Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының және биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметтерiн лицензиялау тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының қаулысы 1997 жылғы 29 қыркүйек N 152. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 390. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 (V043400) қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз).

      Ескерту: Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 415 қаулысымен .

     Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
     1. Ұсынылып отырған:
     - Қор биржаларының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ереже;
     - Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ереже.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 415 қаулысымен .
     2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1995 жылғы 27 маусымдағы N 8 қаулысымен бекiтiлген "Бағалы қағаздар рыногындағы биржалық қызметтi лицензиялау туралы ереженiң" және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 22 маусымдағы N 108 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     3. Мыналарды жүзеге асыруға қажеттi өз капиталының ең төменгi жеткiлiктi деңгейi БҚҰК құжаттарды тапсыру күнiне:
     қор биржасының қызметiн - кемiнде 50 000 есептi көрсеткiш;
     биржадан тыс баға кесу ұйымының қызметiн - 15 000 есептi көрсеткiш болып белгiленсiн.
     4. Лицензиясы бар қор биржалары 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi мерзiмде өз капиталының жеткiлiктi деңгейiн және бағалы қағаздар рыногындағы олардың қызметiн айқындайтын құжаттарын осы Қаулыға және қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендiрсiн.
     5. Рынокты реттеу басқармасы осы Ереженi тiркеу үшiн үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
     6. Осы Ереженiң орындалысына бақылау жасау Рынокты реттеу басқармасына және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияның жетекшiлiк ететiн мүшесiне жүктелсiн.

      Ұлттық комиссияның
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының  
1997 жылғы 29 қыркүйекте
N 152 қаулысымен    
бекiтiлдi      

Қазақстан Республикасындағы қор биржаларының
қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

     Қор биржаларының қызметiн лицензиялау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - БҚҰК) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногындағы қор биржаларының қызметiн лицензиялауының, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасауды жүзеге асыруының тәртiбiн және шарттарын белгiлейдi.

I. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңының , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 көкектегi "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар N 2200 Жарлығының негiзiнде әзiрлендi.

     2. Қор биржаларының қызметiн лицензиялауды лицензия алған қор биржаларының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзетiн БҚҰК жүзеге асырады. Аталған тiзiлiмге лицензияны берудiң, тоқтата тұрудың және қайтарып алудың барлық фактiлерi туралы мәлiметтер енгiзiледi.

     3. Қор биржаларының қызметтерiн жүзеге асыруларына лицензия (бұдан әрi - лицензия) тұрақты болып табылады.

     4. Лицензия алуға арналған бiлiктiлiк талаптары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

     5. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын, күшiне енгiзiлген халықаралық келiсiмдерi бар басқа да мемлекеттердiң аумағында қолданылады.

II. Лицензияны берудiң шарттары

     6. Лицензия алуға үмiткер заңды тұлға мынадай талаптар қойылады:

     6.1. Өтiнушiнiң штатында БҚҰК берген, қолданылып жүрген бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленген, оның iшiнде бiрiншi санатты (бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) кемiнде үш және екiншi санатты (бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi орындау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету құқығымен) кемiнде екi маман болуы керек.<*>
     Мамандардың мынадай санаттары қолданылып жүрген заңмен белгiленген тәртiпте мiндеттi аттестациялауға жатады:
     а) атқарушы директорлар (басқарушы және оның орынбасарлары);
     б) бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауды және орталық депозитариймен және есеп айырысу жүйесiмен өзара әрекеттестiктi қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң басшылары;
     в) бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауды қамтамасыз ететiн мамандар.
     ЕСКЕРТУ. 6.1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999.04.20. N 30 қаулысымен .

     6.2. Қызметiн жүзеге асыру кезiнде лицензиаттың өз капиталының жеткiлiктi деңгейi БҚҰК белгiлеген талаптарға сәйкес болу керек.

     6.3. Өтiнушiде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ережелер әзiрлену керек.

     6.4. Ақпараттар ағымына және құжаттар айналысына, есепке алуды және есеп берудi жүргiзуге iшкi бақылау жасаудың бекiтiлген жүйесi болу керек.

     6.5. Қор биржасы қызметiнiң тиiстi түрде жүзеге асырылуы қамтамасыз етiлетiн үй-жай және бағдарламалық-техникалық құралдар болу керек.

III. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар

     7. Лицензия алу үшiн БҚҰК мынадай құжаттар ұсынылуы қажет:
     а) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген үлгi бойынша өтiнiш;
     б) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
     в) барлық өзгерiстерiмен және толықтыруларымен қоса, тiгiлген және нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
     г) өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылындағы және лицензия алу үшiн БҚҰК-ға құжаттар ұсыну алдындағы тоқсандағы, өтiнушiнiң бiрiншi басшысы (өтiнушiнiң алқалы атқарушы органының басшысы немесе өтiнушiнiң алқалы атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және бас бухгалтерi қол қойған және оның мөрiнiң таңбасымен расталған қаржылық есеп берушiлігін және өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есеп берушiлiгіне аудиторлық есептi;<*>
     д) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз капиталының есебiн және жарғылық қорды құруды растайтын қаржылық құжаттарды;
     е) 6.3, 6.4-тармақтардың талаптарына сәйкес, тiгiлген және өтiнушiнiң лауазымды тұлғасы қол қойған, қор биржасының қызметiн реттейтiн құжаттар (екi дана);
     ж) 6.1-тармақтың тiзбесiне сәйкес мамандардың бiлiктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
     з) өтiнушiнiң бiлiктiлiк куәлiктерi бар мамандарының еңбек кiтапшаларының (олар бар болса)көшiрмелерi немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн ;<*>
     и) үй-жайлар және пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдар туралы мәлiметтер;
     к) лицензиялық алымды төленгендiгi туралы төлем тапсырысының көшiрмесi.
      Ескерту: 7-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 қаулысымен , 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысымен .          

     8. Өтiнушi өзiнiң қызметi туралы ақпаратты қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жария етуге мiндеттi.
     9. Лицензиаттың жоғарыда аталған барлық құжаттарға қол қойған лауазымды тұлғасына ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң анық еместiгi үшiн заңмен белгiленген жауапкершiлiк жүктеледi.

IV. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмдерi

    10. Құжаттар БҚҰК ұсынылған күннен бастап 30 күн iшiнде қаралады.

V. Лицензия бергендiк үшiн алым

    11. Лицензиялық алымның мөлшерiн және оны төлеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

VI. Лицензияны беруден бас тарту

     12. Егер:
     - субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң актiлерiмен тыйым салынса;
     - осы Ереженiң 3-бабына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтiнушi аталған кедергiлердi жойғанда өтiнiш жалпы
негiздерде қаралады;
     - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия бергендiк үшiн алым төленбесе;
     - өтiнушi қолданылып жүрген заңдармен белгiленген бiлiктiлiк
талаптарына сәйкес келмесе;
     - өтiнушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салатын соттың шешiмi болса, лицензия берiлмейдi.

     13. Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнушiге жазбаша түрде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелдi жауап бередi.

     14. Лицензия берудiң мерзiмдерi бұзылса немесе лицензия беруден бас тартылса өтiнушi бiр ай мерзiмде БҚҰК әрекетi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

VII. Лицензия беру

     15. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдардың және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе, лицензия берiледi. Лицензия бекiтiлген үлгi бойынша ресiмделедi. Өтiнушiнiң iшкi ережелерiне лицензиялаушы органның штампы қойылады. Аталған ережелердiң бiр данасы өтiнушiге қайтарылады. Екiншi данасы лицензиялаушы органда сақталады.

     16. Лицензия басшыға немесе лицензиаттың уәкiлеттi өкiлiне (сенiмхат негiзiнде) берiледi.

VIII. Лицензияны қолдануды тоқтату

     17. Лицензия:
     а) лицензияны қайтарып алған;
     б) лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өзiнiң күшiн тоқтатады.
     18. Лицензияны қолдануды тоқтатуға байланысты даулар сот тәртiбiмен шешiледi.

IХ. Лицензияны қайтарып алу және оны
қолдануды тоқтата тұру

     19. Лицензия:
     а) лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамаған;
     б) лицензияны қолдануды тоқтата тұру себептерi жойылмаған;
     в) лицензиатқа оның иеленген лицензия бойынша жүзеге асыратын қызметтiң түрiмен шұғылдануына сот тыйым салған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкiн.

     20. Лицензияны қолдану:
     а) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттарда анық емес ақпараттар анықталған;
     б) осы Ереженiң 29 және 30-тармақтарының талаптары бұзылған;
     в) өз капиталының жеткiлiктi деңгейi БҚҰК белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген;
     г) лицензия берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде, онда көрсетiлген қызмет жүзеге асырылмаған;
     д) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары бұзылған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
     Лицензиаттың лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша ескертпенi алғаннан кейiнгi қызметi заңсыз болып саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкке соғады.

     21. Лицензиар тоқтата түру себептерiн көрсете отырып лицензияны қолдануды алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.

     22. Лицензияны қолдану тоқтата тұрылған жағдайда лицензиат анықталған заң бұзушылықтарды жоюға мiндеттi. Одан кейiн лицензияны қолдану БҚҰК жазбаша ескертпесi бойынша жаңаруы мүмкiн.

     23. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда, лицензиат ресми жазбаша ескертпе алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны БҚҰК қайтару керек.

     24. БҚҰК лицензияны қайтарып алу немесе қолдануды тоқтата түру туралы шешiмi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануға болады.

Х. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасау

     25. Лицензиялық ережелердiң сақталысына бақылау жасауға:
     а) лицензиаттардың қызметiне және қызметтерiнiң iшкi ережелерiне олардың қолданылып жүрген заңдармен қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарға сәйкестiлiгiн тексеру;
     б) лицензияда көрсетiлген талаптарға лицензиаттың қызметiнiң сәйкестiлiгiн тексеру;
     в) есепке алудың, есеп берудiң және ұсынылатын талаптарға бақылау жасаудың жайын тексеру кiредi.

     26. Бақылау жасауды мерзiмдiлiк және лицензиаттарды тексерiстермен қамту көзделетiн бекiтiлген күнтiзбелiк жұмыс жоспары бойынша БҚҰК жүзеге асырады.

     27. Қолданылып жүрген заңды лицензиаттың бұзғандығы туралы ақпараттар келiп түскен жағдайда жоспардан тыс тексерiстер жүргiзiлуi мүмкiн.

     28. Тексерiстердiң нәтижелерi актiмен ресiмделедi.

     29. Лицензияттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңдарымен белгiленген тәртiпте БҚҰК есептер беру, сондай-ақ осы Ереженiң 7, 8-тармақтарына сәйкес лицензиялауға ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы он күндiк мерзiмде БҚҰК жазбаша нысанда ескерту керек.

     30. БҚҰК талап етуi бойынша лицензиаттар лицензияда көрсетiлген қызмет туралы барлық қажеттi ақпаратты сұрауды алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде беруге мiндеттi. Айрықша жағдайларда БҚҰК ақпараттар берудiң мерзiмiн ұзатуға құқылы.
     БҚҰК әрекетi жөнiнде сот тәртiбiмен шағым жасауға лицензиаттың құқығы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады