Райымбек ауданы әкімияты жанынан кәсіпкерлер Қеңесін құру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімиятының 2003 жылғы 28 мамырдағы N 26 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 16 маусымда N 1210 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы N 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011.05.10 N 149 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 29 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан кәсiпкерлер Кеңесiн құру туралы" N 692 Жарлығына және Қазақстан Республикасы "Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабының 4-тармағына сәйкес, аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Аудан әкiмияты жанындағы кәсiпкерлер Кеңесi туралы Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
       2. Аудан әкiмиятының жанынан құрылған кәсiпкерлер Кеңесi құрамын бекiту аудандық мәслихат сессиясынан сұралсын.
       3. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Демеуовке жүктелсiн.

      Аудан әкiмi:

      1. Аудан әкiмi орынбасары:-
      2. Аппарат басшысы:-
      3. Экономика бөлiмiнiң төрағасы:-
      4. "Қуат ЛТД" ЖШС-ның президентi:-
      5. Жеке кәсiпкер:-
      6. "Өркен" шаруа қожалығының төрағасы:-
      7. "Құмтекей" шаруа қожалығының төрағасы:-
      8. Жеке кәсiпкер:-
      9. Жеке кәсiпкер:-
      10. Аудан әкiмi аппаратының заңгерi:-
      11. Жалпы бөлiмiнiң бастығы:-
      12. Экономика бөлiмiнiң жет.маманы:-

Аудан әкiмиятының
2003 ж 28 мамыр
N 26 қаулысымен бекiтiлдi
қосымша N 1

Аудан әкiмиятының жанындағы кәсiпкерлер
Кеңесi туралы
Ереже

1. Жалпы Ережелер

      1. Аудан әкiмиятының жанынан құрылатын кәсiпкерлер Кеңесi (одан әрi Кеңес) консультативтiк кеңесшi орган болып табылады.
      2. Аудан әкiмиятының жанындағы кәсiпкерлер Кеңесi қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актiлерi құрайды.

2.Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

      1. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi төмендегiдей:
      1) Ауданды дамыту үшiн Отандық бизнестiң әлеуметiн жұмылдыру.
      2) Инвестицияны пайдалану мен қорғаудың негiзгi бағыттарын анықтау.

3. Кеңестiң қызметi

      1. Негiзгi мiндеттерге сәйкес Кеңеске төмендегiдей мiндеттер жүктеледi:
      1) Инвесторларға қолайлы жағдай жасау жөнiндегi шараларды анықтау және iскерлiк белсендiлiктi ынталандыру;
      2) Аудан экономикасын құрылымдық реформалау жөнiнде ұсыныстар жасау.

4. Кеңестiң құқығы

      1. Кеңес жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру және өз қызметiн орындау мақсатында:
      1) инвестициялар тарту, кәсiпкерлiктi және жаңа технологияны дамыту мәселелерiн қарайды;
      2) қажет болған жағдайда өз жұмысына қатысуға мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың басшыларын шақырады.

5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

      1. Кеңестiң төрағасы аудан әкiмi болып табылады.
      2. Кеңестiң құрамына мемлекеттiк органдардың басшылары мен басқа да лауазым иелерi, сондай-ақ аудандағы iрi бизнес өкiлдерi енедi.
      3. Кеңестiң құрамын аудандық мәслихат бекiтедi.
      4. Кеңестiң мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай жылына кем дегенде 2 рет, Кеңес төрағасы белгiлеген мерзiмде өткiзiледi.
      5. Кеңес мүшелерi оның мәжiлiстерiне алмастыру құқығысыз қатысады.
      6. Кеңес шешімі аудан әкімиятының қаулысын шығару арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
      7. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ Кеңес мәжiлiсiнiң күн тәртiптерi бойынша қажеттi материалдар мен ұсыныстар дайындауды экономика комитетi жүзеге асырады.
      Райымбек ауданы әкiмияты жанындағы кәсiпкерлiк Кеңесiнiң құрамы:
      1. Нұрғожаев Байғожа Нұрғожаұлы - аудан әкiмi, Кеңестiң төрағасы.
      2. Демеуов Марат Демеуұлы - аудан әкiмiнiң орынбасары, Кеңес орынбасары.
      3. Досымбеков Сабыр Досымбекұлы - экономика болiмiнiң бастығы.
      4. Күдер Каһарман - "Қуат ЛТД" ЖШС-ның президентi.
      5. Рысқұлов Болат - жеке кәсiпкер.
      6. Нүсiпқожаев Талғат - "Өркен" шаруа қожалығының төрағасы.
      7. Молдасанов Қанат Жолсейiтұлы - "Құмтекей" шаруа қожалығының төрағасы.
      8. Жанбабаева Шолпан Iлiкқызы - жеке кәсiпкер ("Шолпан" асханасы, қонақ үй).
      9. Тұрлықожаев Мейiрбек - жеке кәсiпкер.
      10. Қайыңбаева Нұрбақыт Аманжанқызы - аудан әкiмi аппаратының заңгерi.
      11. Мамбетжанова Эльмира Намазбайқызы - экономика бөлiмiнiң жетекшi маманы, комиссия хатшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады