Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкiмиятының 2003 жылғы 16 маусымдағы N 142 қаулысы. Ақтөбе облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 2 шілдеде N 2241 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 428 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012.11.29 № 428 Қаулысымен.

       "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-1 Заңының 14-бабының 2 тармағына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін сату жөніндегі сауда орындарының қызметін тәртіпке келтіру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоса беріліп отырған облыс аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату Ережесі бекітілсін.
       2. Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдері эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімдік басылым өнімдерін сатуға арналған арнайы тұрақты орындар белгілесін.
       3. "Ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесі (М.М. Тағымов) бір ай ішінде облыс әкімияты жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын басылым өнімдерін сату тәртібін бақылау жөніндегі комиссияның құрамын  облыстық мәслихатқа бекіту үшін ұсынсын және комиссияның Ережесін әзірлесін.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А.Қ. Есіркеповке жүктелсін.

      Облыс Әкімі

Облыс әкімиятының
2003 жылғы 12 маусымдағы
N 142 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылым өнімдерін бөлшек саудада сату Ережесі

      Осы Ереже "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451-1 Заңының 3-бөлімі, 14-бабының 2-тармағы негізінде әзірленді.

      1. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылым өнімдері бөлшек саудада тек қана айқын көрініп тұратын жабық орамның ішінде және жергілікті атқару органдары арнайы бөлген тұрақты үй-жайларда ғана сатылуы тиіс.

      2. Аталған басылым өнімдерін:
      1) 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге;
      2) балалар мекемелерінде және оқу орындарында және оған 150 метр радиуста іргелес жатқан аумақта;
      3) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде, сондай-ақ сәулет пен тарихи ескерткіштердің маңында;
      4) қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдар жаппай демалатын орындарда сатуға тыйым салынады.

      3. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялаушы мерзімдік басылымдар тізбесін - Ақтөбе аймақтық ғылыми-өндірістік сот-сараптау лабораториясының тұжырымы негізінде облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының ұсынысы бойынша облыс әкімияты жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімдік басылым өнімдерін сату тәртібін сақтау жөніндегі Комиссия анықтайды.

      4. Осы Ереже эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді басылымдарға, сонымен бірге жақын және алыс шет елдерден әкелінетін басылымдарға да қолданылады.

      5. Эротикалық сипаттағы басылым өнімдерін осы мақсатқа арналып бөлінбеген жерде таратқан немесе жарнамалаған тұлғалар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-11 Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады