Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі комиссия құру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімиятының 2003 жылғы 04 тамыздағы N 321 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 02 қыркүйекте N 1305 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 215 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігінің 2009.03.31 N 215 қаулысымен

      "Қапшағай өңірінде Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық Бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 қаулысын жүзеге асыру туралы" облыс әкімінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 1-18 шешімінің орындалу барысы туралы" қала әкімиятының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 19 қаулысын, "Қапшағай өңірінің 2002-2005 жылдарға арналған көші-қоны саясатының салалық Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қала әкімінің 2002 жылғы 29 сәуірдегі N 04-189 шешімін орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 31 бабы, 1-ші тармағы 14 тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. N 1 қосымшаға сәйкес, оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі комиссия құрылсын.
       2. N 2 қосымшаға сәйкес, оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі комиссияның ережесі бекітілсін.
       3. Оралмандарды әлеуметтік қолдау жөніндегі комиссияның дербес құрамы қалалық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.В. Доспановқа жүктелсін.

      Қала әкімі

Қала әкімінің орынбасары

Бақытжан Вильмергенұлы Доспанов

Қала әкімі аппаратының басшысы

Темірбай Сембайұлы Мәкімов

Қала әкімі аппаратының бас маман заң кеңесшісі

Алмагүл Төлеуханқызы Қамбарова

Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы

Гүлжамал Байболқызы Соппекова

Қала әкімиятының
қаулысына N 1 қосымша
2003 жылғы 04 тамыз N 321

Оралмандарды әлеуметтік қолдау
комиссия құрамы

Бақытжан Вильмергенұлы Доспанов

- Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

Гүлжамал Байболқызы Соппекова

- Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

Күлия Дүйсенбекқызы Жылгелдиева

- Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

1. Мұқамбетия Сейітқасымұлы Абдуллаев

- "Қапшағай қаласының экономика бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы

2. Людмила Мұратбекқызы Әбітова

- "Қапшағай қалалық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның емхана қызметінің бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша)

3. Оразбай Бекенұлы Бекенов

- Заречный селолық округінің әкімі

4. Фархинур Муллахметқызы Валеева

- Қалалық Ардагерлер Кеңесінің төрайымы (келісім бойынша)

5. Светлана Владимировна Вишневская

- Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы

6. Зәуреш Ибатуллақызы Қазбекова

- "Отан" регионалды партиясының орындаушы директоры (келісім бойынша)

7. Евгений Николаевич Ким

- Тұрғын-үй және құрылыс

8. Ерғазы Аққойшыұлы Қойлыбаев

Департаментінің бастығы -Шеңгелді селолық округінің әкімінің міндетін атқарушы

9. Алмас Асылұлы Мамашев

- Қапшағай қаласының ішкі істер бөлімінің миграциялық полиция бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

10. Дәулет Жұмағазыұлы Мұқаметжан

- Қалалық білім беру бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы (келісім бойынша)

11. Кәмеш Советхан

- Оралмандар Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

12. Зоя Владимировна Сорокина

- Алматы облысы Қапшағай қалалық бөлімшесінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бастығы (келісім бойынша)

Қала әкімиятының
қаулысына N 2 қосымша
2003 жылғы 04 тамыз N 321

Оралмандарды әлеуметтік қолдау комиссия құру туралы
ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

      1. Оралмандарды әлеуметтік қолдаудағы комиссия (бұдан былай - комиссия) қала әкімінің кеңесші органы болып табылады. қалада және қала аймағындағы оралмандарды әлеуметтік қолдау, келісілген саясат жүргізу арқылы жасалған шаралардың әсерін көтеру негізінде құрылады.
      2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен нормаға сәйкес актілерін, сонымен қатар қазіргі ережені қолдана отырып жұмыс істейді.
      3. Комиссияның дербес құрамы қала әкімиятында анықталады және қалалық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

2. КОМИССИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

      4. Комиссияның негізгі міндеті, қала және аймақтағы оралмандарды әлеуметтік қолдауда келісілген саясат сұрақтарын жүргізу болып табылады.

3. КОМИССИЯНЫҢ БІЛІКТІЛІГІ

      5 Комиссия келесі міндеттерді орындайды:
      1) келіп жатқан және тұрғылықты оралмандарды орналастырады, жұмысқа тұруға және де қабылдауға дайындық жұмыстарын жүргізеді;
      2) оралмандарға шағын кредит алуға және үй тұрғызу үшін берілген жер учаскесін алуға көмек көрсетеді;
      3) тіл үйрену және мамандыққа оқытуды ұйымдастырады;
      4) оралмандардың балалары үшін бар жақты оқытуды ұйымдастырады;
      5) азаматтық құқығын алуға керекті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетеді;
      6) оралмандар жанұяларына ізгілік көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдарды қатыстырады;

4. КОМИССИЯНЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІГІ

      6. Комиссия уәкілді:
      1) комиссияға жүктелген жұмыстарды жүргізу үшін бөлімдерден, комитеттер мен басқармалардан және басқа да ұйымдардан керекті құжаттар мен мағлұматтарды талап етеді.

5. КОМИССИЯ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      7. Комиссия жұмысын өз мүшелерінің ұсынысы негізінде қалыптасқан бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Комиссия отырысы тоқсанына бір рет жүргізіледі, сондай-ақ қажеттілігіне байланысты.
      8. Комиссияның отырысы комиссия төрағасымен жүргізіледі немесе оның тапсырмасымен комиссияның мүшесі жүргізеді. Комиссия отырысы комиссияның мүшелері жартысынан аса қатысқанда ғана жүргізілуі тиіс.
      9. Комиссия өз шешімін барлық мүшелерімен келісе отырып қабылдайды және хаттама рәсімделінеді. Хаттамаға комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады