Ұйғыр ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімиятының 2003 жылғы 23 маусымдағы N 9-15 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 25 маусымда N 1226 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 07 наурыздағы N 6-188 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2005.03.07 N 6-188 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357 "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 13 бабына сәйкес Ұйғыр аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ұйғыр ауданы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесі бекітілсін. (N 1 қосымша).
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Омаровқа жүктелсін.

      Аудан әкімі

Ұйғыр ауданы әкімиятының
2003 жылғы 23 маусымдағы
N 9-15 қаулысына
N 1 қосымша

Ұйғыр ауданы әкімияты қаражатын пайдаланудың
Ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      Аудан әкімиятының резерві - тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудандық әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат;
      Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылына кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
      Аудан әкімияттың және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша аудан әкімияттың немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне бөлінетін қаражат;
      Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резерв жергілікті бюджетке түсетін ағымдағы түсімдермен және ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген бекітілген аудандық бюджеттердің шығыстарын қаржыландыруға арналған қайтарымды негізде, төмен тұрған бюджеттерге бөлінетін аудандық әкімияты резервінің құрамында көзделінетін қаражат;
      әкімияттың резерві қаражатын алушы жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгері немесе аудандық әкімият.
      2. Аудандық әкімияттың резерв қаражаты есебінен қаржыландыратын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға мынандай шаралар жатады:
      1) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою.
      Бұлар:
      2) төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      3) зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
      4) шұғыл қимыл жасайтын авариялық құтқару және авариялық қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
      5) төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдың тасымалдануын қамтамасыз ету.
      2. Сот шешімдері бойынша аудан әкімияттың жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу;
      3. Төмен тұрған бюджеттерді ағымдағы қаржы ішінде несиелендіру жатады.
      Аудандық әкімияты резервінің қаражаты өзге шығыстарды қаржыландыруға бағытталмауы керек.

2. Аудандық әкімиятының резервінің қаражатын бөлудің және
пайдаланудың тәртібі

      1. Аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлуді аудан әкімиятының қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіп бойынша тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті несиелендірумен шығыстары құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
      2. Аудан әкімиятының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Ережеде резервтен қаражат бөлу туралы аудан әкімияты қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
      3. Әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудандық әкімияты қаулыларын дайындаған кезде мынандай шартта ескертіледі:
      1) аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
      2) Сот шешімдері бойынша әкімияттың және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, аудандық әкімиятының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы.
      4. Бөлінген несие толық өтелгеннен кейін күшін жоятын, әкімияттың арнайы резервінен төмен тұрған бюджеттерге несие бөлу туралы әкімияттың қаулыларын қоспағанда, әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы әкімиятының тиісті қаулысы негізінде аяқталғанға дейін күшін жояды.

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға
қаражат бөлу

      1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы өтініштерді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарайды.
      Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың аудан аралық немесе облыстық ауқымы болуы керек.
      2. Негіздемелік материалды берудің тәртібі және олардың тізбесі аудандық төтенше жағдай жөніндегі комиссия айқындалады.
      3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі туындағанда төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия белгіленген тәртіппен әкімият қаулысының жобасына төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу туралы шешім енгізеді.
      4. Аудандық және объектілік көлемдегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудандық жергілікті атқарушы органдардың резервтік қаражаты есебінен қаржыландырылуы керек.

4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімінің және жергілікті
атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу

      1. Сот шешімдері бойынша аудан әкімияттың және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда әкімияттың резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
      2. Аудан әкімінің міндеттемелерін өтеуге әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы әкімият қаулысының жобасын аудандық қаржы бөлімі заңдармен белгіленген тәртіп бойынша дайындайды.
      3. Жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеуге аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы әкімият қаулысының жобасын жергілікті атқарушы органның өзі заңдармен белгіленген тәртіппен дайындайды.

5. Бақылау және есептілік

      1. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар аудандық қаржы бөлімі белгілеген тәртіппен және мерзімінде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
      2. Аудандық қаржы бөлімі ай сайын облыс әкіміне әкімияттың резерв қаражатының пайдалануы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
      3. Аудан әкімияты резервінен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланғаны үшін алушы Қазақстан Республикасы Заңдарында көзделген тәртіппен жауап береді.
      4. Аудан әкімияты резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      Аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады