Ескерту. Күші жойылды - Атбасар аудандық мәслихатының 2009.04.27 № 4С-17/7 шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 11 тармағына сәйкес, "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 1 тармағы негізінде, Атбасар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің қатынас хатына сәйкес Атбасар аудандық мәслихаты шешті:
1. Атбасар аудандық мәслихатының 2003 жылғы 14 ақпандағы "Азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемді көрсету ережесін" бекіту туралы" N С-25/4 шешіміне, Ақмола облыстық әділет басқармасында 21.03.2003 ж. N 1623 тіркелген, "Простор" газетінде 11.04.2003 ж. жарияланған, келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1) 4 тармақтың 8 тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"4- 8. Төмен қамтылған азаматтарды және тұрақты тұратын жері жоқ тұлғаларды құжаттандыруға әлеуметтік төлемақы ақшалай қаржыны жеке куәлігін ресімдеуді және беруді жүзеге асыратын ұйымдардың есеп айыру шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Материалдық көмек жеке өтініш және өтініш берушінің немесе отбасының материалдық тұрмыстық жағдайын тексеру актісі негізінде төленеді.
Әлеуметтік көмек бір айлық есеп айыру көрсеткішіне дейінгі көлемінде көрсетіледі.
2) Атбасар аудандық мәслихатының 2003 жылғы 14 ақпандағы "Азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемді көрсету ережесін" бекіту туралы»N С-25/4 шешіміне қосымша нақты шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Нақты шешім заңды күшіне Ақмола облыстық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енеді.
Сессия төрағасы
Атбасар аудандық мәслихат хатшысы
Атбасар аудандық мәслихатының
8.07.2003 ж. N C-28/2 шешіміне
қосымша
Азаматтардың жеке санаттарына
әлеуметтік төлем ақы көрсету
Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем көрсету нақты ережесі (әрі қарай Ереже) 258.51 "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем ақы" бюджеттік бағдарламасы бойынша төлем ақы ұйымдастыру тәртібін бекітеді.
2. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Бюджеттік жүйе туралы" Заңдары болып табылады.
3. Ереже әрекеті Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы" Заңымен реттелетін қатынасқа таратылмайды.
2. Төлем ақы алуға құқысы
4. Әлеуметтік төлем ақысын алуға төмен қамтылған, төменгі тіршіліктен аз кірісі бар немесе шұғыл әлеуметтік көмек қажет ететін нақты жағдай күшінде отбасыларының (азаматтар) құқысы бар.
Тіршіліктегі қиын жағдайлар болып табылады:
Құрт және онкологиялық ауруының ұзақ уақыт емделуі, отбасы мүшесінің біреуінің қайтыс болуы, жедел операция жасау қажеттігі.
Әлеуметтік көмек құқығына төмен қамтылған азаматтар егер орташа жан басына шаққанда отбасының кіріс жиынтығы бекітілген кедейлік шегінен төмен болғанда.
Төлемақы облыстық медициналық мекемелеріне тексерілуге жолдаған ауруды жол шығынының орнын өтеуге, төмен қамтылған азаматтарды құжаттандыруға, төмен қамтылған мүгедек азаматтарға, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға беріледі.
3. Төлемақы бойынша жұмыс ұйымдастыру
5. Төлем ақы бойынша жұмыс ұйымдастыру мақсатында, қаланың және ауданның қоғамдық ұйымдар мүшелерінен, аудандық еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі өкілдерінен ведомствааралық учаскелік комиссия құрылады.
Сандық және арнайы комиссия құрамы Атбасар қаласының және селолық округтер әкімдерінің шешімімен бекітіледі.
Аудандық еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жанында бір айда бір рет комиссия отырысы өтеді.
6. Комиссияның негізгі міндеті болып табылады:
1) Әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтар үндеулерін қарастыру.
2) Көмекке келген азаматтар отбасыларының қамтылған деңгейі және әлеуметтік тұрмыс жағдайын тексеру.
3) Әлеуметтік көмек көрсетуді белгілеу және бас тарту туралы шешім қабылдау.
4. Көмек көрсетудің көлемі және тәртібі
7. Төлемақы облыстық медициналық мекемелеріне тексерілуге жолдаған ауруды жол шығынының орнын өтеуге, төмен қамтылған азаматтарға, ақшалай жылына бір рет беріледі.
Әлеуметтік көмек талап еткен тұлға, аудандық еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш береді.
Өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
1) жеке куәлігі немесе паспорты
2) облыстық емханаға тексерілуге жолдаған, құжатқа қол қоюшы қызмет тұлғасының толық атауы, жеке қолы және толық жазу, көрсетілген аудандық емхананың жолдауы. Қызметтік тұлғасының қолы таңбалық мөрмен расталуы керек.
Әлеуметтік көмек бір адамға бір мың теңге көлемінде көрсетіледі.
8. Төмен қамтылған азаматтарды, және тұрақты тұратын жері жоқ тұлғаларды құжаттандыруға әлеуметтік төлемақы ақшалай қаржы жеке куәлігін рәміздеуді және беруді жүзеге асыратын ұйымдардың есеп айыру есебіне аудару жолымен жүзеге асырылады.
Материалдық көмек жеке өтініш және өтініш берушінің немесе отбасының материалдық тұрмыстық жағдайын тексеру актісі негізінде төленеді.
Әлеуметтік көмек бір айлық есеп айыру көрсеткішіне дейінгі көлемінде көрсетіледі.
9. Әлеуметтік көмек төмен қамтылған азаматтарға, мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға ақшалай жылына бір рет отбасы мүшесінің (азамат) біреуіне беріледі.
Материалдық көмек алуға талап еткен тұлға аудандық еңбек, еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш береді, өтінішке келесі құжаттар тіркеледі:
1. Жеке куәлігі, паспорт, СИК, РНН.
2. Тұратын жері және отбасының құрамы туралы анықтамалар
3. Отбасының материалдық-тұрмыс жағдайын тексеру актісі
4. Өткен тоқсандағы кіріс туралы анықтама
10. Материалдық көмек көлемі 16 жасына дейінгі мүгедек-балаларға 5 айлық есеп айыру көрсеткіші көлемімен, төмен қамтылған азаматтар үшін 3 айлық есеп айыру көрсеткіші көлемімен бекітіледі.
11. Төлем ақы өтініш берушінің тұлғалық есебіне қаржыны аудару жолымен жүзеге асырылады.
5. Төлем ақыны қаржыландыру
12. Әлеуметтік төлемақы бойынша шығынды қаржыландыру қаржы шегінде жүргізіледі. "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жеке азаматтар санатына әлеуметтік төлемақы" бюджеттік бағдарлама бойынша осы мақсатқа аудандық бюджетте қарастырылған.
6. Төлемақыны жүзеге асыру тәртібі
13. Әлеуметтік төлемақы Қазақстан Республикасындағы Халық банкіндегі алушылардың тұлғалық есебіне ақшалай қаржыны аудару арқылы жүзеге асырады.
14. Аудандық еңбек. Еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, 2003 жылға аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде әлеуметтік төлем ақы үшін аударуды жүргізеді, азаматтар тізімін реттейді, тізімнің растығына жауап береді.
7. Төлемақыны жүзеге асыруға бақылау
15. Әлеуметтік төлемақы көрсету бойынша есеп беру бақылау Қазақстан Республикасының "Республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.