Аудан әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңесі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімиятының 2003 жылғы 17 шілдедегі N 8-39 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 22 шілдеде N 1257 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы N 07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011.01.12 N 07 Қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағы 17-тармақшасына, сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Аудан әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес құрылсын (1 қосымша).
       2. Аудан әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңестің дербес құрамы аудандық Мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
       3. Аудан әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңесі туралы Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қайнарбековке жүктелсін.

      Аудан әкімі

      Аудан әкімінің орынбасары

      Аппараттың басшысы

      Аппараттың заңгері
      міндетін атқарушы

      Жалпы бөлімінің бастығы

Аудан әкімиятының
2003 жылғы 17 шілде
N 8-39 қаулысына
1 қосымша

Аудан әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыс
жөніндегі аудандық
Кеңестің дербес құрамы

      1. Қайнарбеков Талғат Қанатұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
      2. Нүсіпова Бақытгүл Темірханқызы - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.

Кеңес мүшелері:

      1. Садыров Ерлан Молдахметұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры (келісім бойынша).
      2. Иваньшин Николай Николаевич - Балпық би кентінің баптистер діни бірлестігінің жетекшісі (келісім бойынша).
      3. Әдетбеков Қажым Байкенұлы - Балпық би кенттік округінің әкімі.
      4. Ерімбет Еділбек "Балпық би кенті мешіті" Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы" діни бірлестігі филиалының бас имамы (келісім бойынша).
      5. Абитова Зайтүна Тастанқызы - аудандық білім бөлімінің бас маманы.

      Аудан әкімінің орынбасары

Аудан әкімиятының
2003 жылғы 17 шілде
N 8-39 қаулысына
2 қосымша

Көксу ауданы әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыс
жөніндегі Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. Көксу ауданы әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес (кейін - Кеңес) Көксу ауданы әкімияты жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімият қаулылары және басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Кеңес өзінің қызметін Алматы облысының мемлекеттік, діни және басқа қоғамдық бірлестіктерімен, өзара іскер байланыста жүзеге асырады.
      4. Кеңес қабылдаған шешімдері хаттама ретінде ұсынымдық сипатта болады.

2. Кеңестің мақсаттары, міндеттері және функциялары:

      5. Кеңестің мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының діни наным бостандығына байланысты құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамда рухани келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері жөнінде ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу.
      6. Кеңестің негізгі міндеттері:
      1) аудандағы дін жағдайын, сондай-ақ оның даму тенденциясын жан-жақты және объективті түрде зерделеу, тарату және талдау;
      2) мемлекеттік органдардың, аудан әкімін аудандық дін жағдайы және діни наным бостандығы туралы заңдардың сақталуы жөнінде хабардар етіп отыру;
      3) жергілікті билік органдарының діни бірлестіктермен жұмысын үйлестіру;
      4) ауданда тіркелген діни бірлестіктер туралы ақпараттық мәліметтер банкін қалыптастыру;
      5) діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен төзімділікті нығайту және оларға Қазақстан Республикасына сәйкес консультативтік көмек көрсету.
       7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіппен төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:
      1) Аудан аумағында құрылған  діни бірлестіктер мен шетелдік миссионерлер қызметін зерделеуді жүзеге асырады және олар туралы мәліметтер банкін қалыптастырады;
      2) Ақпараттық-насихаттау шараларын жүзеге асырады;
      3) Азаматтардың діни наным бостандығына байланысты құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі консультативтік жұмысты жүргізеді.

3. Кеңес қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі:

      8. Көксу ауданы әкімінің орынбасары  кеңестің төрағасы болып табылады.
      9. Кеңес мәжілістері жарты жылда кем дегенде бір рет өткізіліп тұрады.
      10. Кеңестің отырыстарына, оның құрамының кем дегенде үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда ғана кеңес мәжіліс өткізуге құқылы болады.
      11. Кеңес жұмысын ұйымдастыру талдау жағынан қамтамасыз етуді ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жүзеге асырады.

      Аудан әкімінің орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады