Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының, биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметтерiн лицензиялаудың тәртiбi туралы" 1997 жылғы 29 қыркүйектегі N 152 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 389 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік құқықтық және нормативтік актілердің жинағында жарияланған, 4-том) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) аты мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының және биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметтерiн лицензиялау тәртiбi туралы";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген "Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы" ереже алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.