Объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі кейбір мәселелер жұмыстарын тәртіпке келтіру туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімінің 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 3-1-1 шешімі. Астана қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 8 ақпанда N 244 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 20-1-23 шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының бірқатар мәселелерін жүзеге асыру" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы  N 1328  және "Қазақстан Республикасындағы сәулеттік-құрылыстық бақылауды жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 29 шілдедегі  N 840  қаулыларымен және салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыстарды тәртіпке келтіру мақсатында Астана қаласының  әкімі ШЕШТІ:

      1. 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдайтын объектілер түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық маңызды объектілер бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамы бекітілсін.

      3. 3-қосымшаға сәйкес өндірістік нысандағы объектілер бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамы бекітілсін.

      4. Сәулет және қала құрылысы департаменті:
      мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдайтын объектілерді анықтап, сәулеттік-жоспарлау тапсырмаларын ресімдеу және құрылыс салуға рұқсат беру кезінде белгілеп, көрсетсін;
      мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмыс мерзімі мен маңызы  туралы құрылыс салушыға жазбаша түрде хабарласын;
      комиссия актісін ресімдеп, оны қала әкіміне бекітуге ұсынсын.

      5. Астана қаласы әкімі аппаратының сараптау, әкімшілік тәртіп және шешімдер шығару бөлімі Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаментімен бірлесе отырып, актінің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.

      6. Тапсырыс берушілерге (құрылыс салушыларға) объектілерді пайдалану сапалы ұйымдастыру және объективті қабылдау мақсатында Сәулет және қала құрылысы департаментінің аумақтарды игерілуін бақылау жөніндегі бөліміне табыстау міндеттелсін:
      келісу үшін аяқталған құрылыс объектісінің жұмыс комиссиясының алдын-ала құрылған құрамы;
      аяқталған құрылыс объектісінің дайындығы жөніндегі жұмыс комиссиясының ресімделген актілері;
      объектіні пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясына жазбаша өтінімін табыстасын.

      7. Астана  қаласы АЭА Әкімшілік кеңесінің 1999 жылғы 10 наурыздағы N 3-1-168 "Астана қаласы аумағындағы аяқталған құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау туралы" шешімі, 1999 жылғы 22 қарашадағы N 3-1-1038 "Ақмола АЭА Әкімшілік кеңесінің шешіміне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және Астана қаласы әкімінің 2001 жылғы 10 қазандағы "Объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясы туралы" N 3-1-665 шешімі және Астана қаласы әкімінің 2001 жылғы 2 мамырдағы N 3-1-530 "Құрылыс процесінің (барысы) технологиялық алып жүруіндегі нормативтік талаптарды орындау жөніндегі шаралар туралы"  шешімінің 4-тармағы күші жойылды деп саналсын.
      8.  Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің  орынбасары С.В. Фомичевқа жүктелсін.

       Астана қаласының әкімі

      Визалар:

      КЕЛІСІЛДІ

       Астана қаласы
      Сарыарқа ауданының әкімі

      Астана қаласы
      Алматы ауданының әкімі

      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және сауда министрлігі Құрылыс
      істері жөніндегі комитеті

      Астана қаласының Сәулет-құрылысын
      бақылау және лицензиялау аумақтық
      басқармасының бастығы

      Сәулет және қала
      құрылысы департаментінің
      Астана қаласының аумақтарының
      игерілуін бақылау
      жөніндегі бөлім бастығы

      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
      бас басқармасының бастығы

      Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы

      Қалалық аумақтық қоршаған
      ортаны қорғау басқармасының бастығы

      Коммуналдық шаруашылық
      департаментінің директоры

      Төтенше жағдайлар жөніндегі
      басқармасының бастығы

      Тұрғын үй департаментінің директоры

      Білім департаментінің бастығы

      Денсаулық сақтау
      департаментінің директоры

      Туризм және спорт
      департаментінің директоры

      Есіл бассейнді су-шаруашылығы
      басқармасының бастығы

      Астана қаласы Ішкі істер бас
      басқармасы
      қалалық жол полициясы
      басқармасының бастығы

      Көлік және коммуникациялар
      басқармасы бастығының орынбасары

      Көліктік бақылау басқармасының бастығы

      Жер ресурстарын басқару жөніндегі
      комитетінің төрағасы

      "Қалалық жер инспекциясы"
      мемлекеттік мекеменің бастығы

Астана қаласы әкімінің   
2003 жылғы 6 қаңтардағы N 3-1-1
шешіміне 1-қосымша     

Мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдайтын объектілер
түрлерінің тізбесі

      1. Тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық маңызды объектілер, оның ішінде монументтік-көркемдік және қаланы сыртқы безендіру, орын-жайларын көркейту және рекреациялық аймақ объектілері.
      2. Өндірістік нысандағы объектілер:
      теміржол дәліз жолдары;
      көлік коммуникациялары;
      инженерлік-көлік ғимараттары;
      инженерлік-көлік ғимараттары бар (техникалық қызмет көрсету стансасы, жанар-жағар май құю стансалары, аялдамалар, т.б.), автомобиль жолдары (көшелері);
      электрокөлік жолдары (трамвай, троллейбус, монорельс, т.б.);
      көпірлер, жол өтпелері және басқа көлік-жаяу жүргіншілер ғимараттары;
      велосипед, шаңғыроллер трассалары;
      автотұрақтар және гараждар;
      кемежайлар және басқа өзен ғимараттары;
      суару жүйелері, жерлердің баптауы, ағаш егістерінің қорғауы, эрозияға қарсы гидротехникалық ғимараттар;
      ғимараттарымен өнім өткізгіштері;
      жылу орындарымен жылу жабдықтары, қазандықтар;
      қосалқы стансасы бар электр жабдықтары, жылу-энергия орталықтары;
      газ үлестіру орны бар газ жабдықтары, газ толтыру стансалары;
      радиожелілері және автотелекоммуникациялық стансалар ғимараттары бар телекоммуникациялар;
      насос стансалары арқылы сумен жабдықтау, бұрғылар және алаңдар, тазарту ғимараттары;
      насос стансалары арқылы арна жүргізу (шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік қондырғылар), тазартқыш ғимараттар;
      жаңбыр (нөсер) ағындыларын насос стансалары арқылы тазарту, тазартқыш ғимараттар;
      насос стансалары арқылы дренаж арна жүргізу, тазартқыш ғимараттар;
      инженерлік аймақ объектілерін өзен тасыма суларының жайылуынан қорғау.

      Сәулет және қала құрылысы
      департаментінің директоры

Астана қаласы әкімінің   
2003 жылғы 6 қаңтардағы N 3-1-1
шешіміне 2-қосымша   

Тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық маңызды объектілер бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамы

Астана қаласы әкімінің орынбасары        - комиссия төрағасы

Астана қаласы Сәулет және қала           - комиссия төрағасының
құрылысы департаментінің                   орынбасары
директоры

- Қазақтан Республикасы Индустрия        - комиссия төрағасының
және сауда министрлігі Құрылыс             орынбасары
істері жөніндегі комитеті Астана
қаласының Сәулет-құрылысын бақылау
және лицензиялау аумақтық
басқармасының бастығы

Комиссия мүшелері:

- Алматы ауданы әкімінің орынбасары

- Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары

- Сәулет және қала құрылысы
департаментінің Астана қаласының
аумақтарының игерілуін бақылау
жөніндегі бөлім бастығы

- Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
бас басқармасының бастығы

- Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы

- Қалалық Қоршаған ортаны қорғау
аумақтық басқармасының бастығы

- Коммуналдық шаруашылық
департаментінің директоры

- Төтенше жағдайлар жөніндегі
қалалық басқарманың бастығы
(келісім бойынша)

- Тұрғын үй департаментінің директоры
(тұрғын үй объектілері бойынша)

- Білім департаментінің бастығы
(білім объектілері бойынша)

- Денсаулық сақтау департаментінің директоры
(денсаулық сақтау объектілері бойынша)

- Туризм және спорт департаментінің директоры
(туризм және спорт объектілері бойынша)

- Есіл бассейнді су-шаруашылығы
басқармасының бастығы
(Сулардың жағдайына әсер ететін
объектілер бойынша - келісім бойынша)

      Объектіні пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясын құруға тапсырыс берушінің жазбаша өтінішін анықтайтын комиссия мүшелері:
      Тапсырыс беруші ұйымының басшысы (келісім бойынша).
      Бас мердігерлік ұйымының басшысы (келісім бойынша).
      Бас жоба ұйымының басшысы (келісім бойынша).
      Пайдалану ұйымының басшысы (келісім бойынша).

      Сәулет және қала құрылысы
      департаментінің директоры

Астана қаласы әкімінің   
2003 жылғы 6 қаңтардағы N 3-1-1
шешіміне 3-қосымша    

Өндірістік нысандағы объектілер бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамы

Астана қаласы әкімінің орынбасары         - комиссия төрағасы

Астана қаласы Сәулет және қала
құрылысы департаментінің
директоры                                 - комиссия төрағасының
                                            орынбасары

Бас жобалау ұйымының төрағасы             - комиссия төрағасының
                                            орынбасары

Комиссия мүшелері:

- Алматы ауданы әкімінің орынбасары

- Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары

- Қазақтан Республикасы Индустрия
және сауда министрлігі Құрылыс
істері жөніндегі комитеті Астана
қаласының Сәулет-құрылысын бақылау
және лицензиялау аумақтық
басқармасының бастығы

- Сәулет және қала құрылысы
департаментінің Астана қаласының
аумақтарының игерілуін бақылау
жөніндегі бөлім бастығы

- Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
бас басқармасының бастығы

- Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы

- Қалалық Қоршаған ортаны қорғау
аумақтық басқармасының бастығы

- Коммуналдық шаруашылық
департаментінің директоры

- Төтенше жағдайлар жөніндегі
қалалық басқарманың бастығы
(келісім бойынша)

- Көлік және коммуникациялар
басқармасы бастығының орынбасары

- Астана қаласы ІІББ қалалық
жол полициясы басқармасының
бастығы

- Есіл бассейнді су-шаруашылығы
басқармасының бастығы
(Сулардың жағдайына әсер ететін
объектілер бойынша - келісім бойынша)

- Көліктік бақылау басқармасының бастығы

- Жер ресурстарын басқару жөніндегі
комитет төрағасы

- "Қалалық жер инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы

      Объектіні пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясын құруға тапсырыс берушінің жазбаша өтінішін анықтайтын комиссия мүшелері:
      Тапсырыс беруші ұйымының басшысы (келісім бойынша).
      Бас мердігерлік ұйымының басшысы (келісім бойынша).
      Бас жоба ұйымының басшысы (келісім бойынша).
      Пайдалану ұйымының басшысы (келісім бойынша).

      Сәулет және қала құрылысы
      департаментінің директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады