Аудандық бюджет комиссиясы туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімиятының 2003 жылғы 7 шілдедегі N а-7/196 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 27 шілдеде N 1940 тіркелді

      Қазақстан Республикасының»2001 жылдың 23 қаңтарында "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" N 148-11 Заңы мен Қазақстан Республикасының»1999 жылдың 1 сәуiрiндегi "Бюджет жүйесi туралы" N 357-1 Заңына сәйкес Ерейментау ауданының әкiмдiгi қаулы етеді:
       1. Қосымша берiлiп отырған құрамға сәйкес, ауданның бюджеттiк комиссиясы құрылсын.
       2. Ауданның бюджеттiк комиссиясының дербес құрамы аудандық Мәслихат сессиясының бекiтуiне енгiзiлсiн.
       3. Қоса ұсынылып отырған ауданның бюджеттiк комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.
       4. Ерейментау ауданы әкiмдiгiнiң 2002 жылдың 21 мамырындағы "Сәйкестелген қаржы жылындағы аудандық бюджеттiң жобасын қалыптастыруға арналған бюджеттiк комиссия туралы" N А-5/64 және 2003 жылдың 18 наурызындағы N№А-3/56 қаулысы күшi жойылған болып танылсын.
       5. Бұл қаулы 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі

Ерейментау ауданы әкiмiнiң
2003 жылғы 7 шілде N a-7/196
қаулысымен бекітілген

Ауданның бюджет комиссиясы туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл ереже тұрақты негізде іс атқаратын бюджеттік комиссиясының (әрмен қарай - комиссия) қызметін реттеп отырады.
      2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Комиссияның қызметінің құқықтық негізін құрайды.

      2. Комиссияның мақсаты.

      3. Комиссияның қызметінің негізгі мақсаты аудан бюджетінің сәйкестелген қаржы жылына арналған жобасының дер кезінде әрі сапалы әзірленуін және аудандық бюджетті нақтылауға, атқаруға негізделген ұсыныстардың жобалануын қамтамасыз етуге бағытталады.

      3. Комиссияның міндеттері мен қызметі

      4. Облыстық орташамерзімдік кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспары негізінде аудан бюджетінің үшжылдық кезеңдегі негізгі болжамдық көрсеткіштерін қарау Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады;
      аудандық бюджеттің алдағы қаржы жылына арналған жобасы мен аудан бюджетінің болашақтағы үшжылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштерін құрастырады, оны ауданның жергілікті өкілетті органына ұсынады;
      аудан бюджетінің негізгі болжамдық көрсеткіштері мен алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджеттің сәйкестілігін, қаржы жылының жобасын, ауданның әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспарын межелейді;
      сәйкестелген қаржы жылының аудандық бюджетін нақтылауға негізделген ұсынысты жүйелейді.
      5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді атқарады:
      1) Комиссияның жұмысшы органы дайындалған құжаттарды қарайды, оған қоса аудан бюджетінің алдағы үшжылдық мерзімге бекітілген болжамдық көрсеткіштерін;
      Аудан бюджетінің, шығын лимиті қосылған, соның ішінде инвестициялық жобасы, ағымдағы жылы жүзеге асатын жобалары ескерілген, алдағы үшжылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштерін;
      Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, ағымдағы жылы жүзеге асатын жобалары, соның ішінде ауданда іске асырылатын инвестициялық жобалар ескерілген алдағы үшжылдық кезеңнің инвестициялық жобаларын тізбегі мен көлемін;
      Ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан жағдайға орай бюджеттік бағдарлама (бағдарша) бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің жоспарланған қаржы жылында кредиторлық борышының өтелу шамасын;
      Аудандық бюджеттің алдағы қаржы жылына арналған жобасын;
      2) - аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік тапсырысын қарайды, оған сәйкестелген шешім шығарады;
      3) - бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатын нақтылауға және бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу нәтижелері туралы ақпарат негізінде бюджеттік бағдарламаны әрмен қарай іске асыруға;
      - ауданның мемлекеттік бағдарламасына, аудан аумағының экономикалық-әлеуметтік даму бағдарламасына негізделген ұсыныстарды қарайды, даярлап отырады;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестелген басқадай қызметтерді атқарады.

      4. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссияның өзінің атқаратын міндеттеріне сәйкес:
      1) ауданның - (қаланың) жергілікті атқару органдарымен, аудандық бөлімдермен, ұйымдармен өзара қызметтес болуға, сондай-ақ Комиссияның тапсырмасын іске асыру үшін мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) өзінің құзырлығына енетін мәселелер бойынша шешім қабылдауға, ұсыныс енгізуге;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті құжаттарды аудандық және өзге ұйымдардан сұратуға және алып отыруға;
      4) Комиссияның тапсырмасын іске асырумен орайласқан мәселелер бойынша Комиссия мәжілістерінде аудандық бюджеттік бағдарлама әкімгерлерін тыңдауға құқығы бар.

      5. Комиссияның қалыптасу және қызмет атқару тәртібі

      7. Комиссияның құрамын аудан әкімдігі белгілейді және ол аудандық Мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
      8. Комиссияның органдары:
      1) жұмысшы органы;
      2) Комиссияның төрағасы (төрайымы);
      3) Комиссия төрағасының (төрайымының) орынбасары;
      4) Хатшы.
      9. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның қызметінің ұйымдық мәселелерін Комиссияның жұмысшы органы шешеді.
      10. Комиссияның төрағасы (төрайымы) оның қызметіне жетекшілік жасайды, Комиссияның мәжілістерін басқарады, оның жұмысын жоспарлайды, өз шешімдерінің іс жүзіне асырылуына жалпы бақылау жүргізеді, комиссияның атқаратын ісіне жауап береді.
      Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның қызметін төраға тағайындаған орынбасар атқарады.
      11. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныс, керекті құжаттарды, материалды дайындайды, оны өткізгеннен кейін хаттамаларын ресімдеп береді.
      12. Жұмыстың жоспар-кестесін Комиссия белгілейді. Аудан бюджетін жобасы жасалған кезеңде жұмыстың жоспар- кестесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті бюджеттің жобасын ресімдеу ережесімен жүйелеген мерзімге сәйкестеліп белгіленеді.
      13. Комиссия мүшелерінің мәжіліске қатысуға арналған өз өкілеттіктерін өзге жандарға жолдауға құқығы жоқ.
      14. Комиссияның шешімі ашық дауыспен, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне сауалнама беру тәсілімен қабылданады, егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының басым бөлігі жақтап дауыс берсе, онда шешім қабылданған болып есептеледі.
      Комиссия мүшелері шешім қабылданған сәтте тең дауысқа ие болады. Дауыс тең шыққан Комиссияның төрағасы жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
      15. Комиссия мәжілісінің әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері көрсетілген күн тәртібінің мәселелерін қарау нәтижелері сәйкестелген хаттамаға енгізіліп отырады және төраға анықтайтын жағдайда мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелерінің визасы қойылады.
      Комиссияның қабылдаған шешімі хаттамамен ресімделеді, оған төраға (төрайым) мен хатшының қолы қойылады.
      Комиссияның мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзінің айрықша пікірін жазбаша білдіруге құқығы бар, ол мәжілістің хаттамасына қосылады.
      16. Комиссияның өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатымен қабылданған шешімдері міндетті түрде қарауды, барлық мемлекеттік органдарда белгіленген мерзімде орындауды керек етеді.
      17. Комиссияның жұмысшы органының қызметі жергілікті уәкілді органға-әкімнің басқаратын уәкілі-аудандық қаржы бөліміне жүктеледі.
      18. Жұмысшы органының қызметі, Комиссия белгіленген мерзім мен күн тәртібіне сәйкес, мәжіліске материал дайындауға, оны Комиссия мүшелеріне аудандық бюджеттік бағдарлама әкімгерлері мен жергілікті атқару органдарына таратып-жеткізуге, Комиссия мәжілістерінің хаттамаларын әзірлеуге, сондай-ақ осы Ереже мен нормативтік-құқықтық актілерден туындайтын өзге міндеттерді орындауға арналған.

6. Комиссияның қызметін тоқтату

      19. Аудан әкімдігі Комиссияның қызметін тоқтату туралы қабылдаған, аудандық Мәслихаттың сессиясында бекітілген Қаулы Комиссияның жұмысын тоқтатуға негіз болады.
      20. Комиссияның жұмысын тоқтатуға тура келетін, осы Ереженің 19 бабында көрсетілген жағдай туындағанда аудандық Мәслихатқа орындалған жұмыс туралы есеп-хат жолданады

Ерейментау ауданы әкімдігі
2003 жылғы 7 шілдедегі
Ауданның бюджеттік
комиссиясы туралы N a-7/196
қаулысына қосымша

Ауданның бюджеттік комиссиясының құрамы

      Мұсабаев Өмірсерік Қайыржанұлы - аудан әкімі, комиссияның төрағасы

      Айдаболов Олжахан Омарұлы - Экономика бөлімінің бастығы, төрағаның орынбасары

      Хасенов Амантай Қабыкенұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі төрағаның орынбасары

      Комиссия мүшелері.

      Сахметов Өмірсерік Әміржанұлы - қаржы-бақылау басқармасының Ерейментау ауданы бойынша бас бақылаушы-тексерушісі

      Рақаева Қайнықаят Секенқызы - аудандық қазынашылық бөлімінің бастығы (келісім бойынша).

      Иванова Зинаида Афанасьевна - бюджет бөлімінің бастығы Аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары

      Жақып Қайыркен Біләлұлы - аудандық Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

      Ғаббасова Шырақжан Жұмағалиқызы - салық комитетінің Ерейментау ауданы бойынша төрайымы (келісім бойынша)

      Топорков Егор Михайлович - бас маман - аудан әкімдігінің заңгері

      Ильиченко Марина Леонидовна - аудандық қаржы бөлімінің бас маманы Комиссияның хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады