Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2007.02.01 N 3-67 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы 2001 жылғы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 31 бабына сәйкес Ұйғыр ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімияты жанындағы адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілеріне қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылсын (1 қосымша).
2. Аудан әкімияты жанындағы адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілеріне қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамын бекіту аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылсын.
3. Аудан әкімияты жанындағы адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілеріне қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесі бекітілсін /2 қосымша/.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қабиевке жүктелсін.
Аудан әкімі В. Тохтасунов
Қабиев Е. |
- Аудан әкімінің орынбасары |
Исламов С. |
- Аппараттың басшысы |
Максатов М. |
- Заңгер |
Гульметова Р. |
- Жалпы бөлімінің бастығы |
Шаймухаев Б. |
- Ішкі саясат бөлімінің бастығы |
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
N 20-139 қаулысына
N 1 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы адамның қорғаныс тапшылығының
қоздырғыштары-жасанды қорғаныс тапшылығының белгілеріне қарсы
күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы:
1. Қабиев Е.Б. |
- Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары, кеңестің төрағасы |
2. Мамбеталиев А.Т. |
- Ұйғыр ауданы орталық ауруханасы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері, кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
3. Рахмаев Т.А. |
-"Ұйғыр аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
4. Юлдашева Р.К. |
- Ұйғыр ауданы әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
5. Алимбеков А.Б. |
- аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
6. Даутова С.М. |
- аудандық қаржы бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
7. Аблизов А. |
- "Іле шұғыласы - Или вадиси" "Ұйғыр аудандық газеті" мемлекеттік мекемесінің бастығы /келісім бойынша/ |
8. Шаймерденов Н.Р. |
- аудандық білім бөлімінің бастығы (келісім бойынша) |
Аппарат басшысы С. Исламов
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
N 20-139 қаулысына
N 2 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы адамның қорғаныс тапшылығының
қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілеріне қарсы
күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Мақсаты
1. "Қазақстан Республикасы жасанды қорғаныс тапшылығының белгілеріне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 1207 қаулысы мен Облыс әкімінің 3.12.2001 жылғы N 12-172 "Алматы облысында жасанды қорғаныс тапшылығының белгілеріне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" шешіміне сәйкес тиісті әрекеттерді ұйымдастыру.
2. Үйлестіру Кеңесінің өз жұмыстарында Қазақстан Республикасының адамның қорғаныс тапшылығының белгілерінің - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілері жөніндегі Заңдарын, Үкімет қаулыларын,облыс әкімінің шешімдерін және аудан әкімінің бекіткен жоспарын, басқа да нормативтік актілерді,сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Міндеттер
1. Жасанды қорғаныс тапшылығының белгілерінің - алдын алу мен оған қарсы күрес жұмыстарын әзірлеу және өткізу.
2. Адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілерінің алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды нәтижелі және жоғары салада жүргізіп адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілері індетін тұрақтандыру.
3. Қатыстырылған басқармалар мен ведомстволар Үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілері алдын алуға бағытталған жұмыстарын үйлестіру.
4. Тұрғындар арасында, оның ішінде нашақорларға, коммерциялық негізде жыныстық қатынасқа түсушілерге, жастарға арналған мақсатты түрде оқу-ағарту бағдарламасын енгізу және оның орындалуын ұйымдастыру.
5. Адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары індетіне қарсы іс-әрекеттер жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламаны іске асыру.
6. Емдік - диагностикалық және алдын алу шараларына қажетті қаржы көздерін іздестіру және оның бөлуіне ықпал ету.
Үйлестіру Кеңесінің қызметі
1. Адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілері індетін тоқтату жөніндегі аудандық бағдарламаны орындауға қатыстырылған мекемелердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді,анықтайды, қоғамдық үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс істей отырып адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілері алдын алу және онымен күреске бағытталған мәселелері жөніндегі өзара істер байланысты жүзеге асырады.
2. Аудан көлемінде жасанды қорғаныс тапшылығының белгілері індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі бағдарламаның орындалуын бақылап, орындаушылардың жұмысын тыңдап, керекті жағдайда аудан әкімдігінің мәжілісінде мәселе көтереді.
3. Адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілері төтенше індет орын алған жағдайда, шаралар төтенше індетке қарсы комиссияның жұмысына сәйкес жүргізіледі.
4. Адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғыштары - жасанды қорғаныс тапшылығының белгілері бойынша Заң актілерін толықтыру және өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Басшылық және құрылым
1. Үйлестіру Кеңесін аудан әкімінің орынбасары басқарады.
2. Ұйымдастыру - әдістемелік, кеңес іс жүзінде көмек көрсету жұмыстарын облыстық жасанды қорғаныс тапшылығының белгілерінің алдын алу және онымен күрес орталығы жүзеге асырады.
3. Құқықтық қатынастар және құқықты қолдану іс тәжірибесін талдау,ақпарат және білім беру,экономикалық және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі төрт техникалық топ құрады.
4. Үйлестіру Кеңесінің отырысы жылына екі рет, ал індет жағдайының асқынуы кезінде жоспардан тыс,шұғыл түрде өткізіледі.
Үйлестіру Кеңесінің құқықтары
1. Мекемелерден, бөлімдерден жасанды қорғаныс тапшылығының белгілері індетіне қарсы іс-әрекеттер жөнінде аудандық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпараттар жинау.
2. Бағдарламаның орындалу барысы жөніндегі ұсыныстарды қаратуға ұсыну.
3. Хаттама шешімдерін дайындап,толық немесе қысқартылған түрде орындаушыларға жеткізу.
Аппарат басшысы С. Исламов