"Жалпы сақтандыру" саласындағы операциялар бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебі" 32 бухгалтерлік есептің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы N 283 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2492. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 9 қазандағы N 103 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 09.10.2006 N 103 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жалпы сақтандыру" саласындағы операциялар бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. "Жалпы сақтандыру" саласындағы операциялар бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебі" 32 бухгалтерлік есептің стандарты бекітілсін.
      2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Келісілді        
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі    
2003 жылғы "___"№_________

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 4 тамыздағы  
N 283 қаулысымен     
бекітілген         

"Жалпы сақтандыру" саласындағы операциялар бойынша
сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебі" 32 бухгалтерлік есептің стандарты 1-тарау. Қолданылу мақсаты және саласы

      1. Осы Стандарт "Жалпы сақтандыру" саласындағы операциялар бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) қаржылық есепті жасау кезінде қолдануға арналған.

      2. Осы Стандарттың мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есепті берген кезде ашуға тиісті ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.

      3. Осы Стандарт қаржылық есептің халықаралық есептерімен реттелмейтін және оларға қайшы келмейтін мәселелерді қарайды.

2-тарау. Осы Стандартта пайдаланылатын ұғымдар

      4. Туынды құралдар - бұл қаржы құралдары:
      1) құны қандай да бір ауыспалы (кейде "базистік" деп аталатын) өзгеріске байланысты өзгереді, мыналар сияқты сыйақы ставкасы, бағалы қағаздардың құны, тауар бағасы, валюта бағамы, баға немесе ставкалар индексі, кредиттік рейтинг немесе кредиттік индекс ретінде;
      2) басқа қаржы құралдарымен салыстырғанда аздаған бастапқы инвестициялар сатып алуды қажет ететін бағам рынок конъюнктурасының өзгеруіне дәл осындай түрде әсер етеді;
      3) есеп айырысулар болашақта жүзеге асырылады.

      5. Әділ құны - бір-бірімен жақсы хабарласатын, мәмілелер жасауға ниет білдірген, тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасау кезінде активтерді сатып алу немесе міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті ақша сомасы.

      6. Cатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар - сатуға арналған бағалы қағаздар және өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар ретінде жіктелінбейтін бағалы қағаздар.

      7. Саудаға арналған бағалы қағаздар - бағаның қысқа мерзімді өзгерулері немесе осындай бағалы қағаздарды сатып алу және сату бағасы арасындағы айырмашылықтар нәтижесінде туындайтын кірісті алу мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын немесе қабылдайтын бағалы қағаздар. Нақты құрылымы қысқа мерзімді перспективада кіріс алуға ұмтылатыны туралы куә бола алатын портфельдің бір бөлігі болып табылатын бағалы қағаздар оларды сатып алу себебіне қарамастан саудаға арналған ретінде жіктелуге жатады. Туынды қаржы активтері және туынды қаржы міндеттемелері оларды тиімді хеджирлеу құралдары ретінде сатып алу немесе қабылдау жағдайларын қоспағанда саудаға арналған ретінде жіктелуге жатады.

      8. Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының олардың өтеу мерзімі басталғанға дейін иелік етуге ниет білдіре отырып сатып алынған бағалы қағаздар.

      9. Тиімді сыйақы ставкасы - төлем мерзімі басталғанға дейін болашақ төлемдердің күтілетін сомаларын анық дисконттау кезінде немесе қаржы активінің немесе қаржылық міндеттемелердің ағымдағы таза баланстық құнына дейін сыйақы ставкасын кезекті қайта қарау кезінде қолданылатын ставка. Есеп айырысуға шарттың тараптары төлеген немесе алынған барлық сыйақы және басқа да сомалары кіреді. Тиімді сыйақы ставкасы кейде өтеуге немесе ставкаларды кейінгі қайта қарау кезіне кіріс деңгейі деп аталады және осы кезеңдегі қаржы активі мен қаржы міндеттемелерінің ішкі нормасы болып табылады.

3-тарау. Кірістерді және шығыстарды өтеу

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша тиесілі сақтандыру сыйлықақысының сомасы осы шарт күшіне енген күннен бастап кіріс ретінде танылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша кірісті тану күнінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығыстар есебінен қалыптасатын еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві есептелінеді және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап қаржылық есепте танылады.
      Осы резерв есебінен қалыптасқан, еңбек сіңірілмеген сыйлықақының және шығыстардың қалыптасқан резервін азайту есептеу әдісіне сәйкес жүргізіледі.

      11. Шығын резервтері есепті кезеңде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығыстар есебінен қалыптасады және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты күшіне енген күннен бастап қаржылық есепте танылады.

      12. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелінген шығын резервтерінің жалпы мөлшерін көбейткен кезде осы резервтерді шығыстар есебінен қалыптастыру жүргізіледі. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелген шығындар резервтерінің жалпы мөлшерін азайтқан кезде ол осы резервтер қалыптасқан резервтер мен шығыстар есебінен жүргізіледі.

      13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптарына сәйкес шағымдар бойынша сақтандыру төлемдері және оған байланысты сақтандыру шығындарын реттеу жөніндегі шығыстар олардың туындау кезінде шығыстар ретінде танылады.

4-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
қаржылық есебі

      14. Қаржылық есеп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелерін және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпараттарды білдіреді. Қаржылық есеп сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін көрсетеді.

      15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық есебіне мыналар кіреді:
      1) бухгалтерлік баланс;
      2) кірістер және шығыстар туралы есеп;
      3) ақша қозғалысы туралы есеп;
      4) меншік капиталына өзгерістер туралы есеп;
      5) есеп саясаты және түсіндірме жазба туралы ақпараттар.

5-тарау. Бухгалтерлік баланс

      16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бухгалтерлік балансты білдіреді, онда мәніне қарай активтер мен міндеттемелер топтастырылады.

      17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бухгалтерлік балансы мынадай баптардан тұруы және олармен шектелмеуі тиіс:
      Активтер:
      ақша;
      салымдар;
      саудаға арналған бағалы қағаздар;
      сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар;     
      "кері "РЕПО" операциялары;     
      қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар;
      сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақы;
      басқа да дебиторлық берешек;
      алдағы кезеңдердің шығыстары;
      салық талабы;
      басқа да активтер;
      өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар;
      басқа да заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар;
      негізгі құрал-жабдықтар;
      материалдық емес активтер.
      Міндеттемелер:
      еңбек сіңірілмеген резерв, жалпы сома;
      еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі;
      еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің таза сомасы;
      орын алған, бірақ жария етілмеген шығындардың резерві, жалпы сома;
      орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі;
      орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервінің таза сомасы;
      жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резерві, жалпы сома;
      жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі;
      жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің жалпы сомасы;
      қосымша резервтер;
      қосымша резервтердегі қайта сақтандырушының үлесі;
      қосымша резервтердің таза сомасы;
      алынған заемдар;
      қайта сақтандырушылармен есеп айырысулар;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша делдалдармен есеп айырысулар;
      дивидендтер бойынша акционерлермен есеп айырысулар;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша төлеуге есепшоттар;
      "РЕПО" операциясы;
      басқа да кредиторлық берешек;
      алдағы кезеңдердің кірістері;
      салық міндеттемелері;
      басқа да міндеттемелер.
      Меншік капитал:
      жарғылық капитал;
      алынған капитал;
      төленбеген капитал;
      қосымша төленген капитал;
      резервтік капитал;
      алдын ала іс-шараларының резерві;
      қосымша төленбеген капитал;
      бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын).
      Міндеттемелер және меншік капиталының жиынтығы.
      Азшылықтың үлесі.

      18. "Саудаға арналған бағалы қағаздар", "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар" және "Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар" баптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының портфеліндегі бағалы қағаздардың құны көрсетіледі.

      19. Саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бастапқы тану және соңғы қайта бағалау кезінде әділ құны бойынша бағаланады. Мәмілелер жасау кезінде келтірілген шығындар осы бағалы қағаздардың бастапқы тану құнына енгізіледі.

      20. Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар бастапқы тану кезінде оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындар бойынша бағаланады. Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздардың кейіннен бағалау тиімді сыйақы ставкасының әдісін пайдалана отырып, амортизацияланған сомада жүргізіледі. Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар бойынша қайта бағалау жүргізілмейді.

      21. "Қайта сақтандырушылардан алынатын сома" бабы бойынша қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандырушының үлесіндегі есепті кезеңде жүргізілген сақтандыру төлемдері бойынша қайта сақтандырушы алуға тиесілі сома көрсетіледі.

      22. "Сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) алынатын сақтандыру сыйлықақысы" бабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына сәйкес сақтанушыдан алуға тиісті сома көрсетіледі.

      23. "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві, жалпы сома", "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындардың резерві, жалпы сома", "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резерві, жалпы сома" және "Қосымша резервтер" баптары бойынша тиісінше еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің, орын алған, бірақ жария етілмеген шығындардың, жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервтерінің және қосымша резервтердің сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес есептелген және есепті кезеңге жататын жалпы сомалары көрсетіледі.

      24. "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі", "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі", "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі" және "Қосымша резервтердегі қайта сақтандырушының үлесі" баптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тиісінше қайта сақтандыру шарты негізінде есептелген және есепті кезеңге жататын еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі, орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі, жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі, қосымша резервтердегі қайта сақтандырушының үлесі көрсетіледі.

      25. "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервіндегі таза сома" бабы бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің жалпы сомасы және осы еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі арасындағы және есепті кезеңге жататын айырмашылық көрсетіледі.

      26. "Орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервінің таза сомасы", "Жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің таза сомасы" және "Қосымша резервтердің таза сомасы" баптары бойынша тиісінше есепті кезеңге жататын орын алған, бірақ жария етілмеген шығындар резервінің жалпы сомасы және осы резервтегі қайта сақтандырушының үлесі арасындағы айырмашылық, жария етілген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің жалпы сомасы және осы резервтегі қайта сақтандырушының үлесі арасындағы айырмашылық, қосымша резервтердің жалпы сомасы және осы резервтегі қайта сақтандырушының үлесі арасындағы айырмашылық көрсетіледі.

      27. "Алдын ала іс-шараларының резерві" бабы бойынша тиісті превентивті және репрессивті іс-шараларды (превентивті іс-шаралар сақтандыру жағдайларына, репрессивті - басталатын апаттармен күреске бағытталған іс-шаралар) қаржыландыруға қажетті алдын ала іс-шаралары резервінің жалпы сомасы көрсетіледі.

      28. Бухгалтерлік баланстағы міндеттемелердің немесе активтердің мөлшерін көрсететін сомалар бухгалтерлік есептің өзара есеп айырысу және/немесе стандарттары туралы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, міндеттемелердің немесе активтердің басқа баптарын азайту арқылы өзара есептесуге тиіс емес.

6-тарау. Кірістер және шығыстар туралы есеп

      29. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мәніне қарай топталған кірістер мен шығыстар енгізілген және кірістер мен шығыстардың негізгі түрлері бойынша соманы ашатын кірістер мен шығыстар туралы есеп береді.

      30. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кірістер мен шығыстары туралы есепке бұлармен шектелмейтін, мынадай кірістер мен шығыстар кіруі тиіс:
      Кірістер:
      сақтандыру сыйлықақысы, жалпы сома;
      қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақысы;
      сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы;
      еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің өзгеруі, жалпы сома;
      қайта сақтандырушының еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервіндегі үлесінің өзгеруі;
      еңбек сіңірілмеген сыйлықақының таза сомасы;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер;
      сыйақы алуға байланысты кірістер;
      қаржы активтерімен операциялар бойынша кірістер (шығындар);
      қайта бағалаудан түскен кірістер (шығындар);
      заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысудан кірістер;
      активтерді сатудан және активтерді алудан (өткізуден) түскен кірістер (шығындар);
      төтенше жағдайлардан түскен кіріс (шығыс);
      басқа да кірістер.
      Кірістер жиынтығы:
      Шығыстар:
      сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығыстары, жалпы сома;
      қайта сақтандыруға берілген тәуекелдер бойынша шығыстарды өтеу;
      кері талап қою жөнінде өтеу;
      сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың таза шығыстары;
      сақтандыру шығындарын реттеу жөніндегі шығындар;
      шығындар резервінің өзгеруі, жалпы сома;
      қайта сақтандырушының шығындар резервіндегі үлесінің өзгеруі;
      шығындар резервіндегі өзгерістердің таза сомасы;
      қосымша резервтердің өзгеруі;
      сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу шығыстары;
      сыйақы төлеуге байланысты шығыстар;
      күмәнды борыштар бойынша резервтерге (провизияларға) арналған шығыстар;
      күмәнды борыштар бойынша резервтерді (провизияларды) қалпына келтіру;
      күмәнды борыштар бойынша резервтерге (провизияларға) арналған таза шығыстар;
      жалпы және әкімшілік шығыстар;
      басқа да шығыстар.
      Шығыстар жиынтығы.
      Корпоративтік табыс салығын төлеуге дейінгі таза кіріс (шығыс) жиынтығы.
      Корпоративті табыс салығы.
      Азшылықтың үлесі.
      Есепті кезеңдегі таза кіріс (шығын).

      31. "Сақтандыру сыйлықақысы, жалпы сома" бабы бойынша есепті кезеңдегі сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тиесілі сақтандыру сыйлықақысының сомасы көрсетіледі.

      32. "Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақысы" бабы бойынша есепті кезең үшін қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қайта сақтандырушыға беруге (берілген) тиесілі сақтандыру сыйлықақысының сомасы көрсетіледі.

      33. "Сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы" бабы бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы және қайта сақтандырушыға беруге (берілген) тиесілі сақтандыру сыйлықақы сомасы арасындағы айырмашылық көрсетіледі.

      34. "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің өзгеруі, жалпы сома" бабы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есепті кезең үшін есептелген еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің көбею (азаю) сомасы көрсетіледі.

      35. "Қайта сақтандырушының еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервіндегі үлесінің өзгеруі" бабы бойынша қайта сақтандырушының есепті кезең үшін еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервіндегі үлесінің көбеюі (азаюы) көрсетіледі.

      36. "Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің таза сомасы" бабы бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақының жалпы сомасы және қайта сақтандырушының еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервіндегі үлесінің өзгеру сомасы арасындағы айырмашылық көрсетіледі.

      37. "Еңбек сіңірілген сыйлықақы резервінің таза сомасы" бабы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы және еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің таза сомасы арасындағы айырмашылық көрсетіледі.

      38. "Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығыстары, жалпы сома" бабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезең үшін жүзеге асырған сақтандыру төлемдерінің сомасы көрсетіледі.

      39. "Қайта сақтандыруға берілген тәуекелдер бойынша шығыстарды өтеу" бабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының есепті кезең үшін есептелген сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандырушының өтем сомасы көрсетіледі.

      40. "Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі таза шығыстар" бабы бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі таза шығыстардың жалпы сомасы және қайта сақтандырушыдан осы шығыстарды алуға (алынған) тиесілі өтеу сомасы арасындағы айырмашылық көрсетіледі.

      41. "Сақтандыру шығындарын реттеу жөніндегі шығыстар" бабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру төлемдеріне байланысты емес қызметті (бағалаушылардың қызметі және заң қызметі) сатып алу жөніндегі қосымша шығыстардың сомасы көрсетіледі.

      42. "Шығындар резервінің өзгеруі, жалпы сома" және "Қосымша резервтердегі өзгерістер" баптары бойынша тиісінше шығындар резервтерінің және есепті кезеңде пайда болған қосымша резервтер өзгерістерінің жалпы сомасы көрсетіледі.

      43. "Қайта сақтандырушының шығындар резервіндегі үлесінің өзгеруі" бабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы есепті кезеңге жататын шығындар резервіндегі қайта сақтандырушының үлесін көрсетеді.

      44. "Шығындар резерві өзгерістерінің таза сомасы" бабы бойынша шығындар резерві өзгерістерінің таза сомасы және есепті кезеңге жататын шығындардың осы резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі арасындағы айырмашылық көрсетіледі.

      45. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша комиссиялық сыйақы түріндегі кірістер" және "Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу шығыстары" баптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін көрсетуге байланысты есептелген комиссиялық сыйақы сомасы көрсетіледі. Осы бапқа қаржылық инвестицияларды сатып алуға немесе сатуға байланысты есептелген, сондай-ақ заем алуға байланысты комиссиялық сыйақылар сомасы кірмейді.

      46. Инвестициялық кіріске (шығысқа):
      1) сыйақы және дивидендтер түріндегі кіріс (шығыс);
      2) инвестицияларды немесе қаржылық активті қайта бағалау кезінде туындайтын жұмсалмаған кірістер (шығыстар);
      3) жұмсалған кіріс (шығыс), яғни инвестицияларды немесе қаржылық активті есептен шығарған кезде жұмсалған кіріс (шығыс) санатына өтетін инвестицияларды қайта бағалау сомасы;
      4) қаржы активін және инвестицияны сатып алудан-сатудан түскен кірістер (шығыстар).

7-тарау. Ақша қозғалысы туралы есеп

      47. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған ақша қозғалысы туралы есеп жанама әдісті пайдалана отырып жасалынады.

      48. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған ақша қозғалысы туралы есепті пайдалану сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді, пайдаланушыларды қызметтің мынадай түрлері бойынша ақшаның түсуі және есептен шығарылуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді:
      1) операция қызметі бойынша - сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты ақшаның түсуі және есептен шығарылуы;
      2) инвестициялық қызмет бойынша - бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға, салымдарды орналастыруға, сондай-ақ негізгі құрал-жабдықтарды, материалдық емес активтерді және басқа да инвестицияларды сатып алуға және сатуға байланысты ақшаның түсуі және есептен шығарылуы;
      3) қаржылық қызмет бойынша - меншік акцияларын шығарумен немесе сатып алумен, заемдарды тартумен байланысты түсуі және есептен шығарылуы.

      49. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ақша қозғалысы туралы есебіне бұлармен шектелмейтін, мынадай баптар кіреді:
      Операция қызметі бойынша:
      салық салғанға дейін кіріс (шығын)
      ақшалай емес операциялық баптарға түзетулер:
      амортизациялық есептеулер және тозу;
      күмәнды борыштар бойынша резервтер (провизиялар) бойынша шығыстар;
      қаржылық актив құнының өзгеруінен жұмсалмаған кірістер және шығыстар;
      сыйақы түрінде алуға есептелген кірістер;
      сыйақы төлеуге арналған шығыстар;
      ақшалай емес баптарға басқа да түзетулер.
      Операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық кіріс.
      Операциялық активтердегі (көбею) азаю:
      орналастырылған салымдардың (көбеюі) азаюы;
      саудаға арналған және сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздардың (көбеюі) азаюы;
      "кері "РЕПО" операциясының (көбеюі) азаюы;
      алынатын соманың (көбеюі) азаюы;
      сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақыларының (көбеюі) азаюы;
      басқа да дебиторлық берешектердің (көбеюі) азаюы;
      сақтанушыларға берілген заемдардың (көбеюі) азаюы;
      алдағы кезеңдердің шығыстарының (көбеюі) азаюы;
      басқа да активтердің (көбеюі) азаюы.
      Операциялық міндеттемелердегі (көбею) азаю:
      еңбек  сіңірілмеген  сыйлықақы резервінің (көбеюі) азаюы;
      шығындар резервтерінің (көбеюі) азаюы;
      қосымша резервтердің  (көбеюі) азаюы;
       "РЕПО" операциясының (көбеюі) азаюы;
      басқа да кредиторлық берешектердің (көбеюі) азаюы;
      сақтанушыларға берілген заемдардың (көбеюі) азаюы;
      алдағы кезеңдердің кірістерінің (көбеюі) азаюы;
      басқа да міндеттемелердің (көбеюі) азаюы.
      Операция қызметінен түскен ақшаның  көбею немесе азаю жиынтығы.
      Төленген корпоративті табыс салығы.
      Салық салынғаннан кейін операция қызметінен түскен ақшаның көбею немесе азаю жиынтығы.
      Инвестициялық қызметке байланысты ақшалай түсімдер және төлемдер:
      өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздарды сатып алу (сату);
      негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді сатып алу;
      негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді сату;
      басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар;
      басқа да түсімдер және төлемдер;
      Инвестициялық қызметтен түскен ақшаның көбею немесе азаю жиынтығы.
      Қаржылық қызметке байланысты ақшалай түсімдер және төлемдер:
      акциялар шығару;
      акцияларды айналымнан шығару;
      алынған заемдар;
      дивидендтер төлеу;
      басқа да түсімдер және төлемдер.
      Қаржылық қызметтен түскен ақшаның көбею немесе азаю жиынтығы.
      Есепті кезең үшін таза көбею немесе азаю жиынтығы.
      Есепті кезеңнің басындағы ақша қалдығы.
      Есепті кезеңнің аяғындағы ақша қалдығы.

      50. Инвестициялық және қаржылық қызметтің елеулі бөлігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталы мен активтерінің құрылымына әсер еткенімен, ағымдағы ақша ағынына тікелей ықпал етпейді. Ақша қозғалысы туралы есептен ақшалай емес баптарды алып тастау осы есептің мақсатына (ақшалай емес баптар ағымдағы кезеңде ақша қозғалысын болдырмайды) жауап береді. Ақшалай емес баптарға бұлармен шектелмейтін:
      1) не тиісті міндеттемелерді тікелей қабылдау не қаржылық жалдау арқылы активтерді сатып алу;
      2) акцияларды шығару көмегімен ұйымды сатып алу;
      3) борыштық міндеттемелерді айырбастау кіреді.
      Осындай баптар бойынша ақпараттар қаржылық есептің түсіндірме жазбасында ашылуы тиіс.

8-тарау. Меншікті капиталға өзгерістер туралы есеп

      51. Сақтандыру ұйымдарының меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есепке, осымен шектелмей, мынадай баптар кіруге тиіс:
      1) есеп саясатындағы жиынтық өзгерістер және негізгі қателерді түзету;
      2) есепті кезеңде қосымша шығарылған (сатып алынған) меншікті акциялар;
      3) дивидендтер;
      4) негізгі құралдарды қайта бағалау;
      5) сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруі;
      6) ағымдағы кезеңнің бөлінбеген кірісі (зияны);
      7) әрбір өзгерісті жеке ашу арқылы есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы капитал мен резервтің әрбір бабы құнының өзгеруі.

      52. Есепті кезең ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы капиталының өзгеруі таза активтердің көбеюін немесе азаюын немесе акционерлермен операциялардан басқа (капитал мен дивидендтерге инвестиция), қабылданған және ашылған қаржы есебінде бағалаудың нақты принципіне тәуелді есепті кезеңнің қаржы жағдайын көрсетеді. Капиталдағы жалпы өзгеріс есепті кезең ішіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметі нәтижесінде пайда болған жиынтық кірістер мен шығыстарды білдіреді.

      53. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы жағдайын бағалау кезінде, есепті кезең ішінде, барлық кірістер мен шығыстар назарға алынады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық кірістері мен шығыстарын бөлу үшін, оның ішінде тікелей капиталда танылатын сол кірістер мен шығыстар бойынша, қаржы есебінің жеке нысанын беру қажет.

      54. Есепте меншікті капиталдың әрбір бабын өзгерту есепті кезеңнің басы мен аяғындағы капиталдың осы баптарының арасындағы айырма ретінде көрсетіледі.

9-тарау. Есеп саясаты

      55. Есеп саясаты қаржы есебіне түсіндірме жазбада бірінші болып ашылуы қажет. Есеп саясатын ашу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мыналарды:
      1) қаржы есебін дайындау үшін пайдаланылған бағалау негізі (немесе негіздері);
      2) қаржы есебін дұрыс түсіну үшін маңызды мәні бар есеп саясатының әрбір нақты жағдайын сипаттауы тиіс.

      56. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есеп саясатында мынадай негізгі аспектілер болуы тиіс:
      1) есеп саясатының жалпы ережелері;
      2) есеп саясатын дайындауға негіз болған нормативтік құқықтық актілер;
      3) есеп саясаты қолданылатын есепті кезең;
      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы пайдаланатын бухгалтерлік есептің принциптері, оларды қаржы есебінің әрбір бабына қолдану;
      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі бойынша кірістер мен шығыстарды тану және басқа кірістер мен шығыстардың баптарын ашу тәртібі;
      6) қаржы құралдарын есепке алу және бағалау әдістері;
      7) қаржы активтері мен міндеттемелерін (алғашқы құны (сатып алу құны) бағалау мен тану әдістері, ағымдағы құны (рыноктық құны), сату құны (әділ құны), дисконтталған құны);
      8) материалдық және материалдық емес активтерді бағалау және тану әдістері;
      9) тауар-материалдық қорларды есепке алу және бағалау әдістері;
      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қолданатын есепке алу түрі (орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған);
      11) қаржы есебін шоғырландыру әдістері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары және/немесе еншілес заңды тұлғалары болған жағдайда).

      57. Егер есепті кезеңде есеп саясатында өзгерістер болса, онда олардың себебін ашып көрсету керек. Өзгерістер маңызды қаржы және материалдық зардаптарға алып келсе, онда ашу кезінде осындай өзгеріс зардаптарының нәтижелерін көрсету қажет.

10-тарау. Түсіндірме жазба

      58. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есебін ашу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан талап етуге болатын шекте пайдаланушылардың қажеттігін толық қанағаттандыруы тиіс.

      59. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есебіне түсіндірме жазбада активтер мен міндеттемелер бойынша олармен шектелмей, мынадай ақпарат:
      1) "ақша" бабы бойынша кассадағы, жолдағы, ағымдағы шоттардағы, карт-шоттардағы, аккредитивтер мен чектердегі ақшалар туралы ақпарат;
      2) "салымдар" бабы бойынша салымдардың түрлері (талап ету бойынша, мерзімді және шартты салымдар), сондай-ақ салымдар бойынша есептелген сыйақы сомалары және күмәнды салымдар бойынша қалыптасқан резервтер сомалары туралы ақпарат;
      3) "Саудаға арналған бағалы қағаздар", "Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар" және "Өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар" баптары бойынша есептелген сыйақы сомалары (купон және/немесе дисконт амортизациясы (сыйлықақы), сондай-ақ күмәнды бағалы қағаздар бойынша қалыптасқан резервтер сомалары туралы ақпарат;
      4) "қайта сақтандырушылар, сақтанушылар және делдалдардан алуға сомалар" бабы бойынша  сақтандырушыдан, қайта сақтандырушыдан және сақтандыру агенттерінен алуға жататын мерзімі өткен дебиторлық берешек сомалары, сондай-ақ күмәнды дебиторлық берешектер бойынша қалыптасқан резервтер сомалары туралы ақпарат;
      5) "сақтандыру резервтері" және "резервтердегі қайта сақтандырушылар" баптары бойынша еңбек сіңірілген сыйлықақылардың қалыптасқан резерві, жарияланған, бірақ реттелмеген зияндар бойынша, жарияланбаған зияндардан болған резервтер және осы резервтер бойынша қайта сақтандырушының үлесі туралы, сондай-ақ қосымша резервтер туралы ақпарат;
      6) "алынған заемдар" бабы бойынша алынған заемдар бойынша есептелген сыйақының мерзімдері мен сомалары туралы ақпарат ашылуға тиіс.

      60. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есебіне түсіндірме жазбада кірістер мен шығыстар баптары бойынша мынадай ақпарат ашылады:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) түрлері (кластары) жөнінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға (алынған) жататын сақтандыру сыйлықақыларының сомалары туралы;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметінен алуға (алынған) жататын активтер мен меншікті активтерді орналастырудан түскен инвестициялық кірістер туралы, сондай-ақ орналастырылған активтердің түрлері бойынша инвестициялық кірістер (шығыстар) туралы ақпарат;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) түрлері (кластары) жөнінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары есептеген шығыстар сомасы туралы;
      4) кері талап бойынша алуға жататын (алынған) өтемақы және сақтандыру (қайта сақтандыру) түрлері (кластары) жөнінде регресс бойынша қайта сақтандырушыға беруге (берілген) жататын өтемақы сомалары туралы;
      5) еңбегі сіңірілмеген сыйлықақы резервінде, жарияланған, бірақ реттелмеген зияндар резервінде болған, бірақ жарияланбаған зияндар резервінде  және осы резервтер бойынша қайта сақтандырушының үлесінде болған өзгерістер туралы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) түрлері (кластары) бойынша қосымша резервтер туралы ақпарат.

      61. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары өз активтерінің, міндеттемелерінің және баланстан тыс баптарының шоғырланған кез келген сомаларын ашуға тиіс. Осындай ашулар географиялық орналасуына сәйкес, клиенттердің түріне және өнеркәсіптік топтарға немесе басқа тәуекелдердің шоғырландырылуы бойынша жүзеге асырылуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары елеулі валюталық тәуекелдердің мөлшерін ашуы қажет.

      62. Бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес жоғарыда көрсетілген ашуларға толықтыру ретінде  мыналарды:
      1) сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның талаптарына сәйкес ашуға қажетті ақпаратты;
      2) қайта сақтандыру шарттары бойынша ақпаратты;
      3) туынды құралдармен операцияларды ашу керек.

11-тарау. Шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер

      63. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы келісім  жасалу сәтінде активтер немесе міндеттемелер ретінде бухгалтерлік баланста танылмайтын, бірақ  шартты талаптар мен шартты міндеттемелердің пайда болуына алып келетін келісімдер жасайды. Шартты талаптар мен міндеттемелер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұшырайтын тәуекел деңгейіне біршама әсер етеді. Осы баптар бухгалтерлік баланста танылған активтер немесе міндеттемелерді хеджирлеу арқылы тәуекел көбейтеді немесе төмендетеді.

      64. Сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, сондай-ақ өзге де берілген кепілдіктер мен  кепіл болулар туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалыптасқан шартты міндеттемелер туралы ақпаратты ашады.

      65. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы барлық шартты талаптар мен шартты міндеттемелердің мәні мен мөлшерін ашуға тиіс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олармен шектелмей, мынадай шартты талаптар мен шартты міндеттемелерді:
      1) бухгалтерлік баланста танылмаған сату және кері сатып алу келісімін;
      2) туынды қаржы құралдарын қоса алғанда, сыйақы ставкасына және валюта бағамына қатысы бар баптарды;
      3) болашақта салымын орналастыру туралы келісімді  ашуға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады