Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 17 наурызда 1612 тіркелген "Мүгедектер ісі жөнінде кеңес құру туралы" Ақмола облысы әкімінің 2003 жылғы 26 ақпандағы N а-2/68 қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының жұмысын үйлестіру және мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің жеке құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес туралы ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы облыстық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
Бұланды ауданы әкімдігінің
"Мүгедектер ісі жөнінде кеңес
құру туралы" 2003 жылғы 29.12.
№ 281 қаулысына 1 қосымша
Мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің құрамы
Еслямова Ақнұр Қабиденқызы аудан әкімінің орынбасары, төрайымы
Павликова Галина Васильевна аудандық халықты әлеуметтік қорғау
бөлімінің меңгерушісі
Харламова Татьяна Юрьевна аудандық халықты әлеуметтік қорғау
бөлімінің бас маманы, хатшы
Рамазан Нина Сергеевна аудандық емхананың Ұлы Отан
соғысының ардагерлері мен
мүгедектеріне қызмет көрсету
жөніндегі терапевті
Кочергина Татьяна Ивановна аудандық білім бөлімінің меңгерушісі
Грибовский Анатолий Михайлович аудандық мүгедектер ерікті
қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Әкімбаев Серік Құрмашұлы аудандық зағиптар ерікті қоғамының
төрағасы (келісім бойынша)
Прилепко Николай Николаевич туризм және спорт жөніндегі бас
маман
Вахрушева Галина Петровна аудандық қаржы бөлімі
меңгерушісінің орынбасары
(келісім бойынша)
Бұланды ауданы әкімдігінің
"Мүгедектер ісі жөнінде кеңес
құру туралы" 2003 жылғы 29.12.
N 281 қаулысына 2 қосымша
Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес (бұдан былай - Кеңес) Бұланды ауданы әкімінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Кеңесті құру мақсаты мүмкіншіліктері шектеулі мүгедектер мен балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының жұмысын үйлестіру жөнінде ұсыныс әзірлеу болып табылады.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңын, Ақмола облысының әділет басқармасында 04.12.2003 жылда 2157 тіркелген, аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 24 қарашадағы N С-2/2 шешімімен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Мүгедектік, мүгедектер мен мүмкіншілігі шектеулі балалардың проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу.
3. Мүгедектіктің алдын алу, оңалту, әлеуметтік қорғау, білім беру және кәсіби дайындығы, мүмкіншіліктері шектеулі мүгедектер мен балалардың жұмыспен қамтылу проблемаларына байланысты жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
4. Мүмкіншіліктері шектеулі мүгедектер мен балалар проблемасы бойынша ұсыныс дайындау.
3. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңесті төраға басқарады. Қажеттілігіне қарай Кеңестің отырысына төраға немесе оның тапсырмасы бойынша оның орынбасары шақырады, бірақ отырыс бір тоқсанда кем дегенде бір рет өтуге тиіс.
6. Жұмысты ұйымдастыру, сәйкес материалдарды дайындау, Кеңеске ұсыныс әзірлеу Кеңестің хатшысына жүктеледі. Кеңес өз ісін қоғамдық жұмыс ретінде атқарады.
7. Кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады, Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі қолдап дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
8. Кеңес отырысының нәтижесі бойынша хаттама тұрғызылады, оған отырысқа қатысқан Кеңес мүшелері қол қояды. Кеңестік шешімі ұсыныс түрінде беріледі.
9. Кеңесті жұмысшы органы аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімі болып табылады.
4. Кеңестің жұмысын тоқтату тәртібі
10. Кеңес өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.