Аудан аумағындағы мемлекеттік емес орман қорындағы ағаштар мен бұталарды, жасыл желектерді кесу және ретке келтіру Ереже туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2003 жылғы 9 маусымдағы N 34-127 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 16 маусымда N 1212 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2005 жылғы 14 қарашадағы N 26-107 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2005.11.14 N 26-107 Шешімімен

       Екінші сайланған Райымбек аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІV сессиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Аудан аумағындағы мемлекеттік емес орман қорындағы ағаштар мен бұталарды, жасыл желектерді кесу және ретке келтіру туралы Ереже   1 қосымшаға сәйкес бекітілсін. (қосымша қоса тіркеледі).
       2. Осы ереженің жергілікті жерлерде жүзеге асырылуын қадағалау мақсатында төмендегі құрамда аудандық комиссия бекітілсін.
      1. Әбішов Болат - Алматы облыстық - аумақтық қоршаған ортаны қорғау Қожамбердіұлы басқармасының Райымбек ауданы бойынша бас инспекторы, комиссия төрағасы.

Мүшелері:

2. Жолаев Ержан Сырланқұлұлы

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі.

3. Биханов Еркін Иждиятұлы

аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы.

4. Қоқымбаев Қазыбек Құлжабайұлы

аудандық жер ресурстары комитетінің бастығы

5. Жақсыбаев Ибрагим Жылкелдіұлы

аудандық электр жүйесінің бастығы

6. Әуелбеков Жанболат Әуелбекұлы

ауданның бас сәулетшісі.

7. Қожахметов Сүлеймен

аудандық телекоммуникация торабының телекоммуникация қызметін сату бөлімінің бастығы

      3. Ереженің жергілікті жерлерде мүлтіксіз орындалуына басшылық жасау селолық поселкелік округ әкімдерінің және аудандық комиссияның назары аударылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың Заңдылық және қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссияға (Әбек Ұлықпан) міндеттелінсін.

      Аудандық мәслихаттың ХХХIV -
      сессиясының төрағасы

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы

Аудандық мәслихаттың
2003 жылғы 9 маусымдығы
N 34-127 шешіміне
қосымша

Аудан аумағындағы мемлекеттік емес орман қорындағы ағаштар мен
бұталарды, жасыл желектерді кесу және ретке келтіру туралы
ЕРЕЖЕ

І. Ереженің мақсаты

      Бұл ереже аудан көлеміндегі қураған көлік қозғалысына, телекоммуникация және электрлендіру желілеріне қауіп төндіретін, сонымен қатар, елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс жұмыстарын жүргізу нормаларына сай келмейтін ағаштарды кесуді тәртіпке келтіру үшін жасалынды.

ІІ. Ережені жүзеге асыруды ұйымдастыру

      1. Арыз беруші азамат, жеке және заңды тұлғалар (бұдан былай талапкер) өз өтінішімен ауылдық, кенттік округ әкіміне жүгінеді.
      2. Ауылдық, кенттік округ әкімдері үш күн ішінде аудан әкімі шешімімен құрылған. Мемлекеттік емес орман қорындағы ағаштар мен бұталарды жасыл желекті заңсыз кесуді табиғи өскіндерді қорғау мен реттеу жәйлі құрылған комиссияның қарауына ұсынады. (комиссия төрағасы аудандағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор).
      3. Комиссия бір аптаның ішінде талапкердің арызын, оған байланысты ауылдық, кенттік округ әкімдерінің ұсынысын қарай келіп, арнайы формада мерзімін көрсете отырып рұқсат береді, немесе рұқсат берілмегені жөніндегі комиссия шешімінен көшірме беріледі.
      4. Комиссия төрағасы қол қойған мөрі басылған рұқсат қағаз ауылдық, кенттік округте бақылауға алу үшін тіркеуден өтеді.
      5. Ауылдық, кенттік округте талапкер техникалық қауіпсіздік жөніндегі арнайы инструктаждан өтіп, ол жөнінде журналға қол қояды.
      6. Жұмыс орындалғаннан кейін талапкер барлық құжаттарды ауылдық, кенттік округ әкіміне, орындалғаны жөнінде белгі соғып, қайтарады. Бұл құжаттар аудан көлемінде есеп жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға өткізілді.
      7. Талапкер ағашты кесілген алаңды қоқыстан толықтай тазалап жерді тырмалап, қалыпқа келтіреді.
      8. Өтініш иесі кесілген ағаштардың орнына көгалдандыру мақсатында жылдың тиісті мерзімінде ағаштар отырғызуды ұйымдастыруға құқықты.
      9. Ағаш кесу мен көшет отырғызу жұмыстары комиссия мүшелерінің, ауылдық, кенттік округ әкімдерінің тікелей бақылауында жүргізіледі.
      10. Аталған жұмыстарды орындау кезінде талапкер техникалық және басқа да қауіпсіздіктерді қатаң сақтауға міндетті.

ІІІ. Осы талаптарды орындамаған жағдайда заңда белгіленген
тәртіппен жауапкершілік жүктелінеді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады