Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысының Қаратал аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 42-211 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 6-бабы 1-тармағы 2 және 12-тармақшаларына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 2.6.630 ұсынысының негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
"Ағаш пен бұталарды кесудің туралы" Ереже;
Ағаш пен бұталарды кесудің барлық мәселесін үйлестіру мен бақылау жөніндегі аудандық комиссияның жеке құрамы бекітілсін.
Сессия төрайымы
Аудандық мәслихаттың
хатшысы
"Ағаш пен бұта кесудің тәртібі туралы"
ережесі
Аталған ереже елді мекендерді көгалдандыру нормасына сай келмейтін, авариялық ахуал туғызатын, шіріген ағаштар мен жасыл көшеттерді кесуді жүйелеу үшін жасалынды.
1. Өтініш иесі өз өтініші арқылы қала мен ауылдық округ әкіміне тілегін жеткізеді.
2. Қала, ауылдық округ әкімі үш күн мерзім ішінде өтінішті комиссияның қарауына ұсынады.
3. Комиссия апталық мерзімге қала мен ауылдық округке түскен өтінішті қарайды және өтініш иесіне белгіленген үлгіде келісім береді немесе бас тартады. Комиссия мәжілісі хаттама түрінде хатталады.
4. Өтініш иесіне іс-қимыл әрекеті үшін келісімді қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор 3 күн мерзім ішінде береді, келісім қала мен ауылдық округ әкімінде тіркеледі. Ол адам техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау алады және тіркеу журналына қол қояды.
5. Өтініш иесі істі тындырғаннан кейін қала, ауылдық округ әкімінде рұқсат құжатын есеп жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға қайтарады.
6. Өтініш иесі ағаш кесілген қоқыр-соқырдан толық тазартып, жерді тырмалап, босатып қоюы тиіс.
7. Кесілген ағаштың орнына өтініш иесі көгалдандыру мақсатында жылдың тиісті мерзіміне сай өскіндер отырғызуға құқылы.
8. Ағаш кесу мен жас өскінді отырғызу қала, ауылдық округ әкімі және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың бақылауымен жүргізіледі.
9. Аталған жұмысты атқару кезінде өтініш иесі техника қауіпсіздігін қатаң сақтауы тиіс.
10. Осы талаптарды орындамаған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілік жүктелінеді.
Ағаш пен бұта кесуге қатысты барлық мәселеге бақылау жасайтын
және үлестіретін аудандық комиссияның құрамы
Қанабек Өзбекұлы Есботанов |
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор, комиссия төрағасы |
Амандос Сайлаубайұлы Қабаров |
Үштөбе қаласы әкімінің орынбасары |
Виссарион Юнганович Ким |
"Үштөбе РЭС" АҚ вицепрезиденті |
Аркадий Валентинович Нам |
аудандық архитектура бөлімінің бас маманы |
Айбек Сапарбекұлы Қонақбаев |
орман мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі "Үштөбе" мемлекеттік мекемесінің директоры |
Владимир Дмитриевич Ан |
жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы |