Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарды аттестациядан өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы туралы ережені және Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік алуға арналған біліктілік емтихандарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 4 қарашадағы N 497 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2571. Бұйрықтың күші жойылған - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 қарашадағы N 344 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 қарашадағы N 344 бұйрығымен.

      ---------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 және 40-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. ... 
      2. Осы бұйрықтың тізбесіне сәйкес кеден ісі саласындағы бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. ...
      5. ...
      6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                              Қ-К. Кәрбозов

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігі Кедендік 
бақылау комитеті төрағасының
2007 жылғы 14 қарашадағы  
N 344 бұйрығына қосымша    

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарды аттестациядан өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы туралы ережені және Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік алуға арналған біліктілік емтихандарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 497 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 2571 болып тіркелген, 2004 жылғы N 1-4 (135) "Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде" жарияланған 909-құжат)
      2. ...
      3. ...
___________________________________________________

      Ескерту: Барлық мәтiн бойынша:
      "агенттiгiнiң" деген сөз "комитетiнiң" деген сөзбен ауыстырылды;
      "Кедендiк бақылау" деген сөздердiң алдынан "Қаржы министрлiгi" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  407 408-баптарына  және "Кедендік бақылаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетi төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 201  бұйрығымен  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі 2003 жылғы 16 мамырда N 2276 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 маусымдағы N 30 "Ресми газетте" жарияланған) бекітілген Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарды аттестациядан өткізу ережесіне сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетiнiң Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарды аттестациядан өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы туралы ереже;
      2) Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік алуға арналған біліктілік емтихандарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетiнiң Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетiнiң баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетi төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдiшевке жүктелсін.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi    
Кедендік бақылау комитетi 
төрағасының         
2003 жылғы 4 қарашадағы   
N 497 бұйрығымен      
бекітілген         

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
 Кедендік бақылау комитетiнiң Кедендік бақылау
жөніндегі мамандарды аттестациядан өткізу жөніндегі
Орталық комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетiнiң Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарды аттестациядан өткізу жөніндегі Орталық комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетiнiң Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарды аттестациядан өткізу жөніндегі Орталық комиссиясының (бұдан әрі - Орталық комиссия) жұмыс тәртібін айқындайды.

      2. Орталық комиссия Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетiнiң (бұдан әрі - Комитет) бірыңғай саясатын әзірлеу мен  кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарды (бұдан әрі - мамандар) даярлау және аттестациядан өткізу жөніндегі жұмысын үйлестіру мақсатында құрылады және жұмыс істейді.

      3. Орталық комиссияның дербес құрамы Комитет Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

      4. Орталық комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.

  2. Орталық комиссияның міндеттері,
функциялары және құқықтары 

      5. Орталық комиссияның міндеттері мамандарды даярлау  мен аттестациялау жөніндегі комитеттiң саясатын әзірлеу және іске асыру болып табылады.

      6. Міндеттеріне сәйкес Орталық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      бағдарламаларды және мамандардың біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін әзірлеу;
      біліктілік емтиханына арналған сұрақтарды (және тестілерді) әзірлеу және бекіту, аттестат алуға үміткердің білімдерін бағалаудың өлшемдерін белгілеу;
      біліктілік емтихандарын өткізу орны мен уақыты туралы мәліметтердің жариялануын қамтамасыз ету;
      біліктілік емтихандарының нәтижелерін қарау және бекіту, және олардың негізінде маманға аттестат беру туралы оң (теріс) шешім қабылдау;
      өтініш берушіні аттестат беруден бас тартылғандығы туралы хабардар ету;
      шағымдарды қарау және ол бойынша шешімдер қабылдау;
      мамандардың білімдеріне қойылатын жаңа талаптарды айқындау үшін Қазақстан Республикасының кеден ісін құқықтық реттеу іріктеудегі өзгерістер туралы мәселелерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
      Қазақстан Республикасының мамандарды даярлау және аттестациядан өткізу мәселелері жөніндегі заңнамасының сақталуын бақылау.

      7. Орталық комиссияның:
      аттестаттарды қайтарып алу, жарамсыз деп тану немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныстарды Комитет басшылығының қарауына енгізуге;
      кеден органдарының лауазымды адамдарын, мамандарды кәсіби даярлауға қатысатын өзге де адамдарды жұмысқа тартуға және олармен өзара іс-қимыл жасасуға құқығы бар.

  3. Орталық комиссияның қызметін ұйымдастыру

      8. Орталық комиссия тұрақты жеті мүшеден тұрады.

      9. Орталық комиссия кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарынан құралады. Орталық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының кеден ісімен байланысты ғылыми, оқытушылық немесе сарапшылық қызметпен айналысатын адамдардың енгізілуі мүмкін.

      10. Орталық комиссияны Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқаратын және Комитет төрағасы тағайындайтын Орталық комиссияның төрағасы (бұдан әрі - Төраға) басқарады.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      11. Орталық комиссияның төрағасы:
      Орталық комиссияға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      Орталық комиссияның мәжілістерін жүргізеді және оның шешімдеріне қол қояды;
      оның мүшелеріне Орталық комиссияның қызметімен байланысты тапсырмалар береді;
      мамандардың біліктілік емтихандарын, аттестацияларды өткізу бағдарламалары мен тәртібін бекітеді;
      біліктілік емтихандарына арналған тестілерді және сұрақтарды бекітеді;
      аттестаттарға қол қояды;
      аттестаттардың қолданысын тоқтата тұру және қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізеді;
      Орталық комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді;
      Қазақстан Республикасындағы кеден ісін құқықтық реттеу елеулі өзгеріске ұшыраған жағдайда, мамандарды қайта аттестациядан өткізу мәселесі жөніндегі ұсыныстарын Комитет төрағасының қарауына енгізеді;
      Емтихан комиссиясының құрамдарын бекітеді.

      12. Орталық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын Орталық комиссия мүшелерінің ішінен сайланатын  Орталық комиссиясы Төрағасының орынбасары жүзеге асырады.
       Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      13. Орталық комиссиясы Төрағасының орынбасары:
      Орталық комиссияның жұмыс жоспарын әзірлейді және кемінде 5 күн бұрын оның мүшелерін өткізілетін күні мен күн тәртібі туралы хабардар ете отырып мәжілістерді ұйымдастырады, алдағы мәжіліске арналған қажетті материалдарды дайындайды және хатпен жіберуді жүзеге асырады;
      Орталық комиссия шешімдерінің жобаларын дайындайды және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      Орталық комиссияның шешімдеріне, біліктілік емтихандардың хаттамасына қол қояды, сондай-ақ аттестаттарға қол қояды және Орталық комиссия Төрағасына қол қоюға береді;
      біліктілік емтиханын табысты тапсырған адамдарға аттестаттардың берілуіне бақылауды жүзеге асырады;
      Орталық комиссияның Төрағасы айқындайтын басқа да функцияларды атқарады.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      13-1. Орталық комиссияның құрамына Орталық комиссияның жетi тұрақты мүшелерiнiң iшiнен таңдап алынған хатшы кiредi.
      Орталық комиссияның хатшысы:
      Орталық комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын жүргізедi;
      Орталық комиссияның функцияларын iске асыру кезiнде техникалық жұмысты жүзеге асырады.
       Ескерту: 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      14. Орталық комиссияның мүшелері Орталық комиссияның мәжілістеріне қатысады, сондай-ақ Орталық комиссия Төрағасының тапсырмаларын орындайды.

  4. Орталық комиссияның мәжілістерін
ұйымдастыру және шешімдер қабылдау

      15. Орталық комиссияның мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.

      16. Егер мәжіліске оның мүшелерінің кемінде бесеуі қатысып отырса, Орталық комиссия шешімдер қабылдауға құқылы.

      17. Орталық комиссияның барлық мүшелері, оның ішінде Орталық комиссияның Төрағасы шешімдер қабылдау кезінде бір дауыс құқығына ие болады.

      18. Орталық комиссияның шешімдері жариялылық және алқалылық принциптері негізінде қабылданады.

      19. Орталық комиссияның шешімдері мәжіліске қатысып отырған мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Орталық комиссия Төрағасының, ал ол болмаса - Орталық комиссия Төрағасы орынбасарының дауысы шешуші болып табылады.
       Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      20. Орталық комиссияның қабылдаған шешімдері Орталық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, Орталық комиссия Төрағасының орынбасары қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
       Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлiгi    
Кедендік бақылау комитетi 
төрағасының         
2003 жылғы 4 қарашадағы   
N 497 бұйрығымен      
бекітілген         

  Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік
алуға арналған біліктілік емтихандарын жүргізу
жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Кедендік бақылаудың жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетi Төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 201  бұйрығымен  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 16 мамырда N 2276 болып тіркелген) бекітілген Кедендік ресімдеу жөніндегі маманды аттестациядан өткізу ережесіне сәйкес кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік алуға арналған біліктілік емтихандарын (бұдан әрі - емтихандар) жүргізудің тәртібін айқындайды.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      2. Емтихандарды өткізуге арналған сұрақтардың тізбесін уәкілетті органның кедендік ресімдеу жөніндегі маманды аттестациядан өткізу жөніндегі орталық комиссиясы (бұдан әрі - Орталық комиссия) бекітеді.

  2. Біліктілік емтихандарын жүргізу

      3. Емтихандар тапсыруға рұқсат алу үшін Орталық комиссияға белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) өтініш беріледі.

      4. Емтихан тапсыруға рұқсат алу туралы өтініш алынған күнінен бастап он күннің ішінде қарауға жатады.

      5. Емтихан тапсыруға кемінде он екі рұқсат алған өтініш беруші болған жағдайда Орталық комиссия төрағасының немесе Орталық комиссия төрағасы орынбасарының қатысуымен емтихандар жүргізіледі.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      6. Орталық комиссия емтихан тапсыруға рұқсат алған өтініш берушілерді емтиханның жүргізілетін күні және орны туралы хабардар етеді.

      7. Біліктілік емтихандары негізгі емтиханды тапсыру немесе тестілеу нысанында жүргізіледі.

      8. Тестілеу жазбаша және/немесе электронды нысанда жүзеге асырылады және бір сұрақ бойынша жауапқа екі минуттан аспайтын және тапсырманы шешуге он бес минуттан аспайтын уақыт есебінде жалғасады.

      9. Тест  он екі сұрақтан және бір практикалық тапсырмадан тұрады (жүк кеден декларацияны, не мынадай құжаттардың бірін: кедендік құн декларациясын, кедендік құнды түзету декларациясын, мәміле паспортын толтыруға арналған).

      10. Төрт сұраққа дұрыс жауап болмаған жағдайда Орталық комиссия емтихан тапсырушыға үш қосымша сұрақ ұсынады. Дұрыс жауап болмаған, не қосымша сұрақтардың ең болмағанда біреуіне дұрыс жауап болмаған жағдайда, емтихан тапсырушы тестілеуден өтпеген болып саналады.

      11. Біліктілік емтиханын қайта тапсыруға осы Нұсқаулыққа сәйкес алғашқы емтиханды тапсырған күнінен бастап екі ай өткеннен кейін рұқсат етіледі.

      12. Егер дұрыс емес жауаптардың саны үштен аспаса, емтихан тапсырушы тестілеуден өткен болып саналады.
      13. Тестілеудің нәтижелері бойынша емтихан комиссиясының мүшелері бекітетін белгіленген нысан бойынша (2-қосымша) тестілеу хаттамасы жасалады.

      14. Негізгі емтихан емтихан комиссиясының бір емтихандық билет пен бір практикалық тапсырмалары бойынша емтихан тапсырушының ауызша жауабын бағалауы жолымен жүргізіледі.

      15. Емтихан билеттерінің жалпы саны кемінде елуден тұрады. Бұл орайда әрбір билет бес сұрақты қамтиды.

      16. Емтихан тапсырушы адамның жауабы мен оның практикалық тапсырмаларды шешуі бес баллдық жүйе бойынша бағаланады.

      17. Емтихан комиссиясының әрбiр мүшесi емтихан билеттерi сұрақтарының әрбiр жауабын және практикалық есептердiң шешуiн бағалайды.
       Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      18. Негiзгi емтихан үшiн алынған баға, емтихан билеттерiнiң сұрақтарына берiлген әрбiр жауап және практикалық есептердi шығарғаны үшiн берiлген баллдар негiзiнде алынған орташа балл ретiнде айқындалады.
       Ескерту: 18-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

      19. Орташа жалпы бағасы үш баллдан кем емес адам біліктілік емтиханын тапсырған болып саналады.

      20. Емтиханның нәтижелері бойынша белгіленген нысандағы емтиханның жүргізілгендігі туралы хаттама (4-қосымша) жасалады.

                                      Кедендік ресімдеу жөніндегі
                                  маманның біліктілік алуға арналған
                                   біліктілік емтихандарын жүргізу
                                        жөніндегі нұсқаулыққа
                                              1-қосымша

       Ескерту: Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 497 бұйрығымен бекiтiлген" деген сөздер алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .           

                            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
                                  Кедендік бақылау комитетi
                            Кедендік ресімдеу жөніндегі мамандарды
                                аттестациядан өткізу жөніндегі
                                 Орталық комиссиясының төрағасына
                               _________________________ жылы туған 
                               ____________________________________ 
                                        (Т.А.Ә. толығымен)
                               ____________________________________ 

                          Өтініш

      Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алуға арналған біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді өтінемін.
      Өзім туралы:
      Білімім _________________________    ________________________
               (орта арнаулы, жоғарғы)         (бітірген жылы)
жылы ______________________________________________________________
                         (оқу орынның атауы)
      ___________________________________________________ бітірдім.
      Кеден ісі саласында жұмыс стажым (егер болса) _______________
      _______________________________________________ кәсіпорнында
            (кәсіпорынның/ұйымның атауы)
      (ұйымында)___________________________________________________
                       (толық жұмыс істеген жылдары)
      жыл
      __________________________________ лауазымында жұмыс істедім.
      Қоса берілетін құжат: білімі туралы құжаттың көшірмесі.

      ___________________               күні "____" _______________
            (қолы)

                                     Кедендік ресімдеу жөніндегі
                                  маманның біліктілік алуға арналған
                                    біліктілік емтихандарын жүргізу
                                         жөніндегі нұсқаулыққа
                                              2-қосымша

       Ескерту: Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 497 бұйрығымен бекiтiлген" деген сөздер алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

Тестілеу хаттамасы

      N_________________                "___" ___________ 200__жыл
      Емтиханның тестілеу нәтижелері бойынша ______________________
      _____________________________________________________________
      құрамдағы емтихан комиссиясы төменде аталған адамдар мынадай нәтижелерімен тестілеуден табысты өтті деп санайды:
___________________________________________________________________
 Аты-жөні | Дұрыс     | Қосымша  | Аты-жөні | Дұрыс     |Қосымша
          | жауаптары | сұрақтар |          | жауаптары |сұрақтар
___________________________________________________________________
1.                                8.
2.                                9.
3.                                10.
4.                                11.
5.                                12.
6.                                13.
7.                                14.
___________________________________________________________________

 Төменде аты аталған адамдар тестілеуден өтпеген болып саналады:
___________________________________________________________________
 Аты-жөні | Дұрыс     | Қосымша  | Аты-жөні | Дұрыс     |Қосымша
          | жауаптары | сұрақтар |          | жауаптары |сұрақтар
___________________________________________________________________
1.                                8.
2.                                9.
3.                                10.
4.                                11.
5.                                12.
6.                                13.
7.                                14.
___________________________________________________________________

      Орталық комиссиясының мүшелері:
      Төраға _____________________________________ Т.А.Ә.
      Төрағаның орынбасары - хатшы _______________ Т.А.Ә.
      1.__________________________________________ Т.А.Ә.
      2.__________________________________________ Т.А.Ә.
      3.__________________________________________ Т.А.Ә.
      4.__________________________________________ Т.А.Ә.
      5.__________________________________________ Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасының Кедендік 
бақылау комитетi төрағасының    
2003 жылғы 4 қарашадағы        
N 497 бұйрығымен бекітілген     
Кедендік ресімдеу жөніндегі     
маманның біліктілік алуға арналған 
біліктілік емтихандарын жүргізу  
жөніндегі нұсқаулыққа        
3-қосымша             

      Ескерту: 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .

                                   Кедендік ресімдеу жөніндегі
                                маманның біліктілік алуға арналған
                                  біліктілік емтихандарын жүргізу
                                       жөніндегі нұсқаулыққа
                                           4-қосымша

       Ескерту: Қосымшаның оң жақ жоғары бұрышындағы "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 4 қарашадағы N 497 бұйрығымен бекiтiлген" деген сөздер алып тасталды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 140   бұйрығымен .             

       Біліктілік емтиханының жүргізілгендігі туралы
                        хаттама

N_________________                "___" ___________ 200__жыл
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

      Құрамдағы комиссия біліктілік емтиханының қорытындылары бойынша, төменде аты аталатын адамдар кеден ісі саласындағы қажетті білімдерге ие және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетiнiң біліктілік аттестатын ала отырып кедендік ресімдеу жөніндегі маман ретінде танылады деп белгіледі:
___________________________________________________________________
Тегі, аты-жөні   |  Жалпы баллы |   Тегі, аты-жөні  | Жалпы баллы
___________________________________________________________________
1.                               8.
2.                               9.
3.                               10.
4.                               11.
5.                               12.
6.                               13.
7.                               14.
___________________________________________________________________

 Төменде аты аталған адамдар біліктілік емтихандарын тапсыра алмады

___________________________________________________________________
Тегі, аты-жөні   |  Жалпы баллы |   Тегі, аты-жөні  | Жалпы баллы
___________________________________________________________________
1.                               8.
2.                               9.
3.                               10.
4.                               11.
5.                               12.
6.                               13.
7.                               14.
___________________________________________________________________

      Орталық комиссиясының мүшелері:
      Төраға _____________________________________ Т.А.Ә.
      Төрағаның орынбасары - хатшы _______________ Т.А.Ә.
      1.__________________________________________ Т.А.Ә.
      2.__________________________________________ Т.А.Ә.
      3.__________________________________________ Т.А.Ә.
      4.__________________________________________ Т.А.Ә.
      5.__________________________________________ Т.А.Ә.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады