Талдығорған қаласының экономикалық және әлеуметтік даму жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімиятының 2003 жылғы 4 мамырдағы N 10-209 қаулысы. Алматы облысы Әділет басқармасында 2003 жылы 23 мамырда N 1163 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімиятының 2007 жылғы 05 ақпандағы N 5-115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімиятының 2007.02.05 N 5-115 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бап 17 тармағына сәйкес қаладағы мемлекеттік билік органдарының мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттік жолын жүзеге асыру және үйлестіру тиімділігін көтеру мақсатында қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
       1. Талдықорған қаласының экономикалық және әлеуметтік даму жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылсын.
       2. Талдықорған қаласының экономикалық және әлеуметтік даму жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің Ережесі N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       3. Талдықорған қалалық мәслихатына N 2, 3 қосымшаларына сәйкес Үйлестіру Кеңесінің және техникалық секретариаттың жеке құрамдары бекітуге енгізілсін.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ә.Досаевқа жүктелсін.

      Қала әкімі
      Қала әкімінің орынбасары
      Аппарат жетекшісі
      Заңгер
      Экономика бөлімі бастығының
      міндетін атқарушысы
      Аудармашы
      Жалпы бөлім меңгерушісі

Әкімияттың 2003 жылғы
4 мамырдағы N 10-209 қаулысына
N 1 данасы

Талдықорған қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

Жалпы ереже

      Талдықорған қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі Үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі Кеңес) нұсқаушы кеңесші орган болып табылады.
      Кеңес тұрақты негізде құрылды және оның құрамы Тараптардың өкілдерінен құрылады: әкімият, мәслихат, мемлекеттік емес ұйымдар, бизнес құрылымдарының өкілдері және қаланың бастамашыл азаматтары. Кеңестің жеке құрамына өзгерістер Кеңестен шығып кеткен тараптардың ұсынысы бойынша енгізіледі.
      Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтің заң актілерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Кеңес қызметінің міндеттері мен басты бағыттары

      Кеңестің міндеттері:
      қаланың әлеуметтік және экономикалық даму мәселелерін шешуде мемлекеттік басқару органдарының, билік өкілдерінің және басқа ұйымдардың әлеуметтік әріптестігін қолдау.
      әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
      қоғамдастықты әлеуметтік дамыту, халықтың хал-ахуалын көтеру мәселелерінде Кеңестің сындарлы бастамаларын талқылауға қолдауға және іске асыруға қатысу;
      қала әкімияттың қарауына әкімият жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік саясаттың басты бағыттары туралы ұсыныстарды енгізу.
      Кеңестің негізгі бағыттары:
      аймақтық атқарушы билік органдарымен (әкім аппараты, департаменттер, комитеттер, басқармалар, т.б.) экономикалық және әлеуметтік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында, Кеңес мәжілістерінде тиісті шешімдер қабылдау үшін істің нақты жағдайы туралы ақпараттар және қолдау алу үшін өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.
      қоғамның көкейтесті мәселелері бойынша қоғамдық пікірлер ұйымдастыру, осы қаралған мәселелерді шешу бойынша келісімдер әзірлеу.
      шешімдердің экономикалық және әлеуметтік маңызды жобаларын әзірлеу бойынша атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмысты ұйымдастыру;
      Талдықорған қаласының одан әрі даму стратегиялық бағдарламасын әзірлеу.

Кеңестің негізгі құқықтары

      Кеңес өз міндеттеріне сәйкес құқықты:
      экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы және басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс жүргізуге;
      өз құзырына кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар әзірлеп, ұсыныстар енгізуге;
      заңда белгіленген тәртіппен Кеңестің міндеттерін шешу үшін меншіктің бар түріндегі ұйымдардан қажетті материалдарды сұрауға және алуға;
      талқыланған мәселелерге қатысы бар меншіктің бар түріндегі ұйымдардың өкілдерін Кеңестің мәжілісіне шақыруға;
      уақытша сараптық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдардың эксперттерін және кеңесшілерін жұмысқа тартуға.

Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінен сайланады.
      Жұмысшы орган жүзеге асырады:
      Жұмыс жоспары негізінде бекітілген күн тәртібіне сәйкес Кеңес мәжілісіне әзірлікті жүргізеді, мәжіліс хаттамаларын жазады, Кеңес шешімін жүзеге асыру аясында мүшелердің және жұмысқа тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді, Кеңес мәжілістерінің күн тәртібін әзірлеу бойынша уақытша жұмыс топтарының қызметтерін үйлестіреді.
      Кеңестің мәжілістері айына бір рет соңғы бейсенбіде өткізіледі немесе қажеттілікке байланысты Кеңес мүшелерінің ұсыныстары бойынша Кеңес төрағасы кезектен тыс мәжілістерді тағайындайды.
      Кеңес шешімдері ашық дауыспен қабылданады. Шешімдер қатысушылардың жалпы санынан көпшілік дауыс берген жағдайда қабылданады, хаттамамен рәсімделеді. Мүшелердің ерекше пікірлері хаттамаға міндетті түрде жазылады.
      Кеңестің ұсыныстарын Кеңес атынан оның төрағасы әкімияттың мәжілістеріне қарауға енгізеді.

Кеңес қызметін қамтамасыз ету

      Кеңестің қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету (Кеңес мүшелері, мәслихат және әкімият белгілеген органға) жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады