Қазақстан Республикасының әуе трассаларын әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 565 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2643. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 20 қыркүйектегі N 422 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.20 N 422 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Президентiнiң Заң күшi бар жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 285 "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әуе трассаларын әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Б.М.Наурзалиевке жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

Қазақстан Республикасының  
Көлік және коммуникациялар 
министрлігінің Азаматтық  
авиация комитеті Төрағасының
2003 жылғы 9 желтоқсандағы 
N 565 бұйрығымен      
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасының әуе трассаларын әуе
кемелерiмен пайдалануға рұқсат беру ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының әуе трассаларын әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат беру Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 285 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану ережесiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi ережелерiнiң және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиiстi халықаралық келiсiмдерi ескерiлген өзге де нормативтi құқықты кесiмдерде бекiтiлген талаптарына сәйкес әзiрленген.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының әуе трассаларын әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат беру тәртiбiн анықтайды.

      3. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:
      1) әуе трассасы - әуе кемелерi ұшу үшiн тағайындалған және әуе қозғалысын басқару жүйесiнiң аэронавигациялық қондырғыларымен бақыланатын дәлiз тәрiздi әуе кеңiстiгi;
      2) әуе трассасын әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 37 бабына сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) Кеңесiмен қабылданған әуе трассаларына, байланыс жүйесiне және радиотехникалық құралдарға қатысты халықаралық стандарттар және ұсынылған тәжірибе, ұшу ережелерiнiң және әуе қозғалысына қызмет көрсету тәжірибесiнiң талаптарына әуе трассасының сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
      3) өтiнiм - сертификаттық тексеру үрдiсiн өту үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш берушiнiң жазбаша арызы;
      4) өтiнiм берушi - әуе қозғалысын қамтамасыз ететiн және қызмет көрсетуге жауап беретiн, Сертификат алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш берген азаматтық авиация ұйымы;
      5) аймақтық навигация (RNАV) - әуе кемелерiне кез келген траектория бойынша радиомактiк навигациялық құралдардың әрекет аймақтары шегiнде және автономды құралдардың немесе олардың құрамдастырымдарының мүмкiншiлiктерiмен анықталатын шектерiнде ұшу жасауға мүмкiншiлiк беретiн навигация әдiсi;
      6) инспекциялық бақылау - әуе трассасының және оның жабдықтарының Халықаралық Стандарттарының және Ұсынылған тәжiрибе талаптарына сәйкестiгiн уәкiлеттi орган тарапынан бақылау және әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      7) бақыланатын әуе кеңiстiгi - прибор бойынша ұшу ережелерi бойынша (ПҰЕ) және визуальдi ұшулар ережелерi бойынша (ВҰЕ) ұшулардың әуе кеңiстiгiнiң жiктелуiне сәйкес ұшулардың диспетчерлiк қызмет көрсетілуiне рұқсат берiлген белгiлi мөлшер шегiндегi әуе кеңiстiгi;
      8) аймақтық навигацияның бағдары - аймақтық навигация қолдана алатын әуе кемелерiне бекiтiлген ӘҚҚК бағдары;
      9) әуе қозғалысына қызмет көрсету бағдары (ӘҚҚК) - әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында қозғалыс ағынының бағыты үшiн тағайындалған бекiтулi бағдар;
      10) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрi - ӘҚҚК) - ұшу-ақпараттық қызмет көрсетудiң, апаттық ақпараттандырудың, әуе қозғалысының консультативтi қызмет көрсетiлуiнiң, әуе қозғалысының диспетчерлiк қызмет көрсетiлуiнiң тиiстi жағдайлардағы мағыналарының жалпы терминi;
      11) визуалды ұшу ережелерi (ВҰЕ) - әуе жағдайда ұшқыштың визуалды бақылау арқылы әуеде әуе кемелерi өзге де материалды объектiлер арасындағы белгiлi интервалдар сақталатын ережелер;
      12) аспаптар бойынша ұшулар ережесi (бұдан әрi - АҰЕ) - ОВД органдары тарапынан мiндеттi бақылау мен әуе кемелерi арасында белгiленген эшоландау интервалдарын олардың қамтамасыз етуi кезiнде пилоттық-навигациялық аспаптар бойынша ұшуларды көздейтiн ереже;
      13) ұсынылатын тәжірибе - қауiпсiздiктi, халықаралық навигацияның тұрақтылығын немесе тиiмдiлiгiн қамтамасыз етуi мен Келiсушi мемлекет Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес сақтауы үшiн бiртұтас қолданылуы қажеттi болып табылатын нақты сипаттамаларға конфигурацияларға, материалдық бөлiкке, техникалық сипаттамаларға, персонал мен ережеге қойылатын кез келген талап;
      14) аэронавигациялық ақпарат жинағы (АІР) - аэронавигация үшiн зор маңызы бар, ұзақ мерзiмдi аэронавигациялық ақпараты бар мемлекет шығарған немесе санкциялаған жариялау;
      15) жабдық үлгiсiнiң сертификаты - сертификаттық талаптардың жаңа үлгiлiк жабдығына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
      16) аэронавигациялық ақпарат қызметi (ААҚ) - әуе навигациясының қауiпсiздiгiн, тұрақтылығын және тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi аэронавигациялық ақпаратты/аэронавигациялық деректердi ұсыну үшiн жауапты нақты белгiленген әрекет аймағында құрылған қызмет;
      17) стандарт - жеке мiнездемеге, конфигурацияға, материалдық бөлiкке, техникалық мiнездемелерге, персоналға қойылатын кез келген талап немесе бiртұтас қолданылуы қауiпсiздiкпен немесе халықаралық аэронавигацияның тұрақтылығымен қамтамасыз ету үшiн қажеттi болып табылатын және Келiсетiн мемлекет Конвенцияға сәйкес сақтайтын ереже. Стандартты сақтау мүмкiн болмаған жағдайда Кеңеске мiндеттi тәртiппен 38-бапқа сәйкес хабарлама жiберiледi;
      18) талап етiлетiн навигациялық сипаттамалар (RNР) - белгiленген әуе кеңiстiгi шегінде ұшуларды орындау үшiн қажеттi навигациялық сипаттамалар тiзбесi;
      19) уәкiлеттi орган - азаматтық авиация саласында мемлекеттiк саясаттың, мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, азаматтық және эксперименттiк авиация қызметiн үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланудың iске асырылуын өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк басқарма органы.

      4. Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын тәжірибе талаптарына әуе трассасының сәйкестiгiн анықтау мен белгiлеу сертификаттық тексерудiң мақсаты болып табылады.
      Барлық әуе трассалары (iшкi және халықаралық) сертификаттауға жатады.

      5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысанда шектеусiз болып берiледi.

      6. Рұқсат ажырамайтын болып табылады және басқа тұлғаға берiлмейдi.

      7. Рұқсаттарды берудi, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттың талаптарды сақтауға инспекциялық бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. ӘҚҚК өкiлеттi органы Сертификаттар ұстаушысы болып табылады.

      8. Әуе трассаларын әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат беру жөнiндегi жұмыстар жүргiзудiң жалпы мерзiмi 3 (үш) айдан аспауы тиiс.

      9. Тексеруге жататын әуе трассаларының жабдықтар тiзбесi 2-қосымшада келтiрiлген.

2. Өтiнiмдi беру және алдын ала талдау

      10. Әуе трассаларын әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат беру үшiн өтiнiм берушi уәкiлеттi органға Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын тәжірибе талаптарына әуе трассасының сәйкестiгiн растайтын құжаттары бар осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес белгiленген нысанда өтiнiм жiбередi.

      11. Уәкiлеттi орган Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын тәжірибелер талаптарына әуе трассасының сәйкестiгiн растайтын өтiнiм мен құжаттарды 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде қарайды және өтiнiм берушiге өтiнiм бойынша қабылданған шешiм туралы осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес хабарлайды.

      12. Өтiнiмге Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын тәжірибе талаптарына әуе трассасының сәйкестiгiн растайтын мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) әуе трассасының белгiленуi (индекс) және оған белгiленген негiзгi нүктелер;
      2) осы әуе трассасы мен оның учаскелерi бойынша белгiленген ең кем абсолюттiк биiктiктер;
      3) әуе трассасы немесе оның участiктерi, оның iшiнде аймақтық навигация (RNAV) бағыттары үшiн белгiленген (RNР) үлгi. RNР және ӘҚҚК бағыттарын тағайындау мен белгiлеу әдiстерi Халықаралық азаматтық авиация (ХААҰ) конвенциясының 11-қосымшасында, сондай-ақ Талап етiлетiн навигациялық сипаттамалар жөнiндегi басшылықта (Dос 9613) келтiрiлген;
      4) әуе трассалары мен оның учаскелерi бойынша радионавигациялық құралдар мен радиолокациялық жабдықтардың кеңею өлшемдерi;
      5) тиiстi навигациялық құрал үшiн мүмкiн болатын ауытқуларды ескере отырып, әуе трассасын немесе оның учаскесiн айнала (әуе трассасының енi) қорғалған әуе кеңiстiгiн анықтауға қатысты есептер. Әуе трассасы үшiн ең кем қорғалған әуе кеңiстiгiн анықтау әдiстерi Халықаралық азаматтық авиация (ХААҰ) конвенциясының 11-қосымшасында, сондай-ақ Талап етiлетiн навигациялық сипаттамалар жөнiндегi басшылықта (Dос 9613) келтiрiлген;
      6) әуе трассасы мен оның учаскесi бойынша навигациялық байланыстыруды қамтамасыз ететiн байланыс, навигациялық және радиолокациялық жабдықтардың тiзбесi;
      7) ӘҚҚК-"ауа-жер" екi жақты байланыс каналдары әрекетiнiң ұзақтық және биiктiк есебi мен пайдалану көлемi, сондай-ақ әуе трассасы мен оның учаскелерi бойынша радиолокациялық және ӘҚҚК радиотехникалық құралдар үшiн әрекеттiң есептiк және пайдалану ұзақтығы мәнiнiң кестелерi;
      8) әуе трассаларының белгiленген жоғарғы және төменгi шекаралары;
      9) әуе трассасы негiзгi нүктелерiнiң географиялық координаттарын (қабылданған координаттар жүйесi) анықтауға қатысты материалдар;
      10) әуе трассасының радиотехникалық жабдықтары мен ӘҚҚК диспетчерлiк пункттерiнiң Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын тәжірибе талаптарына сәйкес мынадай деректер көрсетiлiп толтырылған кестелер:
      электрбайланыс, навигациялық радиолокациялық жабдық құралдары мен әуе қозғалысымен қызмет көрсету аудандарының жабдығы;
      - әуе трассалары мен әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерлiк пункттердiң радиотехникалық жабдық объектiлерiн электрмен қамтамасыз ету;
      11) тактика-техникалық сипаттама немесе Техникалық шарттары (ТШ) бар жабдық дайындаушысы-фирма құжаттарының көшiрмелерi;
      12) жабдық үлгiсiндегi сертификаттардың көшiрмелерi (пайдалануға жабдықтың жарамдылық сертификаттары);
      13) әуе трассасы мен әуе қозғалысына қызмет көрсететiн навигациялық жабдықтардың жердегi және ұшу тексерiстерi актiлерiнiң көшiрмелерi;
      14) радиолокациялық жабдық пен байланысты тексеру актiлерiнiң көшiрмелерi.

      13. Құжаттарды растайтын әрбiр бөлiм бойынша аспаптар мен жабдықтардың ресурстық мерзiмi мен пайдаланылу жарамдығы, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен тиiстi құзыреттi органдар, егер олар дәлелдеу құжаттамалары мен ұшу қауiпсiздiгiнiң эквиваленттiк деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеуге тартылған болса, қорытындылары барын растайтын техникалық паспорттар көшiрмесi қоса берiлуi тиiс.

      14. Егер өтiнiм осы Ереже талаптарына сәйкес келмесе немесе әуе трассасының Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын тәжірибе талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда мұндай өтiнiм қайтарылу себептерi жөнiндегi шешiмi көрсетiлiп керi қайтарылады.

      15. Өтiнiм бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейiн) өтiнiм жөнiндегi шешiм негiзiнде уәкiлеттi органның бұйрығымен сертификаттық тексерiс жүргiзу үшiн комиссия құрылады.

3. Әуе трассаларын әуе кемелерiмен пайдалануға
рұқсат беру мақсатында тексерiсi

      16. Әуе трассаларын тексеру барысында өтiнiм берушi өзiнiң өтiнiм берген әуе трассасы мен оның жабдықтарының Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын тәжірибе талаптарына сәйкестiгiн растауы тиiс.

      17. Пайдалану құжаттамалары, құжаттарды растайтын деректердi салыстыру, спутниктiк жүйелердiң жер бетiндегi жабдықтарының (егер осындай болса), радиолокациялық жабдықтың, әуе қозғалысына қызмет көрсету орталықтарының жабдықтарының, навигациялық жабдықтың, сондай-ақ әуе трассаларының әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң радиотехникалық жабдықтары мен диспетчерлiк пункттерiнiң электрмен қамтамасыз ету объектiлерiнiң аспаптарының iс жүзiндегi жәй-күйiнiң Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын талаптарына сәйкестiгiн бағалау.
      Әуе трассалары бойынша сенiмдi радиолокациялық бақылаудың қамтамасыз етiлуi, әсiресе қарқынды әуе қозғалыстарымен және ұшудың ауыспалы бейiнiнiң учаскелерiндегi қиылыс және ұқсас нүктелер тексерiледi.

      18. Мынадай тексерiс жүргiзiледi:
      1) екi жақты "ауа-жер" ӘҚҚК байланысының пайдалану ұзақтығы мен әрекет биiктiгi, сондай-ақ радиолокациялық және әуе трассасы мен оның учаскелерi бойынша радиотехникалық құралдардың ӘҚҚК;
      2) әуе трассасы бойынша аралас ӘҚҚК әуе қозғалысын басқаруды берудi қамтамасыз ету;
      3) әуе трассаларының дұрыс белгiленуi, негiзгi нүктелердiң тағайындалуы мен белгiленуi, сондай-ақ ұшу эшелондарының, ең кем абсолюттiк биiктiктiң, әуе трассасының жоғарғы және төменгi шекараларының белгiлену дұрыстығы;
      4) әуе трассасы мен қоса берiлген RNP үлгiсiнiң енiн (бүйiрлiк шекарасын) белгiлеудiң дұрыстығы;
      5) радионавигациялық, радиолокациялық жабдықтармен және әуе трассасы мен 95% сенiмгерлiк деңгейде әуе трассасының белгiленген енi шегiндегi әуе кемелерiн ұстауды қамтамасыз етуге арналған оның учаскелерi бойынша жарықтың жеткiлiктiлiгi.

      19. Тексерiс нәтижелерi бойынша екi данада (Өтiнiм берушi мен уәкiлеттi орган үшiн) Сертификат беру объектiлерiнiң, түйiндемелерiнiң, ұсынымдар мен қорытындыларының мүмкiндiгi (мүмкiн еместiгi) туралы iс-жүзiндегi жәй-күйi көрсетiлген акт жасалады (5-қосымша). Актiге барлық комиссия мүшелерi қол қояды және өтiнiм берушiге танысу үшiн ұсынылады.

      20. Комиссияның тексерiс мерзiмi 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
      21. Рұқсатты ресiмдеудi уәкiлеттi орган жүргiзедi.

4. Рұқсатты беру, беруден бас тарту,
әрекетiн тоқтату және керi қайтару

      22. Рұқсатты беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар әуе трассасын сертификаттық тексеру актi Рұқсат беру үшiн негiз болып табылады.
      Рұқсатты беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар сертификаттық тексерiс актiсiн жасағаннан кейiн уәкiлеттi орган он күндiк мерзiмде Рұқсатты ресiмдейдi және бередi.

      23. Рұқсат беруден бас тарту әуе трассалары мен оның жабдықтарының Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын талаптарына сәйкес болмаған кезде жүргiзiледi.

      24. Рұқсат бас тартқан кезде өтiнiм берушiге бас тарту себептерi көрсетiлiп негiзделген жауап берiледi.

      25. Рұқсаттың тоқтатылуы немесе оны беруден бас тарту мынадай себептермен жүргiзiлуi мүмкiн:
      1) азаматтық авиациядағы ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша техникалық шарттар мен талаптар (нашарлау жағына) өзгерген кезде;
      2) Азаматтық авиация ұйымының өтiнiшi бойынша;
      3) Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын талаптарында өзгерiстер болған кезде.

      26. Уәкiлеттi орган тоқтатылу себептерiн көрсетiп, Рұқсат әрекетiн алты айлық мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.

      27. Өтiнiш берушi осы Ереженiң 25 тармағында көрсетiлген себептерiн белгiленген мерзiмде жоя алмаған жағдайда уәкiлеттi орган Рұқсатты керi қайтару туралы шешiм қабылдайды.

      28. Рұқсат әрекетiн қалпына келтiру (егер ол тоқтатылған жағдайда) өтiнiш берушi табылған кемшiлiктердi жойғаннан кейiн, уәкiлеттi органға растайтын құжаттар мен олардың қажеттi iс шараларды өткiзгенiн ұсынғанда уәкiлеттi орган жүзеге асыруы мүмкiн.

      29. Рұқсат керi қайтарылған бас тартылған жағдайда әуе трассасының қайта сертификаттық тексеруi кезiнде сертификаттық тексеру жүргiзу осы Ережеде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Рұқсатқа өзгерiс енгiзу және көшiрме беру

      30. Берiлген Рұқсаттарға өзгерiстер енгiзу мынадай жағдайларда:
      1) әуе трассасы атауының (индексiнiң) өзгеруi;
      2) Рұқсатты ресiмдеу кезiнде жiберiлген редакциялық сипаттағы қате табылған кезде;
      3) пайдаланушының атауы, оның мәртебесi, ведомстволық тиесiлiгi және басқа да өзгерiстер, егер олар Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын талаптарына сәйкессiздiктi көздемесе, өзгерген жағдайда;
      4) әуе трассалары немесе оның учаскелерi бойынша пайдалану талаптары және шектеулер өзгергенде жүргiзiледi.

      31. Рұқсат көшiрмесi ол бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда берiлуi мүмкiн.

      32. Рұқсатқа өзгерiс енгiзу немесе көшiрмесiн алу үшiн азаматтық авиация ұйымы бұрын берiлген Рұқсаттың қажеттi негiздемелерi мен қосымшалары бар (жоғалған жағдайлардан басқа) өтiнiштi осы Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес уәкiлеттi органға бередi.

6. Халықаралық Стандарттары және Ұсынылатын
тәжірибе талаптарынан жiберiлетiн ауытқулар

      33. Әуе кемелерiн пайдалануға әуе трассаларын жiберген кезде, егер осындай ауытқулар эквиваленттi белгiленген ұшу қауiпсiздiгiнiң деңгейiн қамтамасыз ететiн қосымша шараларды енгiзумен өтелсе, Халықаралық азаматтық Стандарттары және Ұсынылатын талаптарынан уақытша ауытқу жағдайлары жiберiледi.

      34. Ұсынылған шаралар ұшу қауiпсiздiгiнiң эквиваленттi деңгейiн қамтамасыз ету туралы қорытынды түрiнде ресiмделедi, уәкiлеттi органмен келiсiледi және бекiтiледi. Ұшу қауiпсiздiгiнiң эквиваленттi деңгейiн қамтамасыз ететiн шаралар бойынша қажеттiлiк болған кезде, ұсынылған шаралардың тиiмдiлiгiнiң тексерiлуi мен расталуы барысында қосымша сынақ өткiзiледi.
      Сынақ нәтижелерi бойынша ұсынылған шаралардың тиiмдiлiгiнiң қорытындысы бар акт жасалады және сынақ хаттамасымен бiрге уәкiлеттi органға бекiту үшiн жiберiледi.
      Көрсетiлген шаралар пайдалану құжаттамасына енгiзiлуi мүмкiн.

      35. Көрсетiлген шараларды әзiрлеуге және сынауға өтiнiм берушiнiң бастамасымен немесе уәкiлеттi органның талабымен тиiстi ғылыми-зерттеу немесе басқа да ұқсас ұйымдар тартылуы мүмкiн.

      36. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң эквиваленттi деңгейi туралы қорытынды болған кезде Халықаралық азаматтық Стандарттары және Ұсынылатын талаптарынан ауытқулар бiр жылдан аспайтын мерзiмге жiберiлген ретiнде бiлiктiленедi.

7. Әуе трассалары үшiн инспекциялық бақылау

      37. Инспекциялық бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      38. Әуе трассалары мен олардың жабдықтарының Халықаралық азаматтық Стандарттары және Ұсынылатын талаптарына сәйкестiгiне жоспарлы инспекциялық бақылаудың мерзiмдiлiгiн уәкiлеттi орган белгiлейдi, бiрақ жылына бiр реттен аспауы керек.

      39. Инспекциялық тексерiс нақты әуе трассасының ерекшелiгiн, өткен тексерiс нәтижелерiн ескере отырып уәкiлеттi орган бекiткен бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарлама инспекциялық тексерiс жүргiзу туралы шешiммен бiр мезетте бекiтiледi.
      Инспекциялық тексерiс бағдарламасының жүзеге асырылуының барлық кезеңдерiнде әуе трассасының сәйкестiк деңгейi бастапқы сертификаттау кезiнде одан талап етiлгенге тең, немесе одан жоғары болуы тиiс.

      40. Жоспардан тыс инспекциялық бақылау әуе трассасы мен (немесе) оның жабдығының пайдаланылуы кезiнде белгiленген талаптарды сақтау бойынша жiберiлген бұзулардың болуы туралы ақпарат түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін.
      Осы ретте ӘҚҚК өкiлеттi органы қызметiнiң ақпарат түскенге қатысты мәселелерi ғана тексерiледi.

      41. Инспекциялық бақылау нәтижелерi бойынша бақылау жүргiзудi жүзеге асыратын тұлға (тұлғалар) қол қоятын екi данадағы (өтiнiм берушi мен уәкiлеттi орган үшiн бiр бiрден) акт жасалады.

      42. Рұқсат әрекетi тоқтатылған, керi шақырылған немесе танылған жағдайда уәкiлеттi орган ӘҚҚК өкiлеттi органына және аэронавигациялық ақпарат қызметiне қабылданған шешiм туралы хабарлайды.

      43. Рұқсатты керi қайтару туралы шешiм тиiстi органдарды хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының Әуе трассаларының тiзбесiне шыққан сәттен бастап күшiне енедi.

      44. Рұқсатты керi қайтару кезiнде азаматтық авиация ұйымы уәкiлеттi органға Рұқсатты дереу қайтаруы тиiс.

Қазақстан Республикасының  
Көлік және коммуникациялар 
Министрлігінің азаматтық  
авиация Төрағасының    
2003 жылғы 9 желтоқсандағы 
N 565 бұйрығымен бекiтiлген
әуе трассаларын әуе    
кемелерiмен пайдалануға 
рұқсат Ережелерiне    
1 қосымша         

елтаңба
уәкiлеттi орган атауы
Әуе трассасын әуе кемелерімен
пайдалануға
Рұқсат
Серия ВТ N ____
ҚР ӘТ Мемлекеттiк
Тiзiмiнде тiркелген

"___" ________ 200__ж. берiлдi 
әрекет мерзiмi: тұрақты     

      1. ӘТ ______________________________________________________
      2. ӘТ негiзгi нүктелерi (бiрiншi, аралық, соңғы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
      3. ӘҚҚК органдары __________________________________________
      4. Осымен әуе трассасы _____________________________________
                              (әуе трассасының атауы)

      және оның жабдықтары Азаматтық және Ұсынылатын талаптарына сәйкес және негiзгi Рұқсатқа қосымшаға белгiленген шектеулерді ескерiлiп әуе кемесiн пайдалануға рұқсат етiледі.
      5. Рұқсатты беру үшiн негiз Сертификаттық тексеру (бақылау) кесiмi комиссиясы
__________________________________________________________________
                     (уәкiлеттi органның атауы)
      6. _________________________________________________________
_____________________________ инспекциялық бақылау жүзеге асырады.

                                   Рұқсат берген органның басшысы
MO
                                     _________________________ 
                                     қолы, фамилиясы, аты-жөнi 

Серия ВТ N _____

Пайдалану талаптары және шектеулер

__________________________________________________________________
|Әуе трассасының|Әуе  |RNP |   Әуе    |     Әуе        |Ескертулер
|(индекс) атауы.|трас.|жа. |трассасы  |тpассасының     |
|    Негiзгi    |сасы.|зыл.|бекiтiлген|жоғарғы/төменгi |
|  нүктелердiң  |ның  |ған |   енi    |   шекарасы.    |
|  атаулары.    |жаб. |үл. |          |      Әуе       |
| Координаттары |дық. |гісі|          |  кеңiстігiнiң  |
|               |тары |    |          |классификациясы.|
|               |     |    |          |   Минимальдi   |
|               |     |    |          |  абсолюттiк    |
|               |     |    |          |   биіктігі     |
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

                                         Уәкiлеттi органның басшысы
MO
                                         __________________________
                                         қолы, фамилиясы, аты-жөнi  

Қазақстан Республикасының  
Көлік және коммуникациялар 
Министрлігінің азаматтық  
авиация Төрағасының    
2003 жылғы 9 желтоқсандағы 
N 565 бұйрығымен бекiтiлген
әуе трассаларын әуе    
кемелерiмен пайдалануға 
рұқсат Ережелерiне    
2 қосымша         

Сертификаттауға жататын әуе трассаларының
жабдықтарының тiзiлiмi Спутниктiк жүйенiң жердегi жабдықтары

      1. GNSS (GPS/GLONASS) - ғаламдық спутниктiк навигациялық жүйенiң функциональдi қосымшасының жердегi жүйесi:
      - жергiлiктi шегермелi жүйе;
      - кең аймақты шегермелi жүйе.
      2. Байланыстың авиациялық өзгермелi спутниктiк жүйесiнiң жердегi жабдықтары.
      3. Байланыстың авиациялық тiркелген спутниктiк жүйесiнiң жердегi жабдықтары.

Радиолакациялық жабдық

      4. Трассалық радиолакациялық кешендер (ТРЛК)
      5. Шолу радиолакациялық стансалары (ШРЛ)
      6. Екiншi рет шолу радиолакаторлары (ЕРЛ)
      7. Радиолакациялық ақпаратты бiрiншi рет өңдеу қондырғысы (АБӨҚ)
      8. Радиолакациялық ақпаратты жiберу және қабылдау қондырғысы.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандарының жабдықтары

      9. Радиолакациялық және радиопеленгациялық ақпаратты өңдеудiң бағдарлама-аппаратының құралдары
      10. Автоматты тәуелдi қадағалау (АТҚ) ақпаратын өңдеудiң бағдарлама-аппаратының құралдары
      11. Метеорологиялық ақпаратты өңдеудiң бағдарлама-аппаратының құралдары
      12. Жоспарлы ақпаратты өңдеудiң бағдарлама-аппаратының құралдары
      13. Құжаттаманы жүргiзудiң және ақпаратты қалпына келтiру қондырғысы
      14. Диспетчерлiк пульттер және бейнелеу құралдары
      15. Электрмен жабдықтау қондырғысы

Навигациялық жабдықтар

      16. Барлық бағыттағы ӨЖЖ радиомаяк (VOR)
      17. Ұзындық өлшегіш жабдық (DМЕ)
      18. Маркерлi радиомаяк (МРМ)

Қазақстан Республикасының  
Көлік және коммуникациялар 
Министрлігінің азаматтық  
авиация Төрағасының    
2003 жылғы 9 желтоқсандағы 
N 565 бұйрығымен бекiтiлген
әуе трассаларын әуе    
кемелерiмен пайдалануға 
рұқсат Ережелерiне    
3 қосымша         

___________________________
(уәкiлеттi органның атауы)

Әуе трассасының (әуе трассаларының)
сертификаттық тексеруiн жүргiзуге
Өтінім

      1. _________________________________________________________
             (ұйымның, өтiнiм берушiнiң атауы, оның мекен-жайы)
_______________________________________________________ тұлғасында
              (қызметi, басшының Ф.А.Ж.)
__________________________________________________________________
                  (әуе трассасының атауы)
________________________________________ негiзiнде әрекет жасайтын
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
     (нормативтi кесiмдердiң атауы және нұсқалары)
________________________________________ талаптарына сәйкес келедi
және осы объектiнiң Азаматтық авиацияның Халықаралық ұйымының Стандарттарының талаптарына сәйкестiгiне инспекциялық тексеру жасауларыңызды сұраймыз.

      2. Қосымша ақпарат
__________________________________________________________________
әуе трассасының жабдықтары _______________________________________

      3. Қосымша:
__________________________________________________________________

      Кәсiпорын басшысы _________        ____________
                        (Ф.А.Ж)              (қолы)
M.O.
                                         Күні ____________

Қазақстан Республикасының  
Көлік және коммуникациялар 
Министрлігінің азаматтық  
авиация Төрағасының    
2003 жылғы 9 желтоқсандағы 
N 565 бұйрығымен бекiтiлген
әуе трассаларын әуе    
кемелерiмен пайдалануға 
рұқсат Ережелерiне    
4 қосымша         

Әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат алу мақсатында
Әуе трассасын тексерудi жүргiзуге
Шешім
"__" ________ 2003 ж.

      Әуе трассасын әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат алуға Сiздердiң өтiнiмдерiңiз және дәлелдiк құжаттамаларыңызды қарай келе, келесiнi хабарлаймыз:
      1. Инспекциялық тексерiс ______ дан ______ ға дейiнгi мерзiмде жүргiзiледi.
      2. Тексерiс ________________________________________________
                (нормативтi кесiмдердiң атаулары және нұсқаулары) талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
      3. Инспекциялық тексерiс ____________________________________
__________________________________________________________________
                 (ұйымның атауы, мекен-жайы)
объектiлердi _____________________________________________________
____________________________ тексеру (сынау) арқылы жүргiзiледi.
      4. Жұмыстар ________________________________________________
________________________________ негiзiнде жасалады.

      Уәкiлеттi органның басшысы _________    ________________
                                  (Ф.А.Ж)          (қолы)

      M.O.                              "___"________ 200___ж

Қазақстан Республикасының  
Көлік және коммуникациялар 
Министрлігінің азаматтық  
авиация Төрағасының    
2003 жылғы 9 желтоқсандағы 
N 565 бұйрығымен бекiтiлген 
әуе трассаларын әуе    
кемелерiмен пайдалануға 
рұқсат Ережелерiне    
5 қосымша        

"Бекітемін"       
____________________________
(уәкiлеттi органның басшысы)
___________________________
(қолы, Ф.А.Ж)       
"___"_______ 200____ж.  

Әуе трассасын ____ әуе кемелерiмен пайдалануға рұқсат
беру мақсатында сертификаттың тексеру актiсi

      ____________________________________ "___" _________ 2003 ж.
бұйрығымен тағайындалған комиссия ________________________________
құрамында

      Комиссия төрағасы __________________________________________
      Комиссия мүшелерi __________________________________________
                             (фамилиясы, аты-жөнi, қызметi)
________дан ________ ға дейiнгi мерзімде дәлелдiк құжаттамаларды тексерiп, сертификаттық талаптардың сәйкестiгiне әуе трассасына тексеру жүргiзедi және келесiнi анықтады:
      1. Әуе трассасы пайдалануға ________________________________
                                    (әуе трассасының атауы)
      2. Әуе трассасының физикалық сипаттамасы:
      1) ӘТ элементiнiң геометрикалық мөлшерi (енi, ұзындығы, пайдаланылған эшелондар (биiктiгi) ______________________________
      2) кедергiлердi шектеу және есепке алу _____________________
      3) әуе трассасы бойынша негiзгi нүктелеp;
      4) әуе трассасы бойынша бекiтiлген минималды абсолюттiк биiктiктер;
      5) әуе трассасы бойынша RNP ұйғарылған үлгiсi;
      6) әуе трассасы және оның учаскесi бойынша радиотехникалық құралдарды күшейтiлген өлшемдер;
      7) әуе трассасының радиотехникалық жабдықтарының (бұдан ары - РТЖ) және байланыс құралдарымен жабдықталуы, олардың Халықаралық Стандарттардың және Ұсынылатын тәжірибе талаптарына сәйкестiгi;
      8) РТЖ және байланыс құралдарының техникалық жағдайы, жабдықтарды пайдалану жарамдылығы сертификатының болуы;
      9) РТЖ және ӘҚҚк - байланыс құралдарының тактика-техникалық сипаттамаларына, техникалық пайдалану Ережелерiнiң талаптарына және олардың жұмысқа дайындығының сәйкестiгi;
      10) электрмен жабдықтаудың негiзгi резервтi көздерiнiң жағдайы және олардың Халықаралық Стандарттардың және Ұсынылатын тәжірибе талаптарына сәйкестiгi;
      11) әуе трассасындағы "Жер-ауа" байланыстарының ӘҚҚК каналдардың радиолакациялық және радионавигациялық жиектерiнiң және әрекет аймақтарының сипаттамасы және олардың Халықаралық Стандарттардың және Ұсынылатын тәжірибе талаптарына сәйкестiгi;
      12) РТЖ құралдарын және байланыс ӘҚҚК каналдарын және оларды басқару жүйелерiн резервтеу;
      қабылдау актiсiнiң және РТЖ құралдары мен байланыс ӘҚҚК каналдарының ұшу жарамдылығын тексеру;
      - жүйелiк-кабельдi ғимаратының және РТЖ және ӘҚҚК каналдарының дистанциялық қондырғысының;
      - РТЖ объектiлерiнде пайдалану-техникалық құжаттамаларының;
      - ӘҚҚК шектес аудандар арасындағы негiзгi және резервтi байланыс;
      - әуе трассасы бойынша әуе кемелерiнiң қозғалысына бақылаудың радиотехникалық құралдары.
      3. Халықаралық Стандарттардың және Ұсынылатын тәжірибе талаптарына Әуе трассасының сәйкестiгi (немесе сәйкес еместiгi, барлық сәйкеспеушiлiк пункттерi белгiленедi) туралы комиссия қорытындысы.

      Комиссия төрағасы _______________    _____________________
      Комиссия мүшелерi _______________    _____________________
                           (қолы)          (фамилиясы, аты-жөнi)

Қазақстан Республикасының  
Көлік және коммуникациялар 
Министрлігінің азаматтық  
авиация Төрағасының    
2003 жылғы 9 желтоқсандағы 
N 565 бұйрығымен бекiтiлген 
әуе трассаларын әуе    
кемелерiмен пайдалануға 
рұқсат Ережелерiне    
6 қосымша        

_____________________________ 
(уәкілетті органның басшысы)  

Әуе трассасы (ӘТ учаскесі) бойынша
өзгерiстер бекітуге өтінім

      Әуе трассасының өзгерiстерiн бекiтудi сұраймын
__________________________________________________________________
                      (ӘТ атауын белгiлеңiз)

Ұсынылған өзгерiстер _____________________________________________
    (ӘТ бойынша ұсынылған өзгерістердің қысқа сипаты белгіленеді)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Әуе трассасы _____________________________________________________
(нормативтi талаптар мағынасында бар құжаттардың атауын белгілеңіз)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
____________________________________ сонымен қатар қоса ұсынылған өзгерiстердi еске ала отырып, сәйкес келедi.

                                     Өтiнiм берушi ұйымының басшысы

      МО                                ___________________________
                                         қолы, фамилиясы, аты-жөнi

                                        "___"________200__ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады