Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 2007.06.04 N 118 Қаулысымен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7-шілдедегі "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретіндегі коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы" N 1028 қаулысына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, басымды инвестициялық жобаларға кредит беру кезінде кепілдік мүлкімен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімі ҚАУЛЫ етеді:
1. Коммуналдық меншік объектілері есебінен Алматы облысы әкімінің Кепілдік қоры құрылсын.
2. Коммуналдық меншіктің Кепілдік қорын ұстаушы (иесі) болып шаруашылық жүргізу құқығындағы "Инновациялар жөніндегі комитет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бекітілсін.
3. Коммуналдық меншік департаменті Кепілдік қорына өткізіп беру үшін коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін жасап, облыс әкімінің бекітуіне ұсынсын.
Облыс әкімі