Жергілікті атқарушы органның резерв қаржысын пайдаланудың Ережесі туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімиятының 2003 жылғы 3 шілдедегі N а-7/78 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 4 шілдеде N 1917 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" 1999 жылғы 1-сәуірдегі N 357-1 (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7- желтоқсандағы N 261 Заңымен енгізілген соңғы өзгерістермен және толықтырулармен) Заңының 13-бабына сәйкес, аудан әкімдігі қаулы етті:
       1. Жергілікті атқарушы органның резерв қаржысын пайдаланудың осы Ережесі бекітілсін (қосымша N 1).
       2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.

      Ауданы әкімі

Ақкөл ауданы әкімдігінің
2003 ж. 3 шілде N А- 7/78
қаулысына қосымша N 1

Жергілікті атқарушы органның резерв
қаржысын пайдаланудың
Ережесі

      Осы Ереже, жергілікті атқарушы органның резерв қаржысын бөлуді және пайдаланудың тәртібін анықтайды:
       1. Жергілікті атқарушы органның резерві, ҚР 1999 жылғы 1- сәуірдегі N 351-1 "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, ҚР 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 261 Заңымен енгізілген соңғы өзгерістерді есепке алып, аудан бюджетінің шығыстарында қарастырылмаған шығындарды қаржыландыру, аудан бюджетін әзірлеу кезінде жоспарланбаған және үстіміздегі жыл қаржысын кідіріссіз қаржыландыруды талап еткен құрамда құрылады.
       2. 1999 жылғы 1-сәуірдегі ҚР "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының1-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органның резервінде жергілікті атқарушы органның шешімімен анықталған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де қарастырылмаған шығындарды жою, сот шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін қаржылар қарастырылған.
       3. Резерві мөлшері, 1999 жылғы 1-сәуірдегі N 357-1 ҚР "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13-бап, 3 - тармағына сәйкес, аудан бюджетінің түсімдері көлемінен 2 пайыздан асырылмауды керек.
       4. Аудан әкімдігінің резерв қаржысы есебінен қаржыландырылатын төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипаты мен өзге де қарастырмаған шығындарға, келесі шаралар жатады:
      1) Төтенше жағдайларды ескертудің-кешенді шаралары, алдын-ала өткізілген және төтенше жағдайлардың шығу қауіпін мүмкіндігінше азайтуға барынша бағытталған адамдар өмірі мен денсаулығын сақтау, залал мөлшері мен материалдық шығынды азайту.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту жөніндегі шараларға жататыны:
      апаттар мен зіл-залалар, күйреуге ұшырау қаупі туралы хабарландыру;
      оқып үйренуді насихаттау, халықты, мамандарды оқытып-үйрету.
      2) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою-құтқару, апаттан бүлінгенді қалпына келтіру және төтенше жағдай туындаған кездегі кезек күттірмейтін басқа да жұмыстар, адамдар өмірін қорғау мен денсаулығын сақтау, залал мөлшері мен материалдық шығынды азайту, сондай-ақ, төтенше жағдайлар аймағын оқшаулау болып табылады.
      Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-әрекетті жүзеге асырудың негізі, жергілікті атқарушы органның табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жариялау болып табылады.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларға жататыны:
      жергілікті атқару органдары мен ұйым басшылары, оқшауланған төтенше жағдайлар аймағында апаттан құтқару қызметтерінің күштері мен құрал-жабдықтарын тартып, бұрын бекітілген жоспарға сәйкес, құтқару мен апаттан бүлінгенді қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырады:
      төтенше жағдайдан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      зардап шеккендерді уақытша тұру пункттеріне бөлу және ұстау, тамақтандыру;
      апаттан-құтқару және апаттан бүлінгенді қалпына келтірудегі жедел әрекет бөлімшелерін техникалық, құтқару құрал-жабдықтарымен, қажетті саймандармен қосымша жарақтандыру;
      төтенше жағдайлар аймағын тасымалдау күш-құралдарымен қамтамасыз ету;
      қоршаған ортаны қалпына келтіру, азаматтардың және ұйымдардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөнінде шаралар өткізу;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою үшін көлік құралдарымен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық, медициналық және өзге де қорлар құру.
       5. Жергілікті атқарушы органның резервінен қаржы бөлуді, аудан бюджетінің шығыс бөлігінде осы мақсатқа бекітілген мөлшер шегінде, аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады. Қаржыландыру, белгіленген заңдылық тәртібінде қаржы алушы көрсетілген, бөлінген қаржының көлемі мен оның пайдаланылу мақсаты айқындалған, аудандық әкімдіктің қаулысы негізінде жүргізіледі.
       6. Резерв қаржысы нысаналы тағайындалған, сондықтан ол осы Ережеде және резервтен қаржы бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысымен қарастырылмаған кез келген керектіге пайдаланылмайды. Аудан әкімдігінің қаулысы, жылды қаржыландыруды аяқтаудың ағымымен күшін жояды. Пайдаланбаған қаржы қалдығы қайтаруға жатады.
       7. Жергілікті атқарушы органның резервінен қаржы бөлуді, аудан әкімдігі дайындаған кезде келесі шарттар ескеріледі:
      аудандық бюджеттен ағымдағы жылға бөлінген ақшаның жоқтығын;
      жергілікті атқарушы органның резервтік қаржысын пайдалану осы ағымдағы жылда шыққандығын және ол ақшаға қажеттілік сот шешімі бойынша жергілікті атқарушы органның міндеттерін өтеуден басқа алушының өткендегі міндеттеріне байланысты емес екендігі ескерілуі керек.
       8. Төтенше жағдай пайда болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган осы төтенше жағдайдың аймағы мен таралу көлемін анықтайды, оларды объектілік және жергіліктіге жатқызады.
       9. Жергілікті атқарушы органның резервінен қаржы бөлу туралы заңды тұлғалардың өтінімін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссияда қарайды, бұл жағдайда дәлелді материалдар мен олардың тізбесінің тапсырылу тәртібі анықталады.
       10. Жергілікті көлемдегі төтенше жағдайларды жою қажеттігі туындағанда ТЖ жөніндегі аудандық комиссия негізделген шығындардың қосымша есебін қарауды аудандық қаржы бөліміне тапсырады. Төтенше жағдайлар комиссиясы белгіленген заңдылық тәртібінде, мақұлданған шешімнің жобасын жергілікті атқарушы органның бекітуіне береді.
       11. Сом шешімдері бойынша аудандық бюджет бағдарламаларының әкімгерлері бөлген жергілікті атқарушы органдардың міндеттерін өтеу, сот орындаушыларының құжаттары бар болғанда жергілікті атқарушы органның резервтік қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі.
      Жергілікті атқарушы органдары, соттың шешімдері бойынша өтемдерді өтеуге міндетті, егер негіз болса, қолданылып жүрген заңдар тәртібінде көрсетілген шешімді, барлық сот инстанцияларында шағымдануға тиісті.
      Жергілікті атқарушы органдары, шағымдалушы сот актілерінің көшірмелерін аудандық бюджет бағдарламалы әкімгерлеріне тапсырулары керек.
      Жергілікті атқарушы органдар өздерінің құқыққа сай емес қабылдаған шешімдері үшін, сондай-ақ өздерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік басқарудағы құқыққа сай емес іс-әрекеттері үшін, оларға әкімшілік шығындар»бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыдан өтейді
      Аудан әкімдігінің қаулысымен жергілікті атқарушы органның резервінен қаржы бөлу туралы жергілікті атқарушы органның міндетін өтеу үшін қаулысының жобасын белгіленген заңдылық тәртібінде, аудандық қаржы бөлімі дайындайды.
       12. Ағымдағы жылдың қаржысындағы резервтен кідіріссіз қаржыландыруды талап етуші міндеттер туындағанда, қаржы бөлу, осы Ережеге сәйкес басымдылық тәртіпте, бюджетте қарастырылған ақша шегінде жүзеге асырылады.
       13. Егер бюджеттің орындалуы процесінде шығысы кірістен асса немесе бюджетке түсетін кірістің түсімі әлдеқайда кемісе, онда жергілікті атқарушы орган, резервтің шығыстары бойынша секвестр енгізуге құқылы.
       14. Резервтен бөлінген қаржыны алушылар олардың, пайдаланылуы, орындалған жұмыстың көлемі мен құнын аудандық қаржы бөлімі белгілеген тәртіп пен мерзімде есеп берулері керек.
       15. Аудандық қаржы бөлімі, ай сайын жергілікті атқарушы органға резервтік қаржының пайдаланылуы жайлы және тиісті кезеңге оның қалдығы туралы мәлімет тапсыруы тиіс.
       16. Бөлінген резерв қаржысын мақсатсыз пайдаланудағы жауапкершілік, Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіпте, алушы жауапты болады.
       17. Жергілікті атқарушыны органның резерв қаржысының мақсатты пайдаланудағы бақылауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады