2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Астана қалалық мәслихатының 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 219/42-ІІ шешімі. Астана қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 мамырда N 264 тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 285/35-ІІІ шешімімен

  Ескерту - Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 285/35-ІІІ шешімінен
Үзінді:

      Заңнамалық нормалардың өзгеруiне және жекелеген шешiмдердiң қолданыс мерзiмдерiнiң өтуiне байланысты Астана қаласының мәслихаты шешiм қабылдады:
      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
      2. Осы шешiм қабылданған күннен бастап күшiне енедi.

      Астана қаласы мәслихатының
      сессия төрағасы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

Астана қаласы мәслихатының    
2006 жылғы 21 қыркүйектегi    
N 285/35-IIІ шешiміне қосымша  

Астана қаласы мәслихатының күшiн жойған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзiмi

      ...
      4. Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 8 сәуiрдегi N 219/42-II "Астана қаласындағы кiшi кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" шешiмi (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 264 нөмiрмен тiркелген, 2003 жылғы 19 маусымда "Вечерняя Астана" газетiнде жарияланды);
      ...

      Астана қаласы мәслихатының хатшысы
_______________________________________________

      Астана қаласының әкімдігі±ұсынған 2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасын қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының  86-бабын  және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының  6-бабын  басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты былай деп   шешті:

      1. Қоса беріліп отырған 2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы  бекітілсін.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы

      Келісілген:

      Экономика және шағын
      бизнес департаментінің
      директоры

      Қаржы департаментінің
      бастығы

Астана қаласы мәслихатының
2003 жылғы 8 сәуірдегі  
N 219/42-ІІ шешімімен  
бекітілген         

2003-2005 жылдарға арналған
Астана қаласының шағын кәсіпкерлікті
дамыту және қолдау бағдарламасы

  1. Бағдарламаның төлқұжаты

Атауы      2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласының шағын
           кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы

Әзірлеу    "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы"
негізі     1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы

Негізгі    Астана қаласының Экономика және шағын
әзірлеуші  бизнесті дамыту департаменті

Мақсаты    Жалпы аймақтық өнім (бұдан әрі - ЖАӨ) құрылымында жаңа
           технологиялық өндірістерге бағдарланған шағын
           кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудағы тұрақты әрі орнықты
           негіз ретінде шағын кәсіпкерліктің үлесін арттыру

Міндеттері Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдауға
           қол жеткізу. Өндіріс саласында кәсіпкерлікті қолдау және
           дамыту, шағын бизнес өндірістерін әртараптандыру.
           Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын одан әрі
           дамыту, шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету
           және насихаттау.
           Шағын кәсіпкерлікті қоғамдық қолдау жүйесінің қалыптасуын
           жеделдету.
           Шағын бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін
           қорғауды қамтамасыз ету.

Бағдарла.  Кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және
маны іске  нормативтік базаны жетілдіруге бағытталған шаралар.
асырудың   Қаржы-несиелік және инвестициялық саясатты
негізгі    экономиканың кәсіпкерлік секторына бөлінетін қаржылық
бағыттары  және материалдық ресурстар көлемінің өсуіне және қол
және меха. жеткізуге бағдарлау және қаржылық қолдаудың дәстүрлі
низмдері   емес құралдарын (лизинг, франчайзинг және тағы басқалар)
           енгізу.
           Инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта ғылымды
           қажетсінетін кәсіпорындар құруды және дамытуды
           қамтамасыз ететін және инновациялық жобаларды
           инвестициялық қолдайтын нақты экономикалық ынталандыру
           және механизмдер құру.
           Шағын бизнесті ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау,
           кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестік жүйесінің рөлін
           күшейту және құру.

Қаржылан.  Бөлінген қаражат шегінде жергілікті бюджет қаражаттары,
дыру       екінші деңгейдегі банктердің меншікті және тартылған
көздері    несие ресурстары, кәсіпкерлерінің және олардың қоғамдық
           ұйымдарының қаражаттары және заңнамамен тыйым салынбаған
           басқа көздер.

Күтілетін  Жалпы аймақтық өнім құрылымында шағын және орта
нәтижелер  кәсіпкерлік үлесін 45%-ға дейін көбейту.
           Жұмыспен қамтылған адам санын 66040 дейін көбейту.
           Шағын кәсіпкерлік саласында 15 мың жұмыс орнын құру.

Іске асыру 2003-2005 жылдар
мерзімі

  2. Кіріспе

      2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласының шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы«"Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы  Заңының , "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" атты 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан кәсіпкерлерінің 10 форумында қойылған міндеттерді және 2002-2004 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің  бағдарламасын  орындау мақсатында әзірленген.
      Шағын және орта бизнес, халықаралық тәжірибеде көрсетілгендей, қазіргі заманғы қоғамның негізгі формациясы болып табылады және жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі - ЖІӨ) негізгі бөлігін құрайды. Қаланың жалпы аймақтық өнімінде шағын кәсіпкерлік үлесі 2002 жылдың нәтижесі бойынша 34,5% құрады, сонымен жалпы аймақтық өнімнің үшінші бөлігі шағын кәсіпкерлік саласында өндіріледі, бұл республика бойынша өте жоғары.
      Сондықтан Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасында негізгі акцент жаңа ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерге бағдарланған шағын және орта бизнес үшін жағдайлар құру есебінен қоғамының орта тобын құруға бағытталған.
      Ел басының 2003 жылға арналған Қазақстан халқына жолдауында шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа бағыттары анықталды:
      салық ауыртпалығын төмендету;
      меншікті және активтерді жариялау;
      несиелік ресурстарға қол жеткізуді жеңілдету;
      әкімшілік тәртіптерді және рұқсаттарды ықшамдау;
      төрешілдік беталдылықтан және бақылау-тексеру органдарынан қорғау;
      шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық орталықтарын құру.
      Мемлекеттік қолдаумен қабылданып отырған шаралар негізінде қала тұрғындары әл-ауқатының жоғары үлесін қамтамасыз ететін тиімді экономиканың тұрақты негізін құру үшін Астана қаласының шағын кәсіпкерлігін одан әрі дамыту қажет.

  3. Шағын кәсіпкерліктің жағдайын талдау

      Шағын бизнестің анықты аймақтық бағыттары бар және өз қызметін сұранысқа, толықтыру мүмкіндіктеріне және нарықтың тауарлары мен көрсетілген қызметтер сұранысына қарай атқарады.
      Икемділік, серпінділік және бәсекеге жарамдылық арқасында шағын бизнес жаңа жұмыс орындар құру, импортты алмастыратын өнімдер шығаруға жаңа шағын-технологиялар енгізудің тиімді құралы, салық түсімдерін көбейтудің тұрақты көзі болып табылады.
      Жасалынған жұмыстардың және 2001-2002 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасын іске асырудың нәтижелері бойынша Астана қаласында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілер санының, жұмыспен қамтылғандар санының өрлеу қарқыны, өндірілген өнімнің (жұмыстар, қызметтер) көлемі бойынша республикада жетекші орын алып отыр.
      2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Астана қаласында     20970 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, 2001 жылмен салыстырғанда өсу 37,3% құрады.
      Шағын бизнес субъектілерінің тіркелгендер саны астананың 10 мың тұрғындарына 2000 жылы 276 болса, 2002 жылы 416 бірлік құрады. Есеп беру жылында өткен жылмен салыстырғанда жұмыс істейтін субъектілер саны 23,3%-ға көбейді.
      Қалада шағын бизнесті қолдау және дамыту инфрақұрылымы жүйесінің құрылуы жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыспен қамтылғандардың санын көбейтуге мүмкіндік тудырды.
      2001-2002 жылдары астананың шағын бизнес саласында 8844 жаңа жұмыс орындары құрылды.
      Қаланың экономикалық саласында жұмыс істейтіндердің жалпы санында шағын кәсіпкерлікте қамтылғандар үлесі 2002 жылы 23,3%, 1998 жылы - 18,2% құрады.
      Жұмыс істейтіндер саны 2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 13193 көбейді және 51329 адам құрады.
      2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдайдың мониторингі бойынша шағын бизнесте қамтылғандар саны Астана қаласының 10 мың тұрғындарына 1018 адам құрады.
      2002 жылы өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің көлемі 52038,7 млн. теңгені құрады, 2001 жылмен салыстырғанда өсу 1,3 есені құрады, ал 2000 жылмен салыстырғанда көлемі 18,2 млрд. теңгеге өсті.
      Қаланың жалпы аймақтық өнім құрылымында шағын кәсіпкерлік үлесі 2001 жылы 29,2%-ға және 2002 жылы 34,5%-ға жетті.
      Шағын бизнес субъектілерінің қаржы-несиелік ресурстарға қол жеткізу проблемасы шағын кәсіпкерлік секторын дамытуға бөгет болуы басты проблема болып отыр (жоғары несие пайызы, қысқа мерзімдері).
      Осыған қарамастан, қалада мониторингтік зерттеулерге сүйенсек, шағын кәсіпкерлікті несиелендіруде оң өзгерістер белгіленіп отыр.
      2002 жылы барлық қаржыландыру көздерінен шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 2688 бизнес-жобалар бойынша 28360,5 млн. теңге алынды, оның ішінде Астана қаласының екінші деңгейдегі коммерциялық банктерімен меншікті және тартылған қаражаттар (Еуразия Қайта құру мен Жаңғырту Банкі) есебінен 28194,2 млн. теңге сомасына 2637 жобалар несиелендірілді, бұл 2001 жылдан 1,8 есе және 2000 жылдан 7,5 есе көп.
      Несиелік ресурстар құрылымы оңды болып өзгерді: жетекші орынды экономиканың нақты секторы алады - өнеркәсіп және құрылыс саласына берілген несиелер жалпы көлемінен 60% астам.
      2002 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен жергілікті бюджетке 3335,5 млн. теңге салықтар және міндетті төлемдер түсті, өрлеу қарқыны өткен жылға 36,3% құраса, онда 2000 жылға - 71,6% құрады.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салықтарының үлес салмағы жалпы салық жиынында 2001 жылы - 5,1%, 2002 жылы - 5,5% құрады.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің материалдық негізі нығайтылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398  Жарлығы  жарияланған сәтінен бастап кәсіпкерлерге коммуналдық меншік объектілері табысталды: өтеусіз меншікке 48, сенімгерлік басқаруға 22, жалға 10 және 17 объектілер сатылды.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 4490 жер учаскелері жалға берілді және сатылды.
      Пәтерлерді және басқа алаңдарды қайта жабдықтауға 1213 рұқсаттар берілді, оның ішінде: дүкендерге - 566, қызметтер көрсету салаларына - 221, қоғамдық тамақтандыруға - 112, дәріханаларға - 93 және басқалар.
      Шағын бизнес сервис-орталығымен 2002 жылы 568 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде қала тұрғындары үшін құрылған сервистік көрсетілетін қызметтер нарығының негізінде, жабдықтарды жалға беру арқылы - 246 адам.
      2002 жылғы 10 желтоқсанында қызмет функцияларын кеңейтуге және инновациялық қызметке байланысты Сервис-орталығы "Астана қаласының Шағын бизнесті қолдау орталығы"»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны болып қайта құрылды. 2001-2002 жылдарға арналған Астана қаласының шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының шегінде 2002 жылғы желтоқсанында "Астана-инновация"»бизнес-инкубаторы құрылды және өз жұмысын бастады.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның басты мақсаты болып жалпы аймақтық өнім  құрылымында шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудағы тұрақты әрі орнықты негізі ретінде шағын кәсіпкерліктің үлесін арттыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен "орта топ"»құру үшін бағытталған, негізде жаңа технологиялық өндірістерге бағдарланған жағдайларды жетілдіру болып табылады.
      Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу болжамданады:
      шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдауға қол жеткізу;
      өндіріс саласында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, шағын бизнес өндірісін әртараптандыру;
      кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту, кеңейту және шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау;
      шағын кәсіпкерлікті қоғамдық қолдау жүйесінің қалыптасуын жеделдету;
      шағын бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

  5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары
және механизмдері:

      кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіруге бағытталған шаралар;
      қаржы-несиелік және инвестициялық саясатты экономиканың кәсіпкерлік секторына бөлінетін қаржы және материалдық ресурстар көлемінің өсуіне және қол жеткізуге бағдарлау және қаржылық қолдаудың дәстүрлі емес құралдарын (лизинг, франчайзинг және тағы басқалар) енгізу;
      инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта ғылымды қажетсінетін кәсіпорындар құру және дамытуды қамтамасыз ететін және инновациялық жобаларды инвестициялық қолдайтын нақты экономикалық ынталандыру және механизмдер құру;
      шағын бизнесті ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестік жүйесінің рөлін күшейту және құру.

  5.1. Заңнамалық және нормативтік-құқықтық
базасын жетілдіру

      Жыл сайын шағын бизнес субъектілер қызметінің нәтижелерін, елде нақты экономикалық жағдайды талдап жүргізу есебінен шағын кәсіпкерліктің заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу жұмыстарын жалғастыру қажет.
      Барлық салық тәртіптемесінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру мәселелері, шағын кәсіпкерлік қызметін кедендік реттеу бойынша заңнаманы жетілдіру мәселелеріне тұрақты ықылас бөлу керек.
      Өндірісті дамытуға жұмсалған инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпкерлердің мәселелері бөлек зерделеуді талап етеді.
      Бұл мәселелердің шешілуі кепілдемелер және одан әрі жетілдіру үшін ұсыныстар шығару мақсатымен іс-әрекеттегі заңнаманы зерттеуді талап етеді.
      Осы кезеңде іс-әрекеттегі заңнамалық жүйесі тек қана шағын кәсіпкерлік субъектілер санын көбейтуге мүмкіндік тудыруға ғана емес, сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік дамуының сапалы негізін қамтамасыз ету үшін қажет.

  5.2. Ақшалай ресурстарға қол жеткізу көлемінің өсуі және қаржы қолдауының дәстүрлі емес құралдарын енгізу

      Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдауды қамтамасыз ету мамандырылған институттарды дамытуға және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мақсатты топтарын қаржы-несиелік қамтамасыз етуін белгіленген қолайлы шарттарымен және несиелеу тәртіптемелерімен деңгейлік тәсімді енгізуге болжанды.
      Дамуының бастаушы кезеңіндегі немесе несиені қамтамасыз ету бойынша қиындықтары бар кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қалада қаланың коммуналдық меншікті кепілдікке салу есебінен бекітілген объектілерінің тізбесі келешектік жобаларды қаржы қаражаттарымен қамтамасыз етуі жоспарланады.
      Белгілі тәжірибесі бар және жоғары технологиялық жабдықтарды және қызметтердің жаңа бағыттарын игеру үшін қосымша капиталды қажетсінетін кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдаудың жаңа құралдар түрлерінің дамуы көзделінеді (лизинг, франчайзинг және тағы басқалар) Лизингілік құрылымының дамуы және венчурлік құрылымының құрылуы жаңа өндірістер өсіруге және жұмыс істейтіндер дәстүрлі қаржыландыру көздерін тарта алатын кезеңіне дейін қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жеткізуін кеңейтуге байланысты мәселелердің шешілуі оның тұрақты өсуін және одан әрі дамуын қамтамасыз етеді.

  5.3. Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту

      Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының көпшілік іс-шараларын алдағы кезеңде орындаушысы болып Шағын бизнес сервис орталығының базасында 2002 жылғы желтоқсанында құрылған "Астана қаласының Шағын бизнесті дамыту орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны табылады. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның құрылу қызметінің және халыққа көрсетілген қызметтері спектрінің жабдықтарды және құрал-саймандарды жалға немесе кейін сатып алуымен жалға беру, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетуге және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық, импортты алмастыратын қызметтер дамытуға бағдарланған шаралар кеңейтуімен анықталынады.
      Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымына: Шағын бизнес сервис орталығы және шағын кәсіпкерлік дамуының жаңа инфрақұрылымы "Астана-инновация" бизнес-инкубаторы кіреді.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалға немесе кейін сатып алуымен жалға беру ұсынатын жабдықтар және құралдар ассортиментінің кеңейтуі көзделінеді, немесе "шағын-лизинг"»нысаны болады.
      Сондай-ақ кәсіпорынның жанында орталықтандырылған бухгалтерия, маркетинг және шағын кәсіпкерлер және кәсіпорындар мәселелерін оперативтік шешу үшін бухгалтерлік, маркетингтік және қаржылық ақыл-кеңестер қызметін ашу жоспарланады. 

  5.4. Шағын бизнесті ақпараттық қамтамасыз
ету және насихаттау

      Шағын бизнестің дамуында және одан әрі аяғына тұруында республикалық және қалалық ауқымында өтіп жатқан жағдайларды және шараларды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне хабарлау және шағын және орта кәсіпкерлік саласында жетістіктерді насихаттау ең үлкен маңызды рөл атқарады.
      Бағдарлама осы бағытта да шаралар өткізуге бағытталған. Қысқаша айтқанда кәсіпкерлікті одан әрі жандандыру үшін кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарын, кәсіпкерлердің жұмыс істейтін республикалық қоғамдық ұйымдарының филиалдарын құруға (мысалы  жиһаз, өнеркәсіп кәсіпорындар және тағы басқалар) жәрдемдесу көзделінеді.
      Заңнамалық және құқықтық базаны жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар дайындау бойынша "дөңгелек үстелдер", кәсіпкерлермен және олардың қоғамдық бірлестіктерімен бас қосулар өткізу жоспарланады.
      Қаланың кәсіпкерлері шағын және орта бизнесті дамыту бойынша оқыту бағдарламаларына қатысуға тартылады.
      Инновациялық қызметте озық жетістіктерді тарату, өнімнің жаңа түрлерін құру және жоғары технологиялық өндіріс саласына шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту үшін "Астана-инновация" бизнес-инкубаторында бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының қатысуымен тұрақты негізінде баспасөз мәслихаттары өткізіледі.
      Ең үздік кәсіпкерлердің жұмыс тәжірибесін таратуы және қорытындылауы "Жылдың Іскер адамы",«"Астананың үздік тауарлары" конкурсы ретінде шаралар өткізу арқылы, бұқаралық ақпараттық құралдарда сөйлеген сөздері және жарияланымдары арқылы өтеді. 

  6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

      Бұл бағдарламаның орындалуы Астана қаласының бюджетінен қаржыландыруды қажет етпейді. Бағдарламаның іс-шаралар жоспарындағы бір тармақта 2003 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің келешегі бар жобаларын 40 млн. теңге сомасына қаржыландыруы көзделген. Бұл жағдайда несиенің берілуі астана әкімдігінің жанындағы бизнес-жобаларды қарап және қорытынды беретін Комиссия шешімі хаттамасының негізінде жүргізіледі.
      Бағдарламаның іс-шаралар жоспарында қарастырылған кітапшалар, буклеттер шығару және ақпараттық материалдар, сондай-ақ пресс-конференциялар, "дөңгелек үстелдер"»мен семинарлар өткізу жөніндегі тармақтардың орындалуын Астана қаласының Экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің басқаруындағы, 2002 жылғы желтоқсанда құрылған "Астана қаласының Шағын бизнесті қолдау орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жүргізеді. 

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласының шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасымен анықталынған негізгі бағыттарының іс жүзінде шешілуі жалпы аймақтық өнім құрылымында шағын кәсіпкерлік үлесін 45%-ға дейін, жұмыспен қамтылған санының 66 040 адамға дейін (немесе экономикалық белсенді халық (ЭБХ) 27%-ға дейін) және шағын кәсіпкерлік субъектілері сандарын 37 475 бірлікке дейін көбейтуі болжаланады. Сонда қосымша 15 мың жаңа жұмыс орындары құрылады (2002 жылдың жиыны бойынша - 51 329 адам).
      Оның ішінде
2003 жылы:

      жалпы аймақтық өнім құрылымында шағын кәсіпкерлік үлесін 37,5%-ға дейін көбейту;
      экономикалық белсенді халыққа шағын кәсіпкерлік саласында қамтылғандар үлесін 25%-ға дейін жеткізу;
      шағын кәсіпкерлік субъектілер сандарын - 24 990 бірлікке дейін жеткізу;

2004 жылы :

      жалпы аймақтық өнім құрылымында шағын кәсіпкерлік үлесін 41%-ға дейін көбейту;
      экономикалық белсенді халыққа шағын кәсіпкерлік саласында қамтылғандар үлесін 26%-ға дейін жеткізу;
      шағын кәсіпкерлік субъектілер сандарын 29 980 бірлікке дейін жеткізу.

2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласының
шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту  
бағдарламасына қосымша         

2003-2005 жылдарға арналған Астана қаласының шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

-----------------------------------------------------------------
Р/с       Іс-шаралар     Орындаушылар    Орындау мерзімдері
 N
-----------------------------------------------------------------
1              2                  3            4           
-----------------------------------------------------------------

1. Кәсіпкерлік қызмет саласында заңнамалық және
нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру

1. Салық ауыртпалығын  Астана қаласының Экономика     Тұрақты
төмендету бойынша      және шағын бизнесті дамыту
ұсыныстар дайындау     департаменті Астана қаласы
және әрекеттегі заң.   бойынша Салық комитеті Ас.
намаға мына облыстар.  тана қаласының Қаржы депар.
да өзгерістер енгізу:  таменті Алматы, Сарыарқа
инновациялық және      аудандарының әкімдері Ас.
жоғары технологиялық   тана қаласының Кәсіпкерлер
өндірістерге салық     құқығын қорғау қауымдастығы
салу;                  Астана қаласының Сауда-
мүлікке және кері      өндірістік палатасы
инвестициялық пайдаға
салық салу;
кәсіпкерлердің
құқықтарын қорғау
және кәсіпкерлік
қызметінің еркіндігі.

2. Қалалық деңгейде    Астана қаласының прокуратурасы Жыл сайын 
"Атқамінер және кәсіп. Астана қаласының Кәсіпкерлер   IV тоқсан
кер" акциясын өткізу.  құқығын қорғау қауымдастығы
                       Астана қаласының Экономика
                       және шағын бизнесті дамыту
                       департаменті Қазақстан Респуб.
                       ликасы Бас прокуратураның
                       Астана қаласы бойынша құқық.
                       тық статистика және ақпараттар
                       орталығы Астана қаласының Сауда-
                       өндірістік палатасы

3. Шағын кәсіпкерлік   Астана қаласының Экономика    Бағдарламаның
субъектілеріне арнап   және шағын бизнесті дамыту    іс-әрекет ету
қолданылатын кедендік  департаменті Астана қаласы    кезеңінде
ресімдеу тәртіптерін   бойынша Бас кеден басқармасы
ықшамдау бойынша ұсы.  Астана қаласының Кәсіпкерлер
ныстар дайындау.       құқығын қорғау қауымдастығы

4. Жаңартпашылық даму  Астана қаласының Экономика    2003 жыл
саласындағы қалалық    және шағын бизнесті дамыту    1 тоқсан
бағдарламаны дайындау  департаменті«Астана қаласы.
және бекіту            ның Шағын бизнесті қолдау
                       орталығы»МКК

2. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың
қаржы-несиелік және инвестициялық саясаты

5. Шағын кәсіпкерлік   Астана қаласының Экономика    Бағдарламаның
субъектілеріне бөліне. және шағын бизнесті дамыту    іс-әрекет ету
тін қаржы-несиелік ре. департаменті Екінші деңгей.   кезеңінде
сурстарына және қол    дегі банктер
жеткізу көлемдерінің
өсуіне көмек көрсету.

6. Қала бюджетінен     Астана қаласының Қаржы депар. 2003-2005
шағын кәсіпкерлік      таменті Астана қаласының Эко. жылдар
субъектілерінің жоба.  номика және шағын бизнесті
ларын жеңілдікпен      дамыту департаменті
несиелендіру үшін
2003 жылы 40 млн.
теңге, ал 2004 және
2005 жылдары бюджет.
тің мүмкіндігіне
қарай қаражаттар бөлу.

7. Шаруашылық субъек.  Астана қаласының Экономика    2003 жылдың
тілерін Астана қаласы  және шағын бизнесті дамыту    1 тоқсаны
жергілікті бюджет қара.департаменті«"Астана қаласы.
жаттары есебінен несие.ның Шағын бизнесті қолдау
лендіру тәртібі туралы орталығы" МКК
Ережені әзірлеу және
бекіту. 

8. "2003-2005 жылдарға Астана қаласының Экономика    Жыл сайын
арналған Астана қала.  және шағын бизнесті дамыту    1 тоқсан
сының шағын кәсіпкер.  департаменті
лікті қолдау және да.
мыту бағдарламасының"
шегінде шағын кәсіп.
керлік субъектілерін
несиелендіру үшін
бюджеттік қаражаттар.
ды пайдалану жөніндегі
агентін анықтауға тен.
дер өткізу.

9. Бюджет қаражаттары. Астана қаласының Экономика    Бағдарламаның
нан несиелендіру және  және шағын бизнесті дамыту    іс-әрекет ету
шағын кәсіпкерлік      департаменті«"Астана қаласы.  кезеңінде
субъектілерінің жаңа   ның Шағын бизнесті қолдау
өндірістер ұйымдасты.  орталығы"»МКК
руы үшін қала экономи. Астана қаласының Кәсіпкер.
касын дамытудың басым. лер құқығын қорғау қауым.
ды бағыттарына сәйкес  дастығы Қарызгер-банк
бизнес-жобаларды ірік. 
теу. 

10. Шағын кәсіпкерлік  Астана қаласының Экономика    Тұрақты 
субъектілерінің биз.   және шағын бизнесті дамыту
нес-жобаларын екінші   департаменті Астана қаласының
деңгейдегі банктермен  Кәсіпкерлер құқығын қорғау
оларды одан әрі несие. қауымдастығы Астана қаласының
лендіру үшін іріктеу.  екінші деңгейдегі банктері

11. Коммуналдық меншік Астана қаласының Экономика    Тұрақты
объектілерін кепілдік. және шағын бизнесті дамыту
ке қойып несиелендіру  департаменті«"Астана қаласының
үшін шағын кәсіпкерлік Шағын бизнесті қолдау орталығы"
субъектілерінің биз.   МКК-ны Астана қаласының Кәсіп.
нес-жобаларын іріктеу. керлер құқығын қорғау қауым.
                       дастығы

12. "Астана қаласының  Астана қаласының Экономика    Тұрақты
Шағын бизнесті қолдау  және шағын бизнесті дамыту
орталығы" мемлекеттік  департаменті Астана қаласының
коммуналдық кәсіпорыны Сыртқы экономикалық байланыс.
арқылы шағын кәсіпкер. тар комитеті Астана қаласының
лік субъектілерінің    Сауда-өндірістік палатасы
лизингілік және фран.  Астана қаласының Кәсіпкерлер
чайзингілік (кәсіпкер. құқығын қорғау қауымдастығы
лік) қызметтеріне әр.  "Астана қаласының Шағын биз.
тараптай қолдау көрсе. несті қолдау орталығы"»МКК
ту.

13. Шағын кәсіпкерлік  Астана қаласының Экономика    Тұрақты
субъектілерінің жоба.  және шағын бизнесті дамыту
ларын несиелендіру     департаменті "Астана қаласы
мәселелері бойынша     бойынша Шағын кәсіпкерлікті
"Шағын кәсіпкерлікті   қолдау қоры" ЖАҚ-ның филиалы
қолдау қоры" ЖАҚ-мен
тығыз өзара іс-қимыл
жасау туралы.

14. Қолданыстағы       Астана қаласының Экономика    2003 жылдың
несиелік желілер       және шағын бизнесті дамыту    бірінші жарты
жөнінде ақпараттар     департаменті Астана қаласының жылдығы
жинауға мамандырылған  Кәсіпкерлер құқығын қорғау
органды жұмыспен қам.  қауымдастығы Астана қаласының
тамасыз ету және кә.   екінші деңгейдегі банктері
сіпкерлерге несиелен.
діру мәселелері бойын.
ша ақыл-кеңес беру.

15. Шағын кәсіпкер.    Астана қаласының Экономика    Тұрақты
лікті қолдау үшін ше.  және шағын бизнесті дамыту
тел және отандық ин.   департаменті Астана қаласының
вестицияларды тарту    Сыртқы экономикалық байланыс.
және әлеуетті инвес.   тар комитеті Астана қаласының
торлармен бизнес фо.   Сауда-өндірістік палатасы
румдар өткізу.         Астана қаласының Кәсіпкерлер
                       құқығын қорғау қауымдастығы

3. Шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту және
инновациялық қызметті қолдау

16. Ғылым және жоғары  Астана қаласының Экономика    2003 жылдың
технология орталығын   және шағын бизнесті дамыту    1 тоқсаны
құру жолымен жоғары    департаменті«"Астана қаласының
технологиялық, ғылымды Шағын бизнесті қолдау орталығы"
қажетсінетін өндіріс.  МКК Астана қаласының Сауда-
терді ұйымдастыруға    өндірістік палатасы Астана
бағдарланған 2005 жыл. қаласының Кәсіпкерлер құқығын
ға дейінгі Астана қа.  қорғау қауымдастығы
ласының техно-парк
аймағы жұмысының және
одан әрі дамыту жос.
парын әзірлеу және
бекіту.

17. 2003-2005 жылдар   "Астана қаласының Шағын бизнес.2003 жылдың
кезеңіне арналған "Ас. ті қолдау орталығы" МКК Аста.  1 тоқсаны
тана қаласының Шағын   на қаласының Экономика және
бизнесті қолдау орта.  шағын бизнесті дамыту депар.
лығы" мемлекеттік ком. таменті
муналдық кәсіпорынының
қызмет салаларын же.
тілдіру бойынша ұйым.
дастыру іс-шараларын
бекіту.

18. "Астана қаласының  "Астана қаласының Шағын биз.  Тұрақты
Шағын бизнесті қолдау  несті қолдау орталығы"»МКК
орталығы" мемлекеттік  Астана қаласының Экономика
коммуналдық кәсіпоры.  және шағын бизнесті дамыту
нында жаңа жұмыс орын. департаменті
дар ашу және жұмыссыз
тұрғындардың өзін-өзі
жұмысқа орналасуына
көмек көрсету мақсаты.
мен халыққа және қала
ұйымдарына көрсетілетін
сервистік және тұрмыс.
тық қызметтерін кеңейту
және жетілдіру.

19. "Астана қаласының  Сарыарқа, Алматы аудандарының Тұрақты
Шағын бизнесті қолдау  әкімдері«"Астана қаласының
орталығы" мемлекеттік  Шағын бизнесті қолдау орталығы"
коммуналдық кәсіпорыны МКК Астана қаласының Еңбек,
арқылы жұмыссыздар     халықты жұмыспен қамту және
және бастауыш кәсіпкер.әлеуметтік қорғау департаменті 
лер үшін ақыл-кеңес
және оқу курстарын
ұйымдастыру бойынша
жұмыстарды одан әрі
жалғастыру.

20. Шағын кәсіпкерлік  "Астана қаласының Шағын биз.  Бағдарламаның
субъектілеріне лизинг. несті қолдау орталығы"»МКК    іс-әрекет ету
ке берілетін ассорти.  Астана қаласының Экономика    кезеңінде
менттің қазіргі заман. және шағын бизнесті дамыту
ғы жабдықтарымен,      департаменті
құрал-саймандарымен
және шағын-технология.
лармен жаңарту және
толтыру.

21. Астана қаласының   "Ұлттық сараптау және сертифи.Бағдарламаның
шағын кәсіпкерлік кә.  каттау орталығы" ААҚ-ның Ас.  іс-әрекет ету
сіпорындарында ИСО-    тана қаласы бойынша Өндіріс.  кезеңінде
9000 жүйесін енгізуге  тік басқармасы 
көмек көрсету және     Астана қаласының Сауда-өнді.
кең жариялау.          рістік палатасы Астана қала.
                       сының Экономика және шағын
                       бизнесті дамыту департаменті
                       Астана қаласының Кәсіпкерлер
                       құқығын қорғау қауымдастығы

22. Бизнес-инкубатор   Астана қаласының Экономика    2003-2005
аумағында жеңілдік     және шағын бизнесті дамыту    жылдар
шарттарында шағын кә.  департаменті«"Астана қаласының
сіпкерлік ғылыми-тех.  Шағын бизнесті қолдау орта.
нологиялық және инно.  лығы" МКК
вациялық кәсіпорындар
құру үшін өндірістік
алаңдар ұсыну.

23. Тиімсіздік өнді.   Алматы, Сарыарқа аудандарының Бағдарламаның
рістерді саралау есе.  әкімдері Астана қаласының Эко.іс-әрекет ету
бінен импортты алмас.  номика және шағын бизнесті да.кезеңінде
тыратын өнеркәсіптік   мыту департаменті Астана қала.
өнімдер шығаруға бағ.  сының Кәсіпкерлер құқығын қор.
дарланған аз санды кә. ғау қауымдастығы
сіпорындарының санын
кеңейтуге жәрдемдесу.

24. Қазақстан Респуб.  Астана қаласының Жер ресурста.Тұрақты 
ликасы Президентінің   рын басқару комитеті Астана
1997 жылғы 6 наурызда. қаласының Сәулет және қала
ғы N 3398 "Шағын кә.   құрылысы департаменті Астана
сіпкерлікті дамыту.    қаласының Коммуналдық меншік
дың мемлекеттік қол.   басқармасы
дауы жөніндегі шара.
лар туралы" Жарлығын
іске асыру.

4. Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз
ету және насихаттау, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестік жүйесін
құру және ролін күшейту

25. Қала экономикасы.  Алматы, Сарыарқа аудандарының Жыл сайын
ның әр түрлі салала.   әкімдері Астана қаласының Эко.IV тоқсан
рында жұмыс істейтін   номика және шағын бизнесті
кәсіпкерлердің қоғам.  дамыту департаменті Астана
дық ұйымдарын құруға   қаласының Кәсіпкерлер құқығын
жәрдемдесу.            қорғау қауымдастығы

26. "Жылдың іскер      Астана қаласының Экономика   Жыл сайын
адамы" конкурсын       және шағын бизнесті дамыту   IV тоқсан
өткізу.                департаменті Астана қаласының
                       Кәсіпкерлер құқығын қорғау
                       қауымдастығы Алматы, Сарыарқа
                       аудандарының әкімдері

27. "Астананың ең жақ. "Ұлттық сараптау және серти.  Жыл сайын
сы тауарлары" (шағын   фикаттау орталығы"»ААҚ-ның    III тоқсан
кәсіпкерлік өнімдері   Астана қаласы бойынша Өнді.
бойынша) конкурс-көрме рістік басқармасы Астана
өткізу.                қаласының Экономика және
                       шағын бизнесті дамыту депар.
                       таменті

28. Қызмет көрсету са. Астана қаласының Сауданы     Жыл сайын
ласының кәсіпорында.   ұйымдастыру және базарларда. IV тоқсан
рында жұмыс істейтін   ғы бір жолғы талондар беру
ең жақсы маман конкур. басқармасы Астана қаласының
сын өткізу.            Экономика және шағын бизнесті
                       дамыту департаменті Астана
                       қаласының Кәсіпкерлер құқығын
                       қорғау қауымдастығы

29. "Шағын және орта   "Ұлттық сараптау және серти. Жылына екі
бизнесте сапа менедж.  фикаттау орталығы" ААҚ-ның   рет II және
ментінің жүйесі"»семи. Астана қаласы бойынша өнді.  IV тоқсан
нарын өткізу.          рістік басқармасы Астана     Бағдарламаның
                       қаласының Экономика және     іс-әрекет ету
                       шағын бизнесті дамыту депар. кезеңінде
                       таменті

30. Республикалық кә.  Алматы, Сарыарқа аудандары.  Жыл сайын
сіпкерлердің форумын   ның әкімдері Астана қаласы.
өткізуге ұсыныстар     ның Кәсіпкерлер құқығын қор.
дайындау.              ғау қауымдастығы Астана қала.
                       сының Экономика және шағын
                       бизнесті дамыту департаменті
                       Астана қаласының Сауда-өнді.
                       рістік палатасы

31. Шетелдік елшілік.  Астана қаласының Сыртқы эко. Тұрақты
тер мен халықаралық    номикалық байланыстар коми.
ұйымдармен ұсынатын    теті«"Астана қаласының Шағын
шағын және орта биз.   бизнесті қолдау орталығы"»МКК
несті дамыту бойынша   Астана қаласының Кәсіпкерлер
оқу бағдарламаларына   құқығын қорғау ассоциациясы
қала кәсіпкерлерін қа. Астана қаласының Экономика
тысуға тарту.          және шағын бизнесті дамыту
                       департаменті Астана қаласының
                       Сауда-өндірістік палатасы

32. Бизнес-инкубатор   "Астана қаласының Шағын биз. 2003-2005
шегінде дербес бизнес. несті қолдау орталығы"»МКК   жылдар
ті құру және одан әрі  Астана қаласының Еңбек, ха.
дамыту бойынша жастар. лықты жұмыспен қамту және
ды кәсіпкерлік негіз.  әлеуметтік қорғау департа.
деріне оқыту және бау. менті
лу.

33. "Дөңгелек үстел"   Астана қаласының Кәсіпкерлер Тұрақты
тұрақты жұмысын ұйым.  құқығын қорғау қауымдастығы
дастыру және заңнама.  Астана қаласының Экономика
лық және құқықтық ба.  және шағын бизнесті дамыту
заны түсіндіру және    департаменті Астана қаласы.
жетілдіру мәселелер    ның Бас кеден басқармасы
бойынша семинарлар     Алматы, Сарыарқа аудандары.
өткізу.                ның әкімдері

34. Астана қаласы әкі. Алматы, Сарыарқа аудандары.  Тоқсан сайын
мінің, Алматы, Сары.   ның әкімдері Астана қаласы.  Ай сайын Бағ.
арқа аудандары әкімде. ның Экономика және шағын     дарламаның
рінің шағын кәсіпкер.  бизнесті дамыту департаменті іс-әрекет ету
лікті қолдау және да.  Алматы, Сарыарқа аудандары   кезеңінде
мыту проблемаларын     кәсіпкерлерінің кеңестері
талқылау үшін кәсіп.
керлермен кездесулер
өткізу.

35. Шағын кәсіпкерлік. Астана қаласының Экономика   Тоқсан сайын
тің дамуына қолайлы    және шағын бизнесті дамыту   Бағдарламаның
жағдайлар құру және    департаменті Астана қаласы.  іс-әрекет ету
жасау үшін Астана қа.  ның Кәсіпкерлер құқығын      кезеңінде
ласы әкімінің жанын.   қорғау қауымдастығы
дағы Шағын кәсіпкер.
лікті дамыту комиссия.
сының тиімді жұмыс ат.
қаруын қамтамасыз ету.

36. Астана қаласының   Астана қаласының Статистика  Заңды тұлғалар
шағын кәсіпкерлікті    басқармасы                   үшін - ай сайын
дамыту мониторингін                                 Заңды және жеке
жетілдіру бойынша ша.                               тұлғалар үшін -
ралар жүргізу және                                  тоқсан сайын
статистикалық дерек.
тер ұсыну. 

37. Астана қаласы      Астана қаласының Сауданы     Тұрақты
бойынша қызметтер      ұйымдастыру және базарларда
нарығы мен тауарлар.   бір жолғы талондар беру
дың мониторингін       басқармасы
жүргізу.

38. Заңнамалық актіле. Астана қаласының прокурату.  Жыл сайын
рін бұзу мәселелері    расы Қазақстан Республикасы  IV тоқсан
және шағын кәсіпкер.   Бас прокуратураның Астана
лікті қолдау және      қаласы бойынша құқықтық ста.
қорғау мәселелері      тистика және ақпарат орталы.
бойынша шағын кәсіп.   ғы Астана қаласының Кәсіп.
керлік субъектілер     керлер құқығын қорғау қауым.
өтініштерінің мони.    дастығы Астана қаласының Эко.
торингін жүргізу.      номика және шағын бизнесті
                       дамыту департаменті Астана
                       қаласының Сауда-өндірістік
                       палатасы

39. Шағын кәсіпкерлік  Астана қаласының Кәсіпкерлер Тұрақты
субъектілері арасында  құқығын қорғау қауымдастығы
кәсіпкерлердің озық    Астана қаласының Сауда-өнді.
жұмыс тәжірибесін тара.рістік палатасы Алматы,
ту және енгізу.        Сарыарқа аудандарының әкім.
                       дері Астана қаласының Эконо.
                       мика және шағын бизнесті
                       дамыту департаменті  

40. Ақпараттық буклет. Алматы, Сарыарқа аудандары.  Бағдарламаның
тер, кітапшалар, пла.  ның әкімдері Астана қаласы.  іс-әрекет ету
каттар, анықтамалықтар ның Сыртқы жарнама және ре.  кезеңінде
шығару және шағын сәу. сімдеу басқармасы Астана
леттік нысанды сыртқы  қаласының Кәсіпкерлер құқы.
жарнамалар орналастыру.ғын қорғау қауымдастығы
                       Астана қаласының Сауда-өнді.
                       рістік палатасы "Астана қала.
                       сының шағын бизнесті қолдау
                       орталығы"»МКК

41. Шағын кәсіпкерлік  Астана қаласы әкімінің баспа.Тұрақты
саласының маңызды мә.  сөз-хатшысы Астана қаласының
селелерін және пробле. Кәсіпкерлер құқығын қорғау
маларын және оларды    қауымдастығы Алматы, Сарыарқа
шешу жолдарын баяндау, аудандарының әкімдері Астана
шағын бизнестің инно.  қаласының Экономика және шағын
вациялық қызметін на.  бизнесті дамыту департаменті
сихаттау бойынша бұқа. Астана қаласының Сауда-өндіріс.
ралық ақпарат құралда. тік палатасы«"Астана қаласының
рымен өзара іс-қимыл   Шағын бизнесті қолдау
ету.                   орталығы"»МКК

42. Бұқаралық ақпарат  Астана қаласының Экономика   2003 жылы
құралдарының редактор. және шағын бизнесті дамыту   тоқсан сайын
лары және басшыларының департаменті«"Астана қаласының
қатысуымен "Астана-ин. шағын бизнесті қолдау орталығы"
новация" бизнес-инкуба.МКК Астана қаласының Кәсіпкер.
торының жұмысы және    лер құқығын қорғау қауымдастығы
Астана қаласының
шағын кәсіпкерлігінің
міндеттері туралы бас.
пасөз мәслихаттарын
өткізу.

43. Астана қаласында   Алматы, Сарыарқа аудандары.  Жыл сайын
шағын бизнес проблема. ның әкімдері Астана қаласы.  I тоқсан
ларын зерделеу бойынша ның Кәсіпкерлер құқығын қор.
сауалнамалар өткізу.   ғау қауымдастығы "Астана қала.
                       сының Шағын бизнесті қолдау
                       орталығы"»МКК Астана қаласының
                       Экономика және шағын бизнесті
                       дамыту департаменті

      таблицаның жалғасы
----------------------------
Р/с         Ескерту
 N
----------------------------
            5
----------------------------
1.       Бағдарлама
         іс-әрекетінің
         барысындағы
         өзгерістерімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады