Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011.01.12 N 07 Қаулысымен
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-16/3991 Қазақстан жастарының ІІ Конгрессінде берген тапсырмаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы "2003-2004 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасы туралы" N 155 Қаулысын орындау мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімияты жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес құрылсын. (1 қосымша)
2. Аудан әкімияты жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге енгізілсін.
3. Аудан әкімияты жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес туралы Ереже бекітілсін. (2 қосымша)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Қайнарбековке жүктелсін.
Аудан әкімі
Аудан әкімиятының
2003 ж 18 маусым
N 8-31 қаулысына
1 қосымша
Жастар жөніндегі аудан әкімияты жанындағы
Кеңестің дербес құрамы
(одан әрі - Кеңес):
1. Қайнарбеков Талғат Қанатұлы |
Кеңестiң төрағасы, |
2. Нүсіпова Бақытгүл Темірханқызы |
Кеңес төрағасының |
3. Байғабылов Сейілхан Мәденұлы |
Кеңес төрағасының орынбасары, |
4. Жұмағұлова Айгүл Майданқызы |
Кеңестің хатшысы, ұйымдастыру |
Кеңестiң мүшелері: |
|
1. Кәлпебаев Алтай Мұратұлы |
аудан әкімі аппаратының |
2. Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы |
аудан әкімі аппаратының |
3. Әбділданов Қанат Таңжарықұлы |
аудан әкімі аппаратының |
4. Абитова Зайтуна Тастанқызы |
аудандық білім бөлімінің |
5. Балбаева Маржан Ертайқызы |
аудандық еңбек, жұмыспен қамту |
6. Гусенов Алик Юсифович |
4 орта мектебінің педагог - ұйымдастырушысы |
7. Серіков Тұран Серікұлы |
балалар және жасөспірімдер спорт |
8. Ағыбаев Ғани Бартайұлы |
Аудандық орталық аурухана |
9. Ешкенов Ертай Оразұлы |
аудандық санитарлық - |
10. Шоқпарбаева Қазила Жаңабайқызы |
азаматтық хал актілерін тіркеу |
11. Мұқанов Берік Мейірханұлы |
аудандық қаржы бөлімінің бастығы |
12. Ерғазынов Ермек Ақанұлы |
аудандық ішкі істері бөлімінің |
13. Котельникова Лариса Леонидовна |
Харуат балалар мәдени-спорт |
14. Қопабаев Еркін Болатбекұлы |
Қызылбұлақ ауылдық округінің |
15. Бұлұмбаев Жанат Татығалиұлы |
Лабасы ауылдық округінің жастар |
Аудан әкімінің
орынбасары
Аудан әкімиятының
2003 ж. 18 маусым
N 8-31 қаулысына
2 қосымша
Аудан Әкімияты жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес туралы
Ереже
1. Аудан әкімияты жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес (одан әрі Кеңес). Аудан әкімиятының қаулысымен құрылады және де мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Жастардың әрі қарай дамуын қамтамасыз ету үшін, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық жағдай туғызуда аудан әкімиятына ұсыныстар енгізу кеңестің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Кеңес төмендегі мәселелерді шешуге тиіс.
1) Жастарды әлеуметтік жағынан қорғау үшін тиісті іс-шараларды жүзеге асыру, оларға керекті жағдай жасау;
2) Жастардың экономикалық ой-өрістерін қалыптастыру, олардың кәсіпкерлік талпыныстарын қолдау негізінде еңбекпен айналысуға жағдай жасау;
3) Жастарды салауатты өмір салтына баулу, бейімдеу;
4) Ұйымдастыру және құқықтық механизмдерді пайдалана отырып мемлекеттік жастар саясатын ауыл және кенттік округтерде кеңінен жүзеге асыру;
5) Мемлекеттік органдар мен жастар қоғамдық бірлестіктер ара-қатынастарын дамыта отырып, оны жаңа сатыға көтеру, қоғамдық бірлестіктердің нәтижелі жұмыс істеуіне жағдай жасау;
6) Жастар саясатының іске асуын ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;
7) Жастардың оқу мен ғылымға деген ынта - жігерін қолдау, құқығын қамтамасыз ету негізінде олардың білім деңгейін көтеруге ат салысу;
8) Жас талант, шығармашылықпен шұғылданушылардың өсіп-дамуына қолдау жасау;
9) Жастар арасында азаматтық және патриоттық сезімдерді тәрбиелеп дамыту;
10) Жастардың аудандағы қоғамдық - саяси, әлеуметтік, экономикалық өміріне қатысу үшін жасаған ұмтылысына қолдау көрсету, жәрдемдесу.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-16/3991 Қазақстан жастарының ІІ Конгрессінде берген тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы N 150 "2003-2004 жылдарға арналған жастар саясаты жөніндегі Бағдарлама туралы" қаулысын, өзге де нормативтік - құқықтық актілерді және осы ережені басшылыққа алады.
4. Кеңестің құзырына төмендегі мәселелер кіреді:
1) Аудан әкімияты тапсыруымен және тікелей кеңеске жастар саясаты жөнінде берілген ұсыныстарды қарау;
2) Ауданда мемлекеттік жастар саясатының орындалуы туралы жыл сайынғы және оперативті баяндамалар жасау;
3) Жоғарыда аталған мәселені жүзеге асыру барысы туралы сараптамалық-аналитикалық материалдарды әзірлеу, мемлекеттік басқару органдары және қоғамдық бірлестіктермен өзара тиімді іскер қарым-қатынасты қалыптастыру;
4) Мемлекеттік жастар саясатының барысы, орындалуы жөнінде ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстар жасау.
5. Кеңес өз құзыры шеңберінде төмендегілерге құқылы:
1) Мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан өзіне жүктелген функцияларды орындауға, қажетті ақпараттар, құжаттар және материалдар сұратып алуға;
2) Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар өткізетін кеңестер, конференциялар семинарларға өз өкілдерін қатыстыруға;
3) Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдарға ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және өзге көмек түрлерін көрсетуге;
4) Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысын тексеру мақсатымен жұмыс комиссияларын құруға және ол комиссиялар құрамына оқу орындарының және де басқа мекеме, ұйымдардың өкілдерін қосуға;
5) Кеңес қызметі туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдар беттерінде жариялауға.
6. Кеңес отырыстарында қабылданған ұсыныстар мен тұжырымдар кеңестің шешімдері болып табылады және олар аудан әкімиятының назарына ұсынылады.
7. Кеңестің құрамында кеңестің төрағасы, оның орынбасары, хатшысы және мүшелері болады. Кеңестің төрағасы мен оның мүшелері кеңес жұмысына қоғамдық негізде ат салысады. Кеңес мүшелерінің саны аудан әкімияты белгілейді.
8. Кеңес отырыстары кеңес төрағасының ұсынысымен жарты жылда бір рет шақырылады. Кеңестің отырыстары кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқанда ғана заңды деп саналады. Кеңес мүшелері орынды, дәлелді себептері болған жағдайдан басқа уақытта отырыстарға тек өздері қатысуға тиіс. Кеңестің шешімдері кеңеске қатысушы мүшелерінің дауыс басымдылығымен қабылданады. Кеңестің төрағасы Кеңес шешімдері мен өзге құжаттарына қол қойып, отырыстардың күн тәртібіне қойылатын мәселелерді ұсынады, өзге де ұйымдастыру-басқару жұмыстарын атқарады.Кеңес төрағасы отырыста болмаған жағдайда оның міндетін кеңес төрағасының орынбасары атқарады.
9. Кеңестің ұйымдастырушылық және ақпараттық қызметін ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жүзеге асырады.
Аудан әкімінің
орынбасары