Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөнінде орталықтандырылған деректер банкін құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2606. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 53 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009.09.29 N 53 бұйрығымен.

      Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру мен дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңын , "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін және Қазақстан Республикасының " Мемлекеттік қызмет туралы ", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын қолдану кезінде мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкі құрылсын.
      2. "Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін жүргізу туралы" қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Р.С.Хайруллин):
      1) әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құруды ұйымдастырсын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, Бас әскери прокурорға, Астана, Алматы қалалары, облыстар және соларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін (М.Қ.Уәйісов).
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап өз күшіне енеді және 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарым-қатынастарда қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы   
Бас Прокурорының      
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар
және оларды жасаған тұлғалар
туралы орталықтандырылған  
деректер банкін құру туралы"
2003 жылғы "5" желтоқсандағы 
N 67 бұйрығымен бекітілген  

Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды
жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған
деректер банкін жүргізу жөнінде
Нұсқаулық

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Бұл Нұсқаулық әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға өкілетті барлық мемлекеттік органдар үшін (әрі қарай - әкімшілік практика субъектілері), әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулысы заңды күшіне енген әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғаларды бірыңғай есепке алуды белгілейді.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғаларды орталықтандырылған есепке алу, электрондық деректер банкін жүргізу арқылы (әрі қарай - деректер банкі) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен жүзеге асырылады (әрі қарай - Комитет).

      3. Деректер банкі, әкімшілік практика субъектілерімен ұсынылатын есепке алу құжаттарының: әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы қажетті мәліметтерді қамтитын "әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғаларды есепке алу бойынша" N 1-АП нысанды карточкасы (1-қосымша) (әрі қарай - карточка), әкімшілік жаза салу туралы қаулының орындалуы жөніндегі хабарлама (3-қосымша), әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік өндіріп алудан босату туралы хабарлама (4-қосымша) негізінде құрылады.
      Карточкалар Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстар және оларға теңестірілген аумақтық Басқармаларына ұсынылады (әрі қарай - Басқармалар) (әкімшілік практика субъектілерінің орталық аппараттары әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған жері бойынша Басқармаларға жібереді).
      Әкімшілік практика субъектісінде ведомстволық деректер банкі бар болған жағдайда, карточканың құрамындағы мәліметтер осы ақпарат банкіне енгізіледі. Содан кейін, осы Нұсқаулықпен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде электрондық форматтағы мәліметтер (Комитетпен белгіленген) ведомстволық деректер банкінен Комитетке модемдік байланыспен немесе магниттік тасушылармен түсіріліп, жіберіледі.
      Келіп түсетін есепке алу материалдарының негізінде Басқармалар, электрондық режимде келіп түсетін материалдарды, кейіннен Комитеттің орталық деректер банкіне жіберу арқылы жергілікті ақпараттық деректер базасын құрады (әрі қарай - жергілікті деректер базасы).
      Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2004 жылғы 27 маусымдағы N 25 бұйрығымен .

      4. Есепке алуға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулысы заңды күшіне енген тұлғалар (жеке және заңды) жатады.

      5. Әкімшілік құқық бұзушылық субъектілерін жергілікті және орталықтандырылған есепке алу үшін, тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны және оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулысының заңды күшіне енгені негіз болып табылады.

      6. Карточка әкімшілік практика субъектілерімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының негізінде, анық, өшірілмей және түзетілмей, баспа әріптерімен, көк немесе қара сиямен қолдан не жазу машинкасы немесе компьютермен толтырылады.
      Кәртішке (қағаз жүзінде) ақпараттық есепке алу құжаты болып табылады. Кәртішкеге қол қойған тұлға оның шындылығына, толықтығына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз уақытылы ұсынылуына жауапты.
      Ескерту: Басқармаларға электрондық түрде карточкаларды жіберген кезде түпнұсқалары осы Нұсқаулықпен белгіленген мерзімдерге сәйкес әкімшілік практика субъектілерінде сақталады.
      Мәліметтерге түзету тек Комитеттің не оның Басқармасының карточканы қайтарған кезінде әкімшілік практика субъектісімен жүргізіледі. Сонымен қатар, түзету, қателерді тапқан күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тиісті сұранымды Комитетке (Басқармаға) жіберу арқылы әкімшілік практика субъектісінің бастамасымен жүргізілуі мүмкін.
      Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      7. Әкімшілік практика субъектілері, ұсынылған үлгісі қоса берілетін (2-қосымша) әкімшілік істерді тіркеу Журналын (әрі қарай - Журнал) жүргізеді. Журнал әкімшілік практика субъектісінің мұрағатында 3 жыл бойы сақталады, содан соң акті бойынша жойылады.
      Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен басылған болу керек. Жазбалар толық енгізіледі, қате жіберілген жазбалар талқыланып, жауапты тұлғаның қолымен қойылады.
      Ескерту: журналға барлық қозғалған әкімшілік өндірістер енгізіледі, олардың жойылуы туралы қарастыру нәтижелері бағанда белгіленеді.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      8. <*>
      Ескерту: 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      9. Есепке алудың толықтығы және өз уақытылы ұсынуға бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, әкімшілік практика субъектілері тоқсан сайын бір рет (тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін) әкімшілік практика субъектілері Комитет басқармасының сәйкес деректер банкісімен салыстыру жүргізсін.
      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

2-бөлім. Есепке алу-тіркеу құжаттарын құру мен өңдеу.

1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және
оларды жасаған тұлғаларды есепке алу жөніндегі
N 1-АП нысанды карточкасы

      10. <*>
      Ескерту: 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      11. Әкімшілік практика субъектілерімен он күндік мерзімділікпен әр айдың 10, 20 және 30-шы күндері Басқармаға N 1-АП нысанды карточкасы (тек заңды күшіне енген қаулылар бойынша) жіберіледі.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      12. Деректер банкіне осы Нұсқаулық талаптарының бұзылуымен енгізілген кәртішке, оны ұсынған әкімшілік практика субъектісіне 3 жұмыс күн ішінде түзету үшін қайтарылып, деректер банкісінен алынады. Әкімшілік практика субъектісі түзетілген кәртішкелерді Нұсқаулықтың 11-тармағына сәйкес басқармаға жолдайды. Басқарма өз кезегінде, түзетілген кәртішкелерді жергілікті деректер базасына енгізеді және электрондық тәртіппен Нұсқаулықтың 11-тармағымен анықталған мерзімде Комитетке жолдайды.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      13. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғалар туралы мәліметтер (14-тармақта көрсетілгеннен басқа) әкімшілік жаза салу туралы қаулының орындалуының аяқталған кезінен бастап 1 жыл бойы сақталады.
      Әкімшілік жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер әкімшілік жала тағу туралы қаулының орындалу сәтінен бастап алты ай мерзімде сақталады (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 79-бабы )
      Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      14. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғалар туралы мәліметтер әкімшілік жаза салу туралы қаулының орындалуының аяқталған кезінен бастап 3 жыл бойы сақталады.
      Сақтау мерзімі өтіп кеткен басқармалардағы карточкалар, жойылған есепке алу құжаттарының жалпы санын көрсету арқылы актілер бойынша жойылады.
      Сақтау мерзімі өтіп кеткен басқармалардағы карточкалар, осы Нұсқаулықпен белгіленген ережелер бойынша басқарма қызметкерлерінің қатысуымен жойылады.

2-тарау. N 1-АП нысанды карточканы
толтыру құрылымы мен тәртібі

      15. Карточканың 1-жолында құқық бұзушылықты тапқан және кодын көрсету арқылы хаттама құрған өкілетті органның атауы көрсетіледі.
      15-1. Карточканың 1.1 қатарында құқық бұзушылықты анықтауға ынта білдірген мемлекеттік органның аталуы көрсетіледі.
       Ескерту. 15-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Бас Прокурорының 2008.09.04 N 50 бұйрығымен .

      16. 2-жолда кодын көрсетумен құқық бұзушылық жасалған жері көрсетіледі (елді мекен, аудан, облыс атауы).

      17. 3-жолда - материалды (хаттама), істі және оның кодын қараған өкілетті орган.
      Ескерту: Кодтар қолданыстағы бірыңғай кодификациялық анықтамаға сәйкес қойылады.

      18. 4-жолда - материал (протокол) нөмірі мен бастау күні.

      18-1. 4-1-жолда - бас тарту материалының нөмірі және қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған күні.
      Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 2007.09.06 N 36 Бұйрығымен.
      19. Егер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 639-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмаған жағдайда, "материалдың/хаттаманың/істің нөмірі" 4-жолында "хаттамасыз" қойылады. "Материалды/хаттаманы/ істі қараған лауазымды тұлғаның аты-жөні" жолында құқық бұзушылық жасаған жерде ескерту дайындаған немесе айыппұл салған тұлғаның аты-жөні көрсетіледі.

      20. 5-жолда істі қараған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

      21. 6-жолда - карточканың тіркелу күні мен әкімшілік практика субъектісінің Журналы бойынша тіркеу нөмірі.

      22. 7-жолда - карточканың Басқармаға келіп түскен күні, түзету күні.

      23. 8-жолда әкімшілік құқық бұзушылықтың мынадай субъектілері туралы мәліметтер бейнеленеді: жеке тұлға, лауазымды тұлға, лауазымды тұлғаға теңестірілген тұлға, жеке кәсіпкер, заңды тұлға, шетел заңды тұлғасы, шетелдік қатысудағы заңды тұлға; орган қызметкерлері: прокуратура, әділет, қаржы полициясы, ішкі істер, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, кеден қызметі, шекара қызметі, прокуратуралар, салық қызметі, төтенше жағдайлар бойынша, арнайы қызметтер, ІІМ ішкі әскер, Республикалық Гвардия, соттар, әкімдер, депутаттар, Президенттікке кандидаттар, сот орындаушылары; министрліктер қызметкерлері: әділет, қаржы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, сыртқы істер, энергетика және минералды ресурстар, денсаулық сақтау, индустрия және сауда, қоршаған ортаны қорғау, экономика және бюджетті жоспарлау, туризм және спорт, мәдениет және ақпарат, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көлік және коммуникация; агенттіктер қызметкерлері: статистика жөніндегі, жер ресурстарын реттеу жөніндегі, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, ақпараттандыру және байланыс жөніндегі, Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі, ұлттық ғарыштық агенттігінің; Ұлттық банктің, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері.
      Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 2008.02.04 N 5 Бұйрығымен.

      24. 9-жолда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің нормалары бойынша құқық бұзушылық біліктілігі көрсетіледі. 9.1-жолында мынадай кодтау арқылы күнә түрі көрсетіледі: "1" - қасақана; "2" - абайсызда. 9.2-жолында әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған (табылған) күні көрсетіледі.

      25. Әкімшілік істі қарау күні 10-жолда қойылады.

      26. 11-жолда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 46 және 57 баптар бойынша әкімшілік өндіріп алу шаралары бейнеленеді және жаза салу мерзімінің аяқталу күні қойылады.
      11.1-жолында тиісті кодтарды қою арқылы негізгі жаза шаралары көрсетіледі: "01" - ескерту; "02" - әкімшілік айыппұл; "03" - әкімшілік тыйым салу; "04" - азаматқа немесе заңды тұлғаға берілген арнайы құқықтан айыру; "05" - лицензияны (арнайы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін)) күшінен айыру немесе оны тоқтату; "06" - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе оған тыйым салу; "07" - шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік кетіру.
      11.2-жолында тиісті кодтарды қою арқылы қосымша өндіріп алу шаралары көрсетіледі: "08" - әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болатын затты ақылы түрде алып қою; "09" - тәркілеу; "10" - өз еркімен тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу; "04" - азаматқа немесе заңды тұлғаға берілген арнайы құқықтан айыру; "05" - лицензияны (арнайы рұқсатты, біліктілік аттестатын (куәлігін)) күшінен айыру немесе оны тоқтату; "06" - жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе оған тыйым салу; "07" - шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік кетіру.
      11.3. жолдарында әкімшілік-құқықтық іс-әрекет белгіленеді: "2"- жол қозғалысының ережесін тексеру; "13"-медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
      Ескерту: 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      27. 12-жолда салынған айыппұлдың көлемі, 13-жолда - өндіріп алынған айыппұл көлемі көрсетіледі (сомалар теңге түрінде көрсетіледі).
      Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      28. 14-жол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның мәліметтерінен тұрады: аты-жөні.

      29. 14.1-жолында құқық бұзушының туған күні, айы, жылы және тұрғылықты мекен-жайы қысқартусыз жазылады.
      14.2-жолда мынадай кодтары бар жеке басын анықтайтын құжат көрсетіледі: "1" - төлқұжат, "2" - жеке куәлік, "3" - тұруға ықтияр хат, "4" - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, "5" - жүргізуші куәлігі, "6" - әскери билет.
      14.3-жолда - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).
      14.4-жолында кодтау арқылы құқық бұзушының жынысы бейнеленеді: "1" - еркек; "2" - әйел.
      14.5-жолында мынадай кодтау арқылы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер бейнеленеді: "1" - ҚР азаматы; "2" - ТМД елдерінің азаматы; "3" - шетелдік; "4" - азаматтығы жоқ тұлға.
      14.6-жолында жұмыс орны, лауазымы, оқу орны көрсетіледі.
      14.7-жолында алкогольдік, есірткілік, токсикомандық мас күйінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар туралы мәліметтер бейнеленеді.
      Ескерту: 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2004.06.27. N 25 , 2005.07.13. N 37 , 2007.09.06 N 36 Бұйрықтарымен.

      30. 15-жолда кодтау арқылы заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны көрсетіледі: "1" - мемлекеттік кәсіпорын; "2" - мемлекеттік мекеме; "3" - акционерлік қоғам; "4" - жауапкершілігі шектеулі серіктестік; "5" - қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; "6" - өндірістік кооператив; "7" - басқалар.

      30-1. 15.1 жолда кодтау көрсетіледі: "1" - коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға; "2" - коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға
      Ескерту: 30-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      31. 16-жолда заңды тұлғаның (жеке кәсіпкердің), оның заңды мекен-жайының, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, бизнес - сәйкестендіру нөмірінің толық атауы көрсетіледі.
      Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005.07.13. N 37 , 2007.09.06 N 36 Бұйрықтарымен.

      32. <*>
      Ескерту: 32-тармақ алынып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      33. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 672-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға наразылық білдірілген жағдайда мәліметтер 19-жолда, ал кодтау арқылы оны қарау нәтижелері 19.1.-жолда бейнеленеді. 19 және 19.1.-жолдар аудандық (оған теңестірілген) сотпен толтырылады.
      Ескерту: Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша күшке енген қаулыға наразылық білдіру жағдайында, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 672-бабына сәйкес, егер сот қаулысы өзгерусіз ал, наразылық қанағаттандырусыз қалатын болса, жаңа кәртішке қойылмайды.
      Апелляциялық сот арқылы басқа шешім қабылдау кезінде, бірінші сатылы сот арқылы 19 және 19.1. жолдарына сәйкес белгі қойылған жаңа кәртішке қойылады және осы Нұсқаулықтың 11-тармағына сәйкес басқармаға жолданады;
      Ескерту: 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      34. Кәртішкені толтырған қызметкердің аты-жөні мен лауазымы, қолы және толтырылған күні 21-жолда көрсетіледі.
      Ескерту: 34-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бас Прокурорының 2004 жылғы 27 маусымдағы N 25 бұйрығымен , өзгерту енгізілді - 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

2-1-тарау. N 1-АП нысанды электрондық кәртішкесі

      Ескерту: 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 2004 жылғы 27 маусымдағы N 25 бұйрығымен .

      34-1. N 1-АП нысанды электрондық кәртішкені толтыру жеке тұлғалар үшін "Тегі, аты, әкесінің аты және туған күні" деректемелерінен немесе заңды тұлғалар үшін "Заңды тұлғаның аталуы", "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деректемелерінен басталады.
      Жеке немесе заңды тұлғаға деректерді енгізу кезінде, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты мәліметтерді енгізу үшін тағайындалған барлық деректемелік бөліктер жасырылады.
      Жеке немесе заңды тұлғалардың белгілену деректерін толтырғаннан кейін, бағдарлама, соңғыларын жоюсыз түзетуге мүмкіндігінің болуы арқылы, енгізілетін тұлғаларға арналған мәліметтердің бары туралы ақпаратты ұсынады, сонымен қатар мәліметтерді сақтау толық көлемде жасалады. Жаңа ақпаратты енгізу "Жаңа кәртішке" терезесінде қаралады.
      Электрондық форматты толтыру үшін бірінші деректеме "құқық бұзушылықты анықтаған орган" деректемесі болып табылады. Бұл деректеме ведомство кодын қою арқылы толтырылады. Аталған деректеме "3", "4" пернелерін басу арқылы, кодтауларымен қоса әкімшілік практика субъектілерінің толық анықтамасын экранға шақыру мүмкіндігінен тұрады.
      "Жасалған жері" және "Материалды қараған орган" деректемелік бөліктері ведомство кодын қою арқылы немесе әкімшілік практика субъектілерінің толық анықтамасының көмегімен толтырылады.
      "Материалдың нөмірі мен басталған күні", "Істі қараған тұлғаның аты-жөні", "Тіркеу күні мен тіркелу нөмірі" және "ҚСжАЕКБ-на келіп түскен күні" деректемелері N 1-АП нысанды кәртішкеде немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарда (хаттамада, істе) көрсетілген деректерді енгізу арқылы толтырылады. Ведомстволық деректер банкіне ие әкімшілік практика субъектілері "ҚСжАЕКБ-на келіп түскен күні" деректемесін толтыру кезінде оған кәртішкенің нақты енгізілген күнін қояды.
      "Субъект", "Дәрежелеу" және "Айыптың түрі" деректемелері ведомство кодын енгізу арқылы немесе әкімшілік практика субъектілерінің кодификациялық тізімінен, тармақтар мен тармақшаларға бөлу арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекс баптарының тізбесінен, сондай-ақ айып нысандарының түрінен тұратын анықтаманы пайдалану арқылы толтырылады.
      "Құқық бұзушылықты дәрежелеу" деректемесінде тармақты немесе тармақшаны көрсету қажет болған жағдайда, енгізу кезінде олардың алдында "0 (нөль)" саны көрсетіледі. Мысалы, 479-бап 02-тармақ 01-тармақша.
      Өндіріп алу шараларының "Реквизиттер "Негізгі", "Қосымша" және "Әкімшілік-құқықтық іс-әрекет" деректемелері сол не өзге өндіріп алу түріне сәйкес келетін кодты қою немесе тек жоғарыда көрсетілген бапқа ғана қатысты қолданылатын өндіріп алу түрлерін санамалау арқылы толық анықтаманы экранға шығарумен толтырылады.
      Осылайша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 423-бабы көрсетілген кезде, анықтама "айыппұл", "тәркілеу", "лицензиядан айыру/оны тоқтату" жазаларынан тұрады, себебі бұл баптың диспозициясы тек осы жаза түрлерінің салынуын қарастырады.
      "Салынған айыппұлдың мөлшері" және "Өндіріп алынған айыппұлдың мөлшері" деректемелері материалдарда (хаттамада, істе) көрсетілген сомаларын көрсету арқылы толтырылады.
      Кәртішкеде салынған сома туралы мәліметтермен қатар толық өндіріп алу көрсетілген жағдайда, әкімшілік жаза салу жөніндегі қаулының орындалуы туралы хабарлама толтырылмайды.
      "Жұмыс орны, лауазымы, оқу орны" деректемесі материалда (хаттамада, істе) көрсетілген деректердің негізінде толтырылады.
      "Заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны" деректемесі нысанды көрсету арқылы немесе кодтаулары бар заңды тұлға және жеке кәсіпкер нысандары түрлерінің толық анықтамасын экранға шақыру жолымен толтырылады.
      "Заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің аталуы, заңды мекен-жайы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деректемелері қысқартусыз, материалда (хаттамада, істе) көрсетілген деректерді енгізу арқылы толтырылады.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға наразылық келтірілген жағдайда, "қаулыға наразылық келтірілді" деректемесі толтырылады, онда материалда (хаттамада, істе) көрсетілген наразылықтың күні көрсетіледі.
      "Қарастыру нәтижесі" деректемесі бұзылған не өзгертілген қаулы бойынша мәліметтерді енгізу немесе қабылдануы мүмкін шешім түрлерінің тиісті тізімінен тұратын анықтаманы пайдалану арқылы толтырылады.
      "Кәртішкені толтырған қызметкердің аты-жөні мен лауазымы" деректемесі тегін, атын, әкесінің атын және лауазымын қысқартусыз көрсету арқылы толтырылады.
      Ескерту: 34-1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .
      34-2. Әкімшілік құқық бұзушылық субъектілері туралы ведомстволық деректер банкіне ие әкімшілік практика субъектілері N 1-АП нысанды электрондық кәртішкелерді осы Нұсқаулықта көзделген талаптарға сәйкес толтырады.
      Әкімші арқылы түзетулер мен алып тастаулар жүргізу барысында, түзету себебін белгілеу керек
      Ескерту: 34-2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .
      34-3. <*>
      Ескерту: 34-3-тармақ алынып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

3-тарау. Әкімшілік жаза салу туралы
қаулының орындалуы жөніндегі хабарлама

      35. Әкімшілік практика субъектісі құқық бұзушыдан әкімшіліктік жаза туралы нақтылаушы құжаттарды (квитанция, төлем туралы ұсыныс қағазы, өндірілген жаза туралы сот әкімшілігінің хаты) немесе орындау туралы әкімшіліктік жаза тағу туралы қаулыны (ұйғарымды) алу барысында, 1 жұмыс күнінің ішінде әкімшілік жаза тағу қаулысын орындауы жүктелген ескертуді басқармадағы лауазымды тұлғасына электрондық түрде (егер ведомстволық деректер банкі болған жағдайда), немесе пошта байланысы арқылы (егер ведомстволық деректер банкі болмаған жағдайда) осы Нұсқаулықтың N3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.
      Әкімшілік практика субъектісімен айыппұл көлемі толық өндіріп алынып, Басқармаға ұсынылған N 1-АП нысанды карточкасының 13-жолында көрсетілген жағдайда, хабарлама жіберілмейді.
      Ескерту: 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2004.06.27. N 25 , 2005.07.13. N 37 , 2007.09.06 N 36 Бұйрықтарымен.

      35-1. Мәжбүрлеп орындауды жүзеге асырушы орындау өндірісінің органы құқық бұзушыдан әкімшілік жаза тағу жөніндегі қаулының (ұйғарымның) орындалуы туралы нақтыланған құжаттарды (квитанция, төлем туралы ұсыныс қағазы, өндірілген жаза туралы сот әкімшілігінің хаты) алу кезінде, жүргізілген жаза туралы белгімен 3 жұмыс күні ішінде әкімшілік жаза тағу туралы қаулы шығарған органға (лауазымды тұлғаға) қайтарады
      Ескерту: 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

4-тарау. Әкімшілік жауаптылықтан және
әкімшілік өндіріп алудан босату туралы хабарлама

      36. Әкімшілік практика субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 70, 75, 701 , 702 және 704-баптарымен негізінде әкімшілік жауаптылықтан немесе әкімшілік өндіріп алудан тұлғаны босатқан кезде, ол осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық түрде немесе пошта байланысымен хабарламаны үш тәулік ішінде Басқармаға жібереді.
      Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

3-бөлім. Деректер банкіне сұрау салу

5-тарау. Деректер банкіне сұрау
салудың негізі мен тәртібі

      37. Қайталануды анықтайтын сұраулар осы Нұсқаулықпен (5-қосымшаға сәйкес) бекітілген сұрау нысаны бойынша рәсімделеді. Сұрау әр тексерілетін тұлғаларға бөлек, айқын, жазба әріптерімен, көк немесе қара сиямен қолмен немесе жазба машинкасымен жүргізіледі.
      Ескерту: Сұранымсыз режимде қажетті ақпаратты алу үшін Комитеттің орталықтандырылған деректер банкіне электрондық жойылған кіру рұқсатының бар болуы әкімшілік практика субъектісіне рұқсат етіледі.
      Сол немесе басқа тұлғаны әкімшілік жауапқа тарту туралы ақпаратты талап еткен мемлекеттік органдар, заңмен белгіленген тәртіпте алынған ақпаратты жариялауға жауап береді.
      Ескерту: 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      38. Сұранымды дайындау кезінде атау септігінде қысқартусыз мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) жеке тұлғаға: аты-жөні, туған күні және тұрғылықты мекен-жайы;
      2) заңды тұлғаға және жеке кәсіпкерге - салық төлеушінің тіркеу нөмірі, атауы, заңды мекен-жайы.
      Белгілеу мәліметтері бір жылдың ішінде өзгертілген жағдайда, сұранымға бұрынғы мәліметтерді бейнелеу қажет. Белгілеу мәліметтері бір жылдың ішінде бір немесе бірнеше рет өзгертілсе, жеке сұраным құрылады.
      Сұранымның 1-6, 11-13-жолдары оны жеке тұлғаға қатысты дайындау кезінде толтырылады.
      Сұранымның 7-13-жолдары оны жеке тұлғаға және жеке кәсіпкерге қатысты дайындау кезінде толтырылады.
      Сұранымды дайындау кезінде, 10-жолда міндетті түрде тексерудің негізін көрсету қажет.
      Сұранымға өкілетті лауазымды тұлға қол қойып, мемлекеттік органның мөрімен (мөртабанымен) куәландырылады.
      Субъектілерде электронды байланыстың бар болуына байланысты, сұраулар қайталануды айқындау үшін, Комитетпен анықталатын автоматтандырылған электронды форматпен орындалады.
      Ескерту: 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      39. Осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзу арқылы рәсімделген cұраудың қағаз жүзі орындалмай қайтарылады, ол туралы тиісті белгі қойылады.
      Ескерту: 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      40. Сұраным оның Басқармаға немесе Комитетке келіп түскен кезінен бастап 5 жұмыс күндері ішінде орындалады (қайталауды анықтау қажет болған жағдайда - бір жұмыс күні ішінде ішінде) және сұраным жіберген органға поштамен жолданады немесе тікелей Комитетте не Басқармада беріледі.
      Ескерту: 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      41. Деректер банкінде тексерудегі тұлғаға мәліметтер жоқ болғанда, сұранымның екінші бетінде мынадай текстпен мөр қойылады: "Мәліметтер жоқ", "Анықтаманы Комитет (Басқарма) қызметкері жүргізді (аты-жөні, тектері бойынша нөмірі)" және тексеру күні көрсетіледі.
      Есептерде тексерудегі тұлғаға қатысты мәліметтерді анықтаған кезде олар сұранымның келесі бетінде көрсетіледі және: "Анықтаманы Комитет (Басқарма) қызметкері жүргізеді" текстісімен мөр қою және тексеру жүргізу мерзімі туралы белгі қою арқылы айқындалады.

      42. Осы Нұсқаулықпен белгіленген нысандағы есепке алу-тіркеу құжаттарының бланкілері әкімшілік практика субъектілерімен дайындалады.

                                      2003 жылғы 5-желтоқсандағы
                                       N 67 бұйрығымен бекітілген
                                  "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және
                                    оларды жасаған тұлғалар жөнінде
                                       орталықтандырылған деректер
                                            банкін құру туралы"
                                         Нұсқаулығына N 1-қосымша

      Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 2008.09.04 N 50 Бұйрығымен.

    1-ӘҚБ. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған
                тұлғаларды есепке алу кәртішкесі

1. ___________________________________________________
    құқық бұзушылықты анықтаған органның аталуы
1.1. оның ішінде мемлекеттік органның ынтасы бойынша ________________________________________
2.______________________________________________
            құқық бұзушылықты жасаған орган
3.______________________________________________
        істі, материалды /хаттаманы/ қарастырған                        өкілетті орган
4. Істің, материалдың /хаттаманың/ нөмірі____________  жүргізу күні "___"___________ 200__ж.
4.1. бас тарту материалының нөмірі ҚІҚБТ күні "___"_______ 200_ ж.
5.___________________________________________________       істі қарастырған лауазымды тұлғаның аты-жөні
6. "___"___________ 200__ ж. N_______________________
тіркелген күні және әкімшілік практика субъектісінің тіркеу нөмірі
7. ҚСжАЕКБ келіп түскен күні "___"__________200_ж.
Түзету күні "___"________ 200_ж. 


1./_/_/_/_/_/_/_/
2./_/_/_/_/_/_/_/
3./_/_/_/_/_/_/_/
4./_/_/_/_/_/_/_/

8. Субъект: жеке тұлға "1", жеке кәсіпкер "2", заңды тұлға "3", шетел заңды тұлғасы "4", шетелдік қатысудағы заңды тұлға "5";
орган қызметкерлері: ӘМ ҚАЖК "6", қаржы полициясы "7", ішкі істер "8", қорғаныс министрлігі "9", ұлттық қауіпсіздік "10", кеден қызметі "11", шекара қызметі "12", прокуратура "13", салық қызметі "14", төтенше жағдайлар бойынша "15", ҚР ІІМ ішкі әскері "16", Республикалық Гвардия "17", соттар "18", Әкімдер "19", депутаттар "20", Президенттікке кандидаттар "21", сот орындаушылары "22", арнайы қызметтер "24";
министрліктер қызметкерлері: әділет "51", қаржы "27", білім және ғылым "28", ауыл шаруашылығы "29", сыртқы істер "30", энергетика және минералды ресурстар "31", денсаулық сақтау "32", индустрия және сауда "33", қоршаған ортаны қорғау "34", экономика және бюджетті жоспарлау "35", туризм және спорт "36", мәдениет және ақпарат "37", еңбек және халықты әлеуметтік қорғау "38", көлік және коммуникация "39";
агенттіктер қызметкерлері: статистика жөніндегі "40", жер ресурстарын реттеу бойынша "41", табиғи монополияларды реттеу жөніндегі "42", қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі "43", мемлекеттік қызмет істері жөніндегі "44", ақпараттандыру және байланыс жөніндегі "45", Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі "46", ұлттық ғарыштық агенттігінің "47";
Ұлттық банктің "48", Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "49", әкімдіктер және олардың құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері "50", өзге де мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері "23", лауазымды тұлға "25", лауазымды тұлғаға теңестірілген тұлға "26";
9. Құқық бұзушылық дәрежесі Қазақстан Республикасы ӘҚБК___бабы____б____т
9.1. Кінә нысаны: "1" - қасақана, "2" - абайсыздықта.
9.2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалған (анықталған) күні "___"________ 200_ж.

8./_/_/
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
9.1./_/
 

11.1./_/_/
 
 
 
 
 
 
11.2./_/_/
 
 
 
 
 
 

 

 

 
11.3./_/_/
 
 
 
 

 
14.2./_/
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
14.4./_/
14.5./_/
 
 
 
 

 
14.7./_/
15./_/
 
15.1./_/
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
19.1./_/

10 . Әкімшілік істі қарастырған күн "__"_______ 200_ж.

11. Жазаның әкімшілік шаралары (ҚР ӘҚБК 46, 57 баптары):
11.1. негізгі: "01" - ескерту; "02" - айып; "03" - тұтқын; "04" - арнайы құқықтан арылу; "05" - рұқсаттан арылу/тоқтатылу; "06" - жеке кәсіпкер және заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы/тыйым салынуы; "07" - шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік кетіру.
200 жылдың "___"________мерзіміне дейін.
11.2. қосымша: "08" - алып қойылған; "09" - кәмпескелеу; "10" - мәжбүрлік алым; "04" - арнайы құқықтан арылу; "05" - рұқсаттан арылу/тоқтатылу; "06" - жеке кәсіпкер және заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы/тыйым салынуы; "07" - шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік кетіру.
200  жылдың "___"__________мерзіміне дейін.
11.3. әкімшілік-құқықтық: "12"- жол жүру ережелерін білуді тексеру; "13" - мед.сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
12. Салынған айып мөлшері________теңге
13. Өтелінген айып мөлшері_______теңге

14. _/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ (әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның аты-жөні)
14.1. "____"________19__ж. тұрғылықты жері____________________________________________
14.2. Жеке басын куәландыратын құжат: "1" - паспорт, "2" - жеке куәлік, "3" - тұрғылықты мекеннің түрі, "4" - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі, "5" - жүргізуші куәлігі, "6" - әскери билет N_________ берілген "___"_______ ______ж.
_____________________________________________________
               (кіммен берілген)
14.3. ЖСН____________________________________________
14.4. Құқық бұзушының жынысы: "1" - ер; "2" - әйел
14.5. Құқық бұзушылық жасалды:
"1" - ҚР азаматымен; "2" - ТМД азаматымен;
"3" - шетел азаматтарымен; "4" - азаматтығы жоқ тұлғамен
14.6. Жұмыс орны, лауазымы, оқу орны________________
          (керегін сызып қою)        (нақты белгілеу)
14.7. Жағдайда: алкогольдік "1"; есірткілік "2"; уытқұмарлық мас күйінде "3";
15. Заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны "1" - БП, "2" - мемлекеттік мекеме, "3" - АҚ, "4" - ЖШС, "5" - ТДО, "6" - өндірістік кооператив, "7" - басқа да.
15.1. "1" - коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға; "2" - коммерциялық ұйым болып табылмайтын заңды тұлға (ҚР АК 34, 58, 96 баптары)
16. Заңды тұлғаның, жеке кәсіпкердің аталуы _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
заңды мекен-жайы ____________________________________ _____________________________________________________ _____________________________________________________ СТН__________________________________________________ БСН__________________________________________________ 17 және 18 бағандар алып тасталды.
19. Қаулы: наразылық білдірілді (ҚР ӘҚБК 672 бабы) "___"_________ж.
19.1. Қарастыру нәтижесі: "1" - алынды; "2" - өзгертілді.
21.__________________________________________________
Кәртішкені толтырған қызметкердің аты-жөні, лауазымы,                          қолы
"___"_______ 200_ж.
Ескерту: 19 және 19,1 жолдар бірінші сатылы соттармен толтырылады.

                                      Қазақстан Республикасы   
                                          Бас Прокурорының  
                                   "Әкімшілік құқық бұзушылықтар
                                    және оларды жасаған тұлғалар
                                      туралы орталықтандырылған 
                                    деректер банкін жүргізу жөнінде"
                                       2003 жылғы 5 желтоқсандағы
                                       N 67 бұйрығымен бекітілген
                                          Нұсқаулыққа 2-қосымша 

      Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Бас Прокурорының
2004 жылғы 27 маусымдағы N 25 бұйрығымен .

         ______________________________________________
         ______________________________________________
                    (мемлекеттік органның атауы)

                   әкімшілік істерді тіркеу
                            ЖУРНАЛЫ

N _________________

200__жылдың "___"_____________ _______________N-нен басталды
200__жылдың "___"_____________ _______________N-мен аяқталды

___________________________________________________________________
N  |Карточканы|Әкімшілік|Құқық      |Заңды тұлғаның|Қазақстан
тш | қойған   |  құқық  |бұзушылық  |атауы мен     |Республикасының
   |органның  |бұзушылық|жасаған    |мекен-жайы.   |ӘҚтК-нің
   | атауы,   |  туралы |тұлға      |Жеке          |нормалары
   |  оның    |   істі  |туралы не  |кәсіпкердің   |бойынша құқық
   |ҚСжАЕКБ-на|  сотқа  |заңды      |аты-жөні      |бұзушылық
   |жіберулер |жіберген |тұлғаның   |(тіркелген    |біліктілігі
   | күні     |  мемле. |бірінші    |жағдайда -    |
   |          | кеттік  |басшысы    |мекен-жайы)   |
   |          | органның|туралы     |              |
   |          |   атауы |мәліметтер |              |
   |          |         |(аты-жөні, |              |
   |          |         |туған күні,|              |
   |          |         |айы, жылы, |              |
   |          |         |лауазымы,  |              |
   |          |         |жұмыс орны)|              |
___________________________________________________________________
1      2          3         4             5              6
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
___________________________________________________________________
Істі қарау|N1-АП нысанды|Қаулының N мен       |өндіріп алу шаралары
күні мен  | карточканы  |заңды күшіне ену күні|
нәтижесі  |    қойған   |                     |
          |қызметкердің |                     |
          |   аты-жөні  |                     |
___________________________________________________________________
    7            8                 9                   10
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                                        Қазақстан Республикасы
                                          Бас Прокурорының   
                                    "Әкімшілік құқық бұзушылықтар
                                     және оларды жасаған тұлғалар 
                                      туралы орталықтандырылған 
                                    деректер банкін жүргізу жөнінде"
                                      2003 жылғы 5 желтоқсандағы
                                      N 67 бұйрығымен бекітілген
                                         Нұсқаулыққа 3-қосымша 

      Ескерту: 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының
2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

      Әкімшілік жаза тағу туралы қаулының орындалуы жөнінде
                           ХАБАРЛАУ

___________________________________________________________________
               Хабарлауды жолдаған органның аталуы

Тегі ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________

Туған күні "___" ______________19____ж.
Туған жылы ________________________________________________________
___________________________________________________________________
                 (қысқартусыз)

Заңды тұлғаның аталуы, кәсіпкердің индексі ________________________
___________________________________________________________________
СТН ______________________
Істің, материалдың /хаттаманың/ нөмірі_________ "___"________20__ж.
   (керектісін сызып қою)                    жүргізілген күні

құқық бұзушылық дәрежесі ҚР ӘҚБК ________бабы___________б_________т
тағылған айып құны__________________________________________ теңге.
өтелінген айып құны ________________________________________ теңге.
төлеген күн "____"________________200__ж.

Жауапты лауазымды тұлғаның аты-жөні _______________________________

      _____________________________ 
                                                   (қолы)

Күні "____"____________________200___ж.

                                      Қазақстан Республикасы      
                                        Бас Прокурорының         
                                   "Әкімшілік құқық бұзушылықтар  
                                    және оларды жасаған тұлғалар  
                                     туралы орталықтандырылған
                                   деректер банкін жүргізу жөнінде"
                                     2003 жылғы 5 желтоқсандағы
                                    N 67 бұйрығымен бекітілген
                                       Нұсқаулыққа 4-қосымша

      Ескерту: 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының
2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

Әкімшілік жауаптан және әкімшілік жазадан босатылу туралы
                        ХАБАРЛАУ

"___" __________200___ж.

___________________________________________________________________
               хабарлауды жолдаған органның аталуы

Тегі ______________________________________________________________
Аты _______________________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________________

Туған күні "___" ______________19____ж.
Тұрғылықты жері ___________________________________________________
___________________________________________________________________
                        (қысқартусыз)

құқық бұзушылықты анықтаған орган _________________________________

істің, материалдың /хаттаманың/ нөмірі_______ "___"_________200__ж.
  (керегін сызып қою)                         жүргізу күні

құқық бұзушылық дәрежесі ҚР ӘҚБК ________бабы___________б_________т
өтеу түрі__________________________________________________________
әкімшілік жауаптан және әкімшілік жазадан босатылу күні
(керегін сызып қою) "___" _______________200___ж.
___________________________________негізінде 200  ж  "___" _______.

_________________________________________
хабарлауды жолдаған қызметкердің аты-жөні

Жауапты лауазымды тұлғаның қолы ___________________________________
Күні "___" ________________________200__ж.

                                       Қазақстан Республикасы      
                                          Бас Прокурорының         
                                   "Әкімшілік құқық бұзушылықтар  
                                    және оларды жасаған тұлғалар  
                                     туралы орталықтандырылған    
                                   деректер банкін жүргізу жөнінде"
                                      2003 жылғы 5 желтоқсандағы  
                                     N 67 бұйрығымен бекітілген   
                                        Нұсқаулыққа 5-қосымша      

      Ескерту: 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының
2005 жылғы 13 шілдедегі N 37 бұйрығымен .

          Тұлғаны әкімшілік жауапқа тарту туралы
                         СҰРАУ

N___                                 поштамен/қолма қол алу
"___"______20__ж.                      (керегін сызып қою)

              Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
         Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі
                              комитетіне

Жеке тұлға үшін:

1. Тегі ___________________________________________________________
2. Аты ____________________________________________________________
3. Әкесінің аты ___________________________________________________

4. Туған күні "____" ________________ж.
5. туған жері _____________________________________________________
___________________________________________________________________
6. Мекен-жайы _____________________________________________________
___________________________________________________________________

Заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін

7. СТН ____________________________________________________________
8. Аталуы _________________________________________________________
                              (қысқартусыз)
___________________________________________________________________

9. Мекен-жайы _____________________________________________________
___________________________________________________________________

10. Тексеру негіздері: ____________________________________________
___________________________________________________________________

11. Мемлекеттік орган басшысы _____________________________________

МО                                  (аты-жөні, қолы)

12. Орындаушы _____________________________________________________
                           (аты-жөні, лауазымы)

13. Жіберушінің мекен-жайы: индексі /__/__/__/__/__/__/
Облыс_____________________________ қала____________________________
Аудан _______________________________ ауыл ________________________
Көше ____________________________________ N________________________
Мем.орган _________________________________________________________
___________________________________________________________________
                     (қысқартусыз, толық атауы)

                              (А 4 формат)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады