолданылатын піскен ет қайтадан 10 минут аралығында 220 о -250 о С температурасында ыстық арқылы өңдеуге (сорпада, тұздықта қайнату, тандыр шкафында қуыру) жіберіледі;
      7) пісірме және омлеттер бес-алты минут аралығында 220 о -250 о С температурасында тандыр шкафта көміп пісіріледі;
      8) ыстық плита үстінде бірінші және екінші тамақтар екі-үш сағат тұруына болады;
      9) ашыған сүт нан илегенге ғана жұмсалуы мүмкін;
      10) айран, ірімшік және басқа да ашыған сүт өнімдерін, ет қосылған құймақшалар, флотша макарондар, зельцтерді, креммен жасалған кондитерлік өнімдерді; сусындарды, морсты, фаршмактарды, фритюрдегі өнімдерді, сілікпелерді, паштеттерді дайындауға; қайнатылмаған немесе ыстық арқылы өңдеуден, пастеризациядан өтпеген сүт, ірімшік және қаймақты, үйде дайындалған консерві өнімдері мен жұмыртқа, суда жүзетін құстың етін қолдануға тыйым салынады. Сүтті қайта өңдеу ұйымдарда өңделген қаймақ пен ірімшіктер арнайы термикалық өңдеу жұмысын қажет етпейді.

      114. Өнімдерді аспаздық өңдеу кезінде витаминдерді сақтау ережесін білу қажет, олар: көкөністерді қабығын жұқа етіп аршу, аршу жұмысын түнгі мезгілге қалдырмау, қабығынан аршылған көкөністерді суда 1,5 сағаттан артық ұстамау, тамақ дайындар кезде қайнаған суға салу.
      Дайын тағамды аскорбин қышқылымен витаминдеу С - витаминіне берілген нұсқауға сай жүргізіледі. Нәрсудың витаминизациясын, оларды сату кезінің алдында 12 о -15 о С температураға дейін суытылғаннан кейін ғана жүргізуге болады, киселдерге аскорбин қышқылының ерітіндісін олардың араластыру негізінде болған және сатуға арнайы 30 о -35 о С температурасына дейін суытылған кезде құяды. С-витаминінің тәуліктік беру мөлшері - бөбекжайдағы балалар үшін - 50 миллиграмм, мектеп жасына дейінгі балалар үшін - 70 миллиграмм.

      115. Тағам өнімдерін тасымалдау жұмысын арнайы жабдықталған автокөліктерде жүргізу қажет. Автокөліктің санитарлық құжаты, экспедитордың арнайы киімі, жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс. Өнімдерге арналған қаптар өз ретімен қолданылып, белгіленіп, жұмсалып болғаннан соң тазартылып, 2% кальцийленген сода ерітіндісі қосылған ыстық сумен жуылып, соңынан кептіріліп сөрелерде сақталуы тиіс.

      116. Мектепке дейінгі ұйымда фаянстан, фарфордан жасалған асханалық және шай ыдыстарын, таттанбайтын болаттан жасалған асхана құралдары пайдалануы тиіс. Әрбір топқа жеке ыдыстар қарастырылуы тиіс, олар буфетте сақталынады. Шеті сынған, пластмассадан жасалған ыдыстарды және алюминийден жасалған асханалық құралдарды пайдалануға жол берілмейді.

      117. Буфеттерде асханалық ыдыстарды жуу үшін тиісті белгілермен белгіленген екіұялы жуғыш ванналар орнатылады. Жуғыш ванналар мен канализация қосылатын жерде ауа айырғышы болуы тиіс. Алдымен 50 о -60 о С температурада шай ыдыстары жуылып, оған бірінші ұяда рұқсат етілген жуғыш заттар қосылады. Бұдан соң жуғыш ванна сумен шайылып, асхана ыдыстары жуылады. Ыдыстарды жуған кезде, оларды тамақ қалдықтарынан тазартып, бірінші ұяда температурасы 50 о -60 о С жуғыш заттар қосылған ыстық сумен жуады; екінші ұяда температурасы 65 о С-дан төмен емес ағынды сумен шайып, торкөзді сөрелердің үстіне кептіруге қойылады. Арнайы жуғыш орын және ағынды су болмаған жағдайда асханалық ыдыс үш легенде рұқсат етілген жуғыш заттар қосылған ыстық суда жуылады. Жуылған ыдыстар ыстық сумен шайылып, артынан кептіріледі.

      118. Асханалық құралдар: қасықтар, шанышқылар, рұқсат етілген жуғыш заттар қосылған ыстық сумен жуылып, артынан температурасы 65 о С-дағы сумен шайылады да, кептірілуге қойылады. Еміздіктер әуелі жуылып, 15 минут бойы қайнатылады да, қақпағы жабылатын шыны ыдыста сақталады. Сүт қоспасына арналған кішкене бөтелкелер жылы ағынды сумен жуылып, қылдүрпі арқылы тазаланады. Майланудан қыша және ас содасы арқылы тазаланып, соңынан 15 минут қайнатылып, белгі салынған жабық эмальденген ыдыста сақталады. Асханалық ыдыстарды жууға арналған шүберек тазалаудан соң жуылып, кептіріліп, эмальденген ашық ыдыста сақталады.
      Эпидемиологиялық көрсеткіш пайда болған кезде әр топқа ыдыстарды зарарсыздандыру үшін құрғақтай қуыратын шкафтар немесе зарарсыздандыру ерітіндісі қосылған, ыдыстарды суға салуға арналған сыйымдылықтар орнатылады.

      119. Топтық үй-жайларға тамақ қалдықтарын жинау үшін арнайы басқышы бар бачоктар бөлінуі тиіс. Әр қабылданған тамақтан кейін бачоктар тазартылып, кальцийленген сода ерітіндісімен жуылып, ыстық сумен шайылып кептіріледі.

      120. Ас блогының қызметкерлері арнайы жұмыс киімдерімен жабдықталып, жеке басының гигиенасын сақтайтын жағдайлар жасалуы керек.
      Ас блогының қызметкерлері жеке бас гигиенасының мынандай ережелерін қатаң түрде орындауы керек:
      1) жұмысқа кірісер алдында, сырт киімін шешіп, шкафқа іліп, қолын сабындалған ыстық сумен шөткелеп жуу керек;
      2) асхананың ішінде тек арнайы киім киіп, оның кию ережелерін сақтай отырып жұмыс істеу керек;
      3) асханадан сыртқа шыққанда немесе дәретханаға барарда, арнайы киімдерді шешіп, одан қайтқан соң қолын ыстық сабынды сумен жуып, одан соң арнайы киімді киюі керек.

10. Балаларға және персоналдарға медициналық қызмет көрсету кезінде қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      121. Мектепке дейінгі ұйым Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 1168 "Білім бері ұйымдарының қызметкерлерінің типтік штатын бекіту туралы" қаулысына сай, білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуі керек. Қараныз P080077
       Медициналық қызметкер болмаған жағдайда, балаларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету аймақтық амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарымен іске асырылады.

      122. Мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен қызмет көрсетушілері  белгіленген тәртіп бойынша медициналық және зертханалық тексеріс өткізіп, аурудың алдын-алу шараларын, алдын-алу егу жүргізіп, санитарлық минимум курсын өткізеді.

      123. Балалар, педагогтар және қызмет көрсетушілер белгіленген тәртіп бойынша аурудың алдын алуға бағытталған егуден өтеді.
      Балалар мен қызмет көрсетушілердің арасында жұқпалы аурулар тіркелген кезде, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органдарымен анықталған мерзім мен көлемде мектепке дейінгі ұйым басшысы мен қызметкерлер эпидемияға қарсы бағытталған шараларды жүзеге асырады.

      124. Асблогының қызметкерлері медбике арқылы күн сайын іріңделетін аурудың бар-жоғын тексеріп, оның қорытындысын арнайы журналға тіркейді. Мектепке дейінгі ұйымда қызметкерлер ауырып қалған жағдайда немесе ауру деп күмәнданған жағдайда, жұмысқа жіберілмейді немесе тез арада жұмыстан аластатылады.

      125. Мектепке дейінгі ұйымда осы санитарлық ережелерге 6 қосымшаға сәйкес есепке алу-есеп беру құжаттамасы жүргізілуі қажет.

      126. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтар мен қызметкерлердің арнайы киімдері болуы тиіс, олар: костюм, халат, ауыспалы аяқ-киім, белдемше, орамал, бас-киім, олар арнайы шкафта сақталынуы керек. Дәретханаға барар алдында халатты шешіп, дәретханадан соң қолды жақсылап сабындап жуу керек. Қызметкерлерге балалардың дәретхана бөлмесін пайдалануына тыйым салынады.

      127. Мектепке дейінгі ұйымдарға, соның ішінде асханаға, медициналық тексерістердің қорытындысы жазылатын және гигиеналық оқытудан өтіп, жұмысқа жіберілгені туралы мәлімет жазылатын жеке бастың медициналық кітапшасынсыз қабылдауға болмайды.

11. Мектепке дейінгі ұйымға балаларды қабылдау ережесі

      128. Мектепке дейінгі ұйымға қабылданатын бала алдын-ала медициналық тексерістен өтіп, қажет болған жағдайда сауықтырылуы тиіс. Егер бала бір ұйымнан екіншісіне ауыстырылатын болса, онда оның сырқатнамасын дәрігер немесе учаскелік педиатр толтыруы тиіс.

      129. Мектепке дейінгі ұйымға бала қабылданғанда, дәрігер баланың ата-анасынан баланың өсуі мен мінез-құлқының ерекшеліктері туралы мәліметтерді жинап, оның денсаулығы жағдайына, физикалық және жүйкелік-психикалық дамуына баға береді, және қажет болған жағдайда педагогпен бірге балаға арнайы күн тәртібін, тамақтануын және сауықтыру шараларын белгілейді.
      Баланың денсаулығы туралы мәліметті сырқатнамаға жазады, олар: сәби жасындағы балалар үшін - 112/Е-есеп үлгісі, мектеп жасына дейінгі балалар үшін - 026/Е-есеп үлгісі.

      130. Бала тәрбиелеуші таңертең баланы қабылдағанда ата-анасынан оның денсаулығы жағдайын сұрап, тамағын, терісін қарап, ыстығын өлшейді. Таңертең сәби жасындағы балалардың бәрінің дене температурасы өлшенеді. Ал мектеп жасына дейінгі топтағыларға қажет болған жағдайда ғана жүргізіледі. Таңертеңгі тексеріс кезінде анықталған аурулар мен ауру бар деп күдіктенген балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылданбайды. Ал күні бойы анықталған ауру балаларды оңашалау бөлмесіне орналастырып, онда ата-анасы келгенше ұстайды. Шұғыл жағдайда ауырып қалған балалар емдеу-профилактикалық ұйымдарына жатқызылады.

      131. Балалар жұқпалы аурулармен ауырғаннан немесе үш және одан да көп күн болмауынан кейін, оларды мектепке дейінгі ұйымға қайта алғанда учаскелік дәрігер-педиатрдан аурудың атын, ұзақтығын, жасалған емнің түрлері көрсетілген және жұқпалы аурумен ауырғандармен қарым-қатынаста болмағаны туралы анықтамасы болуы керек.

      132. Таңертеңгілік тазалық жұмыстары балалардың үйінде жүргізіліп, ата-анасы оларды мекемеге таза және ұқыпты түрде киіндіріп әкелуге міндетті. Балаларға жеке бастың тазалығын сақтайтын әдеті әке-шешесі мен мектепке дейінгі ұйымның педагогтары көмегімен қалыптастырылады.

      133. Әрбір бала арнайы белгісі бар төсек әбзелдерімен, орамалдармен, жеке бастың тазалығын сақтайтын құралдармен (тіс шөткесі, тарақ, ысқыш) қамтамасыз етілуі тиіс. Жеке тіс шөткелері және ауызды шаюға арналған ыдыстар ас блогынан оқшау орналасқан үй-жайдағы ашық ұяшықтарда сақталуы тиіс.

12. Балалардың дене және гигиеналық тәрбиесі бойынша
күн тәртібін ұйымдастыру

      134. Күн тәртібі ұйқының, дем алудың, таза ауада болудың, оқу сабақтарын жүргізудің, тиімді тамақтануды ұйымдастырудың, балалардың жас ерекшелігін есепке ала отырып дене тәрбиесінің гигиеналық нормасына сәйкес болуы тиіс.
      Күні бойғы барлық жұмыстардың түрлері мен демалысты ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тәрбиелеу және дамуы бағдарламасының негізінде құрылады.
      Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібі осы санитарлық ережелерге 7 қосымшада келтірілген үлгіде қабылдануы қажет.

      135. Балалардың жұмыс күнін жоспарлағанда, күн, апта, жыл бойғы оқу жүктемесі тең бөлінуі ұсынылады.

      136. Оқу жылының басында, дайындық тобындағы балалардың оқуға дайындығын анықтау қажет. Оқуға дайын емес, тілінің дамуында мүкісі бар және суықтан болатын аурулармен жиі ауыратын балалар үшін күн тәртібінде мамандармен өткізілетін арнайы сабақтар және емдеу-сауықтыру шаралары қарастырылуы қажет.

      137. Қозғалатын тәртіптің негізін дене шынықтыратын жаттығулар және әр түрлі ойындар және балалардың дербес қимылдары құрайды. Дене тәрбиесі бойынша жұмыстарды медициналық қызметкерлердің бақылауымен топ жетекшілері және дене тәрбиесі бойынша нұсқаушылар жүргізеді.

      138. Дене тәрбиесі бойынша медициналық және педагогикалық бақылау мына түрлерде жүргізіледі:
      1) балалар емханасы немесе мектепке дейінгі ұйымдардың дәрігерлері балаларды жоспарлы түрде алдын-ала тексергенде, денсаулығына, балалардың дене дамуы мен дене тәрбиесінің тиімділігін бағалауға;
      2) қозғалу тәртібінің ұйымдастырылуына, сабақтарды дене шынықтыру жаттығуларымен және шынықтыратын емшараларды жүргізу әдістеріне;
      3) ұйымның дәрігерімен, мейір бикесімен, басшысымен, тәрбиешілерімен, әдіскерімен дене тәрбиесі бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері мен ата-аналар арасында санитарлық-ағартушылық жұмыстарға.

      139. Мектеп жасына дейінгі балаларды гигиена бойынша оқыту мен тәрбиелеу, өскелең ағзаның қалыптасуы, дене және психикалық дамуын есепке ала отырып жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
      Гигиена бойынша оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты болып, саналы мәдени-гигиеналық білімнің қалыптасуы болып табылады.

      140. Мектеп жасына дейінгі балаларды гигиена бойынша оқыту мен тәрбиелеудің негізгі түріне мына бөлімдер бойынша тәжірибелік жұмыстар жатады:
      1) дене тәрбиесі: денсаулығын нығайту, жаттығулар, шынығу, белсенді қозғалу тәртібін орындауды үйрету;
      2) тәрбиесі: мінез-құлқының мәдениеті, денсаулыққа саналы түрде қарау;
      3) еңбек және эстетикалық тәрбие: еңбекке баулу, өз-өзіне қызмет көрсете білу, гигиеналық ұсыныстарды орындаудың қалыптасуы.

      141. Балаларда дене, ауыз қуысының тазалығы ережелерін, жеке бастың тазалығының, жуынатын заттарды, тамақтанатын ыдыстарды сақтау мен пайдалану ережелерін қадағалау бойынша білім қалыптасуы тиіс.

"Мектепке дейінгі ұйымдардың 
құрылымына, оларды пайдалану 
барысында қойылатын      
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар" туралы санитарлық 
ережелер мен нормаларға  
1 қосымша         

Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарының балалардың жасын есепке ала отырып толтырылуы

___________________________________________________________________
          Топтар     |            Жасы           |Балалардың саны
___________________________________________________________________
1. Сәби:
   Сәби жастағы топ      1 жастан 2 жасқа дейін          10
   Бірінші бөбектер
   тобы                  2 жастан 3 жасқа дейін    20-дан артық емес

2. Мектеп жасына
   дейінгі:
   Екінші бөбектер
   тобы                  3 жастан 4 жасқа дейін   25-дан артық емес
   Орта топ              4 жастан 5 жасқа дейін   25-дан артық емес
   Жоғарғы топ           5 жастан 6 жасқа дейін   25-дан артық емес
   Дайындық тобы         6 жастан 7 жасқа дейін   25-дан артық емес
___________________________________________________________________

"Мектепке дейінгі ұйымдардың 
құрылымына, оларды пайдалану 
барысында қойылатын      
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар" туралы санитарлық 
ережелер мен нормаларға  
2 қосымша         

Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарындағы
үй-жайлардың құрамы мен ауданы

                                                                                                                              1 кесте
___________________________________________________________________
      Үй-жайдың       |       Жобалық қуаты шаршы метр болғандағы
       атауы          |                үй-жайдың ауданы
___________________________________________________________________
                      |       50 |  95  | 140  | 190 | 280 | 330
___________________________________________________________________
         Балабақшадағы топтардың топтасқан ұясының үй-жайы
___________________________________________________________________
Қабылдау бөлмесі              18    18     18     18    18    18
Ойын бөлмесі                  50    50     50     50    50    50
Ұйықтайтын бөлме              50    36     36     36    36    36
дәретхана                     16    12     12     12    12    12
Буфет бөлмесі                  3     3      3      3     3     3
___________________________________________________________________
     Мектеп жасына дейінгі топтардың топтасқан ұясының үй-жайы
___________________________________________________________________
Қабылдау бөлмесі              18    18     18     18    18    18
ойын бөлмесі                  50    50     50     50    50    50
Ұйықтайтын бөлме              50    50     50     50    50    50
дәретхана                     10    16     16     16    16    16
буфет бөлмесі                  3     3      3      3     3     3
___________________________________________________________________
                     Медициналық үй-жайлар
___________________________________________________________________
медициналық кабинет            6     8      8      8    10    10
Емшаралық кабинет              -     -      -      8     8     8
оқшаулағыш: қабылдау бөлмесі   2     2      2      4     6     6
жатын бөлме                    6     6      6      6    12    12
   дәретхана                   2     2      2      2     4     4
   физиокабинет                -     2      2      2     2     2
___________________________________________________________________
                         Асблогының үй-жайы
___________________________________________________________________
Тарататыны бар ас үй          15    23     23     28    30    30
Дайындайтын цех                6     8      8     12    14    14
Ас үйінің ыдыстарын
жуатын бөлме                   4     4      4      5     6     6
суытатын камера                -     -      -      -     9     9
Құрғақ азық-түліктер қоймасы   7     8      8     11     6     6
көкөністер қоймасы             4     4      4      5     8     8
тиейтін бөлме                  -     4      4      5     6     6
___________________________________________________________________
                          Кір жуылатын бөлме
___________________________________________________________________
Жуатын бөлме                  12    14     14     16    18    16
үтіктейтін бөлме               -    10     10     12    12    12
___________________________________________________________________
                    Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар
___________________________________________________________________
Меңгерушінің
  кабинеті                    10    10     10      9     9     9
___________________________________________________________________
Шаруашылық жөнінен
меңгерушінің кабинеті         -     -      -       6     6      6
қызметкерлердің бөлмесі       -     8      8      10     12     12
Шаруашылық қойма              4     5      5       8     12     12
Таза төсек әбзелдерінің
қоймасы                       4     6      6       8     10     10
Кастелянша бөлмесі            -     -      -       -     6       6
Себезгі бөлмесі               -     2      2       2     2       2
Қызметкерлерге
арналған дәретхана            3     3      3       3     6       6
әдістемелік кабинет           8    10     10      15     15     15
Психологтың кабинеті          6     8      8       8     10     10
___________________________________________________________________

                  Мектепке дейінгі ұйым ғимаратының
            үй-жайларындағы терезелердің көкжиекке қарауы
                                                          2  кесте
___________________________________________________________________
N |      Үй - жайлар       |Жағрафиялық есепті |  оңтүстікке қарай
  |                        |    белдеулер      |       45 о
  |                        |солтүстік ендік    |
  |                        |   60-45 о          |
___________________________________________________________________
                           |Тиімді |Азимуттарда| Тиімді |Азимуттарда
                           |       |   рұқсат  |        |  рұқсат 
                           |       | етілген   |        | етілген
___________________________________________________________________
1. Топтарға және ойын      Оңтүстік   65-тен   Оңтүстік  25 о -тан
   ойнауға арналған бөлме                                335 о дейін
2. Ұйықтайтын бөлме        Шығыс      бәрібір  Солтүстік  бәрібір
3. Саз, гимнастика
   сабақтарына арналған
   зал                     Оңтүстік   бәрібір  Оңтүстік   бәрібір
4. Асблогының үй-жайлары   Солтүстік  бәрібір  Солтүстік  бәрібір
5. Қыдыратын дәліз         Шығыс      бәрібір  Шығыс      бәрібір
___________________________________________________________________

      60-45 о солтүстік ендіктегі аудандар үшін топтарға және ойын ойнауға арналған, ұйықтайтын бөлмелердің, залдардың, оқшаулағыштың палаталарының, ас үйлерінің терезелерін 200-275 о азимутқа және 45 о оңтүстік ендіктегі аудандар үшін 90-290 о қаратқанда күннен қорғайтын құрылғыларды пайдалану керек. Күннен қорғағыш ретінде жалюзилер, күн қағарлар, жарық өткізетін және жарықты сейілдіретін қасиеті бар, мақта-матадан жасалған перделер ұсынылады.

"Мектепке дейінгі ұйымдардың 
құрылымына, оларды пайдалану 
барысында қойылатын      
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар" туралы санитарлық 
ережелер мен нормаларға  
3 қосымша         

Мектепке дейінгі ұйымдардың санитарлық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуінің жағдайы

____________________________________________________________________
  |   Үй-   |Қол жуғыш |Унитаздар|ара. | Су  |Ком. |Иіл.  |ара.|сүл.
  | жайлар  |          |         |лас. |айыр.|бина.|гіш   |лас.|гі
_________________________________|тыр. |ғыш  |ция. |шлан. |тыр.|кеп.
  |         |Бала.|ере.|Ба. |Ере.|ғышы |кран |лан. |гте   |ғышы|тір.
  |         |лар. |сек.|ла. |сек.|бар  |     |ған  |себез.|бар |гіш
  |         |дың  |тер.|лар.|тер.|ағыз.|     | су  |гілік.|екі |
  |         |дә.  |дің |дың |дің |ғыш  |     |ара. |торы  |ка. |
  |         |рет. |ара.|    |    |(ви. |     |лас. |бар   |ме. |
  |         |хана.|лас.|    |    |дуар)|     |тыр. |табан.|ра. |
  |         |лық  |тыр.|    |    |     |     |ғышы |ды    |лық |
  |         |кран |ғышы|    |    |     |     |бар  |      |жуғ.|
  |         |мен  |бар |    |    |     |     |ванна|      |ыш  |
____________________________________________________________________
1      2       3    4    5     6     7    8     9    10     11   12
____________________________________________________________________
1  Буфет      -    -     -     -     -    -     -    -      1    -
2  Сәбилер
   тобының
   дәретха.                                          1
   насы       2    1     1     1     1    -     -  терең    -    1
3  Мектепке
   дейінгі
   балалар
   тобының
   дәретха.                                          1
   насы       4    -     3     1     -    -     -   ұсақ    -     1
4  Бассейн
   Залы       -    -           -     -    1     -    -      -     -
5  Бассейнге
   Шешінетін
   орын
   қасындағы
   себезгі
   мен
   дәретхана  1    -     1     -     -    -    -     2     -      -
6  Медицина.
   лық бөлме  -    1     -     -     -    -    -     -     -      -
7  Оқшаула.
   ғыштың
   қабылдау
   бөлмесі    -    -     -     -     -    -    -     -     1      -
8  Оқшаула.
   ғыштың
   жатын
   бөлмелері  1    -     -     -     -    -    -     -     -      -
9  Оқшаула.
   ғыштың
   Дәретха.
   насы       -    1     -     -     1    -    -     1     -      1
10 Дәретхана  -    1     -     1     -    -    -     -     -      -
11 Себезгі
   бөлмесі    -    -     -     -     -    -    -     1     -      -
____________________________________________________________________

"Мектепке дейінгі ұйымдардың 
құрылымына, оларды пайдалану 
барысында қойылатын      
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар" туралы санитарлық 
ережелер мен нормаларға  
4 қосымша         

Мектепке дейінгі ұйымдардың үй-жайларындағы жасанды жарықтандырудың деңгейі

____________________________________________________________________
  Үй-жайлардың атауы      |  Жұмысшы |   ЛК-нық  |   Меншікті
                          |   қабат  |   ең аз   | қуаты вт/м 2
                          |  Метрмен | жарықтануы|
____________________________________________________________________
                          |          | ЛЛ  |  ЛН |   ЛЛ  | ЛН
____________________________________________________________________
          1                    2        3     4       5     6
____________________________________________________________________
Қабылдау бөлмесі           Еденнен
                             0,8      200    100     13   32-36

Шешінетін бөлмелер         Еденнің
                          деңгейінде  200    100     13   32-36

Топтарға және ойнауға
арналған, асханалық,
саз және гимнастика
сабақтарына арналған       Еденнен
бөлмелер                     0,5      200    100     13    32-36

Ұйықтайтын бөлмелер,       Еденнен     
дәліздер                     0,5      75      30     5      9,6

Оқшаулағышқа,
ауырғандарға               Еденнен     
арналған жатын бөлме         0,5      150    75      10      24
____________________________________________________________________

      Жарықтандыратын арматура біркелкі сейілген жарықты қамтамасыз етуі керек. Люминесцентті жарықтандыруда ЛП001, ЛП002, ЛП010, ЛП021, ЛП028, Л201Г220, Л201Б420, Л201Г240, ЛПО30, ЛП031, ЛП025, және ЛПО2 түрдегі жарықтандырғыштар қолданылады. Үй-жайды жарықтандырудың жалпы электрлік қуаты шаршы метрге 900 вольт, меншіктісі бір шаршы метрге - 15-18 вольт құрауы тиіс.

"Мектепке дейінгі ұйымдардың 
құрылымына, оларды пайдалану 
барысында қойылатын      
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар" туралы санитарлық 
ережелер мен нормаларға  
5 қосымша         

Мектепке дейінгі ұйымдардың үй-жайларындағы ауаның
тиімді температурасы

____________________________________________________________________
                                 | Ауаның есептелетін | Ауаның ауысу
        Үй-жайлар                |Температурасы, о С  |   жиілігі
                                 |_________________________________
                                 | ІІІ-    |ІV-климат.|кіре.| сорып
                                 | климат. |  тық     |тін  |шығары.
                                 |тық аудан| ауданда  |     | латын
____________________________________________________________________
сәби жастағы топтың және
бірінші бөбектер тобының
шешінетін бөлмесі                     22       21       -      1,5

Топтарға және шешінуге арналған бөлме:
Екінші бөбектер тобының               21       20       -      1,5
орта және ересек топтар үшін          20       19       -      1,5

Ұйықтайтын бөлме:
Бала бақша тобындағы балалар үшін     21       20       -      1,5
Мектеп жасына дейінгі топтар үшін     19       16       -      1,5

Дәретханалар:
Бала бақша тобындағылар үшін          22       21       -      1,5
Мектеп жасына дейінгі топтар үшін     20       19       -      1,5
Буфеттер                              16       16       -      1,5
Саз және гимнастика сабағына
арналған залдар                       19       18       -      1,5
Балаларды жүзуге үйретуге арналған                     1 балаға
бассейннің үй-жайлары                 30       30     50м 3 /с кем
                                                   болмайтын есептен
Медициналық үй-жайлар                 22       21       -      1
Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар         18       17       -      1
Ас үйі                                15       15     есеп бойынша
Кір жуатын бөлме                      18       18       5      5
Үтіктейтін бөлме                      16       16       5      5
Физиотерапиялық кабинет, массаж
кабинеті                              28       -        -      1,5
____________________________________________________________________

"Мектепке дейінгі ұйымдардың 
құрылымына, оларды пайдалану 
барысында қойылатын      
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар" туралы санитарлық 
ережелер мен нормаларға  
6 қосымша         

Мектепке дейінгі ұйымдардың есепке алу -
есеп беру құжаттары

      Есепке алу - есеп беру құжаттары:
      1) сәбилердің жеке басының 026/е үлгідегі картасы;
      2) яслиге қабылдайтын балалардың есебін тіркейтін 122/е үлгідегі журнал;
      3) ясли мен балабақшаларына баратындардың күнделікті санын тіркейтін 123/е үлгідегі табель;
      4) N 127 үлгідегі топ күнделігі;
      5) егу жұмыстарының есебін тіркейтін 064/е үлгідегі журнал;
      6) аурудың алдын алуға арналған 063/е үлгідегі егу жұмысының картасы;
      7) жұқпалы аурулар есебін тіркейтін 060/е үлгідегі журнал;
      8) тез өрбитін жұқпалы аурулармен қатынаста болғандардың есебін тіркейтін N 61 үлгідегі журнал;
      9) диспансерлік қадағалауды бақылайтын 030/е үлгідегі карта;
      10) соматикалық ауруларды тіркейтін журнал;
      11) ауа ылғалы арқылы жұғатын ауруларға медициналық бақылау жүргізуді тіркейтін журнал;
      12) тереңдетіле жүргізілетін медициналық тексерулерді тіркейтін журнал (мамандардың актілері);
      13) вакциналар құйылған ашық құтыларды және ашылып қолданылмай қалған вакциналардың қалдығын жоюды тіркейтін журнал;
      14) түскен вакциналар мен шприцтерді тіркейтін журнал;
      15) бактериалдық дәрмектердің жылжуын тіркейтін журнал;
      16) тоңазытқыштардағы температуралық режимінің есебін тіркейтін журнал;
      17) вакцинациядан кейінгі болған асқынуларды тіркейтін журнал;
      18) тамақтануды тіркейтін N 1 үлгідегі айлық парақ;
      19) ас блогындағы қызметкерлердің денсаулық жағдайын тіркейтін журнал;
      20) С-витаминімен байытуды тіркейтін журнал;
      21) дайын өнімдердің ішінен сапасыздарын анықтауды тіркейтін журнал;
      22) "жетілдірілген ас мәзірін" тіркейтін журнал;
      23) іріңді ауруларды тіркейтін журнал;
      24) ішек құрттарына тексерілгендерді тіркейтін журнал;
      25) педикулез және қышымаға тексерілгендерді тіркейтін журнал;
      26) карантиндерді тіркейтін журнал;
      27) егуге қарсы медициналық көрсеткіштердің тұрақты және ұзақ түрлерін тіркейтін журнал;
      28) туберкулин реакциясы оң "+" болғандарды тіркейтін журнал;
      29) қатерлі топқа жататын балалардың тізімі;
      30) вакциналардың қолдану тәртібі жазылған папка;
      31) бұйрықтар мен нұсқаулар;
      32) күрделі жинап-тазалау жұмыстарын тіркейтін журнал;
      33) кабинеттерге жүргізілген ультракүлгін сәулемен өңдеуді тіркейтін журнал.

"Мектепке дейінгі ұйымдардың 
құрылымына, оларды пайдалану 
барысында қойылатын      
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар" туралы санитарлық 
ережелер мен нормаларға  
7 қосымша         

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін үлгі тәртіп

___________________________________________________________________
  Тәртіп  |                  Жастық топтар, жасы
компоненті|
____________________________________________________________________
          |     2-3   |   3-4    |  4-5     |    5-6   |   6-7
____________________________________________________________________
Үйде (тұру,
әжетхана)   6.30-7.30  6.30-7.30  6.30-7.30   6.30-7.30   6.30-7.30
___________________________________________________________________
Қабылдау,
қарау,
ойын,
таңертең.
гілік
жаттығу    7.00-8.00  7.00-8.20  7.00-8.30   7.00-8.30   7.00-8.30
___________________________________________________________________
Таңертең.
гілік ас
ішу        8.00-8.30  8.20-8.55  8.30-9.00   8.30-8.55   8.30-8.55
___________________________________________________________________
Ойын,
жаттығуға
дайындалу  8.30-9.00  8.55-9.20  9.00-9.15   8.55-9.10   8.55-9.10
___________________________________________________________________
Жаттығу.
лар (үзі.
лістерді
қосқанда)  9.00-9.30  9.20-10.00  9.15-10.00  9.10-10.10  9.10-11.00
___________________________________________________________________
Серуен.
деуге
дайындалу  9.30-9.50  10.00-10.20 10.00-10.20 10.10-10.30
                                                         10.10-11.00
___________________________________________________________________
Серуендеу  9.50-11.30 10.20-12.00 10.20-12.10 10.30-12.35
                                                         11.00-13.00
___________________________________________________________________
Серуеннен
қайту     11.30-11.50 12.00-12.20 12.10-12.30 12.35-12.50
                                                         13.00-13.15
___________________________________________________________________
Түскі
тамақ     11.50-12.30 12.20-13.00 12.30-13.00 12.50-13.20
                                                         13.15-13.35
___________________________________________________________________
Ұйқы      12.30-15.00 13.00-15.10 13.00-15.10 13.20-15.20
                                                         13.25-15.25
___________________________________________________________________
Тұру,
ауа, су
процеду.
ралары   15.00-15.30  15.10-15.40 15.10-15.40  15.20-15.50
                                                         15.25-15.50
___________________________________________________________________
Түстен
кейінгі
ас       15.30-16.00  15.40-16.00  15.40-16.00 15.50-16.10
                                                         15.50-16.05
___________________________________________________________________
Ойын,
жеке
іс-әре.
кет      16.00-16.20  16.00-16.30  16.00-16.30 16.10-16.40
___________________________________________________________________
Серуен.
деуге
дайын.
далу     16.20-16.40  16.30-16.50  16.30-16.50 16.40-17.00
                                                         16.05-18.00
___________________________________________________________________
Серуен.
деу      16.40-18.00  16.50-18.00  16.50-18.00  17.00-18.00
___________________________________________________________________
Серуен.
нен
қайту    18.00-18.20  18.00-18.20  18.00-18.20  18.00-18.20
                                                         18.00-18.15
___________________________________________________________________
Кешкі
ас ішу   18.20-18.45  18.20-18.45  18.20-18.45  18.20-18.45
                                                         18.15-18.40
___________________________________________________________________
Үйге
балалар.
дың
қайтуы   18.45-19.00  18.45-19.00  18.45-19.00  18.45-19.00
                                                         18.40-19.00
___________________________________________________________________
Үйде
Серуен.
деу      19.00-19.50  19.00-20.00  19.00-20.10  19.00-20.15
                                                         19.00-20.15
___________________________________________________________________
Тыныш
ойындар,
гигиена.
лық
процеду.
ралар    19.50-20.20  20.00-20.30  20.10-20.40  20.15-20.45
                                                         20.15-20.45
___________________________________________________________________
Түнгі
ұйқы     20.00-6.30  20.30-6.30   20.40-6.30  20.45-6.30  20.45-6.30
          (7.30)       (7.30)       (7.30)      (7.30)      (7.30)
____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады