Аудан әкімияты резервінің Қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімиятының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 6 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 21 мамырда N 1157 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімиятының 2005 жылғы 17 тамыздағы N 345 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімиятының 2005.08.17 N 345 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджет жүйесі туралы" Заңын іске асыру мақсатында және облыс әкімінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі "Облыс әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" N 19 Қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Аудан әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтбекке жүктелсін.

      Аудан әкімі

Аудан әкімиятының
2003 жылғы 15 мамырдағы
қаулысына қосымша

Аудан әкімиятының резервінің қаражатын пайдаланудың
тәртібі

      Осы тәртіппен аудан әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді.

1. Жалпы ереже

      1) Осы тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланады:
      Аудан әкімият резерві тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген және бір жолы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат:
      Көлденең шығыстар ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылына кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар:
      Аудан әкімінің және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша аудан әкімінің немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімдеріне бөлінетін қаражат:
      Аудан әкімиятының қаражатын алушы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімдері.
      2) Аудан әкімиятының резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынандай шаралар жатады:
      - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою. Бұлар:
      Төтенше жағдайлардың пайда болу нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      - зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
      Шұғыл қимыл жасайтын авариялық - құтқару және авариялық - қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдармен, жабықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
      - төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдың тасымалдауын қамтамасыз ету.
      3) Сот шешімдері бойынша аудан әкімінің жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу.
      Аудан әкімияты резервінің қаражаты өзге шығыстарды қаржыландыруға бағытталмауы керек.

2. Аудан әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және
пайдаланудың тәртібі

      4) Аудан әкімияты резервінен қаражат бөлуді аудан әкімияты Қаулысы негізінде, заңдар мен белгіленген  тәртіп бойынша тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеттің шығыстары құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшер шегінде аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары көрсетіледі.
      5) Аудан әкімияты резерв қаражатының қатаң арналуы мақсатты болады және осы тәртіпте және резервтен қаражат болу туралы аудан әкімияты Қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
      6) Әкімият резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысын дайындаған кезде мынандай шарттар ескертіледі.
      - аудандық бюджетте ағымды қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
      - сот шешімдері бойынша әкімнің және жергілікті мемлекетті органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, аудан әкімияты резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылына пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы;
      - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу.
      7) Табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлар туындаған жағдайда әкімият резервінен қаражат бөлу туралы өтініштері аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияда қаралады.
      Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың немесе аудандық ауқымы болуы керек.
      8) Негіздемелік материалдарды берудің тәртібі және олардың тізбесі аудан әкімінің әкімімен айқындалады.
      9) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі туындағанда төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлімі белгіленген тәртіппен әкімият жобасына төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу туралы қаулы енгізеді.
      10) Аудандық және объектілік көлемдегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, аудандық жергілікті атқарушы органдарының резервтік қаражаты есебінен және меншіктік нысанына қарамастан, мекемелер қаражатынан қаржыландырылуы керек.

3. Сот шешімдері бойынша аудан әкімінің және жергілікті
атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы болу

      11) Сот шешімдері бойынша аудан әкімінің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда, әкімиятының резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
      12) Аудан әкімінің міндеттемелерін өтеуге әкімият резервінен қаражат бөлу туралы әкімият қаулысы жобасын аудандық қаржы бөлімінің заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша дайындайды.
      13) Жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеуге аудан әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы әкімият қаулысы жобасын жергілікті атқарушы органның өзі заңдармен белгіленген тәртіппен дайындайды.

4. Бақылау және есептілік

      14) Аудан әкімияты резервінен бөлінген қаражатты алушылар аудандық қаржы бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімінде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беру керек.
      15) Аудандық қаржы бөлімі ай сайын облыстық қаржы басқармасына әкімият резерві қаражатының пайдалану және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
      16) Аудан әкімияты резервінен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланғаны үшін алушы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіппен жауап беріледі.
      17) Аудан әкімияты резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      Аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады