Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімшілігінің 2006.08.01 N 22-81 Қаулысымен
"Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі 337 Жарлығын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148-ІІ Заңының 6 бап, 1 тармағы, 12 тармақшасын; 31 бап,1 тармағы, 17 тармақшасын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ қылмыстық жағдайлардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру, осы бағыттағы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, қоғамдық әрі қарулы күштер құрылымдарының іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында, қала әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімі жанындағы консультативті-кеңесші орган - қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңес құрылсын.
2. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңестің құрамы қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын 1 қосымша.
3. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Кеңес туралы Ереже бекітілсін 2 қосымша.
4. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңестің мәжілісін өткізу күні-әр айдың соңғы жұма күні болып бекітілсін.
5. "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңес құру туралы" қала әкімшілігі 2003 жылғы 29 қаңтардағы 6 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Т.С.Мәкімовке жүктелсін.
Қала Әкімі
Қала әкiмшілігінің
2003 жылғы 26 ақпандағы
N 24 қаулысына
N 1 қосымша
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңестің
ҚҰРАМЫ
Төраға: Қала әкімі - С.Зеленский;
Төрағаның орынбасары: Қала әкімі басшысы - Т.Мәкімов;
Хатшы: бас маман-заң кеңесшісінің міндетін атқарушы - А. Қамбарова.
Кеңес мүшелері:
1. Әділбеков Ә.Б. - қала прокуроры келісім бойынша;
2. Әлібаев А.Д - қалалық мәслихаттың хатшысы келісім бойынша;
3. Алпысбаев Қ.А. - Қапшағай қаласының мамандандырылған күзет қызметі бөлімшесінің бастығы келісім бойынша;
4. Ахметов Б.У. - Қапшағай қалалық сотының төрағасы келісім бойынша;
5. Қойбақов Т.М. - Қапшағай әскери гарнизонының сардары келісім бойынша;
6. Қолжанов С.Қ. - әскери прокурор келісім бойынша;
7. Лұқманов Б.А. - әскери-тергеу басқармасының бастығы келісім бойынша;
8. Нұрахметов С.Т. - қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы;
9. Садықов Б.Т. - Алматы облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аға өкілетті өкілі келісім бойынша;
10. Сахвалиев Т.М. - қала әкімінің кеңесшісі;
11. Тлеубердин М.А. - салық комитетінің төрағасы келісім бойынша;
12. Юнусов Ө.А. - Қапшағай аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімінің бастығы міндетін уақытша атқарушы келісім бойынша.
Қала әкімі аппаратының
басшысы
Қала әкiмшілігінің
2003 жылғы 26 ақпандағы
N 24 қаулысына
N 2 қосымша
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы Ережелер
1.1. Бұдан былай "Кеңес" деп аталатын қала әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі қалалық Кеңес консультативтік - кеңесші орган болып табылады әрі ол құқықтық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және сақтандыруға қатысты салиқалы шаралардың нәтижелілігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың қылмыс сипатындағы көріністеріне қарсы іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында құрылған.
1.2. Кеңес өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын, осы ережені басшылыққа алады.
1.3. Кеңестің жеке құрамын қала әкімі анықтайды. Кеңес мүшелері мәжілістерге алмастыру құқығынсыз қатысады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері
2.1. Мыналар Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады:
1) сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресуді ұйымдастыру салаларындағы атқарушы, құқық қорғаушы және басқа мемлекеттік органдары қызметтерінің ведомствоаралық үйлестірілуін қамтамасыз ету, заңдылықтар мен құқық тәртібін нығайту;
2) қылмыстық жағдайларды саралау, құқық бұзушылық пен мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жүргізудің кешенді іс-шараларын әзірлеу әрі жүзеге асыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыс жасалуына ықпал етуші себеп - салдарларды анықтау;
3) құқық бұзушылықтың алдын алу мен сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресудегі ұйымдық шараларды қамтамасыз ету бойынша сипаттамалар мен ұсыныстар әзірлеу.
3. Кеңес құзыры
3.1. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге орай келесі қызметтерді жүзеге асырады:
1) құқық қорғау, сот органдарының, прокуратуралардың, қуатты құрылымдардың қылмыспен күресуі мәселесі бойынша осы проблемаға кешенді түрде кірісу жұмыстарының тәжірибесін зерттейді;
2) сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің әкім аппаратының комитеттерімен, басқармаларымен, бөлімдерімен орындалуының жағдайын зерттейді.
4. Кеңес өкілеттігі
4.1. Негізгі қызметтерді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қала әкімінің тапсырмаларын орындау барысында Кеңес мыналарға өкілетті:
1) Кеңеске жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен құжаттарды бөлімдерден, комитеттерден, басқармалардан, мемлекеттік басқармалардың басқа да органдарынан талап ету;
2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселесі бойынша өз мәжілістерінде қала әкімі аппаратының бөлімдері, комитеттер мен басқармалар басшыларының есептерін тыңдауға;
3) қылмысқа қарсы күрес жағдайын саралау және тексерулер жүргізген кездерде қажеттілігіне орай кез келген мемлекеттік органдар әрі қала мекемелерінің мамандары мен қызметкерлерін жұмысқа тартады.
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
5.1. Жұмыс жоспар негізінде жүзеге асырылады. Кеңес мәжілісі әр айда кемінде бір рет, сондай-ақ қажеттілікке орай өткізіліп тұрады.
5.2. Кеңес мәжілісін оның төрағасы, болмаса өзінің тапсыруына орай орынбасары немесе басқа да Кеңес мүшелері жүргізеді. Кеңес мәжілісі оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқылы.
5.3. Кеңес шешімі қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады, хаттама ретінде ресімделіп, оған төраға қол қояды әрі атқарушыларға жіберіледі.
Қала әкімі аппаратының
басшысы