Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысының әкімдігінің 2003 жылғы 11 тамыздағы N а-8/212 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 5 қыркүйекте N 1996 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № А-11/422 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.11.05 № А-11/422 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148  "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 мамырдағы N№683 "Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес құру туралы"  Қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкiмдiгi қаулы етеді:

      1. Облыс әкiмдiгi жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес құрылсын.

      2. Облыс әкiмдiгi жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңестің дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясының бекiтуiне ұсынылсын (қосымша 1).

      3. Облыс әкiмдiгi жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес туралы Ереже бекітілсін (қосымша 2).

      4. Облыс әкiмдiгi жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес қызметiн қамтамасыз ететін жұмысшы орган болып Ақмола облысының iшкi саясат департаментi белгiленсiн. 

      5. Ақмола облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 2 қазандағы N 598 "Ақмола облысы әкiмiнiң жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес құру туралы" шешiмi (әділет басқармасында 2000 жылы 9 желтоқсанда N 405 тіркелген) күшiн жойды деп танылсын. 

      6. Осы қаулы Ақмола облысының әдiлет басқармасында мемлекеттiк тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Облыс әкiмi

Ақмола облысы әкімдігінің
2003 жылғы 11.08. N а-8/212
қаулысына 1 қосымша

  Ақмола облысы әкімдігі жанындағы
діни бірлестіктермен байланыс бойынша Кеңес құрамы

1.

Жалмағамбетова С.Ж.

-

облыс әкімінің орынбасары, Кеңес төрайымы

2.

Байдәулетова К.А.

-

ішкі саясат департаментінің директоры, Кеңес төрайымының орынбасары

3.

Бекназарова Г.С.

-

облыс әкімінің аппаратындағы әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Кеңес хатшысы

Кеңес мүшелері

4.

Төлеғұл Ғ.Т.

-

облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
(келісім бойынша)

5.

Нұрғожин Е.Ж.

-

ҰҚК Департаменті басқармасының бастығы (келісім бойынша)

6.

Қажыкенов А.С.

-

Ақмола облыстық ІІББ бастығының орынбасары (келісім бойынша)

7.

Бекмағамбетов Ғ.М.

-

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары 

8.

Әбдікәрімова З.М.

-

облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)

9.

Амалбеков Б.Т.


"Егемен Қазақстан" газетінің меншікті тілшісі 
(келісім бойынша)

10.

Косянюк В.В.

-

облыстық "Акмолинская правда"» газетінің бас редакторы 

11.

Чжен М.А.

-

корей ұлттық - мәдени орталығының төрағасы (келісім бойынша)

12.

Бәйменов Р.О.

-

Ақмола облысындағы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының уәкілетті имамы (келісім бойынша)

13.

Качанкин В.И.

-

Көкшетау қаласындағы орыс-славян шіркеуінің Михаил Архистратігі приходының басшысы (келісім бойынша)

14.

Ежи З.Э.

-

киелі Антония атындағы Рим-католик приходының басшысы 
(келісім бойынша)

15.

Байкенова Р.Е.

-

"Мұсылман әйелдері лигасы"» қоғамдық бірлестігінің төрайымы 
(келісім бойынша)

Ақмола облысы әкімдігінің
2003 жылғы 11.08. N a-8/212
қаулысына 2 қосымша

  Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен
байланыс жөніндегі Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Облыс әкiмдігiнiң жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi Кеңес (әpi қарай - Кеңес) - облыс әкiмдігiнiң жанындағы консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады.
      2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң  актілерін, және басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Кеңес өз жұмысын облыстық мемлекеттік органдармен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, сонымен қатар республикалық ұйымдармен бірлесе отырып жүзеге асырады.
      4. Кеңес шешімдері ұсыныстық сипатқа ие болады.

  2. Кеңестің мақсаттары, міндеттері және
атқаратын жұмыстары

      5. Кеңестің мақсаты облыстағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша тұрғындардың дінге сену еркіндігін, рухани келісімді нығайтуды және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар дайындау.
      6. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) облыста діннің даму жағдайын қорытындылау, сараптау және жан-жақты дәйекті түрде зертеу;
      2) облыста дінге сену еркіндігі туралы заңдардың сақталуы және діннің даму жағдайы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ақпарат 6epіп отыру;
      3) діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық Кеңестердің жұмыстарын үйлестіру;
      4) облыста тіркелген діни бірлестіктер туралы ақпараттық банк деректерін құрастыру;
      5) діні бірлестіктер арасындағы өзара келісім мен сыйластықты нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес консультативтік көмек көрсетіп отыру.
      7. Кеңестер өздеріне жүктелген міндеттерге және заңда белгіленген тәртіптерге сәйкес төмендегі жұмыстарды жүзеге асырады:
      1) облыс аумағында құрылған діні бірлестіктер мен шет ел миссионерлерінің жұмыстарын зерттеп, олар туралы деректердің банкін құрастырады;
      2) ақпараттық-үгіт ic-шараларын жүргізеді;
      3) азаматтардың дінге сену еркіндігі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша облыстағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыстар жүргізеді;
      4) басқа облыстардың осындай ұйымдарымен байланыстар орнатып оларды қолдап отырады;
      5) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша өзіне жүктелген басқа да жұмыстармен айналысады.

  3. Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және
жұмыс тәртібі

      8. Кеңесті облыс әкімі орынбасарларының бірі басқарады.
      9. Кеңес мәжілістері үш айда бір реттен кем өткізілмейді. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі оның төрағасы өз еркімен немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.
      10. Кеңес мәжілісі оған кеңес мүшелерінің екіден үш бөлiгi қатысқан жағдайда ғана заңды деп саналады. Кеңес шешімі жиналысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің көп дауысымен Қабылданады. Дауыс тең   болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші роль атқарады.
      11. Мәселелерді қарастырып, мәжілісті дайындау және Кеңес жұмысына сараптама жасау үшін жұмыс тобы құрылады, оны Кеңес мүшелерінің, бipi басқарады.
      12. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін  заңда белгіленген тәртіп бойынша төмендегі құқықтарға ие болады:
      1) Кеңестің міндеттеріне жататын мәселелер бойынша облыстық басқармалар мен ведомстволардың, діни ұйымдардың ақпараттарын қолдану;
      2) заңда белгіленген тәртіптер бойынша құжаттар әзірлеуге ғылыми ұйымдарды, тәуелсіз сараптаушылар мен мамандарды қатыстыру;
      3) Кеңес міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      4) Кеңес міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша түсініктер беру;
      5) заңдарға сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

  4. Кеңестің жұмыстарын қамтамасыз ету

      13. Кеңестің құрамын облыс әкімі бекітеді.
      14. Кеңестің жұмысын оның төрағасы басқарды. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттері төрағаның орынбасарына жүктеледі.
      15. Кеңес алдыңғы қатарлы конфессиялардың басшыларынан, дін танушы ғалымдардан, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерінен, қоғамдық өкілдерден құралады. Кеңес мүшелері қоғамдық жұмысты тегін атқарады.
      16. Кеңестің ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстарын Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
      17. Кеңес хатшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңда белгіленген тәртіптер бойынша:
      1) ұйымдастыру, ақпараттық сараптау, әдiстемелiк және басқа да жұмыстардың қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
      2) Кеңес қарауына жұмыс тәртібі бойынша Кеңес мәжілісінде қабылданған және оның төрағасымен бекітілген жұмыстарды ұсынып отырады;
      3) Кеңес мәжілісінің күн тәртібі құрастырады;
      4) Кеңес мәжілісінің жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерінің бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастырады, іc қағаздарын жүргізеді;
      5) басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

  5. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі

      18. Кеңес өз жұмысын облыс әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады