Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 желтоқсандағы N 923 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2627. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 698 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.12 N 698 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолдану ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Т.Айдархановқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

      Министр

"Диагностикалау мен емдеудің 
жаңа әдістерін қолдану    
ережесін бекіту туралы"   
Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
2003 жылғы 11 желтоқсандағы 
N 923 бұйрығымен       
бекітілген         

Диагностикалау мен емдеудің жаңа
әдістерін қолдану ережесі

I. Жалпы ережелер

      1. Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолданудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
 

      2. Ереже Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылады.
 

      3. Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолданудың мақсаты:
      1) бәсекеге жарамды, жоғары технологиялық өнім (жұмыстар, қызметтер) жасау;
      2) халыққа медициналық көмектің қол жетімділігін арттыратын экономикалық тиімді әдістерді пайдалана отырып, осы заманғы медициналық технологияларды қолдану;
      3) отандық және әлемдік тәжірибені ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін динамикалық дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
 

      4. Қолдануға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат етілген ғылым мен техника жетістіктері жатады.
 

      5. Денсаулық сақтау саласында диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолдану объектілері ауруларды диагностикалаудың және науқастарды емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтудың тиімді тәсілдері болып табылады.
 

      6. Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолданудың негізгі нысандары:
      1) аурулардың алдын алу мен диагностикалауды және науқастарды емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған құралдарды шығару жөніндегі технологияларды өндірісте қолдану;
      2) аурулардың алдын алу мен диагностикалаудың және науқастарды емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтудың жаңа әдістерін, санитарлық нормалар мен ережелерді, ұйымдастыру нысандары мен жұмыс істеу әдістерін денсаулық сақтау практикасында қолдану;
      3) жаңа медициналық және фармацевтикалық жетістіктерді, жаңалықтарды немесе ғылыми теорияларды медицинада, фармацияда және биология мен медицинаның қосылған салаларында практикалық қолдану туралы мәліметтерді оқу процесінде қолдану;
      4) қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және іске асыру кезіндегі фармация, биология және медицина саласында ашылуларды қамти отырып, негізгі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ғылыми процесте қолдану болып табылады.
 

      7. Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолдануды әзірлеуші жеке автор, авторлар тобы немесе ұйым бола алады.
 

      8. Ғылым мен техниканың жетістіктерін денсаулық сақтау практикасында қолдану оларды медицина практикасында қолдануға рұқсат беру туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі арқылы жүзеге асырылады.

2. Диагностикалау мен емдеудің
жаңа әдістерін қолдану процесі

      9. Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолдану процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) оның практикалық тиімділігін тексеру қажет болғанда, қосымша сынақтар жүргізу арқылы кең көлемде енгізу үшін берілген ұсыныстарды сараптау;
      2) диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолдану процесі үшін қаржыландыру көздерін айқындау;
      3) ақпараттық және нұсқамалық-әдістемелік қамтамасыз ету;
      4) диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін меңгеру бойынша медицина және фармацевтика кадрларын даярлау.
 

      10. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның Ғылыми кеңесі (бұдан әрі - Ғылыми кеңес) әзірлеушінің қолдануға берген өтінімін және жолдама-хатын қарайды, оған үш данамен мыналар қоса берілуі тиіс:
      1) жаңа әдіс мәнінің толымды, тиісті білімінің аясында маманның жүзеге асыруы үшін жеткілікті қысқаша сипаттамасы;
      2) арнайы әдебиеттің талдауына сілтеме жасала отырып, медицина практикасында қолданылып жүрген әдістерден ұсынылатын әдістің артықшылықтарының медициналық, әлеуметтік негіздемесі;
      3) жаңа әдісті қолдану жөніндегі нұсқаулықтың авторлық нұсқасы;
      4) айғақтау медицинасының талаптарына сәйкес (әдістерді әзірлеу кезінде қолданылып жүргендермен салыстырғанда өтініш жасалған құралдың немесе тәсілдің медициналық-әлеуметтік, экономикалық және басқа да тиімділігіне қатысты статистикалық өңделген нәтижелерді міндетті түрде келтіре отырып) жаңа әдісті клиникаға дейін және (немесе) клиникалық зерделеу жөніндегі нақты есеп;
      5) жаңа әдістің қосымша сынақтарының қауіпсіздігіне және тиімділігіне арналған бағдарламаларының жобасы (авторлық нұсқа);
      6) өтінім иесінің есебінен ұсынылатын жаңа әдісті қолдану процесін қаржыландырудың болуы немесе болмауы туралы хабарлама.
 

      11. Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолдануға Ғылыми кеңеске түскен барлық өтінімдер материалдар түскен күні тіркеледі. Ресімдеу талаптарын бұзып ұсынылған материалдар қаралмайды.
 

      12. Ғылыми кеңестің мүшелері диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолдануға берілген өтінімдердің материалдарына сараптау жүргізеді. Сараптау нәтижелерінің негізінде мынадай төрт ықтимал шешімнің біреуі қабылданады, ол өтінім материалдары түскен сәттен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей өтініш иесіне:
      1) қолдану үшін ұсынылып отырған, өтінім берілген әдіс бойынша материалдарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қарауына және бекітуіне беру туралы;
      2) өтінім берілген әдісті қосымша сынақтар жүргізудің орындылығы, қосымша сынақтар жүргізудің бағдарламалары мен оларды жүргізуге арналған мекемелердің тізбесін бекіту (қосымша сынақтарды қаржыландыру көздері, Ғылыми кеңестің шешімі және сарапшылардың ескертулері мен толықтырулары ескерілген сынақтардың бағдарламалары болғанда барлық бастапқы құжаттардың бір данасы қоса беріліп, әдісті қосымша сынау жүзеге асырылатын мекемелерге жіберіледі) туралы;
      3) жүргізілген сараптамалардың нәтижелері негізінде бас тартылу себептерінің негіздемесімен өтінім берілген әдісті практикада қолданудың және қосымша сынақтар жүргізудің орындылығы туралы хабарланады.
 

      13. Өтінім берілген әдістің қосымша сынақтары:
      1) оның емделушілер мен медицина қызметкерлері үшін қауіпсіздігін;
      2) әдістің медициналық тиімділігін;
      3) қолданылып жүрген (базалық) әдістерден артықшылықтарын;
      4) нәтижелерінің орнықтылығын нақтылау үшін қажет.
 

      14. Өтінім берілген әдіске қосымша сынақтар жүргізудің мерзімі жеке белгіленеді және орташа 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімді құрайды.
 

      15. Қосымша сынақтар Ғылыми кеңес белгілейтін орындаушы-ұйымдар басшыларының бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады. Бұйрықта олардың басталуы мен аяқталуы, енгізу жөніндегі комиссияның дербес құрамы, сондай-ақ сынақтар нәтижелерінің олардың толық аяқталғанға дейінгі құпиялығына нұсқау болады.
 

      16. Қосымша сынақтардың аяқталған сәтінен бастап бір айдың ішінде орындаушы-ұйымның басшысы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға 3 данамен мынадай құжаттар ұсынады:
      1) қосымша сынақтар жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі бұйрықтың көшірмесі, комиссия мүшелерінің барлығы қол қойған, сынақтар туралы есеп;
      2) зерттеу деректерін тіркеу хаттамасы және оларды статистикалық өңдеудің нәтижелері.
 

      17. Ғылыми кеңес қосымша сынақтардың материалдарын алған сәттен бастап бір айдың ішінде түпкілікті шешім қабылдайды.
 

      18. Диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін елдің денсаулық сақтау практикасында қолдануға рұқсатты және жұмыстарды ұйымдастыру нысандарын заңды ресімдеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығын шығару арқылы жүзеге асырылады. Бұйрық шығару үшін Ғылыми кеңестің қаулысы негіз болып табылады.
 

      19. Ғылым мен техниканың жетістіктерін денсаулық сақтау практикасында қолдану мынадай деңгейлерде:
      1) жекелеген денсаулық сақтау ұйымдарында;
      2) бір өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарында;
      3) Қазақстан Республикасының барлық аумақтарының денсаулық сақтау ұйымдарында жүзеге асырылады.
 

      20. Ғылыми кеңес республика масштабында жаңалықтарды практикалық пайдаланудың қол жеткен нәтижесін бағалай отырып, диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін қолданудың қорытындысын шығарады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады