2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" облыстық бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 33-184 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 11 сәуірде N 1084 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2011 жылғы 14 қаңтардағы N 41-234 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2011.01.14 N 41-234 Шешімімен

       Облыс тұрғындарын қажетті мөлшерде және кепілдікті сапада ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығын жақсарту мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы "2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы" N 93 Қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
       1. 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" облыстық бағдарламасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       2. 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" облыстық бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етуді бақылау мен үйлестіру облыс әкімінің орынбасары Б.Д. Тәкеновке және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, байланыс пен көлік жөніндегі тұрақты комиссиясына (Сакмаров В.В.) жүктелсін.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Алматы облыстық мәслихатының
2003 жылғы 20 наурыздағы
N 33-184 шешіміне
қосымша

2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" облыстық бағдарламасы

Талдықорған, 2003 жыл 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су"
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

Аталуы:

2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" бағдарламасы

зерттеме негізі:

2002-2010 жылдарға арналған Республикалық салалық "Ауыз су" бағдарламасын жүзеге асыру

Стратегиялық мақсат:

Тұрғындарды қажетті көлемде және кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

Мақсаттар:

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін анықтау және жасау

Негізгі бағыттары және асыру механизмдері:

Тұтынатын судың сапасын жақсарту, жабдықтаудың қазіргі жүйелерін пайдалану жағдайына ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру

қаржыландыру көздері:

Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, су құбырларын пайдаланатын ұйымдардың қорлары, бюджеттен тыс қорлар

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже:

Қазіргі су жүйелерін қалпына келтіру және су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіру

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері:

2002-2010 жылдар

Кіріспе

      Осы бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтарда N 93 қаулысымен бекітілген "Ауыз су" салалық бағдарламасына сәйкес әзірленген.
      Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету су көздерінің ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің қанағаттанғысыз техникалық жағдайына байланысты өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.
      Бағдарлама "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазахстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" N 3956 Жарлығын орындауға бағытталған.
      Бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі бойынша ұзақ мерзімге жатады.

I. Алматы облысындағы су ресурстарын пайдаланудың қазіргі
жай-күйін талдау

      1999 жылғы 1 қаңтардағы халық санағына сәйкес облыста 1 558 534 адам, оның ішінде 451,5 мың адам қалалар мен кенттерде, 1108,0 мың адам ауылды мекендерде тұрады.
      Облыстың 836 елді-мекендерінің 373-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесімен қамтылған.
      450 елді мекен тұрғындары суды жергілікті қайнарлардан, құдықтардан, құбырлық құдықтардан және 13 елді мекендер тасып әкелінген суды (бұлар разъездер мен алыс кенттер) пайдаланады.
      Сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесімен қамтылған 373 елді мекендердің ішінде тек 19 қалалар мен аудандық орталықтарда "Водоканал" маманданған коммуналдық кәсіпорындары бар.
      Қалған ауылды елді мекендерде жойылып кеткен ауыл шаруашылық кәсіпорындардың (колхоз, совхоз) базасында құрылған шаруашылық субъектілер ауыз сумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      Ауылды, кенттерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі қамту локалді су құбырларын салу арқылы шешілетін, және де оларды бәрін қалпында ұстау үшін мемлекеттік дотация пайдаланатын.
      Көптеген су құбырлары 20-25 жыл бұрын пайдалануға берілген немесе күрделі жөндеуден өткен. Көптеген су құбырларының және олардың бөлек жүйелерінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен, яғни апаттар саны өскен. Жоғары апатқа ұшырау қаупінің жоғарылығы екінші рет ластануға, суды беруде ұзақ іркілістерге, кейбір жағдайларда 30 және жоғары пайызға жететін жүйедегі үлкен судың ағылуына әкеледі, бұл өз кезегінде электрқуатының шығындалуына, яғни 1 м 3 судың өзіндік құнының өсуіне әкеп соқтырады. Нәтижесінде көптеген сумен қамтамасыз ету жүйелері пайдалануға жарамсыз жағдайға келіп, тұрғындар орталықтандырылған су жүйесіз қалды.
      1991 жылы облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі аталған себептер салдарынан, сондай-ақ соңғы он жылдарда инвестициялық қолдаудың жоқтығынан, сумен қамтамасыз ету жүйелерді пайдалану күрт төмендеді.
      Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің орташа көрсеткіштерінің жылдық төмендеуі 3-5% жетеді.
      Облыстағы көптеген жұмыс істеп тұрған су құбырлары ұзақ мерзімдер пайдалануына және суды тазалау технологиясының ескіруіне байланысты санитарлық талаптарға сай келмейді, нормативті сапалы су беруді қамтамасыз етпейді.
      1999 жылы облыс бойынша әрбір тұрғынға шаққандағы шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне суды тұтынудың нақты үлесі республикалық көрсеткішіне орташа 167л/тәул қарсы 206л/тәул құрады. Ауыл тұрғынның су тұтынуы 70-75л/тәул. құрады, республикалық орташа көрсеткіш 68 л/тәул.
      Облыс бойынша тұрғындардың орташа сумен қамтылуы (нормативтіден %) 92 % құрады, орташа республикалық 85 %. Ауылдарда 84 %, орташа республикалық 71 % қарсы.
      Түрлі себептер салдарынан тұрғындарға берілген әрбір 1 м 3 су жекелеген аумақтарда 61 теңгеге жеткен, аудандар мен қалалар арасында ол 7 ден 61 теңге аралығында құбылады.
      Жекелеген аудандарда жіберілетін 1 м 3 судың нақтылы өзіндік құны 90 теңгеден асады.
      Орталықтандырылған және де орталықсыздандырылған қайнарлардан тұрғындардың ішу мақсатында пайдаланатын судың сапасы санитарлық ережелер мен нормаларға ГОСТ стандарт талаптарына ("Ауыз су") жауап бермейді.
      Алматы облысының шеңберінде 52 жер асты суларының көздері зерттелінген, оның ішінде 44 тұщы су қайнарлары және 8 минералды су қайнарлары.
      2002 ж 1 қаңтарға қарағанда қалпына сай А+В+С 1 2 категориялары бойынша жалпы пайдалану қорлары 16,4 млн.м 3 /тәул. (16362,5 мың.м 3 /тәул.) құрады.
      Облыста жер асты суларын 0,8 млн.м 3 /тәул. (795,5 мың м 3 /тәул.) өндіретін 259 ірі және орта су пайдаланушылары табылған, ол бекітілген пайдалану қорларының 4,9 % құрайды. 1999 жылдан 2002 жылға дейінгі өндіру көлемі 0,09 млн.м 3 /тәул. төмендеген, бірақ су тұтынушыларының саны өзгермеген. Алматы облысы бойынша анықталған су пайдаланушыларының тек 76-да ғана рұқсат құжаттары бар, бұл жалпы көлемінің 26 % құрайды. Сонымен қатар, бұл су пайдаланушылар су өндірудің жалпы көлемінің 76 % құрайды. Бұл бірінші кезекте ірі су пайдаланушылардың суды шығару құқын алуларымен түсіндіріледі.
      Жер асты тұщы су көздерінің ең үлкен ауыртпалығын Алматы, Талғар және Талдықорған қайнарлары көтереді, олардың негізгі пайдаланушы ұйымдары Алматы қаласының "Водоканал" МКК және Талдықорған қаласының "Водоканал" МКК болып табылады.
      Облыс тұрғындарын 1991 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі көрсетілген себептерге, сондай-ақ соңғы он жылда инвестициялық қолдаудың жоқтығынан су құбырлары жүйелерін пайдалану күрт төмендеді.
      Шығарылатын су көлемінің төмендеуі, су тұтынушыларының жер беті суларын пайдалануға көшуі, сонымен бірге суға тарифтің көтерілуіне байланысты бұқаралық су өлшеуіштерін орнату салдарынан электрқуатына бағаның өсуімен анықталады. Бұрынғы ұсақ су пайдаланушыларының көпшілігі ластанған жер беті суларын пайдалануға көшті, бұл жұқпалы аурулардың өсуіне әкеп соқтырды. Ауыл шаруашылығы саласындағы қиын жағдай суландыруға қолданатын тұщы суларының көздеріндегі жоғары қуатты скважиналардың иесіз қалуына әкеп соқтырды. Осындай пайдаланусыз қалған скважиналарды жоғалтулар көлемі 253,6 мың м 3 /тәул. құрайды.
      Тұтынатын су көлемінің төмендеу процессі Республикадағы жалпы экономикалық жағдайға байланысты, және бұл болжау бойынша 2005 жылға дейін жалғасады. Содан кейін пайдалануға жаңа кәсіпорындарды ендіру көлеміне байланысты суды пайдаланудың өсуі байқалады. Сөйтіп 2004 жылы өндіру көлемі 744 мың м 3 /тәул. дейін төмендейді, 2005 жылы 724 мың м 3 /тәул. құрайды, ал 2010 жылдан бастап 2030 жылдар аралығында 963 мың м 3 /тәул. дейін өседі.
      Минералды сулар бойынша суды тарту 1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін орнықты және бекітілген запастар көлемінің 13% аспайды.
      Қазіргі уақытта жер асты суларын пайдалануының өсуінен қиын жағдай туындап отыр. Алматы облысының 9 су кен орындарының пайдалану мерзімдері аяқталған: Қапшағай, Талғар, Есік, Қаскелең, Үштөбе, Сарыөзек қалаларын сумен жабдықтауға пайдаланатын Есік, Николаевка, Қаскелең, Кеген, Шығыс-Талғар, Үштөбе, Ұзынбұлақ, Сарыөзек, Шұбар жер асты сулары. 2004 жылға дейін Алматы қаласын сумен жабдықтауға пайдаланылатын Талғар, Ұзынағаш, Нарынкөл су кен орындарының пайдалану мерзімі аяқталады. 2014 жылға дейін Алматы, Боралдай, Горный, Гигант, Ақсеңгір, Шелек су кен орындарының пайдалану мерзімі аяқталады. Егер шаралар қолданбаса 2018 жылы Алматы облысының территориясында бірде бір сапасы бар ауыз су, жер асты суларының бекітілген запастарының су кен орны қалмайды. Негізгі су пайдаланушылар мемлекеттік меншік нысанындағы водоканал кәсіпорындары болғандықтан жер асты суларының кен орындарын өз күштерімен қайта бағалаудан өткізу тарифінің өсуіне әкеледі және тұрғындардың әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуіне соқтырады. Әуелі қазіргі суға тарифтерде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар су жүйелерін ауыстыра және жөндей алмайды, ол тасымалдауда жалпы су алымының 30% жететін жоғалтулар көлемімен айқындалады.
      Облыс жұқпалы ішек аурулары бойынша эпидемиологиялық қиын жағдайда. Ауырған келетін 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы жалпы санының 59 % жоғары болып қалуда. 14 жасқа дейінгі балалардың "А" вирус гепатит ауруы облыстық деңгейде Балқаш ауданында 4 есе, Ұйғыр ауданында 2 есе, Жамбыл ауданында 1,6 есе, Райымбек ауданында және Талдықорған, Текелі қалаларында 1,2-1,4 есе асады. өткен жылмен салыстырғанда ересек аурулардың үлес салмағы өскенін (30-дан 41 % дейін) және балалар пайызының төмендегенін (70 %-дан 59 % дейін) атап өткен жөн. Су арқылы инфекцияларды жұқтырудың белсенділік жанама белгісі болып табылатын бұл процесс Балқаш, Иле, Райымбек, Сарқан аудандарынан басқа облыстың барлық территориясында байқалады. Жұқтырудың белгіленген жолдарының ішінде су арқылы 19,1 %, тағамдық 14,2 %, тұрмыстық-контактілік 66,6 % тиесілі. Су арқылы жұқтырудың 7 аудандарда: Балқаш ауданында (2002 жылы бекітілген жұқтыру жолдарының жалпы санының 16,7 %), Жамбыл ауданында (2001 ж.-73 %, 2002ж.-58,3 %), Талғар ауданында (2001 ж.-56.5; 2002-53,3 %), Сарқан (2001 ж.-50 %, 2002 ж.-40 %), Ұйғыр (2001 ж.-25 %, 2002 ж.-23,4 %), Еңбекшіқазақ (2001 ж.-9 %, 2002 ж.-10 %) және қапшағай (2001 ж.-32,5 %, 2002 ж.-18,2 %) құрады. Су арқылы жұқтырудың жолы жылдан жылға анықталуда. Ашық суларды коли-фагиге зерттегенде Балқаш ауданында 15 %, жағымды пробалар, 2,5 % Ұйғыр ауданында, 2,2 % Талғар ауданында және Сарқан ауданында 1,7 % анықталған. Су арқылы жұқтырудың су жолы белгіленген Талғар ауданының Тұздыбастау, Бесағаш, Қызыл-қайрат, Нұра, Арқабай ауылдарында, Ұйғыр ауданындағы Чұнжа, Долайты, Шарын, Жамбыл ауданының барлық ауылдарында аурудың кепілденбеген сапалысыз суды пайдаланумен байланыстырады. Инфекция ошақтарын лабораториялық зерттеуде 10,3 % Жамбыл ауданында, 3,2 Талғар ауданында тексеру барысы растады.
      Вирустық гепатитпен ауруды талдау және облыстағы эпидемиялық процесінің өсу мәліметтері бойынша инфекция тарату факторы болып табылатын суды активтік түрде пайдалануға беріліп келе жатқанын көрсетеді. Сумен қамтамасыз ету жөніндегі жаман жағдайдағы елді мекендерде эпидемиологиялық процесс судан басталып, бір-бірімен байланысы арқылы тарайды.
      Бүгінгі күнге облыс бойынша су құбырларының жағдайы өзекті мәселе болып қалуда, бір қатар мәселелер шешімін таппауда. Жыл сайын істеп тұрған су құбырларының саны қысқаруда. Егерде 2001 жылдың аяғына есепте 393 су құбыры тұрса, ағымдағы жылдың қазіргі уақытына 373 қалды, қалғандары жарамсыздыққа келді. Істен шыққан су құбырларының саны ұлғаюда, бүгінгі күнге олар 356, ең үлкен сан Алакөл ауданына 21, Көксу ауданына 18, Сарқан 18, Райымбек 6 тиесілі. 37 су құбыры иесіз болып табылады, соның салдарынан тұрғындар шахталық, құдықтық әуелі кездейсоқ су көздерінен суды пайдалануға мәжбүр болады.
      Сумен жабдықтаудың ашық қоймалары болып табылатын 39 су құбырынан, тек 32-де тазартқыш қондырғылары бар, олардың 10 Райымбек, Талғар, Қарасай және Жамбыл аудандарында істемей тұр. Зарарсыздандыру қондырғылары тек 19 су құбырларында бар, нәтижесінде тұрғындар суды алдын ала тазалаусыз және дезинфекциясыз пайдалануға мәжбүр.
      Ағымдағы жылдың 8 айында микробиологиялық көрсеткіштерге 6133 орталықтандырылған сумен жабдықтау сулары сынауға алынып зерттелген, олардың ішінде 154 пробалар нормативті талаптарға сәйкес келмейді, бұл 2,5 % құрайды. Жекелеген аудандарда стандартты емес сынамалар пайызы берілген көрсеткіштен асады: Ақсу ауданында стандартты емес сынамалар Жансүгіров кенті есебінен 4,4 пайыз құрайды, бұл жерде су құбырлары мен жүйелері жұмыстары мүлдем қазіргі уақыт талаптарына сай келмейтін екі шаруашылық субъектінің құзырында (қант зауыты және водоканал) болып отыр. Тазарту қондырғылары жоқ, хлораторлық қондырғылар ұзақ уақыт бойы істемейді. Ұқсас жағдай стандартты емес сынамалар пайызы 6,4-ке жеткен, Сарқан ауданында да байқалады, су сапасының төмендеуі тек қайнар да ғана емес, сонымен бірге тарату жүйесінде де байқалады. Сумен жабдықтаудың күрт жағымсыз жағдай осы ауданның Лепсі аумағында байқалады. қолда бар 4 су құбырларының біреуі де жұмыс істемейді, сондықтан халықтың бір бөлігі кездейсоқ ашық су көздерін пайдалануға мәжбүр, ал халыққа суды жеткізу ұйымдастырылмаған. Стандартты емес сынамалар орташа облыстық көрсеткіштен Жамбыл ауданында да асады және 4,3 % құрайды.
      Балқаш ауданында, 14 жастағы балалар арасында вирустық гепатитпен ауру 4 есе асып түседі, 13 су құбырының 1 ғана жұмыс істейді, қалғаны жарамсыз жағдайда, өйткені жүйелер және қондырғылар коррозияға ұшыраған, тазарту қондырғылары, тереңдік насостар бұзылған, электр қуатын өткізу желілері жоқ.
      Қапшағай қаласының Заречный ауылы іш сүзегімен ауруы бойынша қолайсыз болып табылады, зарарсыздандыру қондырғылары 1995 ж. бері жұмыс істемейді, тарату жүйелері апаттық жағдайда; Қарабұлақ кентінде және АҚ-өзектегі скважиналарының қатал тәртіпті зонасы жоқ, су құдықтары мен жүйелері қанағаттанарлықсыз жағдайда; Арна және Шеңгелді кенттерінде су жүйелері 3-5 жылдан бері пайдаланылмайды.
      Стандартты емес сынамаларының жоғары пайызы Көксу ауданында (6,7 %) және Ақсу ауданында (4,4 %) байқалады.
      Орталықсыздандырылған қайнарлардан 1015 су сынамалары зерттелініп, олардың 44 нормативті талаптарға сәйкес келмейтіндігі (4,3 %) анықталған.
      Қалыптасқан ахуал су қайнарларының үдемелі ластануының, су құбырларының құрылыстары мен тарату жүйелерінің санитарлық - техникалық жағдайының нашарлануының, бірқатар су құбырларында қажетті тазарту құрылыстарының кешені мен зарарсыздандыру қондырғыларының болмауының, коммуналдық шаруашылық ұйымдарының материалды-техникалық базасының әлсіздігінің заңды салдары болып табылады.
      Халықтың ауыз суды пайдалану мұқтаждығы тұтынатын судың сапасының және қолайлылығының төмендеуіне төмендегі факторлар әсер етеді:
      су көздерінің, әсіресе жер үсті суларының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық-тұрмыстық шайынды сулармен жалпы техногенді ластануы;
      су құбырларының және кәріз желілері мен құрылыстарының суды тиісінше дайындауды әрі шайынды суларды тазалауды қамтамасыз етпейтіндей тозуы;
      ауыз су үшін төлем жөніндегі баға саясатының, тарифтер тетігінің жетілдірілмеуі, коммуналдық-тұрмыстық секторды және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауды басқарудағы және пайдаланудағы кемшіліктер;
      халықтың төлем қабілетінің және сапалы ауыз суға қолайлығының төмендігі;
      сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуға, қазіргі жүйелерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік инвестициялардың жеткіліксіздігі;
      шаруашылық ауыз сумен жабдықтау үшін арнайы барланған жер асты сулары көздерін пайдаланудың жеткіліксіздігі;
      Халық тұтынатын ауыз судың сапасын және қолайлылығын қамтамасыз етумен байланысты қалыптасқан ахуал себептерін жою жөнінде мақсатты бағытталған шаралар қабылдамау мынадай жағымсыз салдарға алып келеді:
      облыс тұрғындары денсаулығының нашарлауы;
      аудандарда медициналық-экологиялық ортаның нашарлауына байланысты халықтың бей-берекет көшіп-қонуы;
      коммуналдық сектор кәсіпорындарында ескірген өндірістік қорлар көлемінің өсуі;
      пайдалану шығындарының өсуімен қатар коммуналдық қызметтерді ұсыну сапасының және іркіліссіздігінің төмендеуі;
      жер асты сулары көздері мен ашық су қоймаларын ауыз суға пайдалану мәнінің жоғалуы;
      суды тазалау және суды дайындауға кететін шығындардың артуы.

II. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты - халықты қажетті мөлшерде және кепілді сапалы сумен тұрақты қамтамасыз ету.
      Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      - халықты қажетті мөлшерде және кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін айқындау және әзірлеу, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі басымдықтарды анықтау.
      - бағдарламаны іске асыру үшін инвестицияларды қажетті көлемі мен қаржыландыру көздерін анықтау.
      Тұрғындарды ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету төмендегі принциптер негізінде жүзеге асырылуы тиіс:
      1) облыстағы барлық тұрғындарды теңдей қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру үшін мемлекет жауапты болуға тиіс;
      2) суды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құндылығы бар шектеулі табиғи ресурс ретінде қараудың қажеттілігі;
      3) жер асты су көздерін пайдалануды күшейту Бағдарламаның негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады және мыналарды көздейді:
      жер асты суларының болжамды ресурстарын бағалау;
      барланған жер асты су көздері мен су жинауыштарды түгендеу;
      жаңа жер асты су көздерін анықтау үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу;
      жұмыс істеп тұрған су алғыштарды кеңейту және қайта ұйымдастыру;
      жер асты су көздерінің санитарлық ахуалын сауықтыру;
      жер асты су көздерін сарқылудан және ластанудан қорғауды жүзеге асыру;
      4) су шығару және жеткізу құралдарын шаруашылық жүргізуші түрлі субъектілердің меншігі болуы мүмкін;
      5) суды тұтыну коммерциялық принциптерге негізделуі тиіс, суды пайдаланудың ақылы болуы суды ұтымды пайдалануға қол жеткізуге, сақтауға және кәсіпкерлік қызметке ынталандыруы тиіс;
      6) меншік нысандарының сан алуандығы жағдайында инвестициялық процесті кейіннен орталықсыздандыра отырып, ауыртпалық орталығы қайтарымсыз бюджеттік қаржыландырудан қайтарымды негізде несиелеуге бірте-бірте көшіру;
      7) барлық су тұтынушының су заңнамасы талаптарын сақтауы.

III. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі

      Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешудің негізгі бағыттар болып төмендегілер табылады:
      қазіргі сумен қамтамасыз ету жүйелерін оларды пайдалану жай-күйін қолдау үшін қалпына келтіру және жетілдіру;
      сумен қамтамасыз етудің жаңа көздерін игеру және балама көздері мен нұсқаларын дамыту;
      тұтынатын су сапасын жақсарту;
      ауыз суды ұтымды пайдалану;
      су объектілерінің экологиялық жай-күйін жақсарту;
      халықтың ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын түсінуге септігін тигізетін ақпараттық орта жасау,
      сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметін басқаруды, үйлестіруді жетілдіру әрі оның тиімділігін арттыру.
      Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 1-қосымшада келтірілген.
      1. Қазіргі сумен қамтамасыз ету жүйелерін оларды пайдалану жай-күйін қолдау үшін қалпына келтіру және жетілдіру.
      Осы бағыт су жинауыш және су құбырлары жүйелер мен құрылыстарын жөндеу, қалпында ұстау, су алғыш құбырларды қалпына келтіру, төтенше жағдайларда резервтік сумен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруды қамтиды.
      Бағдарламаның осы бағытын дамыту үшін аз шығын жұмсай отырып, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге, материалдық және энергетикалық жабдықтаумен байланысты пайдалану шығыстарын қысқартуға мүмкіндік беретін мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:
      - облыстың елді мекендеріндегі сумен жабдықтау жүйелерін кешенді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
      - кенттерде бұрын салынған жергілікті су құбырларын оңалту, олардың жұмыс тиімділігін арттыру, залалсыздандыру және су тазалау технологиялық процестерін жаңғырту.
      Бұл жұмыстарды облыстың 300-ден астам қалалары мен кенттерінде жүргізу болжанып отыр ( N 2 және N 3 қосымша).
      2. Сумен қамтамасыз етудің жаңа көздерін игеру және балама көздері мен нұсқаларын дамыту.
      Осы бағыт жер асты суларының барланған қорларын неғұрлым толық пайдалану есебінен сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін және ауыз сумен жабдықтаудың қорғалған көздері жоқ елді мекендерде іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізгеннен кейін жаңаларын игеруді көздейді.
      Жекелеген өңірлерде альтернативтік балама көздер ретінде мүмкіндіктер қарастырылып отыр:
      - мейлінше төмен сапа деңгейімен жол берілетін жер асты суларын (минералдылығы 1,0-1,5 г/л минералдылығы әлсіз жер асты сулары) пайдалану;
      - ауыз судың жеткізілуін ұйымдастыруды жетілдіру;
      - жергілікті су тазалау құрылғыларын орнату.
      3. Тұтынатын судың сапасын жақсарту.
      Бағыт су сапасын жақсарту жөніндегі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
      - ауыз су сапасын жақсарту жөніндегі жаңа отандық та, шетелдік те озық технологияларды әзірлеу және енгізу,
      - судың екінші қайта ластану мүмкіндігін жою мақсатында су құбыры жүйелерінің тозған учаскелерін жаңарту және ауыстыру,
      - бастапқы суды тазалаудың технологиялық схемасын белгілеу және суды қамтамасыз етуді өлшемдерін нығайту.
      Суды дайындаудың белгілі бір технологиялары әрбір нақты жағдайда судың сапасына қарай қолданылатын болады.
      Су дайындау жөніндегі шараларды 78-ден астам елді мекенде іске асыру болжанып отыр.
      4. Ауыз суды ұтымды пайдалану.
      Бағыт ауыз суды үнемі де тиімді пайдаланудың, оны техникалық, ауыл шаруашылық және басқа да мұқтаждарға мақсатсыз пайдалануға жол бермеу, сонымен қоса экономиканы құрылымдық қайта құруды, технологиялық жаңғыртуды және су объектілерінен су алуды қысқарту, сондай-ақ желінің тасқынды нүктелері мен тұтынушыларға су есептеуіштер мәселелеріне де қатысты іс-шаралардың кең ауқымын қамтиды.
      Жекелеген аймақтарда судың тапшылығы, тұщы су көздерінің бірте-бірте сарқылуы және ластануының күшеюі су ресурстарын ұтымды пайдаланудың кешенді жоспарлануын қамтамасыз етуді талап етеді.
      Тұтас алғанда су пайдаланудың жай-күйі су ресурстарын тиімді пайдалануды дамыту және оған жағдайлар жасау, су үнемдеуші технологияларды ғылыми негіздеу, ауыз суды мақсатсыз пайдалануға жол бермеу жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қабылдауды талап етеді.
      Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану үшін елеулі нәрсе тұрғындардың экологиялық білімін тереңдету арқылы оның жалпы санитарлық-гигиеналық және экологиялық мәдениетін қалыптастыру, көтеру болып табылады.
      5. Су объектілерінің экологиялық жай-күйін жақсарту.
      Бағыт су ресурстарын пайдалану, қалпына келтіру және қорғау процестерінің теңдестірілуін қамтамасыз ету негізін қалайтын іс-шаралар кешенін қамтиды.
      Қолданыстағы Су кодексіне сәйкес су көздерін жергілікті қорғау және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау құрылыстарын жобалауға қойылатын санитарлық талаптар әрбір нақты жобада көзделеді.
      6. Халықтың ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын түсінуге септігін тигізетін ақпараттық орта жасау.
      Таза ауыз суды алу, оны тиімді пайдалану тұрғындардың барлық жіктерінің өмірлік мүдделерін қозғайтын болғандықтан, тек мемлекеттік ғана емес, жалпы адамзаттық проблема тиісті деңгейге қойылмаған. Осы проблеманы шешуге байланысты іс-шаралардың тиімсіздігінің себебі көбінесе оны шешумен айналысатын мемлекеттік органдардың арасында үйлестірудің және қалың жұртшылықпен өзара іс-қимылының нашарлығы.
      Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мәселелері жұртшылықты кеңінен тарта отырып, ашық шешілу тиіс. Судың табиғи су объектілеріндегі, сонымен қатар сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі сапасы туралы ақпарат, оны тазалау мен жеткізу құны әрбір азаматқа мәлім болуы тиіс, бұл ауыз суды тиімді пайдалану проблемаларын түсінуге септігін тигізеді.
      Тұрғындарды осы проблемалар бойынша кеңінен хабардар ету әрі білім беру тұрғындарды экологиялық және санитарлық-гигиеналық мәдениетін қалыптастыру үшін Бағдарламада мыналар көзделеді:
      - су ресурстарын, әсіресе ауыз суды тиімді пайдалану мәселелеріне кітапшалар, топтамалар шығаруды, радио және телехабарлардың тұрақты циклін жасауды, бұқаралық ақпарат құралдарына (БАқ) жария етуді қамтамасыз ету;
      - ауыз суды тиімді пайдалану саясатын айқындауға қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту.
      7. Сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметін басқаруды, үйлестіруді жетілдіру әрі оның тиімділігін арттыру.
      Бағыт тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған өзара байланыстырылған шаралар кешенін көздейді.
      Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету процесін бақылау және жоспарлауды жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы жүзеге асырады.
      Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралар:
      - үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен суды пайдаланушылардың мемлекеттік емес бірлестіктері арасындағы ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі өндіріс құралдарына меншікті нақты бөлуді көздейтін сумен жабдықтау инфрақұрылымын басқару жүйесін жетілдіру;
      - су шаруашылығы объектілерінің құқықтық мәртебесін айқындау;
      - суды ақылы пайдалану жүйесін жетілдіру және бастапқы кезеңде суды пайдалануға мемлекеттік субсидиялауды енгізу негізінде суды пайдаланудың экономикалық тетігін жасау;
      - тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, оның сапасын жақсарту жұмыстарымен қамтылған ұйымдардың, соның ішінде мемлекеттік емес ұйымдардың қалыптасуына қолдау көрсету;
      - су объектілері мониторингі жүйесін дамыту болып табылады.
      Бағдарламаны іске асырудың төмендегідей мынандай тетігі көзделуде:
      Ірі объектілер құрылысы сондай-ақ ауданаралық және ауылдық маңызы бар топтық су құбырлары мен сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы сияқты қазақстан Республикасының тиісті жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына сәйкес қаржыландырылады;
      Бағдарламаны "Южказнедра" Аумақтық басқармасы, Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, "Водоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар және мемлекеттік емес сектордың су шаруашылық ұйымдары жүзеге асырады.
      Бағдарламаны жүзеге асыру әзірленген шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл атқарушы органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының назарын тұрғындарды ауыз сумен жабдықтау саласындағы негізгі проблемаларға аударуға, ахуалдың өзгеруіне ден қоюға, шаралардың тиімділігін қамтамасыз етуге және нақты нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
      Бағдарламаның шараларын жүзеге асыру 2 кезеңге жоспарланып отыр:
      1-кезең (2002-2005 жылдар) тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі объектілерді салуды жалғастыру. Облыстағы елді мекендерді сумен жабдықтау құрылыстарына, жер асты су қорлары мен су алғыштарына түгендеу жүргізу жер асты суларын қарқындау пайдалану жөніндегі шаралар.
      2-кезең (2006-2010 жылдар) сумен жабдықтау жүйелерін салуға және ішуге жарамды суды дайындауға алдыңғы қатарлы технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру. Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшін жүйелер мен құрылыстар салу және оларды қайта жаңарту.

IV. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      "Ауыз" су бағдарламасының шараларын жүзеге асыруға инвестициялардың жалпы көлемі 2,8 млрд.теңге мөлшерінде айқындалған, бұл қаражат тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
      Бағдарламаның шараларын жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің, сыртқы заемдар мен гранттардың қаражатын басқа да су құбырларын пайдаланатын ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, әртүрлі бюджеттен тыс көздер тартылатын болады.

V. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже

      2005 жылға дейінгі кезеңде Бағдарлама сумен жабдықтау жағдайының, су сапасының ауыз сумен жабдықтау көздерінің одан әрі нашарлауын тоқтатуды, суды пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етуді және тұрғындардың денсаулығын сақтау мен жақсарту мақсатымен саланы сауықтырудың жоспарлы міндетін бастауды көздейді.
      Бағдарламаның шараларымен 295 ауылдық елді мекеннің 816,5 мың жуық адам және саны 150,7 мың адамнан асатын қала тұрғындары қамтылған.
      Сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін құру, жұмыс істеп тұрғандарын қайта жаңарту және қайта ұйымдастыру, саланы ресурстық және нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, халыққа ауыз су беру жөніндегі қызметтердің рыногін қалыптастыру және Бағдарламада көзделген бірқатар басқа да шаралар:
      - тұрғындарды сапалы ауыз суды пайдалану қолайлығын ұлғайтуға, бұл тұтастай алғанда, қамтамасыз етілу деңгейін 65 %-ға арттырады;
      - орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінің суларын пайдаланатын тұрғындардың үлесін арттыруға, тұтастай алғанда облыс бойынша 45-50 %-ға, ал жекелеген аймақтар бойынша 60 %-ға және одан да көбейтуге;
      - ауыз су сапасының санитарлық ережелері мен стандарт нормаларының талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету арқылы су көздері мен сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыруға;
      - ішуге жарамды жергілікті жер асты суларын мейлінше тартуға;
      - сапасы бактериалды ластану негізінде сипатталған орталықтандырылмаған жер үсті су көздеріндегі суды ішу мақсатында пайдалануды жою;
      - тұрғындар арасында тез дамитын ішек-қарын инфекциялары тобы, бауырдың қабынуы "А" вирус бойынша берілетін су факторын 70-80%-ға төмендетуге, бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі;
      - қосымша 1,5 мыңға жуық жұмыс орындарын құру;
      - сумен қамтамасыз ету көздеріне қолайсыз экологиялық ықпал етудің мүмкіндігін болдырмауға;
      - жекелеген аймақтар мен өзен алаптары бойынша ауыз судың сапасына жедел мониторинг жүйелерін құру;
      - құрылыста, ауыз суды тазалау және дайындау жүйелерінде жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ бірқатар жағдайларда сумен жабдықтау көздерін баламалы көздерге ауыстыру жолымен берілетін судың бір текше метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
      Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудегі оң өзгерістер өмір сүрудің қанағаттанарлық әлеуметтік-тұрмыстық және санитарлық - эпидемиологиялық жағдайларын туғызады, нәтижесінде, облыс тұрғындарының денсаулығына және рухани салауаттығына оң ықпал етеді.

2002-2010 жылдарға
арналған "Ауыз су"
салалық бағдарламасына
N 1 қосымша

2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс - шаралар

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1. Қолданудағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің пайдалану ахуалын ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру

1

Ауылдық елді мекендердегі су құбыры құрылғыларын және жергілікті су құбыры жүйелерін қайта құру

Жыл сайын есеп беру

Жыл сайын

қалалар мен аудандар әкімдері, Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ауыл шаруашылығы департаменті

2

қаланың ішкі су құбырлары жүйелерін қайта құру және дамыту

Жыл сайын есеп беру

Жыл сайын

қалалар мен аудандар әкімдері, жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы

2. Сумен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламаларын игеру мен балама су көздерін дамыту

3

қалалар мен кенттер тұрғындарын орталықтан қамтамасыз ету үшін жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салу

Жоспар кестесіне сәйкес іске қосу

2002-
2010 жж.

қоршаған ортаны қорғау басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері, жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, ауыл шаруашылығы департаменті

4

Сумен қамтамасыз ету жүйелері құрылыстарына жаңа материалдар мен технологияларды енгізу

Жыл сайын есеп беру

2002-
2010 жж.

қалалар мен аудандар әкімдері, жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, ауыл шаруашылығы департаменті

5

Пайдалану мерзімі өтіп кеткен, шаруашылық және ауыз су мақсаттарында қолданылатын жер асты суларының қорларын қайта бағалау

Жыл сайын есеп беру

2002-
2010 жж.

"Южказнедра" АБ

6

Жаңадан жер асты су көздерін табу үшін барлау-іздестіру жұмыстарын жүргізу

Су қорларын бекіту

2002-
2010 жж.

"Южказнедра" АБ

7

Жер асты суларының паспортизациясын және есепке алуды жүргізу

Жыл сайын есеп беру

2002-
2005 жж.

"Южказнедра" АБ

3. Тұтынатын су сапасын жақсарту

8

Минералданған жер асты сулары жаппай таралған аймақтар үшін сумен жабдықтау жүйесіне тұщыландыратын қондырғылар орнату

Тұщыланды-
 
 
ратын қондырғы-
 
ларды пайдалануға беру

2002-
2010 жж.

қоршаған ортаны қорғау басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері, жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, ауыл шаруашылығы департаменті

9

Жаңа цеолиттік материалдарды қолдана отырып жер үсті суларын тазалау

Цеолит толтырылған сүзгіштерді пайдалануға беру

2002-
2010 жж.

қоршаған ортаны қорғау басқармасы, жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, ауыл шаруашылығы департаменті

10

Судағы фтор, темір, марганец концентрациясын азайту және басқа да зиянды құрамдастардан ШЖШ-ға дейін тазарту, сонымен қатар суды залалсыздандыру жөніндегі жаңа технологияларды қолдану

Жаңа технология-
ларды енгізу

2002-
2010 жж.

қоршаған ортаны қорғау басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері, жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, ауыл шаруашылығы департаменті, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.

4. Ауыз суды ұтымды пайдалану

11

Ауыз суды пайдаланудың су үнемдеу режимін енгізуге, өнеркәсіпте судың қайтадан-айналымдық пайдаланылуына бақылау жасау

Облыс әкіміне ақпарат беру

Тұрақты

қоршаған ортаны қорғау басқармасы, жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, ауыл шаруашылығы департаменті

12

Тұтынушылардың барлық санаттары үшін барлық жерде судың пайдаланылуына бақылау жасау

Облыс әкіміне ақпарат беру

Тұрақты

қоршаған ортаны қорғау басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері, жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, ауыл шаруашылығы департаменті

5. Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-тазалық ахуалын жақсарту

13

Жер асты суларын ластанудан және сарқылудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру

Санитарлық қорғау аймақтарын құру

Тұрақты

"Южказнедра" АБ

14

Ауыз сумен қамтамасыз ету көздері - су көздерінде су қорғау аймақтарын құру

Облыс әкіміне ақпарат беру

Жыл сайын

қалалар мен аудандар әкімдері

15

Ауыз су мұқтаждықтарына пайдаланылатын су қоймаларының санитарлық-қорғаныс су қорғау белдеулеріндегі бұрынғы екпе ағаштарды қайта жаңарту және жаңасын егу

Екпе ағаштар аймағын құру

2002-
2005 жж.

қоршаған ортаны қорғау басқармасы, қалалар мен аудандар әкімдері, ауыл шаруашылығы департамент

6. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемасын ұтымды түсінуге мүмкіншілік беретін ақпараттық орта құру

16

Су ресурстарын, әсіресе ауыз суды ұқыпты пайдалану, экологиялық және санитарлық-гигиена
лық жағынан білім беру және ағарту мәселелері бойынша кітапшалар, буклеттер шығаруды, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, тұрақты радио-телебағдарла-
малар жүйесін құруды қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат беру

Жыл сайын

қоршаған ортаны қорғау басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы

7. Сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметін басқаруды жетілдіру

17

құрылысы және қайта құрылуы республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын сумен қамтамасыз ету объектілерінің Тізбесін әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Жыл сайын

Облыстың экономика комитеті, жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы

18

Сумен қамтамасыз ету құрылымдары мен көздерінің техникалық жағдайын анықтау үшін түгендеу жүргізу

Түгендеу актілері, құрылғылар-
дың төлқұжаттары

2002-
2004 жж.

Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы.

2002-2010 жылдарға
арналған "Ауыз су"
салалық бағдарламасына
N 2 қосымша

Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету іс-шараларының
негізгі көрсеткіштері

р /с

Аудан
дар мен қалалар атауы

Шаралар
мен
қамтылған елді мекен
дер мен тұтыну-
шылар саны, адам.

Негізгі шаралар құрамы (кенттер саны)

Су құбыр-
ларының құрылысы, км

лока
льдықсу құбырлары

Су құбырларын қайта құру

Су дайындау стан-
циясы
(тұтынушылар және т.б.)

Жер
асты
суларын бар
лау

Орта
лық
тандырылмаған сумен қамту көздері

жаңа-лары

қайта құрыл
ған

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Ақсу

18/32000

5

25

2

16

-


48

2

Алакөл

16/1679

5

24

2

14

2


56

3

Балқаш

17/18455

9

23

4

13

12


31

4

Еңбекші
қазақ

28/171405

-

50

-

28

-


33

5

Ескелді

18/44817

6

26

2

16

-


16

6

Жамбыл

17/62134

6

23

2

15

9


44

7

Іле

16/78858

-

25

-

16

4


1

8

Қаратал

2/9193

8

-

2

-

10


49

9

Қарасай

24/79615

-

35

-

24

5


22

10

Кербұлақ

20/53522

6

25

2

18

12


29

11

Көксу

10/32763

6

22

2

8

-


15

12

Панфилов

28/70100

6

35

2

26

3


1

13

Райымбек

19/24355

6

26

2

17

5


29

14

Сарқан

22/27507

8

35

3

19

2


26

15

Талғар

20/24938

5

35

3

17

6


6

16

Ұйғыр

15/62981

7

22

2

13

5


19

17

Қапшағайаумағы

5/1289

3

9

1

4



6


Жиынтығы:

295/816543

86

440

31

264

78


438

2002-2010 жылдарға
арналған "Ауыз су"
салалық бағдарламасына
N 3 қосымша

Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету шараларының негізгі
көрсеткіштері

р /с

қала
лар
атауы

Шаралар
мен қамтыл
ған елді мекендер мен тұтынушылар саны, адам.

Негізгі шаралар құрамы

Алаңнан
тыс су құбыры, км

Су алымы құрылғылары саны

Су тазалау құрылғы
лары саны

қала торапта
ры, км

Жер
асты
сула
рын
бар
лау

жаңа
лары

қай
та
құрыл
ған

жаңа-лары

қайта
құрыл
ған

жаңа-
лары

қай-та
құры-
лған

жаңа-
лары

қайта
құрыл
ған

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Талды
қорған

1/50000


3


1


1


60


2

Текелі

1/16000




1




30


3

Қапша
ғай

1/8000




1


1


105


4

Қаске
лең

1/12500


3


1




31


5

Талғар

1/18300




1


1


70


6

Есік

1/14100




1


1


50


7

Үшарал

1/8250




1




23


8

Сарқан

1/5850


2


1


1


35


9

Жаркент

1/8700




1




35


10

Үштөбе

1/9000


15


1




40



Жиынты
ғы:

10/150700


23


10


5


479


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады