Мүліктік жалға беру (жалдау) мәселелері бойынша Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгірістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімінің 2003 жылғы 15 сәуірдегі N а-4/124 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 23 сәуірде N 1739 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 02 сәуірдегі № А-4/164 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 02 сәуірдегі № А-4/164 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының 27 бабындағы 1 тармағына сәйкес, коммуналдық меншікті тиімді басқару мақсаттарында облыс әкімдігі қаулы етті:

      1. 2002 жылы 4 ақпанда әділет органдарында N 957 тіркелінген, 2001 жылғы 25 желтоқсандағы Ақмола облысы әкімдігінің N а-8/49 « "Мүліктік жалға беру Ережелерін бекіту туралы"  қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      Осы қаулымен бекітілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме балансында тұрған және шаруашылық жүргізуде немесе жедел басқаруындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, соның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік нысандарын сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға беру (жалдау) Ережесінде (бұдан әрі - Ереже).
      2-тармақтағы "Әдістеме бойынша", "Әдістеме" сөздері "Нұсқаулық бойынша", "Нұсқаулық" сөздеріне ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Әдістеме" сөзі "Нұсқаулық"»сөзімен ауыстырылсын;
      6-тармақ келесі мазмұнды екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Шаруашылық жүргізуде немесе жедел басқаруындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың нысандарын 3 жылдан артық мерзімге мүліктік жалға беру мемлекеттік басқару органдарының және әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті әкімдігінің жазбаша келісімдерін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.";
      11-тармақ келесі мазмұнды 3-тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімімен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық іс шаралар өткізу үшін бір айдан ұзақ емес мерзімге оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың жайларын және баланстық бағасы ең аз есептік көрсеткіштен 150 есе артатын құрал-жабдықтарды, ауданы 100 шаршы метрден кем емес жайларды беру шарттарымен нысанды мақсатты бағыты бойынша мүліктік жалға беру (жалдау) туралы";
      19-тармақтың 3-тармақшасы "және жалдау ақысының алғашқы ставкасының мөлшері (осы Ережелердің 3-тармағына сәйкес анықталынатын есептеу ставкасынан төмен болмауы)"»сөздерімен толықтырылсын.

      2. 2002 жылғы 26 наурызда әділет органдарында N№1023 тіркелген, 2002 жылғы 19 наурыздағы Ақмола облысы әкімдігінің N а-4/35 "Тұрғын үй емес мемлекеттік қорды мүліктік жалға беру (жалдау) мәселелері" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Аудан және қала әкімдіктері, Ақмола облыстық коммуналдық меншік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрі кәсіпорындар) қамтамасыз етсін:";
      2-тармақ келесі мазмұнды 3-тармақшамен толықтырылсын:
      "3) кәсіпорындар мен тұрғын үй емес мемлекеттік қорды мүліктік жалға беруде (жалдау) жалдау ақысының ставкасы осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Нұсқаулыққа сәйкес анықталады";
      3-тармақтың 2-тармақшасы алып тасталсын;
      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "3. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары осы кәсіпорындарға 5-қосымшадағы үлгіге сәйкес мүліктік жалға беру (жалдау) шартын жасауды ұсынсын";
      Аталған қаулының 4-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берілсін;
      Аталған қаулының 5-қосымшасындағы 
      1.1-тармағындағы Жалдаушы 200__ж.
      "__"»___ жылға беруші өткізген тендердің жеңімпазы аталып осы шартты жасау құқығын жеңіп алды" сөздерінен кейін "(Жалдаушыны тендер өткізу жолымен айқындаған жағдайда)" сөздерімен толықтырылсын.

      3. Қаулы әділет Басқармасында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Д.З. Әділбековке жүктелсін.

       Облыс әкімі

       "КЕЛІСІЛДІ"

       Ақмола аумақтық мемлекеттік
      мүлік және жекешелендіру
      комитетінің төрағасы

N 1 қосымша

___________________________________ 200___ жылдың ___ (айы)
(министірліктің, агенттіктің, ведомствоның)
үшін ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел
басқаруындағы мүлікті олардың мүліктік жалға беруі жөніндегі

р/с
N

Кәсіпорынның атауы

Жалдау шартының N және күні (ұзартылған жағдайда жаңа шарттың N және күні)

Жалға алушының атауы (тегі, аты-жөні)

Мүліктік жалдау шартының әрекет ету мерзімі

басталуы

аяқталуы



















Үй-жай алаңы немесе жабдық саны

Жалға алынған мүлікті пайдалан
ғаны үшін
ақының мөлшері (мың теңге)

Есептелген
ақы (мың.
теңге )

Аударылған
сома (мың.
теңге )

Мүлікті
пайдаланғаны
үшін
төлемдер
бойынша
берешек

Ескерту



















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады