Ескерту: Бірлескен бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2006 жылғы 15 наурыздағы N 17, ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 128, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2006 жылғы 11 сәуірдегі N 163 бірлескен бұйрығымен ( 2006 жылғы 29 сәуірде N 18(279) "Ресми газет" газетінде жарияланған).
---------------Бұйрықтан үзінді-------------------
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 16 қазандағы N 60, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 348, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 9 қазандағы N 461, Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 16 қазандағы N 163 "Тауарлардың экспорты кедендік режимінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша салық тексерулерін жүргізгенде қосылған құн салығын заңсыз қайтару қарсы іс-әрекет бойынша салық қызметі органдары, прокуратура, кеден органдары мен қаржы полициясы органдарының өзара іс-қимылының ережелерін бекіту туралы" бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2545 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетені, 2003 ж. N 37-42, 884-құжат) күші жойылды деп танылсын...
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің
(қаржы полициясы) төрағасы
__________________________________
Салық қызметі органдары, прокуратура, кеден органдары мен қаржы полициясы органдарының өзара іс-қимылы жолымен тауарлардың экспорты кедендік режимінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша салық тексерулерін жүргізгенде қосылған құн салығын заңсыз қайтаруына байланысты республика бюджетінің шығындарын ескерту және алдын-алу мақсатында бұйырамыз:
1. Тауарлардың экспорты кедендік режимінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша салық тексерулерін жүргізгенде қосылған құн салығын заңсыз қайтару қарсы іс-әрекет бойынша салық қызметі органдары, прокуратура, кеден органдары мен қаржы полициясы органдарының өзара іс-қимылының ережелері бекітілсін.
2. Осы бұйрықты тиісінше орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Бас прокурорының, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының тиісті орынбасарларына жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ысқақов М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасы
Қазақстан Республикасының
Қаржы полициясы агенттігі
төрағасы
Қазақстан Республикасының
Бас прокурорының 2003 жылғы
16 қазандағы N 60,
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің 2003 жылғы
19 қыркүйектегі N 348,
Қазақстан Республикасының
Қаржы полициясы агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
9 қазандағы N 461 және
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
16 қазандағы N 163 бірлескен
бұйрығымен бекітілген
"Тауарлардың экспорты
кедендік режимінде нөлдік
ставка бойынша салық
салынатын айналымдар бойынша
салық тексерулерін
жүргізгенде қосылған құн
салығын заңсыз қайтару қарсы
іс-әрекет бойынша салық
қызметі органдары,
прокуратура, кеден органдары
мен қаржы полициясы
органдарының өзара
іс-қимылының ережелерін
бекіту туралы"
Тауарлардың экспорты кедендік режимінде нөлдік
ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша
салық тексерулерін жүргізгенде қосылған құн салығын
заңсыз қайтару қарсы іс-әрекет бойынша салық қызметі
органдары, прокуратура, кеден органдары мен қаржы
полициясы органдарының өзара іс-қимылының ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Тауарлардың экспорты кедендік режимінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша салық тексерулерін жүргізгенде қосылған құн салығын заңсыз қайтару (бұдан әрі - ҚҚС қайтару) қарсы іс-әрекет бойынша салық қызметі органдары, прокуратура, кеден органдары мен қаржы полициясы органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
ҚҚС қайтару бойынша салық тексеруін тек ғана салық қызметі органдары жүзеге асырады.
2. ҚҚС қайтару туралы өтініш бойынша салық тексеруін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 223 және 252-баптарында көзделген барлық құжаттар мен негіздердің бар болу фактісін белгілеу үшін салық қызметі органдары жүргізеді.
3. Салық тексеруін жүргізуді бастағаннан үш күн ішінде салық қызметі органдары тиісті прокуратура, кеден мен қаржы полициясы органдарына салық тексеруіне қатысу туралы жазбаша сауал жібереді.
4. Прокуратура органы салық тексеруіне оны жұмылдыруға кандидатурдан бас тарту не болмаса ұсынбаған жағдайда, салық тексеруінің материалдарын зерттеу және ол бойынша қорытынды беру үшін кандидатурны ұсыну жөнінде прокуратура органдарына салық тексеруінің аяқталғанына жеті күн қалғанға дейін қайтадан сауал жібереді.
Прокуратура органы салық тексеруіне оны жұмылдыруға кандидатурасын беруден бас тартса не болмаса оны ұсынбаған жағдайда, салық тексеруінің материалдарын зерттеу және ол бойынша қорытынды беру үшін кандидатурсын ұсыну жөнінде прокуратура органдарына салық тексеруінің аяқталғанына жеті күн қалғанға дейін қайтадан сауал жібереді.
Салық тексеруінің материалдарын зерттеуге прокуратура органдары кандидатураны ұсынбаған жағдайда, мұндай тексерудің актісі прокуратура органдарының қорытындысыз қол қойылады.
5. Тексеру ұйым басшысын, бас бухгалтерді (бухгалтер) құлақтандырып және олардың қатысуымен ұйымның заңды мекен-жайы немесе нақты орналасқан жерінде жүргізіледі.
6. Салық қызметі органы нұсқаманы табыс еткен кезде басшының, бухгалтердің немесе ұйымның басқа өкілінің жеке басын растайтын, сондай-ақ салықтық құқықтық қатынастарда ұйымның мүддесін білдіруге оларға уәкілеттік беретін құжаттарды тексереді.
7. Басшы болмаған ретте, ұйымның мүддесін сенімхат негізінде өзге сенім білдірілген тұлға білдіретін болса, салық қызметі органы басшының болмау себептерін анықтайды, ол туралы салық тексеруі актісінде сенімхаттың көшірмесін оған қоса бере отырып көрсетеді.
8. Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы жүйелі түрде есептелген салық сомасынан асатын; бұрын салық төлеушіде өткізу бойынша айналым болмаған; ол салық есептілігін нөлдік көрсеткіштермен берген немесе мұндай есептілік тіптен берілмеген; салық төлеуші экспорттық операцияларды бірінші рет жүзеге асырған жағдайда мұндай салық төлеушілер бойынша салық қызметі органы тиісті салық тексеруін жүргізген кезде ерекше көңіл бөледі.
9. Салық тексеруі барысында экспорттаушы/жеткізуші(лер)дің әрекеттерінде қылмыс белгілері анықталған кезде салық қызметі органдары бұл туралы үш жұмыс күнінің ішінде процессуалдық шешімдер қабылдау үшін прокуратура органдары мен қаржы полициясы органдарына хабарлайды.
Бұл ретте прокуратура және қаржы полициясы органдары салық қызметі органдарының мұндай өтініштерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК)
184-бабына
сәйкес қысқа уақыт аралығында қарайды және шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей ҚІЖК-нің
185-бабына
сәйкес бұл туралы салық қызметі органына хабарлайды.
10. Тексеру аяқталғаннан кейін тексеруге қатысқан лауазымды тұлғалардың қорытындыларын ескере отырып салық тексеруі актісі жасалады.
11. Кеден органдары осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген сауалды алғаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде салық қызметі органына салық тексеруіне қатысу үшін маманды жібереді.
12. Салық тексеруі барысында кеден органдары тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортының, экспорттаушының банк шоттарына валютаның нақты түсімінің растығын тексереді және салық тексеруі актісіне қоса берілетін егжей-тегжейлі қорытынды береді.
13. Кеден органы жүк кеден декларациясының (ЖКД), тауарға ілеспе құжаттардың, қажетті белгілердің, шекарадағы кедендік өткізу бекеттерін қоса алғанда кеден органдарының мөрі мен лауазымды тұлғалар қолдарының бар-жоқтығын және растығын тексереді.
14. Валюталық түсімнің нақты түсуін тексеру кезінде кеден органдары табыс етілген төлем құжаттарының экспорттың аталған келісім-шартына тікелей қатысы бар екендігін және экспорттаушының тиесілі валюталық түсімді алғандығын тексеруге міндетті.
15. Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспортталған жағдайда, егер экспортталатын тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсетулердің) саны және сапасына кедендік құнның сай екендігі айқын болмаса, кеден органы тәуелсіз сараптама тағайындауға міндетті.
16. Кеден органдарының қорытындысында келісім-шарттың деректемелері, ЖКД және өзге де тауарға ілеспе құжаттар, атауы, саны, бағасы және жалпы кедендік құны, салық төлеушінің банктік шотына валюталық түсімнің түсуі, төлем құжатының нөмірі, күні, төлем сомасы көрсетілуі тиіс.
17. Қаржы полициясы органдары осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген сауалды алғаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде салық қызметі органына салық тексеруіне қатысуға үміткерді жібереді.
18. Қаржы полициясы органдары заңды мекен-жайы немесе тұрғылықты жерінде жоқ төлеушілерді, жеткізушілерді және олардың құрылтайшыларын, басшыларын іздеуді жүзеге асыруға қолғабыс көрсетеді.
19. Салық қызметі органы тексеруді жүзеге асырған ретте қаржы полициясы органдары өз құзыреті шегінде экспорттаушының және жеткізуші(лер)дің құрылтайшыларының жеке басын анықтау жөніндегі және экспорттаушының және/немесе жеткізушілердің қызметінде салық тексеруін жүргізу шеңберінде қылмыс белгілерінің бар не жоқ екендігі туралы жұмыстарды жүргізеді.
20. Қаржы полициясы органдарының анықтамасында осы Ережелердің 18 және 19-тармақтарында көрсетілген мәліметтер көрініс тапқан болуы тиіс.
21. Қаржы полициясы органдары қылмыс белгілері бар материалдар бойынша заңда белгіленген мерзімде процессуалдық шешімдер қабылдайды.
Қаржы полициясы органдарының лауазымды тұлғалары қабылдаған процессуалдық шешімдерге қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында көрсетілген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
22. Прокуратура органдары осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген сауалды алғаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде қызметкерді салық тексеруіне қатысуға жіберу туралы мәселені шешеді.
23. Прокуратура органдарының қызметкері қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау үшін салық тексеруін жүргізуге, оның ішінде жеткізушілерді тексеруге қатысқан жағдайда ҚҚС қайтарудың заңдылығы туралы анықтама жасалады. Тексеру аяқталған бойда прокурор анықтаманың бір данасын салық қызметі органының басшысына табыс етеді.
Прокуратура органдарының қызметкері ҚҚС-ты қайтару кезінде салық төлеушінің тарапынан заңсыз әрекеттерді анықтаған жағдайда прокурорлық ықпал етудің тиісті шарасын қабылдайды.
Прокуратура органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген ҚҚС қайтару туралы салық тексерулері бойынша салық қызметі органының әрекеті тек Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының және оның орынбасарларының тікелей нұсқауы бойынша ғана қайтадан тексерілуі мүмкін.
24. Прокуратура органдары өз бастамасы бойынша ҚҚС қайтару кезінде салық заңнамасының сақталуына оларды жүргізу үшін жоғары тұрған салық комитетінің немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметкерлерін тарта отырып прокурорлық тексерістер тағайындай және жүргізе алады.
25. Прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша анықтама жасалады және прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданады.
Анықтаманың көшірмесі тексерілген ұйымдардың басшыларына табыс етіледі.
Прокурордың іс-әрекетіне тексеру барысында және ол аяқталған бойда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.