Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2003 жылғы 24 маусымдағы N 6-276 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 25 маусымда N 1229 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы N 01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2011.01.12 N 01 қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" N 789 Қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (1 қосымша).
       2. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
       3. Осы шешімінің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі

Аудан әкімінің
2003 жылғы 27 маусым
N 6-276 шешіміне
1 қосымша

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық
комиссияның құрамы <*>

      Ескерту. Комиссия құрамына өзгерту енгізілді - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2003 жылғы 7 тамыздағы N 8-300; 2003 жылғы 28 тамыздағы N 8-302 шешімімен.

Қайнарбеков Талғат Қанатұлы

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

Садыров Ерлан Молдахметұлы

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

<*>

<*>

Әбдірахманова Жаннат Тұрысбекқызы

Кәлпебаев Алтай Мұратұлы

Жұмағұлова Айгүл Майданқызы

ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы

аудан әкімі аппаратының бас маман-заңгері міндетін атқарушы комиссия мүшелері

ұйымдастыру-кадр жұмысы жөніндегі бөлімінің жетекші маманы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:

Хасанаев Марал Жақсыбайұлы

аудандық білім бөлімінің бастығы

Балбаева Маржан Ертайқызы

аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы

Ағыбаев Ғани Бартайұлы

"Көксу ауданының Орталық аудандық аурухана" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша)

Ерғазинов Ермек Ақанұлы

аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

Тәнеке Сағындық Байдырахманұлы

аудандық "Көксу таңы" газетінің бас редакторы (келісім бойынша)

Серіков Тұрар Серікұлы

аудандық жасөспірімдер және балалар спорт мектебінің директоры (келісім бойынша)

      Аудан әкімінің
      орынбасары

Аудан әкімінің
2003 жылғы 24 маусым
N 6-276 шешіміне
2 қосымша

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларының кешенді шешілуін іске асыруға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететін орган болып табылады.
       2. Комиссия құрамы әкімнің шешімімен бекітіледі.
       3. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамында төрағадан (әкімнің орынбасарынан) төрағаның орынбасарынан (аумақтық ішкі істер органы бастығының орынбасарынан), комиссияның 6-12 мүшелерінен және тиісті атқарушы органның аппаратында штаттық лауазымды қызмет атқаратын комиссиясының жауапты хатшысынан құрылады.
       4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүдделі ішкі істер органдарының, білім және ғылым, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, денсаулық сақтау және өзге де ведомствалар өкілдерін біріктіреді.
       5. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырады.
       6. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған комиссиясының бақылауында болады және оған есеп береді.
       7.Комиссия қызметі:
      1) заңдылық;
      2) кәмелетке толмағандармен адамгершілік қарым-қатынас;
      3) кәмелетке толмағандарға, ата-анасына немесе оның заңды өкілдеріне сыйласымды қарым-қатынас;
      4) кәмелетке толмағандар, ата-анасы немесе оның заңды өкілдері туралы ақпараттың құпиялылығы;
      5) кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша оның ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
      6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершілік қағидаттарына негізделеді.

2. Комиссияның негізгі функциялары

      8. Аудандық комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету;
      2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерінің алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған фактілері туралы мүдделі ведомстваларға үнемі хабарлап отыру;
      3) өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтік ақтау, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына теріс әсер ететін немесе олармен қатыгездікпен қарым-қатынас жасайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына немесе шектелуіне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдері мен басқа адамдардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
      5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну;
      6) мемлекет көмегіне мұқтаж кәмелетке толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқорлық органдарына ұсыныстар енгізу;
      7) кәмелетке толмағандары дене және психикалық күш көрсетуден, кемсітудің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
      8) қылмыстық жауапкершілік жүктелетін жасқа толғанға дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекет фактілері бойынша материалдарды қарау;
      9) өз құзыреті шегінде кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
      10) әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құру;
      11) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алумен айналысатын тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдарға:
      тәрбиелеу колонияларынан босатылған;
      арнайы білім беру ұйымдарынан оралған;
      әкімшілік жауапкершілікке тартылған;
      білім беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке толмағандармен жеке алдын-алу жұмысын жүргізудің қажеттілігі туралы ақпарат жіберу;
      12) спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық немесе есеңгірететін заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиісті емдеу-алдын алу және ақтау шараларын жүргізу үшін ата-аналары келісімімен денсаулық сақтау мекемелеріне жіберу;
      13) жалпы білім беретін оқу орындарына мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың ұзақ қатыспағандығы туралы білім беру ұйымдары әкімшілігінің ұсынымдарын қарау;
      14) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде және осы ережеде көзделген жағдайлар мен тәртіпте ықпал ету шараларын қабылдау;
      15) арнайы білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп кәмелетке толмағанның көрсетілген мекемеде болуын мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты мәселелер бойынша,сондай-ақ кәмелетке толмағанның онда болу мерзімін оның жасаған әрекетінде қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар жағдайларда ұзартуға немесе заңнамамен белгіленген осы мекемеде болу жасына жетуіне байланысты басқа арнайы білім беру ұйымдарына ауыстыру мәселелері бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтініші бойынша сотқа ұсыныс дайындау;
      16) кәмелетке толмаған сотталушыны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату жөнінде не оған жазаның өтелмеген бөлігін жазаның мейлінше жеңілірек түрімен ауыстыру туралы жазаны атқарушы мекеменің немесе орган ұсынымының сот отырысында қаралуына кәмелетке толмағандардың құқықтарын ұсынушы ретінде қатысу;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандардың білім беру және мәдениет ұйымдарында, уақытша оқшаулау, бейімдеу және ақтау орталықтарында, кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колонияларында, арнайы білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың тәрбиелеу, оқыту, ұстау, денсаулығын сақтау жағдайларын тексеру және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тиісті аумақтарда орналасқан арнайы білім беру ұйымдарында болу. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ ұстау, оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою жөнінде ұсыныс енгізеді;
      18) Білім беру ұйымдарында олардың меншік нысанына қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбие, құқық, білім беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйін зерттеу.

3. Аудандық комиссияның қолданатын шаралары

      9. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегі комиссия қабылдайтын шаралар:
      1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алуға жауапты басқа органдармен бірлесіп, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда орналасқан, білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт қатыспаған, мемлекет көмегіне мұқтаж жасөспірімдерді анықтайды, олардың жеке есебін жүргізеді, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды;
      2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешімді білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау органдарына жібереді, олар өз кезегінде екі апта мерзімде қабылданған шаралар туралы комиссияға хабарлауға міндетті;
      3) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің жоқтығына, ата-анасының ата-аналық құқығынан айырылуына байланысты арнайы білім беру ұйымдарынан шыққан немесе тәрбие колониясынан босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жеріне оралуы мүмкін емес немесе қажет болмаған жағдайларында, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртібіне теріс әсер ететін өзге де себептерге байланысты көрсетілген мекемелердің орналасқан жері бойынша комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерін есепке ала отырып, білім беру ұйымдарына орналастыру немесе, еңбекке орналастыру жөнінде, сондай-ақ ол үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнінде көмек көрсетеді. Комиссия мәселені кәмелетке толмағанның жазбаша өтініші мен тиісті мекеме әкімшілігінің дәлелді қорытындысы берілген күнінен бастап он күн ішінде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқорлық белгілеу үшін комиссия тиісті қорғаншылық және қамқорлық органына өтініш білдіреді.
       10. Комиссияның кәмелетке толмағандарға қолданатын ықпал ету шаралары.
      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілік туындайтын жасқа жеткенге дейінгі әкімшілік құқық бұзушылықтары немесе қылмыс белгілері бар қоғамға қауіпті әрекеттері жөніндегі істерді қарау кезінде комиссия кәмелетке толмағанның жас ерекшелігін, өмір сүру және тәрбие жағдайларын, психикалық даму деңгейін, жеке адамның өзге де ерекшеліктерін, әлеуметтік жағдайы мен мінез-құлқын, жасы үлкендердің рөлі мен ықпалын, сондай-ақ әкімшіліктік заңнамамен көзделген шаралардан басқа, кәмелетке толмағанды арнайы білім беру ұйымдарына жіберу туралы сотқа өтініш беру.
       11. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне комиссия қолданатын ықпал ету шаралары.
      Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын не олардың дене тәрбиесінің қалыпты және өнегелі дамуына кері әсерін тигізетін ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:
      1) Кәмелетке толмаған келтірген материалдық зиянды өндіріп алу туралы сотқа өтініш беру;
      2) Кәмелетке толмағанның өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе оны қамқорлыққа алған өзге де заңды өкілдерінен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаушыны немесе қамқоршыны өздерінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы не асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы шартты бұзу туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтініш беру;
      3) Ата-аналық құқығын шектеу жөнінде немесе айыру не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де шаралар қолдану туралы сотқа өтініш беру.

4. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі

      12. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасымен өзінің құзыретіне жатқызылған кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс аудандық комиссия қарайды.
      Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау процесінде комиссия қылмыс белгілерін тапқан жағдайда, онда ол тиісті ақпаратты ішкі істер органдарына жібереді.
       13. Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдарды:
      1) кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша;
      2) өзінің жеке бастамасы бойынша;
      3) азаматтардың ақпараттары бойынша;
      4) білім беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтініштері;
      5) қылмыстық жауапкершілік туындаған жасқа толғанға дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты ішкі істер органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды.
      Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдарды осы Ережемен және Қазақстан Республикасының құқықтық кесімдерімен белгіленген тәртіппен қарайды.
       14. Комиссия отырыстарын дайындау.
      Комиссияның қарауына келіп түскен материалдардың уақтылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын-ала зерттейді.
      Комиссияның қарауына келіп түскен материалдарды алдын ала зерттеу процесінде ол:
      1) Осы материалдардың деректерін қарау оның құзыретіне жататындығын;
      2) Комиссия отырысына шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберін;
      3) Материалдарды дұрыс және уақтылы қарау үшін маңызы бар жағдайларға қосымша тексеру жүргізу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттілігін анықтайды.
      Комиссия материалдарды алдын-ала зерттеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдай алады:
      1) Материалдарды қарауға тағайындау және кәмелетке толмағанды, оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін, отырысқа қатысуы міндетті деп танылған басқа да адамдарды комиссия отырысының күні мен орны туралы хабардар ету;
      2) Келіп түскен материалдардағы мәліметтерге тексеру жүргізу немесе оны жүргізуді тиісті мамандарға тапсыру;
      3) Комиссия отырысында қарауға жататын мәселелердің нақтылығы бойынша кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішін қарау;
      4) Кәмелетке толмағанның комиссия отырысына келуін қамтамасыз ету жөнінде осы Ереженің 15-тармағында көзделген шараларды қабылдау;
      Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері, адвокат комиссия отырыс басталғанға дейін оның қарауына дайындалған материалдармен танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетілген адамдардың материалдармен танысу құқығы оларды комиссия отырысына шақыру туралы шақыру қағазында түсіндіріледі.
      Комиссияның алған материалдары олардың комиссияға келіп түскен күнінен бастап он бес күн ішінде қаралуы тиіс.
       15. Комиссия отырысына қатысушы адамдардың келуін қамтамасыз ету.
      Кәмелетке толмаған комиссия отырысына қатысудан жалтарды деуге негіз болған кезде, комиссия келуін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне, не ол тәрбиеленетін білім бер ұйымдары әкімшілігіне жүктейді, олар осы мәселе бойынша жазбаша міндеттемелер береді.
      Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауапкершілік туындайтын жасқа толғанға дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарайтын комиссия отырысына дәлелсіз себептермен келмеген кезде жасөспірім және оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп жеткізілуі мүмкін.
       16. Комиссия отырыстарын өткізу тәртібі.
      Комиссия отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде айына екі рет өткізіледі және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, іске қатысушы адамдардың өтініші жабық отырыс өткізу туралы дәлелді қаулы қабылдай алады.
      Комиссия қажет кезінде істері қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жері бойынша көшпелі отырыс өткізе алады.
      Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерінің кемінде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады.Комиссия отырысында оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды.
      Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды комиссия тек кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қатысуымен ғана қарайды.
      Кәмелетке толмағанның тілегі бойынша комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жіберіледі.
      Комиссия отырысын өткізу күні, орны мен уақыты туралы прокурорға міндетті түрде хабарлануы керек.
      Қылмыстық жауапкершілік туындайтын жасқа толғанға дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезінде отырысқа прокурор шақырылады.
      Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатынын хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Мұнан кейін қажетті құжаттар жарияланады, келіп түскен материалдар, сондай-ақ негізделген шешім қабылдау үшін маңызы бар жағдайлар зерттеледі, өтініштер қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзі тыңдалады.
      Қаралатын материалдардың мәні бойынша өтініштерді кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері, адвокаты, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ комиссияға кәмелетке толмағанға қатысты ұсынымдармен өтініш білдірген адамдар және олардың заңды өкілдері береді. Берілген өтініштерді қарау нәтижелері комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі.
      Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға кері әсерін тигізетін жағдайларды зерттеу уақытында комиссияның оны залдан шығаруға құқы бар, бұл туралы комиссия отырысының хаттамасында жазылады.
       17. Комиссия қаулысы:
      Кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдары, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу үшін жауапты органдардың ұсынымдары олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтініштері, азаматтардың ақпараттары бойынша комиссия қаулы қабылдайды, онда:
      1) Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында көзделген жаза және ықпал ету шараларын қолдану туралы;
      2) кәмелетке толмағанды орналастыру жөнінде осы Ереженің 9-тармағында көзделген шараларды белгіленген тәртіппен қабылдау туралы;
      3) осы Ереженің 10, 11-тармақтарында көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы;
      4) дайындалып жатқан не жасалған қылмыс туралы ақпаратты ішкі істер органдарында жіберу туралы шешім баяндалады.
      Комиссия қаулысы отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлінген жағдайда комиссия отырысында төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия қаулысында:
      1) комиссияның атауы және жеке құрамы;
      2) комиссия отырысының күні мен жері;
      3) материалдар қаралуға қатысты адам туралы мәліметтер;
      4) материалдарды қарау кезінде белгіленген жағдайлар;
      5) шешім қабылдауға негіз болған дәлелдер;
      6) кәмелетке толмағанның құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік көзделетін не құқықтарына келіп беретін нормативтік құқықтық кесім;
      7) комиссия қабылдаған шешім;
      8) кәмелетке толмағанға комиссия ұсынған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар, олар тапсырылған органдар мен адамдар;
      9) осы қаулы бойынша шағымданудың мерзімдері мен тәртібін түсіндіру туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Комиссия қаулысына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдануға белгіленген мерзім өткеннен кейін, заңды күшіне енеді.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша комиссия қаулысы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шығарылады.
      Комиссия қаулысы орындау үшін тиісті мемлекеттік органдарға және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанынан тәуелсіз ұйымдарға жіберіледі.
      Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша қаулы істі қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады, ал оның көшірмесі, бұл ретте,шығарылған қаулыға қатысты адамға тапсырылады.
      Айыппұл кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мүмкін мүлкі болған жағдайда тағайындалады. Айыппұл мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
      Кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мүмкін мүлкі болмаған жағдайда айыппұл ата-анасына немесе оны алмастыратын адамдарға жалпы негізде салынады.
      Айыппұл әкімшілік айыппұл қолдану туралы қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күн ішінде не қажетті соманы белгіленген тәртіпте банк мекемесіне өткізу жолымен әкімшілік заңнамамен белгіленген ұзарту мерзімі өткеннен кейін төленуі тиіс.
      Комиссия қаулысын орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілік жүктейді.
       18. Комиссияның ұсынысы.
      Егер материалдарды қарау барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттер мен қараусыз қалуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталатын болса, комиссия мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға оларды жою туралы тиісті ұсыныстар енгізеді.
      Осы тармақта көрсетілген органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары комиссия ұсынысын алған күнінен бастап бір айдың ішінде оны қарауға және тиісті комиссияға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуды жою, жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлауға міндетті.
      Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламау Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.
       19. Комиссия отырысының хаттамасы.
      Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргізеді, онда:
      1) комиссияның атауы мен жеке құрамы;
      2) комиссия отырысының күні мен жері;
      3) қаралатын материалдардың мазмұны;
      4) материалдары қаралатын адамның тегі, аты және әкесінің аты,туған күні мен жері, оның тұрғылықты жері, сондай-ақ материалдардың қаралуы үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;
      5) комиссия отырысына қатысушылардың келуі және оларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру туралы мәліметтер;
      6) комиссия отырысына қатысушы адамдардың түсініктемелері;
      7) материалдарды қарау кезінде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтар;
      8) берілген өтініштер мен оларды қарау нәтижелері;
      9) комиссия отырысында қабылданған қаулы немесе ұсынысты жариялау туралы мәліметтер;
      10) қабылданған қаулы немесе ұсыныс бойынша шағымдану мерзімдері мен тәртібін түсіндіру туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
      Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды.
       20. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттеріне, сондай-ақ қараусыз қалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды зерттеу мақсатында комиссия отырыстарда қаралған барлық істерді есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады, өзінен аумағының шегінде осы есепке алудың деректерін қорытындылайды.
      21. Кәмелетке қаулысына немесе ұсынысына шағым беру. Қаралған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қаулы ол кімге қатысты қабылданса, сол адам, оның заңды өкілдері, адвокаты, сондай-ақ жәбірленуші сотқа шағым бере алады.
      Комиссияның тиісті қаулысының көшірмесін алған күннен бастап он күн ішінде осы комиссияны құрған атқарушы органға шағымдануы мүмкін.
      Көрсетілген мерзімде шағым беру тиісті қаулының орындалуын тоқтатады.
      Комиссияның қаулысы бойынша сотқа шағым беру мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      Комиссия қаулысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокурор қарсылық білдіре алады.

5. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      22. Комиссия қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету аудан әкімінің аппаратына жүктеледі.

      Аудан әкімінің
      орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады