Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.30 N 578 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 18 қазанда N 2017 тiркелген және 2002 жылғы "Нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнiң" N 47 басылымында жарияланған Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi "Азық-түлiк рыноктарын орналастыруға, ұстауға және пайдалануға қойылған санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларды бекiту туралы" N 38 бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Азық-түлiк рыноктарын орналастыруға, ұстауға және пайдалануға қойылған санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларға:
"Әкiмшiлiк азық-түлiк рыногына қойылатын талаптар" деген 9-тарауда 64-тармақтағы 4) тармақшада "сондай-ақ рынокқа жапсарлас аумақты" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң төрағасы В.А.Меркерге жүктелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.