Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде айрықша жағдайлар режимін қолданысқа енгізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2003 жылғы 10 маусымдағы N 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2565. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.03.29 № 182 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

"КЕЛІСІЛДІ"      
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры     
2003 жылғы 6 маусым  

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 80-бабына сәйкес, түзеу мекемелерінде айрықша жағдайлар режимін енгізу кезінде қылмыстық-атқару жүйесі жеке құрамының іс-қимыл тәртібін қамтамасыз ету үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде айрықша жағдайлар режимін қолданысқа енгізу туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстар және Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары облыстық ІІБ бастықтарының келісуімен, қылмыстық-атқару жүйесі жеке құрамының және ішкі әскерлер, ІІБ (бөлімдері) бөлімшелерінің айрықша жағдайлар режимін енгізу кезіндегі бірлескен іс-қимыл жоспарларын бекітсін, оларды бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ұсынсын.
      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің  2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 
      3. Бірлескен жоспарлардың көшірмелері жыл сайын жаңартылсын, ҚАЖ комитетінің облыстар және Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің режим бөлімдерінде сақталсын.
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің  2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы әділет полковнигі П.Н.Посмаковқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

"Қазақстан Республикасының  
Әділет министрлігі      
Қылмыстық-атқару жүйесі   
комитетінің түзеу мекемелерінде
айрықша жағдайлар режимін  
қолданысқа енгізу туралы  
нұсқаулықты бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің     
2003 жылғы 10 маусымдағы  
N 110 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде айрықша
жағдайлар режимін қолданысқа енгізу туралы нұсқаулық

      1. Айрықша жағдайлар режимі түзеу мекемесіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 80-бабына сәйкес енгізілетін уақытша шара болып табылады, азаматтардың заңнамада белгіленген құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын шектеулерге жол беретін, сондай-ақ оларға қосымша міндеттер жүктейтін мемлекеттік органдар, мекемелер қызметінің айрықша режимін білдіреді.
      Айрықша жағдайлар режимі түзеу мекемелеріне іргелес аумақта, елді мекендерде тұратын адамдардың, сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде ғана енгізіледі.

      2. Айрықша жағдайлар режимін енгізудің мақсаты жедел жағдайды тұрақтандыру, сотталғандардың заңсыз әрекеттерінің алдын-алу, заңдылық пен тәртіпті қалпына келтіру, сондай-ақ шұғыл құтқару және авариялық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

      3. Айрықша жағдай режимі қолданысқа енгізілуі төтенше шаралар қабылдамай мүмкін болмайтын түзеу мекемесінің қалыпты жұмысын ұйымдастыруға, сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің, сотталғандардың және аумағында тұратын адамдардың, қауіпсіздігіне нақты қауіп болғанда ғана енгізіледі.

      4. Түзеу мекемесінде айрықша жағдай режимін енгізуге:
      1) табиғи апат;
      2) түзеу мекемесі орналасқан ауданға төтенше, ерекше жағдай  немесе соғыс жағдайының енгізілуі;
      3) жаппай тәртіпсіздіктер;
      4) сотталғандардың топтасып бағынбаушылығы негіздемелер бола алады.

      5. Айрықша жағдай режимі оны іске асыру арқылы негізгі міндеттерді орындауға қол жеткізілетін мынадай элементтерден тұрады: түзеу мекемесінің қалыпты тұрмыс-тіршілігін орнына келтіру, сотталғандар тарапынан болған заңсыз әрекеттердің жолын кесу, түзеу мекемесі қызметкерлері мен сотталғандардың және түзеу мекемесінің аумағында тұратын адамдардың, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи зіл-зала, апат, авария және өрттің салдарларын жеңу.
      Айрықша жағдай режимін енгізу мынадай іс-әрекеттерді көздейді:
      1) түзеу мекемесінің (облыс бойынша ҚАЖ комитеті қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің) жеке құрамын қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшіру;
      2) түзеу мекемесінде жұмыс істейтін ерікті жалданушы қызметкерлер мен әйел жынысты адамдарды мекемеден тысқары шығару;
      3) мекеменің күн тәртібін өзгерту;
      4) мекеменің объектілеріне және оған жататын аумақтарға шектеулер енгізу немесе кіруге рұқсат бермеу;
      5) Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 83- 93-баптарында көзделген сотталғандардың құқықтарын (азық-түліктерді сатып алу, кездесулер, сәлемдемелерді алу, хат алмасу, шығу және т.б.) іске асырылуы көрсетілген режимді қолдану уақытында тоқтату;
      6) сыртқы күзетті күшейту бойынша шараларды қабылдау;
      7) дүкен, тамақ блогы жанында және материалдық құндылықтарды сақтаудың, соның ішінде апат орындарына шығарылған басқа орындарында күзет қою, сотталғандардың қатарына активті көмекке тарту;
      8) қажет болғанда электроэнергиясын өшіру (күзетілетін объектінің периметрін жарықтандырудан басқа);
      9) төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерде қолдану үшін автотрактор, бронетанк, өрт сөндіру - су бергіш және өзге техниканы дайындау;
      10) жедел қызметтерімен сотталғандардың заңсыз әрекеттерін кино-, фото-бейне түсіруін жүргізу, сондай-ақ куәгерлер мен жәбірленушілерге сауал қою;
      11) қажет болғанда аумақтық өртке қарсы, газ авариялық, медициналық және өзге қызметтерге тарту, олардың кедергісіз жүруін және еріп жүруін қамтамасыз ету;
      12) жеке құрамды қарумен, арнайы құралдармен қамтамасыз етілуін, байланыс құралдары және қызметтік іздестіру иттерінің болуын тексеруді жүргізу;
      13) қылмыстық-атқару жүйесі, ішкі істер және ішкі әскерлер органдарының, мекемелерінің жеке құрамымен бірлескен жаттығуларды жүргізу;
      14) жүргізілетін іс-шараларда қолдану үшін жедел ақпаратты алу және талдау;
      15) түзеу мекемесінің әкімшілігі күштерімен жанжал ошағын оқшаулау, заңсыз әрекеттердің ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушыларын алу жөніндегі шараларды қабылдау;
      16) егер әкімшілік күшімен сотталғандардың әрекеттері тоқтатылмаса, арнаулы операция жүргізіледі.
      Заңсыз әрекеттердің жолын кесу жөніндегі арнайы операция қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметкерлерін, жедел әрекет жасау жасақтарын, ішкі істер органдарының күші мен құралдарын тартумен жүргізіледі. Арнайы операцияның басталуы алдында сотталғандарға заңсыз әрекеттерді тоқтату ұсынылады, оларға жеке құрамды енгізумен төтенше шараларды қолдану туралы ескертіледі.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің  2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      6. Айрықша жағдайлар режимі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін хабардар ету арқылы ҚАЖ комитеті төрағасының жазбаша өтінуінің негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорымен келісілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің шешімі бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге енгізіледі. Ерекше жағдайларда айрықша жағдайлар режимінің қолданылу уақыты қосымша отыз тәулікке ұзартылуы мүмкін.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 N 66 Бұйрығымен.

      7. Айрықша жағдайлар режимін енгізу туралы бұйрықта:
      1) осы нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес енгізуге негіздеме болып табылған мән-жайлар;
      2) енгізу қажеттілігінің негіздемесі;
      3) орындауға жататын іс-шаралардың тізбесі;
      4) қылмыстық-атқару жүйесінің күштері мен құралдары, ішкі істер және ішкі әскерлер органдарының күштері мен құралдарын тартудың орындылығы, жауапты лауазымды адамдар;
      5) міндеттерді орындаудың болжамды мерзімі және қажет болған жағдайда оның ұзартылуы көрсетіледі.

      8. Айрықша жағдайлар режиміндегі міндеттерді орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады