Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімиятының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 20-137 қаулысы. Алматы облыстық әділет басқармасында 2003 жылы 22 желтоқсанда N 1423 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 01 ақпандағы N 3-69 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2007.02.01 N 3-69 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 31 бабына сәйкес Ұйғыр ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ұйғыр ауданы әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылсын. (1 қосымша).
       2. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамын бекіту аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылсын.
       3. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесі бекітілсін /2 қосымша/.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Кабиевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                В. Тохтасунов

1. Кабиев Е.

- Аудан әкімінің орынбасары

2. Исламов С.

- Аппараттың басшысы

3. Максатов М.

- Заңгер

4. Гульметова Р.

- Жалпы бөлімінің бастығы

5. Шаймухаев Б.

- Ішкі саясат бөлімінің бастығы

Аудан әкімиятының
05 желтоқсан 2003 жылғы
N 20-137 қаулысына
N 1 қосымша

Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің
дербес құрамы

1. Қабиев Е.Б.

- Ұйғыр аудан әкімінің орынбасары, Кеңестің төрағасы

2. Рахмаев Т.А.

- Ұйғыр аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы, кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

3. Мамбеталиев А.Т.

- Ұйғыр ауданы орталық ауруханасы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері, кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

4. Юлдашева Р.К.

- Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты ішкі саясат бөлімінің бас маманы, кеңес хатшысы

Кеңес мүшелері:

Шаймухаев Б.Н.

- Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты ішкі саясат бөлімінің бастығы

Даутова С.М.

- аудандық қаржы бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

Тойшыбеков Т.

- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Ұйғыр аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)

Алимбеков А.Б.

- ішкі істер бөлімінің бастығы /келісім бойынша/

Аблизов А.

- "Іле шұғыласы - Или вадиси" Ұйғыр аудандық газеті" мемлекеттік мекемесінің бастығы /келісім бойынша/

Турдыбакиев Т.Т.

- аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы /келісім бойынша/

      Аппарат басшысы                            С. Исламов

Аудан әкімиятының
05 желтоқсан 2003 жылғы
N 20-137 қаулысына
N 2 қосымша

Ұйғыр ауданы әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес
жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

Мақсаты:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" қаулысын жүзеге асыру жайлы" шешіміне әрекеттерді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
      2. Үйлестіру Кеңесі өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары жөніндегі Заңдарын, Үкімет Қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін және аудан әкімінің бекіткен жоспарын, басқа да нормативтік актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Міндеттер:

      1. Кеңеске төмендегі міндеттер жүктеледі:
      1) туберкулезбен күресті ұйымдастыру мәселелері бойынша ведомстволар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметін үйлестіру;
      2) денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлік, ішкі істер мекемелері және басқа да мекемелер басшыларының жергілікті жерлердегі туберкулезбен күрестің жай-күйі туралы ақпараттарын, өткізілген шаралардың орындалуын қадағалау:
      3) облыс әкімінің қарауына туберкулезбен күресті жетілдіру жөніндегі негізделген ұсыныстар енгізу:
      4) тұрғындардың және жануарлардың туберкулезбен ауыру жағдайын байқауды, туберкулездің таралуына қарсы күреске шаралар әзірлеуді, осы шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
      5) салауатты өмір салтын және санитарлық білім беруді қалыптастыру жөніндегі мекемелермен өзара іс-қимылын жасайды,жұмыстағы озық тәжірибелерді іс жүзінде кеңінен енгізуді қамтамасыз етеді.

Үйлестіру Кеңесінің қызметі

      1. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезге қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі(мәтінде Кеңес) консультативтік кеңесші орган болып табылады.
      2. Үйлестіру Кеңесінің мәжілісі жарты жылда төрт рет өткізіліп тұрады. Жұмыс жоспары Кеңес мәжілісінде бекітіледі.
      3. Кеңес жұмыстарын ұйымдастырушылық жағынан ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі қамтамасыз етеді.
      4. Тиісті мекемелер мен ведомстваларға орындауға хаттама ретінде рәсімделген шешімдері жіберіледі.

Басшылық және құрылым:

      1. Үйлестіру Кеңесін аудан әкімінің орынбасары басқарады.
      2. Құқықтық қатынастар және құқықты қолдану іс тәжірибесін талдау, ақпарат және білім беру.

Үйлестіру Кеңесінің құқықтары:

      1. Мекемелерден, бөлімдерден туберкулезге қарсы күрестің іс-әрекеттері жөнінде аудандық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпараттар жинау.
      2. Бағдарламаның орындалу барысы жөніндегі ұсыныстарды қарауға ұсыну.
      3. Хаттама шешімдерін дайындап, толық немесе қысқартылған түрде орындаушыларға жеткізу.

      Аппарат басшысы                            С. Исламов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады