Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімшілігінің 2009.03.31 N 215 қаулысымен
"Қазақстан Республикасының ЖҚТБ-ы мiндетiне қарсы iс-әрекетi жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1207 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бап, 1 тармақ 12 тармақшасын, 31 бап, 1 тармақ 17 тармақшасын басшылыққа ала отырып, қала әкiмшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсiн (одан әрi - АҚТҚ/ЖҚТБ) алдын-алу жөнiндегi қалалық үйлестiру Кеңесi құрылсын.
2. АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын-алу жөнiндегi қалалық үйлестiру Кеңесiнiң құрамы N 1 қосымшаға сәйкес қалалық мәслихаттың бекiтуiне ұсынылсын.
3. АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын-алу жөнiндегi қалалық үйлестiру Кеңесiнiң Ережесi N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Б.Доспановқа жүктелсiн.
Қала әкiмi
Қала әкiмшілігінің
2003 жылғы 31 наурыздағы
N 63 қаулысына
N 1 қосымша
АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу жөнiндегi қалалық үйлестiру Кеңесiнiң (одан әрi - Кеңес) ҚҰРАМЫ
Б.Б.Доспанов - қала әкiмiнiң орынбасары, Кеңес төрағасы;
Қ.Н.Ахметтаев - "Қапшағай қаласының қалалық ауруханасы" мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi, Кеңес төрағасының орынбасары;
А.М.Абитова - Қапшағай қаласының қалалық ауруханасы мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерiнiң орынбасары, Кеңес хатшысы.
Кеңестiң мүшелерi:
1. М.С. Абдуллаев - қалалық экономика бөлiмiнiң бастығы;
2. Т.К. Әмiров - Шеңгелдi селолық округiнiң әкiмi;
3. С.К. Әширова - қалалық бас санитар дәрiгерi;
4. М.К. Бекбатыров - қалалық бiлiм беру бөлiмiнiң бастығы;
5. О.Б. Бекенов - Заречный селолық округiнiң әкiмi;
6. С.О. Дәрбекова - iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бастығы;
7. А.Т. Қамбарова - қала әкiмi аппаратының бас маман-заң кеңесшiсi;
8. Н.Ю. Носова - мәдениет бөлiмiнiң бас маманы;
9. С.Т. Нұрахметов - Қапшағай қалалық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы;
10. Ш.А. Өксiкбаева - қалалық қаржы бөлiмiнiң бастығының мiндетiн атқарушы;
11. Г.Б. Соппекова - қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң бастығы;
12. З.В. Хан - "Қапшағай" газетiнiң редакторы (келiсiм бойынша);
13. С.И. Хомутов - Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты (келiсiм бойынша).
Iшкi саясат және әлеуметтiк
сала бөлiмiнiң бастығы
Қала әкiмшілігінің
2003 жылғы 31 наурыздағы
N 63 қаулысына
N 2 қосымша
АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу жөнiндегi қалалық үйлестiру Кеңесiнiң (одан әрi Кеңес) ЕРЕЖЕСI
Мақсаты:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының ЖҚТБ-ы мiндетiне қарсы iс-әрекетi жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны бекiту туралы" N 1207 қаулысын орындау үшiн қатыстырылған бөлiмдер мен мекемелер өзара тиiмдi iс-әрекеттерiн ұйымдастыру;
2) Кеңес өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының АҚТҚ/ЖҚТБ жөнiндегi Заңдарын, Қазақстан Республикасының Үкiмет Қаулыларын, облыс әкiмiнiң шешiмдерiн және басқа да нормативтiк актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Мiндеттерi:
3) ЖҚТБ алдын алу мен оған қарсы күрес жұмыстарын әзiрлеу және өткiзу;
4) АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды нәтижелi және жоғары сапада жүргiзiп АҚТҚ/ЖҚТБ мiндетiн тұрақтандыру;
5) қатыстырылған бөлiмдер мен мекемелер үкiметтiк емес және қоғамдық ұйымдардың АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алуға бағытталған жұмыстарын үйлестiру;
6) халық арасында арналған мақсатты түрде оқу-ағарту бағдарламасын енгiзу және оның орындалуын ұйымдастыру;
7) АҚТҚ/ЖҚТБ мiндетiне қарсы iс-әрекеттер жөнiндегi 2002-2005 жылдарға арналған қалалық iс-шараларды iске асыру;
8) Емдiк-диагностикалық және алдын алу шараларына қажеттi қаржы көздерiн iздестiру және оның бөлуiне ықпал ету.
9) АҚТҚ/ЖҚТБ мiндетiн тоқтату жөнiндегi қалалық iс-шараларды орындауға қатыстырылған мекемелердiң жұмысын үйлестiрудi қамтамасыз етедi, оны iске асыру жолдарын және қаржы көздерiн анықтайды, қоғамдық үкiметтiк емес және халықаралық ұйымдармен бiрлесе жұмыс iстей отырып, АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу және қоғамдық күреске бағытталған мәселелерi жөнiндегi өзара iскер байланысты жүзеге асырады;
10) Қапшағай аймағының көлемiнде ЖҚТБ мiндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi iс-шараларының орындалуын бақылап, орындаушылардың жұмысын тыңдап, керектi жағдайда қала әкiмшілігінің мәжiлiсiнде мәселе көтередi;
11) АҚТҚ/ЖҚТБ-ның төтенше мiндет орын алған жағдайда, шаралар төтенше мiндетке қарсы комиссияның жұмысына сәйкес жүргiзiледi.
12) Кеңестi қала әкiмiнiң орынбасары басқарады;
13) ұйымдастыру-әдiстемелiк, Кеңес және iс жүзiнде көмек көрсету жұмыстарын Республикалық ЖҚТБ алдын алу және онымен күрес орталығы жүзеге асырады;
14) Кеңестiң отырысы жылына екi рет, ал мiндет жағдайының асқынуы кезiнде жоспардан тыс, шұғыл түрде өткiзiледi.
15) мекемелерден, ұйымдардан ЖҚТБ мiндетiне қарсы iс-әрекеттер жөнiндегi Қапшағай аймағында қалалық iс-шараларын орындалу барысы туралы ақпараттар жинау;
16) қалалық iс-шараларының орындалу барысы қала әкiмшілігінің мәжiлiсiне қаралуына ұсыну;
17) хаттама-қаулыларды дайындап, толықтай немесе қысқартылған түрде орындаушыларға жеткiзу.
Iшкi саясат және әлеуметтiк
сала бөлiмiнiң бастығы