Елдi мекендердi көркейту, жасыл көшеттердi күту және қорғау бойынша ережелердi бекiту туралы

Күшін жойған

Шортанды аудандық мәслихатының 2003 жылғы 10 қазандағы N С-1/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 07 қарашада N 2098 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № С-15/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № С-15/4 шешімімен

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТi:
      1. Берiлген елдi мекендердi көркейту, жасыл күту және қорғау бойынша Ережелер бекiтiлсiн.
      2. Елдi мекендердi көркейту, жасыл көшеттердi күту және қорғау бойынша Ережелердiң орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың» тұрақты комиссияларына жүктелсiн.
      3. Осы Ереже Ақмола облыстық әдiлет басқармасында тiркеуден өткеннен соң күшiне енедi.

      Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихат
      cессиясының төрағасы               хатшысы

      Келiсiлдi:

     аудан әкiмi
     ауданның бас санитарлық дәрiгерi

Шортанды аудандық мәслихатының
2003 жылғы 10 қазандағы С-1/9
шешiмiмен
БЕКІТІЛДІ

Елдi мекендерi көркейту, жасыл көшеттердi
күту және қорғау бойынша
ЕРЕЖЕЛЕР

      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жақсаруы туралы" Заңына сәйкес әзiрленген.
      Осы Ережелер елдi мекендер аумағын көркейту, жасыл көшеттердi күту және қорғау тәртiбiн және осы мәселе бойынша заңды және жеке тұлғалардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн белгiлейдi.

1. ТАРАУ. Негiзгi ұғымдар мен анықтамалар

      1. Аумақты көркейту - адамның ауыл және поселке аумағындағы қолайлы өмiрiн қамтамасыз ететiн элементтер жұмыстардың кешенi.
      2. Бекiтiлген аумақ - бөлiнiп берiлген аумаққа жататын немесе оған қызмет етуге немесе күзетiлетiн аймақ болып табылатын жер учаскесi.
      Бекiтiлген аумақтар болып табылады:
      1) Жол бөлiгiнiң шетiмен шектелген, көше жақтағы аумақ- жол қабаты дұрысталған көшелер үшiн немесе жол бөлiгiнiң ортасына дейiн- жол қабаты жетiлдiрiлмеген көшелер үшiн;
      2) Аулалар аралығындағы аумақтар;
      3) Жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатымен уақытша сақталуға, қоймаға қылуға және басқа мақсаттарға пайдаланылатын аумақ;
      4) Бөлiнген аумақтың периметрi бойынша 25 метр қашықтықтағы аумақ.
      3. Жасыл көшеттер - санитарлық-гигиеналық талаптарды, көркейту және сәулеттiк-ландшафттық ресiмдеу деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн елдi мекеннiң құрылымын жоспарлау элементi.
      4. Жер жұмыстары - аумақты қазумен, құмды үюмен, қайтадан жабумен байланысты жұмыстар.
      5. Жер пайдаланушы - меншiк түрiне қарамастан (кәсiпорын, ұйым, кәсiпкерлер, жеке сектордағы үйлер иелерi және шаруашылық басшылары) ауылдық жерлердегi жер учаскелерiн пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      6. Инженерлiк жүйе және құрылыстар - тұрғындар мен кәсiпорындардың»мұқтаждықтарына кешендiк қызмет жасауға арналған елдi мекендердi инженерлiк көркейтудiң маңызды элементтерi.
      7. Шағын сәулеттiк нысандар - көлемi жағынан шағын көркемдеу және қайта өңдеу түрiндегi нысандар.
      1) Әсемдiк құрылыстары - мүсiндер, фонтандар, барельефтер, гүлдерге арналған құмыралар және т.б.;
      2) Қайта өңдеу түрiндегi құрылыстар - күркелер, дүңгiршектер, орындықтар, қоршаулар, қоқыс жинағыштар, көшелердi», үйлердiң» маңдайшалары, хабарландырулар және т.б.
      8. Жапқыштар (тенттер) - жол бөлiгiне тасылатын сұйық жүктердi құлаудан, шашылудан сақтауға арналған арнайы құрал.
      9. Қоғамдық жерлер - ортақ пайдаланылатын демалыс орындары  (сапаржайлар, саяжайлар), алаңқайлар және аялдамалар.
      10. Бөлiнiп берiлген аумақ - жер пайдаланушыға иеленуге немесе пайдалануға уәкiлдiк органдардың шешiмiне сәйкес өзiне тиiстi объектiлердi орналастыруға берiлген жер учаскесi.
      11. Көше - жол бөлiгi, тротуарлар, жасыл көшеттер, жер асты және жер үстi инженерлiк желiлерi орналасқан аумақ.

2. ТАРАУ. Жалпы ережелер

      12. Меншiк түрiне және ұйымдастыру - құқықтық нысандарына қарамастан кәсiпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымдық тұлғалар және азаматтар көркейту ережелерiн сақтауға, елдi мекеннiң аумағында тиiстi тазалық пен тәртiптi қамтамасыз етуге, ғимараттар мен құрылыстарды жөнделген жағдайда ұстауға мiндеттi.
      Аумақтардың санитарлық күтiлу және сыртқы көркейтiлу заңды және жеке тұлғаларға осы Ережелер негiзiнде аудан әкiмiнiң және ауыл округтерi әкiмдерiнiң өкiмдiк актiлерiмен бекiтiлiп берiледi.
      13. Жылдың жылы мерзiмiнде ауа райына байланысты бөлiнген және бекiтiлген аумақтар жиналумен қатар суарылуы керек.
      14. Меншiк субъектiсi көшелердi жинауды үй иелiктерi аумағы шегiнде жүргiзедi.
      15. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорын, ұйымдар басшылары, жеке автокөлiк жүргiзушiлерi көшелерге көлiктi тиiстi санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтағанда ғана шығаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Елдi мекендер аумағына санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келмейтiн, жол қабатының ластануына жол беретiн және сыртқы механикалық ақаулары бар автокөлiктер және басқа механикалық құралдардың кiруiне және жұмыс жасауына жол берiлмейдi. Жол қабатын ластап, сұйық және басқа да жүктер таситын жүк автокөлiк жүргiзушiлерi осы көлiктiң»артқы қорабының болуын және жапқыш құралмен жабдықталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      16. Қоғамдық жерлер және салынып бiтпеген аумақтар ауыл округтерi және поселке әкiмдерiнiң шешiмiне сәйкес тазартылады.
      17. Автокөлiктер тұрақтарының орындары әкiмшiлiк және өндiрiстiк №ғимараттар, сауда кәсiпорындары мен қоғамдық тамақтану жерлерiнде орналасуы керек.
      18. Шаруашылықтар және басқа объектілер басшылары кiрме жолдардың ақаусыз жағдайын қамтамасыз етедi.
      19.өӨтетiн жолдарды жауып, көшеттер отыр№ызылган гүлзарларда мұз бен қар жинауға тиым салынады.
      2О. Адамдардың жаппай демалатын жерлерiнде автокөлiктердi және басқа көлiк құралдарын жууға, малдар мен құстарды су құбырлары тартқыштарында,  жағажайлар мен тоғандарда суаруға тиым салынады.
      21. Елдi мекендердiң бөлiнбеген  жерлерiне малдарды жаюға тиым салынады.
      22. Шаруашылық  басшылары мiндеттi:
      1) Елдi мекендерде малдар жерленетiн жерлердi жинауды, ұдайы тазартуды, төгудi ұйымдастыруға;
      2) Елдi мекендерде мал қиы жиналған қойманы механикалық тазартуды, төгудi жүргiзуге;
      23. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес су шаруашылығы және мәдени-тұрмыстық жерлердi жасанды су тоғандарын ластанудан қорғауға.

3. ТАРАУ. Елдi мекендер аумағында шағын сәулеттiк нысандарды белгiлеу және күту тәртiбi

      24. Сыртқы көркейтудiң, барлық элементтерi, соның iшiнде ғимараттардың алдыңғы жағы эстетикалық ресiмделуi керек. Сауда және қызмет көрсету салалары кәсiпорындарының алдыңғы жағы жарықтандырылу керек.
      25. Елдi мекендер аумағында шағын сәулеттiк нысандардың құрылысына және орнатылуына аудан әкiмiнiң тиiстi қызметтерiмен келiсiлгеннен соң жол берiледi.
      26. Шағын сәулеттiк нысандардың барлық белгiлерi ақаусыз жағдайда болуы керек.
      27. Тұрғын, қызметтiк және басқа ғимараттар және құрылыстар тұрғындары көшенiң  көрсеткiштерi мен сандық белгiлерiн дұрыс жағдайда ұстауы керек.
      28. Барлық  меншiк түрiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары кiре берiсте заңды тұлғаның»мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi атауын iлiп қоюға мiндеттi және оның тиiстi жағдайда болуын қамтамасыз етедi.

4. ТАРАУ. Жасыл көшеттердi күту тәртiбi

      29. Гүлзарлар, парктер, көгалдар және басқа да өсiмдiк шаруашылығының объектiлерiн жыл сайын күту заңды және жеке тұлғаларға бекiтiлiп берiлген аумақтарға жүктеледi.
      3О. Құрылыс жерiндегi, жерасты коммуникация және инженерлiк желiлер жолдарындағы жасыл желектердi бұзу және көшiруге аудан әкiмi аппаратында бекiтiлген жасыл желектердi бұзу актiсiне сәйкес жол берiледi.
      31. Жасыл желектердi бұзу және көшiру құрылыс салушылар күшiмен жүргiзiледi. Жасыл желектердi қалпына келтiру құрылыс немесе ғимаратты жөндеу жұмыстарын жүргiзiп жатқан ұйымға жүктеледi.
      32. Жұмыстар жүргiзуде заңды және жеке тұлғалар мiндеттi;
      1) Жасыл көшеттердi бұзылудан қоршауға;
      2) Жолдар, тротуарлар, кiрме жолдарға асфальт төсегенде диаметрi 1 метрден кем емес ойық қалдыруға;
      3) Жасыл көшеттер орналасқан жерлерде жолдарды қайта  жөндегенде 5см. артық көлденең белгiлердiң өзгеруiне жол бермеу керек. Өсiмдiктiң тамырының ашылуы жағдайында жобада жасыл желектердiң қалыпты өсуiне жағдайлардың сақталуы үшiн құрылғы қажет.
      33. Жасыл көшеттер орналасқан аумақтарда тиым салынады:
      1). Құрылыс материалдарын құмдарды, ағаш және басқа заттардың жинауға гүлзарлар, көгалдар, гүлдердi, ойықтарды бiтеуге;
      2). Гүлзарлардың үстiмен жүруге, ағаштарды, көшеттердi кесiп, сындыруға, басқа да зияндар келтiруге;
      3). Ағаштарды, көшеттердiң, жемiстердiң өз бетiмен кесуге;
      4). Ауыл округтерiнiң және поселке әкiмдерiнiң келiсiмiнсiз қоршаулар орнатуға.

5. ТАРАУ. Жер пайдаланушының мiндеттерi

      34. Жер пайдаланушы мiндеттi:
      1). Бөлiнген және бекiтiлген жерлердi, инженерлiк желiлер және олардың элементтерiн санитарлық нормалар белгiлеген санитарлық жағдайға ұстауға;
      2).өӨндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және көмудi қамтамасыз етiп, нормативтер белгiлеген санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес аумақты ұстау;
      3). Сұйық қалдықтарды жинауға санитарлық нормаларға сай қазылған шұңқыр болу керек;
      4). Қажеттiгiне қарай өз аумағын (көртышқан, егеуқұйрық, тышқан, шыбындар мен тарақанды жоюға) залалсыздандыруға және дератизациялауды жүргiзу.
      35. Жер пайдаланушыға тиым салынады:
      1). Бөлiнбеген аумақта жабдықтар, шикiзат, ыдыстар және т.б. жинауға;
      2). Қоршаған ортаға зиян келтiретiн тазарту әдiстерiн пайдалануға;
      36. Шаруашылықтар, кәсiпорындар, ұйымдар басшылары өз қызметiн жүзеге асыруда мiндеттi:
      1). Қолданылып жүрген санитарлық заңдарды, санитарлық нормалар мен ережелердi, гигиеналық нормативтердi сақтауды қамтуға;
      2). Қоршаған ортаның ластануын жоюға және алдын алуға бағытталған санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды әзiрлеуге мен жүзеге асыруға.

6. ТАРАУ. Осы Ережелердiң бұзылуына жауапкершiлiк

       37. Осы Ережелердiң»бұзылуы Қазақстан Республикасының» "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 300, 387 баптарында көрсетiлгендей әкiмшiлiк жауапкершiлiк артады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады