Кедейлікті төмендету және Мүгедектерді сауықтыру бойынша Бағдарламаны жүзеге асыруын қадағалау бойынша аудандық комиссия құрамы туралы.

Жаңа

Ақмола облысының Атбасар ауданы әкімиятының 2003 жылғы 26 мамырдағы N а-5/182 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 25 маусымда N 1877 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Конституциясына, "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, 17 бөліміне, 2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету бойынша МемлекеттікБағдарламаға сәйкес, аудан әкімдігі қаулы етті:
      1. Мүгедектерді сауықтыру және кедейлікті төмендету бойынша Бағдарламаны жүзеге асыруын қадағалау бойынша аудандық комиссия құрамын келесі құрамда құрылсын.

Боброва Людмила Ивановна - аудан әкімінің орынбасары, комиссия
                           айымы;
Төлегенова Әмина Қаженқызы - "Еңбек, еңбекпен қамту және халықты
                             әлеуметтік қорғау аудандық бөлімі"»ММ
                             меңгерушісі, комиссия төрағасының
                             орынбасары
Распаева Ләззәт Қамитқызы   - ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы,
                              комиссия хатшысы
Арнэ Нина Васильевна       - зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік
                             орталықтың директоры (келісім бойынша)
Буданов Борис Григорьевич  - "Экономика, шағын және орташа
                             бизнестерді дамыту, мемлекеттік
                             сатып алу бөлімі" ММ меңгерушісі
Исабекова Бахыт Зиядақызы - "Атбасар" және "Простор" аудандық
                            газеттерінің редакторы (келісім
                            бойынша)
Ысмағұлов Құрманғали Ысмағұлұлы - қаржы бөлімінің меңгерушісі
Қапанова Зейнегүл Қасымқызы - "Аудандық  сақтау бөлімінің"
                              меңгерушісі
Марунич Людмила Васильевна - Атбасар қ. әкімінің орынбасары
Сексенбаева Жанат Бекетқызы - Аудандық білім бөлімінің»меңгерушісі
Комиссаров Иван Иванович - Аудандық Ардагерлер кеңесінің
                           төрағасы(келісім бойынша)
Коваленко Ольга Ивановна - Аудандық Жұмыспен қамту орталығының
                           директоры
Наурызбекова Светлана Алдабергенқызы - мүгедектердің аудандық
                                       ерікті қоғамының төрағасы
                                       (келісім бойынша)

      2. Мүгедектерді сауықтыру және кедейлікті төмендету бойынша Бағдарламаны жүзеге асыруын қадағалау бойынша аудандық комиссия туралы Ережені бекіту.
      3. Комиссиялар мүгедектерді сауықтыру және кедейлікті төмендету бойынша Бағдарламаны жүзеге асыруын қадағалау бойынша аудандық комиссия туралы Ережемен сәйкес жұмыстарды жүзеге асыру.
      4. Мүгедектерді сауықтыру және кедейлікті төмендету бойынша Бағдарламаны жүзеге асыруын қадағалау бойынша комиссия құрамын бекітуге, аудандық мәслихат сессиясында ұсынылсын.
      5. 1.02.2002ж N 19 "Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес Бағдарламасын жүзеге асыруды қадағалау бойынша аудандық комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы"»Атбасар ауданы әкімінің шешімі күшін жойды деп тану.
      6. Нақты қаулының орындалуын қадағалауды Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Л.И.Боброваға жүктелсін.

      Атбасар ауданының әкімі

Атбасар ауданы әкімдігінің
26 мамыр 2003ж № а-5/182
қаулысымен бекітілген

Мүгедектерді сауықтыру және кедейлікті төмендету бойынша
Бағдарламаны жүзеге асыруын қадағалау бойынша аудандық
комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

     1. Мүгедектерді сауықтыру және кедейлікті төмендету жөнінде Бағдарламаны жүзеге асыруын қадағалау бойынша аудандық комиссия аудан әкімдігінің жанында консультативтік кеңес органы болып табылады.
      2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республика Заңдарын, Қазақстан Республика Үкіметі және Президент актілерін, Ақмола облысының және Атбасар ауданы әкімдері шешімдерін, басқа да Қазақстан Республикасы нормативті және құқықтық актілерін, сол сияқты нақты Ережелерін жетекшілік етеді.
      3. Комиссия өзінің қызметін мемлекеттік органдармен, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелермен қатынас барысында жүзеге асырады.

2. Комиссия мақсаты, міндеті және қызметі

      4. Комиссия мақсаты мүгедектерді сауықтыру және кедейлікті төмендету бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды жасау.
      5. Комиссияның негізгі міндеті болып табылады:
- Ауданда мүгедектерді сауықтыру және кедейлікті төмендету жөнінде  Бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі бойынша, қорытынды жан-жақты, объективті, меңгеру және қорыту;
- Комиссия біліктілігіне қатысты мәселелер бойынша материалдар мен ұсыныстарды аудан әкімдігі отырысында қарастыруға бекітілген тәртіппен енгізу.
      6. Комиссия өзінің біліктілік шегінде құқығы бар:
- Мүгедектерді сауықтыру және кедейлікті төмендету бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі бойынша өздерінің отырыстарында мемлекеттік органдар мен мекемелер, ведомстволар және кәсіпорындар жетекшілерін шақырып хабарларын, есептерін тыңдау.
- өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, ақпараттарды сұрастыру.
- Көрсетілген Бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі бойынша барлық мүдделі органдармен өзінің біліктілік шегінде бірігу, сол сияқты аудандық конференциялар, семинарлар, мәжілістер өткізу.

3. Комиссия жұмыстарын ұйымдастыру

      7. Комиссия өзінің қызметін нақты Ереже негізінде жүзеге асырады.
      8. Комиссияны төрағасы басқарады.
      9. Комиссия құрамына аудандық мемлекеттік органдар және басқа ұйымдар өкілдері енеді. Комиссия құрамының саны мен сапалығын комиссия төрағасының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі қаулысымен айқындалады.
      10. Комиссия отырысы қажет бойынша, бірақ тоқсанда бір реттен кем емес өткізіледі.
      11. Комиссия шешімдерді отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің санынан қарапайым дауысының көпшілігіне қабылданады. Дауыстардың тең кезінде, төрағасы шешеді. Комиссия отырысына егер барлық комиссия мүшелерінің санынан 2/3 артық мүше қатысса құқылы болып есептеледі. Комиссия шешімі хаттамалармен есептеледі.
      12. Комиссия төрағасы:
- Комиссия қызметінің жетекшілігін жүзеге асырады және ұйымдастырады.
- Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады.
- Комиссия отырысын шақырады және онда төрағашылық етеді. Отырыста  комиссия төрағасы болмағанда, оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары немесе комиссия мүшелерінің бірі төрағашылық етеді.
      13. Комиссияның ақпараттың - талдаушы және ұйымдасқан қызметін қамтамасыз етуін, әкім аппараты бөлімшелерінің бірі орындайтын қызметін хатшылықпен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады