Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуiрдегi Заңын iске асыру сондай-ақ акциздердi әкiмшiлiктендiрудi жақсарту және мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң айналымына бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу Ережелерi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетi (М.Н.Ысқақов):
1) бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны мен мазутқа iлеспе жүкқұжаттарын бланкiлерiн әзiрлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасымен (филиалымен) шарт жасассын;
2) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн әзiрлеуге тапсырысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасында (филиалында) орналастыруды қамтамасыз етсiн;
3) мұнай өнiмдерiн мұнай өндiрушiлердiң, мұнай жеткiзушiлердiң, сондай-ақ мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалардың назарына мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерi үшiн ақша аударуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасының (филиалының) есеп шотының деректемесi жеткiзiлсiн;
4) бiр ай мерзiмiнде мұнай өнiмдерi атауларына (маркаларына) жеке дараландыру нөмiрлерiн - кодтар беру ережесi әзiрленсiн;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министрдiң м.а .
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
2003 жылғы 8 қазандағы
N 366 бұйрығымен
бекітілген
Iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу Ережелерi 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және мұнай өнiмдерiн мұнай өндiрушiлердiң, мұнай жеткiзушiлердiң, сондай-ақ мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге асыратын тұлғалардың бұдан әрi - Жеткiзушi) өткiзгенде және (немесе) жөнелткенде бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны мен мазутқа (бұдан әрi - мұнай өнiмдерi) iлеспе жүкқұжаттарын (бұдан әрi - жүкқұжаттары) тапсырыс беру, алу, беру, ресiмдеу есепке алу және сақтау тәртiбiн белгiлейдi.
2. Жеткiзушi мұнай өнiмдерiн өткiзу және (немесе) жөнелту бойынша әрбiр операцияны жүргiзгенде оған бiр данада үш көшiрмеде мiндеттi тәртiппен тиiстi iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдейдi. Бұл ретте iлеспе жүкқұжатының түпнұсқасы мен бiр данасы мұнай өнiмдерiн алушыға (бұдан әрi - Алушы) берiледi, iлеспе жүкқұжаттарының қалған екi көшiрмесi тiкелей Жеткiзушiде қалады.
3. Iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерi қатаң есептiлiк бланкiлерi болып табылады.
4. Iлеспе жүкқұжаттарының он мәндi баспаханалық нөмiрлемесi және екi мәндi әрiптiк сериясы болады, үш түрге бөлiнедi және түстерi бойынша ажыратылады:
1) бензинге (авиациялықты қоспағанда) арналған қызғылт сары түстi (PANTONE Оrangе 021 СV iлеспе жүкқұжаты бензиндi (авиациялықты қоспағанда) өткiзу және (немеce) жөнелту кезiнде ресiмделедi (1-қосымша);
2) дизель отынына арналған қоңыр түстi (PANTONE 478 CV) iлеспе жүкқұжаты дизель отынын өткiзу және (немесе) жөнелту кезiнде ресiмделедi (2-қосымша);
3) мазутқа арналған жасыл түстi (PANTONE 368 CV) iлеспе жүкқұжат мазутқа отынын өткiзу және (немесе) жөнелту кезiнде ресiмделедi (3-қосымша);
Мұнай өнiмдерiне iлеспе жүкқұжаттары мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ресімделедi.
5. Iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлері Жеткiзушiге облыстар, Астана мен Алматы қалалары, "Астана-жаңа қала", N 1 аймақаралық салық комитетi бойынша салық комитеттерiнде (бұдан әрi - салық комитеттерi) берiледi.
6. Алынған iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерi, оларды алған орны бойынша салық органдарына қайтаруды қоспағанда, өзге ұйымдар мен тұлғаларға қайта сатуға, беруге немесе басқалай иесiздендiруге жатпайды.
7. Iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн әзiрлеушi (бұдан әрi - әзiрлеушi), онымен мұнай өнiмдерiнiң өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлетті органмен шарт жасасқан ұйым болып табылады.
8. Жеткiзуi алушыдан мұнай өнiмдерiнiң алуға өтiнiмдер түскен кезде тоннадағы сұраным көлемiне тиiстi түрдегi iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдейдi. Iлеспе жүкқұжатының көшiрмесiн жұмыс күнiнiң соңында Жеткiзушi оны тiркеу есебiнiң орны бойынша салық комитетiне жiбередi. Мұнай өнiмдерiн жеткiзу күнi жұмыс күнiнiң соңына, демалыс және/немесе мейрам күндерiне келген жағдайда, iлеспе жүкқұжаты келесi жұмыс күнi iшiнде ұсынылады.
9. Алушы мұнай өнiмдерiн тағайындалған орнына жеткiзiлгеннен кейiн жеткiзу күнi iшiнде өзiнiң тiркеу есебiнiң орны бойынша салық комитетiне мiндеттi тәртiппен iлеспе жүкқұжатының түпнұсқасын жiбередi. Мұнай өнiмдерiн жеткiзу күнi жұмыс күнiнiң соңына, демалыс және/немесе мейрам күндерiне келген жағдайда, iлеспе жүкқұжаты келесi жұмыс күнi iшiнде ұсынылады. Мұнай өнiмдерiнiң экспорты кезiнде iлеспе жүкқұжаты салық комитетiне жiберiлмейдi.
10. Салық органының Жеткiзушiден немесе Алушыдан орналасқан орны шалғай жатқандықтан, немесе күнделiктi iлеспе жүкқұжаттарының көп мөлшерiн пайдаланғандықтан iлеспе жүккұжаттарды күнделiктi жеткiзу мүмкiн болмағанда, Жеткiзушiнiң немесе Алушының тiркеу есебiнiң орны бойынша салық комитетiне берген арызы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi - ҚР ҚМ CК) басшысының немесе оның орынбасарының рұқсатымен салық органы басшысының бұйрығымен тиістi iлеспе жүкқұжаттарын беру кестесi бекiтiледi.
11. Салық органдарының жауапты қызметкерлерi күнделiктi сканерлеу жолымен iлеспе жүкқұжаттары бойынша мәлiметтердi бiрыңғай электронды деректер қорына енгiзедi және оларды ҚР ҚМ СК электрондық түрде бередi.
12. Салық комитеттерiне iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн сақтау және беру үшiн жауапкершiлiк ҚР ҚМ CК Алматы қаласы бойынша Салық комитетiнiң (бұдан әрi - Алматы қаласы бойынша Салық комитетi) бiрiншi басшысына жүктеледi.
13. Бiрiншi басшының бұйрығымен Алматы қаласы бойынша Салық комитетiнiң қызметкерлерi арасынан iлеспе жүк құжаттарын алу, есепке алу, сақтауды және оларды салық комитеттерiне берудi жүзеге асыратын материалдық-жауапты тұлға (бұдан әрi - материалдық-жауапты тұлға) тағайындалады.
2. Әзiрлеушіден ілеспе жүкқұжаттары
бланкілерiн алуға тапсырыс беру және алу тәртібі
14. Жаңа күнтүзбелiк жыл келгенге дейiн 60 (алпыс) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, облыстық салық комитеттерi тиiстi салық комитеттерiнде тiркеу есебiнде тұрған және тиiстi қызмет түрлерiне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардан осы Ережелердiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн алуға өтiнiмдердi (бұдан әрi - өтiнiмдер) жинауды қамтамасыз етедi.
15. Қабылданған өтiнiмдер негiзiнде салық комитеттерi ҚР ҚМ СК жаңа күнтүзбелiк жыл келгенге дейiн 50 (елу) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, осы Ережелердiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн алуға жиынтық өтiнiм жiбередi.
16. ҚP ҚМ СК тиiстi облыстық салық комитеттерiнiң жиынтық өтiнiмдерiне сәйкес iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiнiң түрлерi мен түстерi бойынша әзiрлеушiде орналастырады және iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн алу және жаңа күнтүзбелiк жыл келгенге дейiн 45 (қырық бес) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, олардың жиынтық өтiнiмдерiне сәйкес оларды облыстар бойынша салық комитеттерiне беру мақсатында Алматы қаласы бойынша салық комитетiне республикалық жиынтық өтiнiмдi бередi.
17. ҚР ҚМ CК республикалық жиынтық өтiнiмге iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн алу жүзеге асырылатын айдың 1-шi күнiне дейiн 45 (қырық бec) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бұл туралы хатпен хабарлап өзгерiстер енгiзуге құқылы.
18. Бұл жағдайда Жеткiзушiлер iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн алу жүзеге асырылатын айдың 1-шi күнiне дейiн 60 (алпыс) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, тиiстi салық комитетiне бұрын берiлген iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн түрлерi мен саны бөлiмiне өзгерiстер мен толықтырулар бередi. Аталған мерзiм өтiп кеткеннен кейiн өтiнiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар қабылданбайды.
19. Iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн әзiрлегенi үшiн әзiрлеушiмен есептесу әзiрлеушiнiң есеп айырысу шотына жеткiзушiлерден түсiп жатқан қаржы есебiнен жүргiзiледi.
20. Жеткiзушiлер iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн алу жүзеге асырылатын айдың 1-шi күнiне дейiн 45 (қырық бес) күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, әрбiр ай бойынша жеке, олардың өтiнiмiне сәйкес iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн әзiрлегенi үшiн төлем жүргiзедi.
21. Әзiрлеушiден iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн алу материалдық-жауапты тұлғаға мөрмен куәландырылған, Алматы қаласы бойынша Салық комитетiнiң бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi қол қойған сенiмхат берiледi.
Әзiрлеушiден iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн Алматы қаласы бойынша Салық комитетiне жеткiзу күзеттiң iлесуiмен Алматы қаласы бойынша Салық комитетiнiң материалдың-жауапты тұлғасымен жүзеге асырылады.
22. Ілеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн дайындығы туралы әзiрлеушi хабарлаған сәттен бастап үш күндiк мерзiмде Алматы қаласы бойынша Салық комитетi iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн әзiрлеушiден алуға мiндеттi.
3. Салық комитеттерiне iлеспе
жүкқұжаттарын беру тәртiбi
23. Алматы қаласы бойынша Салық комитетiнiң iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн жүк құжаттарын, iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн алуға өкiлеттiгi бар жауапты салық қызметкерлерiне (бұдан әрi - жауапты қызметкерлер) беру, iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерi үшiн оның есеп айырысу шотына ақшаның түскенiне ресми растау беру жолымен, әзірлеушімен расталған кезде ғана, сондай-ақ мынадай құжаттар:
мөрмен куәландырылған, Салық комитетiнiң бiрiншi басшысы және бас бухгалтерi қол қойған сенiмхаттың түпнұсқасы;
iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерi үшiн төлем туралы төлем тапсырмаларының көшiрмелерi;
салық комитетi қызметкерiнiң жеке басын куәландыратын құжаттар бар болған кезде жүргiзiледi.
Жоғарыда аталған құжаттардың көшiрмелерi Алматы қаласы бойынша салық комитетiнде сақталады.
24. Алматы қаласы бойынша салық комитетi iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн беру кезiнде салық комитеттерiнiң жауапты қызметкерлерiне iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн (бұдан әрi - жүкқұжаты) алуға жүкқұжаты (талаптама) толтырылады және берiледi.
25. Iлеспе жүкқұжаттарын салық комитеттерiне жеткiзудi күзеттiң iлесуiмен салық комитетiнiң жауапты қызметкерлерi жүзеге асырады.
4. Iлеспе жүкқұжаттарын сақтау
және Жеткiзушiлерге беру тәртiбi
26. Бiрiншi басшының бұйрығымен салық комитеттерi қызметкерлерi арасынан iлеспе жүк құжаттарын алу, есепке алу, сақтауды және оларды Жеткiзушiлерге берудi жүзеге асыратын жауапты қызметкерлер тағайындалады.
27. Iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн салық комитеттерiнде сақтау екi өртке қарсы және күзет дабылы бар және iлеспе жүкқұжаттарын сақтау мен жинауға, сондай-ақ iлеспе жүкқұжаттарын беруге арналған екi жұмыс аймағы бар үй-жайларда жүзеге асырылады.
28. Салық комитеттерi жеткiзушiнiң уәкiлеттi тұлғасына iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн беру мынадай құжаттарды:
6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған iлеспе жүкқұжаттарын алуға арналған өтiнiш;
қызметтiң тиiстi түрiне арналған лицензиялар (eгep қызметтiң бұл түрi лицензиялануға тиiстi болған жағдайда);
iлеспе жүкқұжаттарын алғашқы рет алып отырған Жеткiзушiлердi қоспағанда, бұрын алынған iлеспе жүкқұжаттарын пайдаланғаны туралы есеп беру;
iлеспе жүкқұжаттарын әзiрлегенi үшiн төлем жасағаны туралы төлем тапсырмасының түпнұсқасы;
Жеткiзушiнiң уәкiлеттi тұлғасының жеке басын куәландыратын құжаттар;
мынадай:
iлеспе жүкқұжаттарын алуға заңды тұлғаның өкiлiнiң атына, оның басшысымен қол қойылған және мөрмен расталған;
iлеспе жүкқұжаттарын алуға жеке тұлғаның өкiлiнiң атына нотариалды расталған сенiмхаттарды ұсынуы кезiнде жүргізiледi.
Аталған құжаттардың көшiрмелерi салық комитеттерiнде сақталады.
Iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн салық комитеттерiнiң беру кезiнде екi тарап та қол қоятын екi данада жөнелтпе құжат жазылады, оның бiр данасы жеткiзушінiң уәкiлеттi тұлғасына берiледi.
29. Жеткiзушiге iлеспе жүкқұжаттарын беру, өтiнiмде көрсетiлген сандары мен түрлерiне сәйкес жүргiзiледi.
5. Iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу тәртiбi
30. Iлеспе жүкқұжаттарын қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, iрi баспа белгiлермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады. Iлеспе жүкқұжаттарын толтыру кезiнде түзетуге, өшiруге және тазалауға жол берiлмейдi. Көрсеткiштер болмаған кезде тиiстi тармақтар толтырылмайды.
31. Iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiнiң жоғары бөлiгiнiң ортасында орналасқан торкөздерде iлеспе жүкқұжатының нөмiрi мен ресiмдеу күнi көрсетiледi. Бланкiнiң жоғары бөлiгінде орналасқан екi торкөзде операция коды көрсетiледi. Операция коды 7-қосымшаға сәйкес көрсетiледi.
32. Бензинге (авиациялықты қоспағанда) арналған қызғылт сары түстi iлеспе жүкқұжатта мыналар көрсетiледi:
1) бензиндi (авиациялықты қоспағанда) Жеткiзушiнiң атауы, оның заңды мекен-жайы және өндiрiс мекен-жайы;
2) бензиндi (авиациялықты қоспағанда) Алушының атауы, оның заңды мекен-жайы және жеткiзу мекен-жайы;
3) бензиндi (авиациялықты қоспағанда) Жеткiзушi салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
4) бензиндi (авиациялықты қоспағанда) Алушының салық төлеушiнiң тiркeу нөмiрi;
5) ақшасыз есеп ауыстыруда-төлем тапсырмасының нөмiрi, күнi;
қолма қол есеп айырысуда-кассалық кіріс ордерiнiң нөмiрi, күні;
консигнацияда-келiсiм шарттың нөмiрi, күнi.
6) Жүргiзушiнiң аты-жөнi;
жүргiзушiлiк куәлiгiнiң сериясы мен нөмірi, берiлген күнi, берушi орган;
көлiк құралының маркасы, мемлекеттiк нөмiрi, жолсапар қағазының нөмiрi, берiлген күні;
7) темiр жол (теңiз және өзен) көлiгi бойынша деректер: жөнелту станциясы/порты, жеткiзу станциясы/порты, поезд/кеменiң реквизиттерi, цистерналардың нөмiрлерi, жөнелту күнi, есептеу аспаптарының деректерi;
8) бензиннiң (авиациялықты қоспағанда) маркасы;
9) белгiлеген тәртiппен ҚР ҚМ СК беретiн жеке дараландыру нөмiрi - бензиннiң (авиациялықты қоспағанда) коды;
10) тонна үшiн баға (теңге);
11) жөнелтiлген бензиннiң (авиациялықты қоспағанда) көлемi (саны) (тонна);
12) өнiмнiң жалпы құны (теңге);
жөнелтiлген өнiмнiң жалпы (барлық) көлемi (тонна).
"Жөнелтушi басшысының аты-жөнi" бағанында бензиндi (авиациялықты қоспағанда) Жеткiзушiнiң бiрiншi басшысының немесе уәкiлеттi тұлғасының аты-жөнi және қолы қойылады.
"Жөнелтушi бухгалтерiнiң аты-жөнi" бағанында бензиндi (авиациялықты қоспағанда) Жеткiзушінiң бас бухгалтерiнiң немесе уәкiлетті тұлғасының аты-жөнi және қолы қойылады.
"Алушы" бағанында:
бензиндi (авиациялықты қоспағанда) алушының, өкiлiнiң бензиндi (авиациялықты қоспағанда) алуға жауапты өкiлетті қызметкердiң лауазымы, аты-жөнi және қолы;
жеке куәлiгiнiң және/немесе төлқұжатының сериясы мен нөмiрi, берiлген уақыты, берушi орган көрсетiледi.
33. Дизель отынына арналған қоңыр түстi iлеспе жүкқұжатта мыналар көрсетiледi:
1) дизель отынын Жеткiзушiнiң атауы, оның заңды мекен-жайы, өндiрiс орны;
2) дизель отынын Алушының атауы, заңды мекен-жайы және жеткізу орны;
3) дизель отынын Жеткiзушi салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
4) дизель отынын Алушы салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
5) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезiнде-төлем тапсырмасының нөмірі, күні;
қолма қол есеп айырысуда-кассалық кiрiс ордерiнiң нөмiрi, күнi;
консигнация кезiнде-шарттың нөмiрi, күні;
6) жүргізушiнiң аты-жөнi;
жүргiзушiлiк куәлiгiнiң сериясы мен нөмiрi, берiлген уақыты, берушi орган;
көлiк құралының маркасы, мемлекеттiк нөмiрi;
жолсапар қағазының нөмiрi, берiлген уақыты;
7) темiр жол (теңiз және өзен) көлiгі бойынша деректер: жөнелту станциясы/порты, жеткiзу станциясы/порты, поезд/кеменiң реквизиттерi, цистерналардың нөмiрлерi, жөнелту күнi, есептеу аспаптарының деректерi;
8) дизель отынының маркасы;
9) жеке дараландыру нөмiрi - дизель отынының коды;
10) тонна үшiн баға (теңге);
11) жөнелтiлген дизель отынының көлемi (саны) (тонна);
12) өнiмнiң жалпы құны (теңге);
жөнелтiлген өнiмнiң жалпы (барлық) көлемi (тонна).
"Жөнелтушi басшысының аты-жөнi" бағанында дизель отының Жеткiзушiнiң бiрiншi басшысының немесе уәкiлеттi тұлғасының аты-жөнi және қолы қойылады.
"Жөнелтушi бухгалтерiнiң аты-жөнi" бағанында дизель отынын Жеткiзушiнiң бас бухгалтерiнiң немесе уәкiлетті тұлғасының аты-жөнi және қолы қойылады.
"Алушы" бағанында:
Дизель отынын алушының өкiлiнiң дизель отынын алуға жауапты өкiлеттi қызметкердiң лауазымы, аты-жөнi және қолы қойылады;
жеке куәлiгiнiң және/немесе төлқұжатының сериясы мен нөмiрi, берiлген уақыты, берушi орган көрсетiледi.
34. Мазутқа арналған жасыл түстi iлеспе жүкқұжатта мыналар көрсетiледi:
1) мазутты Жеткiзушiнiң атауы, оның заңды мекен-жайы, өндiрiс орны;
2) мазутты Алушының атауы, заңды мекен-жайы, жеткiзу орны;
3) мазутты Жеткiзушi салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
4) мазутты Алушы салық төлеушiнiң тіркеу нөмiрi;
5) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезiнде-төлем тапсырмасының нөмірі, күнi;
қолма қол есеп айырысуда-кассалық кiрiс ордерiнiң нөмiрi, күнi;
консигнация кезінде - шарттың нөмiрi, күнi;
6) жүргiзушiнiң аты-жөнi;
жүргiзушiлiк куәлiгiнiң сериясы мен нөмiрi, берiлген уақыты, берушi орган;
көлiк құралының маркасы, мемлекеттік нөмiрi;
жолсапар қағазының нөмiрi, берiлген уақыты;
7) темiр жол (теңiз және өзен) көлiгi бойынша деректер: жөнелту станциясы/порты, жеткiзу станциясы/порты, поезд/кеменiң реквизиттері, цистерналардың нөмiрлерi, жөнелту күнi, есептеу аспаптарының деректерi;
8) мазуттың маркасы;
9) жеке дараландыру нөмiрi - мазуттың коды,
10) тонна үшiн баға (теңге);
11) жөнелтiлген мазуттың көлемi (саны) (тонна);
12) өнiмнiң жалпы құны (теңге);
жөнелтiлген өнiмнiң жалпы (барлық) көлемi (тонна).
"Жөнелтушi басшысының аты-жөнi" бағанында мазутты Жеткiзушiнiң бiрiншi басшысының немесе уәкiлетті тұлғасының аты-жөнi және қолы қойылады.
"Жөнелтуші бухгалтерiнің аты-жөнi" бағанында мазутты Жеткiзушiнің бас бухгалтерiнiң немесе уәкiлеттi тұлғасының аты-жөнi және қолы қойылады.
"Алушы" бағанында:
мазутты алушының өкілінің мазутты алуға жауапты өкілетті қызметкердің лауазымы, аты-жөні және қолы қойылады;
жеке куәлiгiнiң және/немесе төлқұжатының сериясы мен нөмiрi, берiлген уақыты, берушi орган көрсетiледi.
6. Пайдаланылмаған, ақаулы, толтыру барысында
зақымдалған және бүлінген ілеспе жүкқұжаттардың
бланкілерін есепке алу
35. Пайдаланылмаған немесе баспаханалық ақауы бар ілеспе жүкқұжаттардың бланкілерін қайтару себептерін көрсете отырып Жеткізушінің өтініші негізінде оларды алу орны бойынша салық комитетіне қайтарылуы мүмкін.
36. Жеткізушінің көрсетілген ілеспе жүкқұжаттар бланкілерін қайтаруы осы Ережелердің 7-қосымшасына сәйкес ілеспе жүкқұжаттарын табыстау-қабылдау актісі (бұдан әрі - қабылдау-табыстау актісі) бойынша жүзеге асырылады.
37. Баспаханалық ақауы бар iлеспе жүкқұжаттардың бланкілерін Жеткiзушi iлеспе жүкқұжаттарын ауыстыру туралы өтiнiшпен табыстау-қабылдау актiсi бойынша оларды алу орны бойынша салық комитеттерiне ұсынады.
38. Қайтарылған iлеспе жүкқұжаттар бланкiлерiнiң нөмiрлерi салық комитеттерiнiң бiрiншi басшылары тағайындайтын, құрамы үш адамнан кем болмауы тиiс баспаханалық ақауы бар және пайдаланылмаған iлеспе жүкқұжаттарын қабылдау бойынша комиссия қол қоятын табыстау-қабылдау актiлерiнде көрiнiс табады.
39. Салық комитеттерi баспаханалық ақауы бар iлеспе жүккұжаттардың бланкiлерiн олар бойынша iлеспе жүкқұжаттары алынған табыстау-қабылдау актiсін және жүкқұжатты қоса Алматы қаласы бойынша Салық комитетіне ұсынады.
Алматы қаласы бойынша Салық комитетi өз кезегiнде ақаулы iлеспе жүкқұжаттардың бланкiлерiн дайындаушыға тапсырады.
40. Жеткiзушi толтыру барысында зақымдалған және бүлiнген iлеспе жүкқұжаттардың бланкiлерiн толтыру барысында зақымдалған және бүлiнген iлеспе жүкқұжаттардың бланкiлерiн есептен шығару актiсiн жасау және оларды одан әрi жою үшiн оларды алу орны бойынша салық комитеттерiне ұсынуға тиісті.
41. Iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерi жыртылып қалған кезде олардың жеке бөлiктерi желiмдеу арқылы бiрiктiрiлген болуы тиiс.
42. 40-тармақта көрсетiлген ілеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн жою салық комитеттерi бiрiншi басшыларының бұйрықтарымен айқындалатын орындарда комиссияның қатысуымен жүргiзiледi.
Iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн жою жөнiндегi комиссияның құрамы салық комитеттерi бiрiншi басшыларының бұйрықтарымен үш адамнан кем емес құрамда бекiтiледi.
Iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн жою жөнiндегi комиссияның құрамына олардың көлік жүк жөнелтпе құжаттары жойылуға жататын жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерi кiруi тиiс.
43. Iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн нақты жою туралы осы Ережелердiң 8-қосымшасына сәйкес нысанда үш данада iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiн жою актісі (бұдан әрі - жою актісі) жасалады, онда жойылған ілеспе жүкқұжаттары бланкiлерiнiң түрлерi, нөмiрлерi және саны көрсетiледi. Жою актiлерiне комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және салық комитеттерiнiң мөрiмен расталады.
44. Жою актiсiнiң бiрiншi данасы екi күндiк мерзiмде ҚР ҚM СК-не жiберiледi, жою актісінің екінші данасы ілеспе жүкқұжаттарының бланкілері жойылған Жеткізушіге жіберіледі, жою актісінің үшінші данасы салық комитетінде қалады.
7. Iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн
салық комитеттерiнде есепке алу және сақтау
45. Iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiнiң келiп түсуiн және берiлуiн есепке алу нөмiрленген, тiгiлген, тиiстi салық комитетi бiрiншi басшысының қолымен расталған және салық комитетiнiң мөрiмен бекiтiлген арнайы журналдарда жүргiзiлуi тиiс.
Журналды материалдық жауапты адам жүргiзедi.
46. Қолда бар iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiнiң нақты санын (тiзiм) тексеру әр тоқсанның 1-шi күнi және материалдық жауапты адам ауысқанда салық комитеттерi бiрiншi басшыларының бұйрығымен тағайындалатын, құрамы үш адамнан кем болмауы тиiс түгендеу комиссиясымен жүзеге асырылады.
47. Тiзiмдеу екi данада жасалады және түгендеу комиссиясының мүшелерi және материалдық жауапты адам қол қояды.
Iлеспе жүкқұжаттары бланкiлерiнiң нақты барлығы мен бухгалтерия деректерiнiң арасында алшақтық анықталған жағдайда шаралар қабылдау үшiн материалдар материалдың жауапты адамның түсiнiктемесiмен салық комитетiнiң бiрiншi басшысына ұсынылады.
8. Iлеспе жүкқұжаттарының
бланкiлерiн Жеткiзушiде есепке алу
48. Жеткiзушi iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн дұрыс есепке алу, оларды пайдалану (саны және құны бойынша), бүлiнген iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн белгiленген тәртiпте оларды iстен шығарғанға дейiн оларды жоғалтуға жол бермей сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.
49. Iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн есепке алу қатаң есептiлiк бланкiлерi үшiн белгiленген бухгалтерлiк есеп тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
9. Бұрын салық комитеттерiне ұсынылған
iлеспе жүкқұжаттарының күшiн жою тәртiбi
50. Бұрын салық комитеттерiне ұсынылған iлеспе жүкқұжаттарының күшiн жою, егер осы жүкқұжат бойынша алынып өткiзiлген мұнай өнiмiн Алушы Жеткiзушiге қайтарған жағдайда жүргiзiледi.
51. Алушы бұрын алынған мұнай өнiмдерiн толық емес көлемде қайтарған жағдайда, мұнай өнiмдерiнiң бұрын алынған көлемiне ресiмделген iлеспе жүкқұжат күшін жояды, ол туралы Алушы және Жеткiзушi өзiнiң тiркелген орны бойынша салық органын хабарлайды. Салық органы мұнай өнiмдерiнiң қайтарылған көлемiн растайтын осы iлеспе жүкқұжатына белгi соғады.
Салық органдарының жауапты қызметкерлерi осы хабарламалардың келiп түсуiне қарай аталған ілеспе жүкқұжатының күшiн жою туралы мәлiметтердi бiртұтас электрондық дерекқорға енгiзедi және ҚР ҚМ СК-не бередi.
52. Мұнай өнiмдерiнiң қайтарылмаған көлемiне жаңа көлiк жүкжөнелтпе құжаты ресiмделедi, ол осы Ережелерде белгiленген iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу тәртiбiнен өтедi.
10. Жауапкершiлiк
53. Осы Ережелердi бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкелiп соқтырады.
Ережелерге 1-қосымша
БЕНЗИНГЕ
ІЛЕСПЕ ЖҮКҚҰЖАТЫ
(авиациялықты қоспағанда)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Операция
Ілеспе Күні, айы, жылы коды
жүкқұжаттың N сандармен
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды толтыру Ережелерін оқыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚАРА не КӨК сиялы қаламмен немесе қаламұшпен БАС ӘРІПТЕРМЕН толтырыңыз.
1 Бензинді жеткізуші: атауы, 2 Бензинді алушы: атауы,
оның заңды мекен-жайы және оның заңды мекен-жайы және
өндіріс мекен-жайы жеткізу мекен-жайы
_______________________________ ____________________________
_______________________________ ____________________________
_______________________________ ____________________________
_______________________________ ____________________________
3 СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4 СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
5 Төлем нысаны (к/а-сыз-төлем тапсырмасының N, қолма-қол есеп
айырысу - кассалық кіріс ордерінің N, консигнация шарты кезінде -
шарт N және т.б.), Күні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6 Тасымалдаушы: жүргізушінің аты-жөні, жүргізуші куәлігінің нөмірі
мен сериясы, берілген күні, берген орган, көлік құралының
маркасы, мемлекеттік нөмірі, жол жүру қағазының нөмірі, берілген
күні

7 Тасымалдаушы: темір жол (теңіз, өзен, құбыр) көлігі бойынша
деректер: жөнелту станциясы/порты, жеткізу станциясы/порты,
поезд/ кеменің реквизиттері, цистерналардың нөмірлері, жөнелту
күні, есепке алу аспаптарының деректері.

8 Бензиннің 9 Бензиннің 10 Тонна үшін 11 Тонналар
маркасы пин-коды баға (теңге) саны:
мың мың млн
_____________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_____________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_____________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Теңгемен: Барлығы (тонна):
млрд. млн. мың. млн. мың.
12 Жалпы құны, бензиннің _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
көлемі
___________________________________________________________________
Мұнай өнімдерін жеткізуші мен алушының жауапкершілігі
Біз осы Ілеспе жүкқұжатта келтірілген мәліметтердің
толықтығы мен растығы үшін Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауап береміз.
________________________________________
| Шектеу сызығынан шықпаңыз |
| |
| _____________________________/_______/ |
| Жөнелтушінің басшысының Қолы |
| аты-жөні |
|________________________________________|
________________________________________
________________________________________
| Шектеу сызығынан шықпаңыз |
| |
| _____________________________/_______/ | М.О.
| Жөнелтуші бухгалтерінің Қолы |
| аты-жөні |
|________________________________________|
________________________________________________________________
| Шектеу сызығынан шықпаңыз |
| |
| _____________________________________________________/_______/ |
| Алушы: аты-жөні, лауазымы, паспорт Қолы |
| және/немесе жеке куәлігінің сериясы және |
| нөмірі, берілген күні, берген мекеме |
|________________________________________________________________|
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
0 0 0 0 0 0 0 0 0 0
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
PANTONE Оrangе 021 СV
Ережелерге 2-қосымша
ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНА
ІЛЕСПЕ ЖҮКҚҰЖАТЫ
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Операция
Ілеспе Күні, айы, жылы коды
жүкқұжаттың N сандармен
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды толтыру Ережелерін оқыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚАРА не КӨК сиялы қаламмен немесе қаламұшпен БАС ӘРІПТЕРМЕН толтырыңыз.
1 Дизель отынын жеткізуші: атауы, 2 Дизель отынын алушы: атауы,
оның заңды мекен-жайы және оның заңды мекен-жайы және
өндіріс мекен-жайы жеткізу мекен-жайы
_______________________________ ____________________________
_______________________________ ____________________________
_______________________________ ____________________________
_______________________________ ____________________________
3 СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4 СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
5 Төлем нысаны (к/а-сыз-төлем тапсырмасының N, қолма-қол есеп
айырысу - кассалық кіріс ордерінің N, консигнация шарты кезінде -
шарт N және т.б.), Күні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6 Тасымалдаушы: жүргізушінің аты-жөні, жүргізуші куәлігінің нөмірі
мен сериясы, берілген күні, берген орган, көлік құралының
маркасы, мемлекеттік нөмірі, жол жүру қағазының нөмірі, берілген
күні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7 Тасымалдаушы: темір жол (теңіз, өзен, құбыр) көлігі бойынша
деректер: жөнелту станциясы/порты, жеткізу станциясы/порты,
поезд/кеменің реквизиттері, цистерналардың нөмірлері, жөнелту
күні, есепке алу аспаптарының деректері.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
8 Дизель 9 Дизель 10 Тонна үшін 11 Тонналар
отынының отынының баға (теңге) саны:
маркасы пин-коды
мың мың млн
_____________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_____________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_____________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Теңгемен: Барлығы (тонна):
млрд. млн. мың. млн. мың.
12 Жалпы құны, дизель _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
отының көлемі
___________________________________________________________________
Мұнай өнімдерін жеткізуші мен алушының жауапкершілігі
Біз осы Ілеспе жүкқұжатта келтірілген мәліметтердің
толықтығы мен растығы үшін Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауап береміз.
________________________________________
| Шектеу сызығынан шықпаңыз |
| |
| _____________________________/_______/ |
| Жөнелтушінің басшысының Қолы |
| аты-жөні |
|________________________________________|
________________________________________
________________________________________
| Шектеу сызығынан шықпаңыз |
| |
| _____________________________/_______/ | М.О.
| Жөнелтуші бухгалтерінің Қолы |
| аты-жөні |
|________________________________________|
________________________________________________________________
| Шектеу сызығынан шықпаңыз |
| |
| _____________________________________________________/_______/ |
| Алушы: аты-жөні, лауазымы, паспорт Қолы |
| және/немесе жеке куәлігінің сериясы және |
| нөмірі, берілген күні, берген мекеме |
|________________________________________________________________|
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
0 0 0 0 0 0 0 0 0 0
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
PANTONE 368 СV
Ережелерге 3-қосымша
МАЗУТҚА
ІЛЕСПЕ ЖҮКҚҰЖАТЫ
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ Операция
Ілеспе Күні, айы, жылы коды
жүкқұжаттың N сандармен
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды толтыру Ережелерін оқыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚАРА не КӨК сиялы қаламмен немесе қаламұшпен БАС ӘРІПТЕРМЕН толтырыңыз.
1 Мазутты жеткізуші: атауы, 2 Мазутты алушы: атауы,
оның заңды мекен-жайы және оның заңды мекен-жайы және
өндіріс мекен-жайы жеткізу мекен-жайы
_______________________________ ____________________________
_______________________________ ____________________________
_______________________________ ____________________________
_______________________________ ____________________________
3 СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 4 СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
5 Төлем нысаны (к/а-сыз-төлем тапсырмасының N, қолма-қол есеп
айырысу - кассалық кіріс орденінің N, консигнация шарты кезінде -
шарт N және т.б.), Күні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
6 Тасымалдаушы: жүргізушінің аты-жөні, жүргізуші куәлігінің нөмірі
мен сериясы, берілген күні, берген орган, көлік құралының
маркасы, мемлекеттік нөмірі, жол жүру қағазының нөмірі, берілген
күні
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7 Тасымалдаушы: темір жол (теңіз, өзен, құбыр) көлігі бойынша
деректер: жөнелту станциясы/порты, жеткізу станциясы/порты,
поезд/ кеменің реквизиттері, цистерналардың нөмірлері, жөнелту
күні, есепке алу аспаптарының деректері.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
8 Мазуттың 9 Мазуттың 10 Тонна үшін 11 Тонналар
маркасы пин-коды баға (теңге) саны:
мың мың млн
_____________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_____________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_____________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Теңгемен: Барлығы (тонна):
млрд. млн. мың. млн. мың.
12 Жалпы құны, мазут _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
көлемі
___________________________________________________________________
Мұнай өнімдерін жеткізуші мен алушының жауапкершілігі
Біз осы Ілеспе жүкқұжатта келтірілген мәліметтердің
толықтығы мен растығы үшін Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жауап береміз.
________________________________________
| Шектеу сызығынан шықпаңыз |
| |
| _____________________________/_______/ |
| Жөнелтушінің басшысының Қолы |
| аты-жөні |
|________________________________________|
________________________________________
________________________________________
| Шектеу сызығынан шықпаңыз |
| |
| _____________________________/_______/ | М.О,
| Жөнелтуші бухгалтерінің Қолы |
| аты-жөні |
|________________________________________|
________________________________________________________________
| Шектеу сызығынан шықпаңыз |
| |
| _____________________________________________________/_______/ |
| Алушы: аты-жөні, лауазымы, паспорт Қолы |
| және/немесе жеке куәлігінің сериясы және |
| нөмірі, берілген күні, берген мекеме |
|________________________________________________________________|
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
0 0 0 0 0 0 0 0 0 0
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
PANTONE 368 СV
Ілеспе жүкқұжаттарын
ресімдеу ережелеріне
4-қосымша
_____________ облысы бойынша
Салық комитетінің төрағасына
______________________________
(алушының аты-жөні және атауы)
______________________________
_______жылдың "___"___________
Ілеспе жүкқұжаттарын алуға өтінім
мың дана
___________________________________________________________________
ІЖ |қаң.|ақ.|нау.|сә.|ма.|мау.|шілде|та.|қыр. |қа.|қа. |жел.|___
түрі|тар |пан|рыз |уір|мыр|сым | |мыз|күйек|зан|раша|тоқ.|жылға
| | | | | | | | | | | |сан |бар.
| | | | | | | | | | | | |лығы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Басшы ________________ (аты-жөні)
Материалдық жауаптылықтағы тұлға ________________ (аты-жөні)
М.О.
Ескерту: мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі бланкілер үшін жеке толтырылады.
Ілеспе жүкқұжаттарын
ресімдеу ережелеріне
5-қосымша
ҚР ҚМ Салық комитетінің төрағасына
__________________________________
__________________________________
(облыстық Салық комитетінің атауы)
__________________________________
_______жылдың "___"_______________
Ілеспе жүкқұжаттарын алуға жиынтық өтінім
мың дана
___________________________________________________________________
Ұйым.|ІЖ |қаң.|ақ.|нау.|сә.|ма.|мау.|шіл.|та.|қыр.|қа.|қа.|жел.|___
ның |тү.|тар |пан|рыз |уір|мыр|сым |де |мыз|кү. |зан|ра.|тоқ.|жыл.
атауы|рі | | | | | | | | |йек | |ша |сан |ға
| | | | | | | | | | | | | |бар.
| | | | | | | | | | | | | |лы.
| | | | | | | | | | | | | |ғы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Салық комитетінің Төрағасы ________________ (аты-жөні)
Материалдық жауапты тұлға ________________ (аты-жөні)
М.О.
Ескерту: мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі бланкілер үшін жеке толтырылады.
Ілеспе жүкқұжаттарын
ресімдеу ережелеріне
6-қосымша
______________ облысы бойынша
Салық комитетінің Төрағасына
______________________________
(алушының аты-жөні және атауы)
______________________________
_______жылдың "___"___________
Iлеспе жүкқұжаттарын алуға
өтiнiш
_____________________________________________________________
аты-жөнi және (атауы, мекен-жайы, CTH, банктiк деректемелері)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
____________________________________________________________
мына мөлшерде ______ тiлiндегi iлеспе жүкқұжаттарын берудi
сұрайды:
___________________ _______________________________ данада
(жүкқұжат түрi) (жазбаша)
___________________ _______________________________ данада
(жүкқұжат түрi) (жазбаша)
___________________ _______________________________ данада
(жүкқұжат түрi) (жазбаша)
Көрсетiлген iлеспе жүкқұжаттары мына тауарларды жөнелту үшiн қажет:
_____________________________________________________________
(өнім түрi)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Iлеспе жүкқұжаттарын сатып алуға ақша қаражаттары мына сомада
___________________________________________________________________
(сомасы жазбаша)
200 жылғы "____" ________ N____ төлем тапсырмасымен әзiрлеушiнiң
________________ есеп-шотына енгiзiлген.
Ережелермен таныстым.
Iлеспе жүкқұжаттары қайтарымсыз жоғалған, олар ұрланған және
т.б. жағдайда үш күндiк мерзiм iшiнде Салық комитетiне хабарлауға
мiндеттенемiн.
Алушының басшысы ____________________________________________
(аты-жөнi, қолы)
Бас бухгалтер _______________________________________________
(аты-жөнi, қолы)
М.О.
Ескерту: мемлекеттік немесе орыс тілдерiндегі бланкiлер үшiн жеке толтырылады.
Ілеспе жүкқұжаттарын
ресімдеу ережелеріне
7-қосымша
Операциялар кодтарының кестесi
___________________________________________________________________
Oпeрацияның атауы | Oпeрацияның коды
___________________________________________________________________
1. Өндiрушiнiң мұнай өнiмдерiн көтерме саудамен
өткiзуi және немесе жөнелтуі. 01
2. Өндiрушiнiң мұнай өнiмдерiн соңғы тұтынушыға
өткiзуi және (немесе) жөнелтуi. 02
3. Өндiрушiнiң мұнай өнiмдерiн өзiнiң
автомабильдерге жанармай құю станцияларына
өткiзуi және (немесе) жөнелтуi. 03
4. Өндiрушiнiң мұнай өнiмдерiн өзiнiң
құрылымдық бөлiмшесiне өткiзуi және (немесе)
жөнелтуі. 04
5. Өндiрушi құрылымдық бөлiмшесiнiң мұнай
өнiмдерiн көтерме саудамен өткiзуi және
(немесе) жөнелтуi. 05
6. Өндiрушi құрылымдық бөлiмшесiнiң мұнай
өнiмдерiн соңғы тұтынушыға өткiзуi және
(немесе) жөнелтуi. 06
7. Өндiрушi құрылымдық бөлiмшесiнiң мұнай
өнiмдерiн оның автомабильдерге жанармай
құю станцияларына өткiзуi және
(немесе) жөнелтуi. 07
8. Мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге
асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдерiн көтерме
саудамен өткiзуi және (немесе) жөнелтуi. 08
9. Мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге
асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдерiн соңғы
тұтынушыға өткiзуi және (немесе) жөнелтуi. 09
10. Мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге
асыратын тұлғалардың мұнай өнiмдер өзінің
жанар-жағармай құю станцияларына өткiзуi
және (немесе) жөнелтуi. 10
11. Мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге
асыратын тұлғалардың өзiнiң құрылымдық
бөлiмшелерiне мұнай өнiмдерiн өткiзуi
және (немесе) жөнелтуi. 11
12. Мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге
асыратын тұлғалар құрылымдық бөлiмшелерiнiң
мұнай өнiмдерiн көтерме саудамен өткiзуi
және (немесе) жөнелтуi. 12
13. Мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге
асыратын тұлғалар құрылымдық бөлiмшелерiнiң
мұнай өнiмдерiн соңғы тұтынушыға өткiзуi және
(немесе) жөнелтуi. 13
14. Мұнай өнiмдерi базаларынан өткiзудi жүзеге
асыратын тұлғалар құрылымдық бөлiмшелерiнiң
мұнай өнiмдерiн олардың жанар-жағармай құю
станцияларына өткiзуi және (немесе) жөнелтуi. 14
15. Тәркiленген және (немесе) мемлекетке
мұрагерлiк құқығы бойынша өткен иесiз және
мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген
мұнай өнiмдерiн өткiзу. 15
16. Мұнай өнiмдерiн экспортқа өткiзу және
(немесе) жөнелту. 16
___________________________________________________________________
Ілеспе жүкқұжаттарын
ресімдеу ережелеріне
8-қосымша
Iлеспе жүкқұжаттарын табыстау-қабылдау
актісі
"___"______________200__ж.
_____________________________________________________________
(ұйымның атауы, мекен-жайы, CTH, банктiк деректемелері)
_______________________________________________________атынан
(лауазымы, аты-жөні)
тапсырады, ал _________________________________ бойынша Салық
Комитеті атынан ______________________________________________
(лауазымы, аты-жөні)
_________________________________________________________дана
(жазбаша)
ілеспе жүкқұжаттарын қабылдап алады:
__________ тіліндегі оның ішінде:
___________________ _______________________________ данада
(жүкқұжат түрi) (жазбаша)
___________________ _______________________________ данада
(жүкқұжат түрi) (жазбаша)
___________________ _______________________________ данада
(жүкқұжат түрi) (жазбаша)
1. Жоғарыда көрсетілген ілеспе жүкқұжаттары мына: ___________
_____________________________________________________________
____________________________ себептермен қайтарылды
2. Iлеспе жүкқұжаттарын тиісті түрде оралған және жиынтықты
тапсырылды/қабылданды.
Тапсырдым: Қабылдадым:
_____________________ _____________________
(қолы, аты-жөнi) (қолы, аты-жөнi)
М.О. М.О.
Ескерту: мемлекеттік немесе орыс тілдерiндегі бланкiлер үшiн жеке толтырылады.