Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2011.01.12 N 01 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына Қазақстан Республикасы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес, Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамындағы өзгерістерге байланысты, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы әкімінің 2003 жылғы 24 маусымдағы "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы туралы" N 6-276 шешіміне (Облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 25 маусымда N 1229 болып реестрде тіркелген, 2003 жылы 11 шілде N 28, "Көксу таңы" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамынан Есмұрзанов Әділғазы Уахитұлы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы шығарылсын;
2) Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамына Әбділданов Қанат Таңжарықұлы - туризм және спорт жөніндегі бас маманы, комиссия хатшысы;
Әбдірахманова Жаннат Тұрысбекқызы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы;
Кәлпебаев Алтай Мұратұлы - аудан әкімі аппаратының бас маман - заңгері міндетін атқарушы комиссия мүшелері болып енгізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Қайнарбековке жүктелсін.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Аудан әкімінің
орынбасары
Аппараттың басшысы
Аппараттың заңгері
міндетін атқарушы
Жалпы бөлімінің
бастығы