Еркерту. Шешімінің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1-ші тармағы 2-ші тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Жамбыл облысы бойынша 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" кешенді Бағдарламасы бекітілсін (тіркеледі).
2. Аудандар әкімияттары, облыстық табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі, мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау, ауыл шаруашылық, қоршаған ортаны қорғау басқармалары, "Жамбылсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі аймақтық инспекциясы, Шу-Талас алабтық су шаруашылығы басқармасы облыс тұрғындарын тиімді тарифтер бойынша сапалы ауыз сумен қажетті мөлшерде тұрақты жабдықтауға, қоршаған ортаның ағынды сумен ластануын болдырмауға шаралар қабылдасын, осы Бағдарламада қарастырылған іс-шаралардың тиісінше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Бағдарламаның орындалу барысына бақылау жасау облыстық мәслихаттың экология және табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мен облыс әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кешені және қоршаған ортаны қорғау бөліміне жүктелсін.
Облыстық мәслихат Облыстық мәслихат
сессиясының төрайымы хатшысы
Жамбыл облыстық
маслихаттың 2003 жылғы
13 маусымдағы N 18-12
шешімімен бекітілген
Жамбыл облысы бойынша 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" кешенді Бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарлама паспорты
2. Кіріспе
3. Жамбыл облысының елді мекендеріндегі сумен жабдықтау жүйесінің қазіргі жағдайы
4. Депрессивті аудандардың (Талас, Сарысу және Мойынқұм) елді мекендеріндегі сумен жабдықтаудың жағдайы
5. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері
6. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асырудың жолдары
7. Бағдарламаны іске асырудан күтетін қорытынды
8. Жамбыл облысы бойынша 2004-2010 жылдары елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қажетті қор және қаржыландыру көздері
9. 2003-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" облыстық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
10. Жамбыл облысының елді мекендерін сумен жабдықтаушы объектілердің сипаттамасы
БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Атауы Жамбыл облысы бойынша 2003-2010 жылдарға арналған,
"Ауыз су" кешенді бағдарламасы
Әзірлеу негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23-ші
қаңтардағы N 93 қаулысы және Жамбыл облысы
Әкімиятының 2002 жылғы 23-ші сәуірдегі "Облыс елді
мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі
бірінші кезектегі шаралар туралы" N 41 қаулысы.
Әзірлеуге Жамбыл облысы Әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кешені
қатысқан және қоршаған ортаны қорғау бөлімі, еншілес
мемлекеттік мемлекеттік кәсіпорын су шаруашылығы ғылыми зерттеу
мекемелер институты, табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге
асыру жөніндегі басқарма, Жамбыл су шаруашылығы
аумақтық мемлекеттік мекеме, облыстық мемлекеттік
санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
Мақсаты Облыс тұрғындарын қол жетімді тарифтер және кепілді
сапасы бойынша қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен
тұрақты қамтамасыз ету және қоршаған ортаны ағын
сулармен ластауын болдырмау.
Міндеттері Тұрғындарды қажетті көлемде сапалы ауыз сумен
қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығын,
сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі басымдықтарды
әзірлеу, облыстық бағдарламаны іске асыру үшін
қажетті инвестиция көлемі және қаржыландыру көздерін
анықтау.
Негізгі Қолда бар сумен жабдықтайтын және су тартушы
іс-шаралар жүйелердің пайдаланылу жағдайын жоғарылату үшін
реконструкциялау және қалпына келтіру, су
дайындаудың жаңа тәсілдері мен технологияларын
әзірлеу және ендіру, тұтынылатын судың сапасын
жақсарту, ауыз суды тиімді пайдалану, ауыз сумен
қамтамасыз ететін су көздерінің экологиялық ахуалын
жақсарту.
Қажетті қор Республикалық бюджеттің қаржы есебінен облыстық
және бюджеттің қаржы есебінен және бюджетке қатысы жоқ
қаржыландыру қаржыландыру көздері.
көздері
Күтетін Халықты сапалы және кепілді ауыз сумен қамтамасыз
қорытынды ету.
Бағдарламаның 2003-2010 жылдары.
орындалу
мерзімі
Кіріспе
"Ауыз су" облыстық кешенді бағдарламасы (ары қарай Бағдарлама) 2004-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N№93 қаулысына және Жамбыл облысы әкімятының 2002 жылғы 23 сәуірдегі "Облыс елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" N 41 қаулысына сәйкес нақты объектілер мен елді мекендерде оны жүзеге асыру мақсатында әзірленеді.
Жеке су көзі немесе аудандардағы, сондай-ақ жалпы алғанда Республика бойынша су көздерінің ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына, сумен жабдықтаушы жүйелердің қызмет ету мерзімінің өтіп кету салдарынан техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көкейкесті міндеттердің бірі болып табылады.
Облыстық кешенді Бағдарламаға инженерлік-техникалық іс-шаралардың енгізілуі, жобалық-сметалық құжаттамалардың, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған реконструкция және құрылыс-монтаж жұмыстары, сумен жабдықтаушы объектілердің табиғат қорғау іс-шаралары және сумен жабдықтаушы көздердің су қорғау шараларының әзірленуінің қарастырылуы, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі басымдықтар белгіленуі оның ерекшелігі болып табылады.
2004-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасының негізіне аудандық (қалалық) әкімдіктердің, ауыл әкімдіктердің, бақылаушы органдардың, ауыз сумен жабдықтаушы объектілерді пайдаланып отырған мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындардың ұсыныстары алынып, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамытудың ескерілгендігі.
1. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕГІ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Бүгінгі күні халықты, әсіресе облыстың ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қолданыстағы 185 су жүйесінің бар болғаны 75-і санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес жұмыс істейді.
Халықтың орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілуі 58%-ды, орталықтырылмаған су көздерінен (құдықтар, бұлақтар) қамтамасыз етілуі 35%-ды құрайды, халықтың қалған бөлігі суды тасып ішеді немесе ашық су көздерінен алып ішеді.
Соңғы жылдары облыстың барлық аумағында ауыз судың су құбырынан алыну деңгейі айтарлықтай төмендегіні байқалып отыр. Орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілуі төмендегі аудандарда өте төмен: Байзақ - 7%, Жамбыл - 21%, Шу - 20,2%, Мойынқұм - 24%.
Меншіктің жаңа түрлерінің дамуы, ауыл шаруашылығының реформалануы және ұжымдық шаруашылықтар мен кеңшарлардың, мемлекеттік коммуналдық қызметтердің таратылуы салдарынан облыстың су жүйелері иесіз қалды. Көптеген су құбырлары 20-25 жыл бұрын салынған және олар күрделі жөндеу немесе реконструкциялауды талап етеді. Бұл су желісіндегі апаттар санының ұлғаюына әкеліп соғады. Мысалы, 2000 жылы облыс бойынша 688 апат тіркелді, апат кезінде 24 сағат және одан да көп уақыт су берілмеген. Бұл ретте су берілмеудің 20-дан 30%-ға дейінгісі су жүйесінде орталықтандырылған қызметтің жоқтығы және қосалқы бөлшектер мен арматура тапшылығына байланысты. Жаңатас, Қаратау қалаларында су қатаң түрде кесте бойынша беріледі, бұл желідегі қысымның ауытқуына әкеліп соғады және эпидемиологиялық маңызы бар объектілердің санитарлық жағдайына кері әсер етеді. Апаттардың жиілігі мен белгілі бір қысымдық кестемен жұмыс істемеу екінші рет ластануға, судың ұзақ уақыт берілмей қалуына, көптеген жағдайларда 60 және одан да жоғары пайыз судың далаға ағып кетуіне, су желісінен судың тиімсіз жоғалып кетуіне ықпал етеді, бұл өз кезегінде электр энергиясының артық жұмсалып, 1 текше метр судың өзіндік құнын жоғарылатуға әкеліп соғады, халықтың төлем қабілетінің төмендігі де әсер етпей қоймайды, төлемақының уақтылы түспеуінен көптеген елді мекендер су желісінен ағытылып тасталады.
Облыс аумағындағы жер асты суларының жалпы болжамдық пайдалану ресурстары төулігіне 13969 мың текше метрді, оның ішінде минералданған тұщы су тәулігіне 1г/л куб - 11044 мың текше метрді құрайды.
Облыстағы жер асты суларының барлану деңгейі айтарлықтай жоғары. 01.01.2001 жылғы жағдай бойынша Жамбыл облысында 38 жер асты тұщы су көзінің пайдалану қорлары барланды және бекітілді, А+В+С1+С2 категориясы сомасы бойынша тәулігіне 4518,0 мың текше метр көлемінде, оның ішінде тәулігіне 3401,25 мың текше метр көлемінде А+В жоғары өнеркәсіп категориялары бойынша.
Алайда, пайдаланылып отырған барланған және игеруге дайындалған жер асты тұщы суларының пайдаланылу қорлары біртегіс орналаспаған. Әртүрлі мақсатқа арналған жер асты суларының жалпы жиналуы (шаруашылық - ауыз су және өндірістік сулар, жер суғару, жайылымдарды суландыру және т.б.) тәулігіне 505,1 мың текше метрге жуықты немесе бекітілген қорлар көлемінің 11,2% және А+В жоғары өнеркәсіп категориялары қоры көлемінің 14,8% құрайды. Бұл ретте жалпы жер қойнауындағы жиналатын судың айтарлықтай бөлігі қорлары бекітілмеген жерлердің үлесінде (тәулігіне 66,3 мың текше метр), ал жіті барлау жасалған жерлердің бекітілген қорлары толық пайдаланылмайды.
Тараз қаласын сумен жабдықтау Талас-Аса жер асты суларының оңтүстік бөлігінің қорлары есебінен жүзеге асырылады.
Төле би, Отар, Хантау, Ойтал, Ақкөл, Аса, Бауыржан Момышұлы, Меркі, Құлан, Қордай, Сарыкемер, Мойынқұм ауылдарын сумен жабдықтау үшін барлау жүргізілген жер асты сулары бар, бірақ олардың барлығы пайдаланылмайды.
Тау - кен кәсіпорындарын және Балқаш түбінде салынып жатқан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік аудандық электр станциясын сумен қамтамасыз ету үшін егіс алқаптарының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Шу өзенінің сол жағындағы жер асты суларының Көктерек су көзі бойынша қорлары барланды және бекітілді. Осы су көзінің пайдалануға берілуі Ақсүйек, Мирный және Шығанақ кенттерінің сумен қамтамасыз етілуін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Кейбір су көздерінің жер асты қорларын пайдалану мерзімі өтіп кетті немесе жақын жылдары аяқталады, бұл оларды қайта бақалау мен қорларын бекітуді талап етеді.
Су жинағыш қордырғылардың және таратушы желілердің қолда бар жүйелері мен пайдалану деңгейі халыққа қажетті көлемде су беру мен ауыз су сапасын қамтамасыз ете алмайды. Қолда бар су желілерінің инженерлік-техникалық ахуалы деңгейінің нашарлығы, су таратушы желілер мен қондырғылардың биологиялық және бактериялогиялық ластануы, су беретін қарапайым жүйелердің және ағын сулардың тазаланбауы, су беру көлемінің ұдайы тапшылығы халықтың вирусты гепатитпен, дизентерия және басқа да ішек ауруларымен науқастану деңгейінің жоғары болуына ықпал етеді. Көптеген жағдайларда бұл жұқпалы індеттің шығуына әкеліп соғады.
Мысалы, Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласындағы су желісінің ластануы салдарынан облыс халқының В паратифімен науқастануы 100 мың халыққа шаққанда 0,51-ден 11,6-ға өскен.
Су жинағыш қондырғылар мен таратушы желілердің санитарлық-техникалық жағдайы жақсы болса жер асты суларының сапасы оны халыққа зарарсыздандырмай беруге мүмкіндік береді. Алайда, бүгінгі күні қызмет ету мерзімі негізінен өтіп кеткен, әбден тозығы жеткен су құбырларындағы судың сапасы хлорлау және су құбырлары желісін ұдайы жуып тұру есебінен қалыпты жағдайда.
Мемлекттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау мәліметтері бойынша 2001 жыл ішіндегі микробиологиялық көрсеткіштер бойынша стандартты емес байқаулардың үлес салмағы 6% құрады, ал 2002 жылы 8,1% дейін өсті. Талас ауданындағы судың сапасы ең төмен, мұнда байқаулардың орташа 29,7% бактериялық көрсеткіштер бойынша нормативтік маңыздарға сәйкес келмейді, бұл көрсеткіш Байзақ және Сарысу аудандарында тиісінше 12,1% және 11,4% құрайды.
Жер беті және жер асты суларын ластандырушы негізгі көздер өнеркәсіп кәсіпорындары мен коммуналдық шаруашылықтардың ағын сулары.
Облыста ағын сулардың 80% сөзгішті алқаптарға, су жинағыштарға және ағын суларды қабылдайтын басқа жерлерге және 20% жуығы су объектілеріне ағып келеді. Әсіресе Тараз қаласындағы ағын суларды тазарту мен жіберудің жағдайы өте ауыр. Қалалық канализация жүйесі екі өнеркәсіптік аймаққа бөлінген: солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс. Солтүстік-батыс өнеркәсіп аймағының ағын сулары ауданы 144 га сүзгіш алқапқа жіберіледі, ол Байзак ауданының "Бурыл" өндірістік кооперативінің егіс алқаптарына орналасқан. Тәулігіне 100-120 мың тонна текше метр көлеміндегі шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік ағын сулардың 80% астамы Жамбыл ауданы "Тастөбе" өндірістік кооперативінің (бұрынғы Куйбышев кеңшары) жеріне орналасқан 193,4 га сүзгіш алқапқа ағып келеді. Оқшауланған тазартқыш қондырғылар немесе ағын суларды тазартатын басқа қондырғы болмағандықтан олар егіс алқаптарына тазартусыз жіберіледі. Осыған байланысты, сүзгіш алқаптың жүктемесі қалыптағыдан 4 есеге асып кетеді. Сүзгіш алқаптардың гидравликалық артық жүктемесінің жыл сайын өсе түсуі шаруашылықтың шаруашылық-тұрмыстық мұқтажға пайдаланылатын Жамбыл ауданының жақын орналасқан елді мекендердегі жер асты суларының ластануына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарының батпақтануы мен елді мекендерді су басып кетуіне әкеліп соқты. Қалыптасқан жағдай осы аймақтағы экологиялық жағдайды күрделендіріп, Аса өзенінің ластану қаупін туғызды. Облыс Әкімі денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша сүзгіш алқаптар орналасқан осы жерлерде вирусты гепатитпен, дизентериямен науқастану деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 1,4-2,5 есе артық.
Жер беті суларының ағын сулар арқылы ластануына Тараз қаласының, Жамбыл және Жуалы аудандарының кәсіпорындары себеп болып отыр. "Тараз" ашық акционерлік қоғамының шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік ағын сулары сүзгіш алқаптардан кейін Талас өзеніне, ал шартты түрде таза өндірістік сулар Төрекелді каналына құяды. Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы акционерлік қоғамында да осындай жүйе жұмыс істейді, мұндағы шаруашылық-тұрмыстық ағын сулар толықтай биологиялық тазартылып, шартты түрдегі таза сулар Талас өзеніне құяды.
Химиялық талдау нәтижелері "Тараз" ашық акционерлік қоғамның тазартқыш қондырғыларының төменгі жаңында хлоридтер, сульфаттар, нитраттар, аммиак ұлғайып, су кермектілігі ұлғаяды.
Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы акционерлік қоғамынан шыққан тазартылған сулардың Талас өзеніне құйылғанда сапалық құрамының нашарлауы байқалмайды.
"Жамбылгидрогеология" акционерлік қоғам орындап шыққан 1996-2000 жж. ішіндегі жер асты суларының жағдайын режимдік қадағалау мәліметтері бойынша "Тараз Су" комуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Тараз қаласы химия кәсіпорындарының ("Казфосфат", "Минералдық тыңайтқыштар" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты филиалы, "Химпром" ашық акционерлік қоғам) сүзгіш алқаптары мен су жиналатын тоғандары,"Былғары аяқкиім" акционерлік қоғамның сүзгіш алқаптары орналасқан жерлерде жер асты суларының ұдайы ластану ошақтары анықталды. Жер асты суларын ластандыратын негізгі ингридиент фтор болып отыр, одан басқа, осы жерлерде судың жалпы минералдануы 3000 мг/л дейін (ауыз су үшін ең жоғарғы мәні 1000 мг/л дейін), кермектігі 18 мг экв/л дейін (ең жоғарғысы - 7 мг экв/л) ұлғаюда, сульфаттар, хлоридтер, нитраттар жоғарылап кеткен.
Облыс ауыз су проблемасымен 2003-2010 жж. арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы қабылданғанға дейін айналыса бастады. Халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілуінің жағдайын жақсарту мәселесі облыс Әкімінің 5.12.2000 ж. "Жамбыл облыстық аймақтық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" N 6683 шешімімен, 2001-2003 жж. арналған экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау облыстық кешенді бағдарламасымен қаралды.
1999-2001 жж. аралығындағы кезеңде облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры арқылы ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін жақсартуға 28,5 млн. теңге бөлінді. Осы қаражаттар есебінен Жамбыл ауданының Қаракемер, Қапал, Айша бибі, Қызыл қайнар, Аса ауылдарындағы басты су жинағыш қондырғылар қалпына келтіріліп, Жуалы ауданының Бурное және Ақсай ауылдық округтерінің су құбырларының желілері жөндеуден өткізілді, Бауыржан Момышұлы ауылындағы су жинағыш қондырғы қалпына келтірілді, Талапты ауылының скважинасы бұрғыланды, Байзақ ауданының Сарыкемер, Жақаш, Бурыл ауылдарындағы су жинағыш скважиналар қалпына келтірілді. Сарысу ауданындағы Шығанақ, Қамқалы ауылдарының су жинағыш қондырғылары қалпына келтірілді, Жайлаукөл ауылы үшін скважина бұрғыланды.
Қойгелді ауылында артезиан құдығы салынды, Үшарал ауылындағы ескі аңғар қалпына келтірілді, ол халықтың құдықтарындағы ауыз судың минералдануын төмендетуге мүмкіндік берді.
"Ауыз су" салалық бағдарламасын іске асыру мақсатында 2002 жылы облыстың 8 елді мекенінде реконструкциялау және жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, Қордай ауданының аудан орталығындағы су құбырының 2-ші кезегі республикалық бюджет қаражаты есебінен салынып жатыр.
Меркі, Мойынқұм, Құлан аудан орталықтарындағы, Төле би, Қордай ауданының Жанатұрмыс ауылдарындағы су құбырларының желілерін реконструкциялау және салудың жобалық сметалық құжаттамалары дайындалды. Оның үстіне, облыс әкімиятының 2002 жылғы 23 сәуірдегі "Облыс елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі шаралары туралы" N 41 шешімін іске асыру бойынша жергілікті бюджеттер, аудандар және Тараз қаласы есебінен 2002 жылы 14 су құбыры жөндеуден өткізілді, су құбырларында 1393 жөндеу жұмыстары орындалды.
Бірінші кестеде облыстық бағдарламаны іске асыру жөніндегі қаржыландырудың жоспарлы көлемі мен 2004-2010 жж. арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттар көрсетілген. Осы кестеге сәйкес 2004 жылы 987,9 млн. теңге көлемінде сумен жабдықтау объектілерінде жобалық-сметалық, құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына қаражат бөлу жоспарланған, бұл халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді қамтамасыз етуді жақсартуға арналған.
2004-2010 жылдары арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында 103 шақырым су жүйесінің құрылысын салу мен 290 шақырым су құбырларын жөндеу, 19 елді мекендегі оқшауланған су құбырларының құрылысы және 14-ін реконструкциялау, 16-сында су дайындау станциясының құрылысы мен облыстың 94 елді мекеніндегі орталықсыздандырылған су көздерінен су алу межеленіп отыр.
Жалпы алғанда халықтың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендеуі мынадай факторларға әсер етеді:
1) су көздерінің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және шаруашылық-тұрмыстық қалдық сулармен жалпы техногендік ластануы;
2) елді мекендердің ағын суларын тазарту қондырғылары мен фермерлік, шаруа қожалықтары және өнеркәсіп кәсіпорындарында оқшауланған тазартқыш қондырғылардың болмауы;
3) су дайындау технологиялары мен нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін су жіберетін жерлердің су тартқыштары мен канализация жерлері және қондырғылардың тозуы;
4) жер бетінің тотығуға қарсы қабатының бұзылуына байланысты бактериалдық қызмет өнімдерімен ауыз судың қайтадан ластануы;
5) баға саясаты тетіктерінің, су тұтыну нормативтерінің, ауыз суға ақы төлеу тарифтерінің жетілмеуі, коммуналдық-тұрмыстық секторды пайдаланудағы және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауды басқарудағы кемшіліктер;
6) халықтың төлем қабілетінің төмендігі және сапалы ауыз су тапшылығы;
7) сумен жабдықтау және су бөлгіш жаңа жүйелер құрылысына мемлекеттік инвестициялардың жеткіліксіздігі, сондай-ақ қолда бар су жүйелеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары;
8) шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандыру үшін арнайы барланған жер асты су көздерінің жеткіліксіз пайдаланылуы;
9) жер асты тұщы суларын мақсатсыз пайдалану.
2. ДЕПРЕССИВТІ АУДАНДАРДЫҢ (ТАЛАС, САРЫСУ ЖӘНЕ МОЙЫНҚҰМ) ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕГІ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Депрессивті және экологиялық ахуалы қолайсыз Мойынқұм, Сарысу және Талас аудандарының елді мекендеріндегі сумен қамтамасыздандыру мәселесі өте күрделі. Жөндеу-қалпына келтіру және алдын алу жұмыстарының ұзақ уақыт жүргізілмеуі, 30-жылдан астам уақыт бойы пайдаланымдағы су құбыры желілерінің тозығы жеткендігі олардың санитарлық-техникалық жағдайының кұрт нашарлауна әкеліп соқты және су құбыры желілеріндегі апаттар көбейді.
Пайдалану және жөндеу жұмыстары бойынша мамандандырлған қызметтердің болмауына байланысты апаттар дер кезінде жойылмайды, көбінесе бірнеше айларға созылып кетеді. Талас ауданында бір тәулік ішінде болған 47 апаттық 27-сі, Сарысу ауданында 49 апаттық 40-ы жойылған.
Облыстың бірқатар аудандарында тұрғындарға ауыз су кесте бойынша беріледі, бұл эпидемиологиялық маңызы бар объектілердің санитарлық жағдайына, тұрғындардың қарапайым гигиеналық нормаларды сақтамауына әсер етеді. Қаратау қаласында халыққа су екі рет беріледі: кұндіз 7-9 аралығында және 12-21 аралығында, бір тұрғынның су тұтынуы тәулігіне 150 литр, ауылдық жерлерде тәулігіне 65 литр.
Мойынқұм ауданында тұрғындарға су тәулігіне 3 рет бір сағаттан беріледі, 1 тұрғынның су тұтынуы тәулігіне 30-40 литр. Сарысу ауданында тұрғындарға күн сайын 3-4 сағаттан су беріледі, 1 тұрғынның су тұтыну көлемі тәулігіне 40-50 литр құрайды. Ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су тапшылығы халықтың кездейсоң су көздерін пайдалануына мәжбүрлейді.
Су құбырындағы сулардың қауіпсіздігін анықтайтын маңызды гигиеналық фактор олардың санитарлық техникалық жағдайы болып табылады. Облыста су желілерінің 50% жуығы қызмет етудің нормативтік мерзімінен асып пайдаланылуда.
Осы аспектіде Талас ауданы аса қолайсыз болып табылады. Бір кездері Талас ауданында 14 оқшауланған су құбыры жұмыс істеп тұрды, олардың 2 су құбыры жайылымда болатын.
Бүгінгі күні тек үш су құбыры ғана жұмыс істейді - Қаратау қаласы, Көктал кенті және Ақкөл ауылы. Ақкөл ауылы суды 37 шақырым жердегі "Бәріқазған" скважинасынан алып ішеді. Су ауылдағы таза су резервуарына түседі (500 текше метрлік екі ыдыс), одан ауыл ішіне су тасығыш көліктермен тасымалданады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен жыл сайын 11,7 млн. теңге бөлініп тұрады. Ауданның басқа елді мекендері мен ауылдық округтері құдықтағы суды пайдаланады.
Облыс көлемінде Талас ауданында ауыз су сапасы бойынша ең қолайсыз жағдай қалыптасып отыр. 2002 жылы ауыз судың бактериалогиялық көрсеткіштері бойынша стандартты емес бақылаулардың үлес салмағы аудан бойынша 29,17% құрады, мемлекеттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау мәліметтері бойынша осы көрсеткіштің Қаратау қаласы бойынша үлес салмағы - 38%, Көктал кенті - 50%, Ақкөл ауылы - 100%, Қожағаппар ауылы - 100%, Қызыл әуіт ауылы - 80%, Тамды ауылы - 81,8% болды.
Бүгінгі күні Ақкөл, Аққұм, Талапты (топтық су құбыры), Тамабек және Сәду Шәкіров атындағы ауылдарындағы (топтық су құбыры), су құбыры желілерін қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Сарысу ауданында 1990 жылдары 10 елді мекендерде оқшауланған су құбырлары жұмыс істейтін. Бүгінгі күні үш елді мекенде - Жаңатас қаласы, Саудакент және Түркістан ауылдарында су құбырлары жұмыс істейді.
Үш елді мекендерде - Түркістан, Саудакент, Тоғызкент ауылдарындағы су құбыры желілерін қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Жаңатас қаласында, Қызыл диқан, Досбол ауылдарындағы су құбыры желілерін қалпына келтірудің және жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Мемлекттік санитарлық эпидемиялогиялық қадағалаудын мәліметтері бойынша осы көрсеткіштің Жаңаарық ауылы бойынша үлес салмағы - 12,8%, Игілік кенті - 33,3%, Өндіріс ауылы - 100%, Ұйым ауылы - 31,6%, Жайылма ауылы - 25%, Тоғызкент ауылы - 22,2%. Жаңатас қаласында су құбырларында судың ластануынан паратиф В жұқпалы ауруы пайда болды.
Мойынқұм ауданында 1990 жылы 12 елді мекенде су құбырлары жұмыс істеп тұрды. Бүгінгі күні олардың тек 1-і аудан орталығы Мойынқұм ауылында ғана жұмыс істеп тұр.
Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау мәлімметтері бойынша бактериалогиялық көрсеткіштері стандартық емес бақылаулардың үлес салмағы аудан бойынша 2002 жылы 4,02% құрады. Оның ішінде Сарыөзек - 25%, Биназар ауылы - 20%, Қарабүгет ауылы - 20%, Қызылту ауылы - 16,6%, және т.б. Барлық депрессивті ауылдар бойынша ауыз су шахталық және құбырлық құдықтар немесе тасымалдайтын су ішіп отырған елді мекендердің ауыз суларының сапасының төмендігі анықталды.
2002-2003 жылдары қазақ су-шаруашылығы ғылыми институты сумен жабдықтаушы объектілерді паспортау жұмысын орындап шықты, бұл басымдықтарды анықтауға, соған сәйкес, Жамбыл облысының су құбырлары желілерін қалпына келтіру мен реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге мүмкіндік берді.
3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның мақсаты - облыс халқын қол жетімді тарифтер және кепілді сапасы бойынша қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және қоршаған ортаның ағын сулармен ластауын болдырмау.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1) тұрғындарды қажетті көлемде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығын, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі басымдықтарды әзірлеу.
2) облыстық Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті инвестиция көлемі және қаржыландыру көздерін анықтау.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттар мыналар:
1) сумен жабдықтауға арналған скважиналарды түгендеу;
2) қолда бар сумен жабдықтайтын және су таратушы жүйелердің пайдаланылу жағдайын жоғарылату үшін реконструкциялау және қалпына келтіру;
3) су дайындаудың жаңа тәсілдер мен технологияларын әзірлежәне ендіру;
4) тұтынылатын судың сапасын жақсарту;
5) ауыз суды тиімді пайдалану;
6) бақылаушы ұйымдары (санитарлық эпидемиологиялық станция, алаптық су шаруашылық басқармасы, жер қойнауы жөніндегі инспекция) тарапынан ауыз судың сапасы мен мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейту;
7) жер асты суларын ластану мен тартылудан қорғау;
8) ауыз сумен қамтамасыз ететін су көздерінің экологиялық ахуалын жақсарту;
9) халықтың ауыз суды тиімді пайдаланылу проблемаларына жәрдемін тигізетін бұхаралық ақпарат құралдары арқылы ұгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін қамтамасыз етуге арналған шаралар жиынтығына төмендегілер енеді:
1) жер асты суларының қорларын қайта бағалауды жүргізу;
2) жер асты суларының барланған қорларын мақсатты пайдалануды бағалау;
3) олар бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды кезең-кезеңімен дайындау;
4) сумен жабдықтаушы және су келетін жүйелерді пайдалану мен жөндеу жөніндегі мамандандырылған қызметтерді қалпына келтіру және ашу;
5) жобалық-сметалық құжаттамаларды (экологиялық мемлекеттік сараптау және мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау) арналған сараптамалық қорытынды жасау;
6) жер беті және жер асты суларының өнеркәсіп кәсіпорындары мен шаруашылық тұрмыстық қалдықты ағын сулармен ластануын болдырмау жөніндегі инженерлік-техникалық әзірлеме;
7) жер беті және жер асты суларының құрамы мен қасиеттерін ескере отырып ауыз су сапасын жақсартудың тиімді әдістері мен технологияларын зерттеу және әзірлеме;
8) облыстың ғылыми зерттеу және оқыту институттары ғалымдарының күшімен шетелдік аналогтармен бәсекелестік қабілеті бар су дайындайтын жаңа технологиялары мен құралдарын әзірлеу жөніндегі ғылыми зерттеу және ендіру жұмыстарын орындау;
9) халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің басты схемасын әзірлеу.
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ІСКЕ АСЫРУДАН КҮТЕТІН ҚОРЫТЫНДЫ
Облыс тұрғындарын қол жетімді тарифтер және кепілді сапасы бойынша қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету және қоршаған ортаны ағын сулармен ластауын болдырмау.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША 2004-2010 ЖЫЛДАРЫ АУЫЛДЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚОР ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ
N|Аудандар атауы|Су құ- |Объекті- |Әр жылда қаржыландыру, млн.тенге |
1| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
---------------------------------------------------------------------------
1|Байзақ | 21/42 | 741 | 30,9| 68,2| 75,4|209,3 | 244,5| 86,4|
---------------------------------------------------------------------------
2|Жамбыл | 14/46 | 751,3 |150,9| 160 |127,1| 124 | 189,3| - |
---------------------------------------------------------------------------
3|Жуалы | 19/55 | 647,1 | 11,2| 10,9| 18,5|119,1 | 277,4| 210 |
---------------------------------------------------------------------------
4|Қордай | 36/42 | 1207,1 | 18,6| 20,9| 41,6| 140 | 272,5|305,7|
---------------------------------------------------------------------------
5|Т.Рыскұлов | 21/44 | 640,6 |130,1|162,7| 64,8|107,7 | 175,3| - |
---------------------------------------------------------------------------
6|Меркі | 22/43 | 1166 | 24,5| 27,5| 50,2|142,4 | 363,4|452,2|
---------------------------------------------------------------------------
7|Мойынкұм | 12/26 | 367,2 | 130 | 22 | 71,3| 45,4 | 98,5| - |
---------------------------------------------------------------------------
8|Сарысу | 9/26 | 488,8 |148,7| 46,9| 19,1| 50,5 | 96,6|127,0|
---------------------------------------------------------------------------
9|Талас | 9/24 | 642,4 |244,5|141,4| 36,4| 114 | 106,1| - |
---------------------------------------------------------------------------
10|Шу | 22/34 | 723,2 | 98,5| 16,6| 20,3| 170,5| 240,6|176,7|
---------------------------------------------------------------------------
Барлығы аудан | 185/382| 7374,7 |987,9|677,1|524,7|1222,9|2064,2|1358 |
бойынша | | | | | | | | |
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------
|2010г| Қаржы көздері млн. тенге |
| |-----------------------------|
| |Барлы-| респ.|Жергіл.|Басқа |
| |ғы |бюджет| бюджет|да қар-|
| | | | |жылан- |
| | | | |дыру |
| | | | |көздері|
--------------------------------------|
| 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
--------------------------------------|
1| 26,2| 741 | 291,6| 405,8 | 43,5 |
--------------------------------------|
2| - | 751,3| 417,9| 325,7 | 7,7 |
--------------------------------------|
3| - | 647,1| 232,6| 407,7 | 6,8 |
--------------------------------------|
4|407,8|1207,1| 890,5| 316,6 | - |
--------------------------------------|
5| - | 640,6| 357,1| 249 | 34,5 |
--------------------------------------|
6|105,7| 1166 | 700,6| 368,5 | 96,8 |
--------------------------------------|
7| - | 367,2| 160,5| 181,2 | 25,5 |
--------------------------------------|
8| - | 488,8| 319,5| 169,3 | - |
--------------------------------------|
9| - | 642,4| 404,5| 237,9 | - |
--------------------------------------|
10| - | 723,2| 539,6| 180 | 3,6 |
--------------------------------------|
|539,7|7374,7|4314,4| 2841,7| 218,4 |
---------------------------------------
2003-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН "АУЫЗ СУ" ОБЛЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
---------------------------------------------------------------------------
N | Іс-шаралар |Іс-шаралардың |Орында-| Іске асырушылар
р/с| |аяқталу түрі |лу |
| | |мерзімі|
---------------------------------------------------------------------------
1 | 2 | 3 | 4 | 5
---------------------------------------------------------------------------
1. |Ауыз сумен қамтамасыз ете-|Су құбырлары ту-|2002- |Аудан әкімдері,
|тін су құбырларын, су ала-|ралы деректер, |2003 ж.|Жамбыл облысы әкі-
|тын скважиналарды қаттап- |ақаулары көрсе- | |мнің табиғатты қор-
|түгендеу |тілген актілер, | |ғау бағдарламасын
| |су алатын сква- | |жүзеге асыру жөнін-
| |жиналардың құ- | |дегі басқармасы,
| |жаттары | |"ЕМК СШҒЗИ"-еншілес
| | | |мемлекеттік кәсіп-
| | | |орын сушаруашылығы
| | | |ғылыми зерттеу инс-
| | | |титуты, жамбылгид-
| | | |рогеология
---------------------------------------------------------------------------
2. |Қалада және ауылдық жер- |Смета-жобалау |2003- |құрылыс және жоба-
|лерде орналасқан жергілік-|құжаттар су құ- |2010 ж.|лау мекемелері, об-
|ті және топтық су құбырла-|бырларын қайта | |лыстық аумақтық ай-
|ры мен құрылыстарын қайта |салып, құру | |наладағы ортаны қо-
|құру | | |рғау және мемлекет-
| | | |тік санитарлық-эпи-
| | | |демиялогиялық қада-
| | | |ғалау басқармалары-
| | | |ның сараптамалыры
---------------------------------------------------------------------------
3. |Жаңа су құбырлары мен жер |Сметалық-жобалық|2003- |Құрылыс және жоба-
|астынан су алатын құрылыс-|құжаттар, су құ-|2010 ж.|лау мекемелері, Шу-
|тар салу, жер асты суларын|бырларын салу, | |Талас алаптың су
|пайдалануға арнайы руқсат |арнайы рұқсат | |шаруашылық басқар-
|алу | | |масы
---------------------------------------------------------------------------
4. |Насостарды, су құбырларын,|Облыс Әкімінің |2004 ж.|Облыстық және ау-
|оларды реттеп ашып-жабатын|шешімі, облыстық| |дандық әкімшіліктер
|қосалқы бөлшектерді өңдеп-|және аудандық | |
|жөндейтін және су құбырла-|мекемелердің | |
|рын пайдаланатын мекемелер|ашылуы | |
|ашу | | |
---------------------------------------------------------------------------
5. |Тұщы жер асты суларының |Жер асты суларын|2004- |"Жамбылгидрогеоло-
|пайдалану үшін болжанған |болжау мәлімет- |2006 ж.|гия"
|су қорларын анықтау және |тері | |
|іздестіру-барлау жұмыста- | | |
|рын жүргізу | | |
---------------------------------------------------------------------------
6. |Су құбырларына және тұты- |Құралдарды орна-|2004- |"Тараз-Су"
|нушыларға су өлшегіш құ- |тылғаны туралы |2005 ж.|
|ралдар орналастыру |актілері | |
---------------------------------------------------------------------------
7. |Жер астынан су алып егіс- |Скважиналарды |2006- |Облыстық аумақтық
|тікті суғаратын құрылыс- |жою актілері |2007 ж.|айналадағы ортаны
|тарды - ауыз сумен қамта- | | |қорғау басқармасы,
|масыз етуге бағыттау және | | |Шу-Талас алаптық
|егесіз, өздігінен су атқы-| | |су шаруашылығы
|лап тұрған су скважинала- | | |басқармасы
|рын жою | | |
---------------------------------------------------------------------------
8. |Ауыз сумен қамтамасыз ете-|Су көздерінің |2003- |Жамбылсушар, Облыс-
|тін жер асты және жер беті|экологиялық жағ-|2010 ж.|тық мемлекеттік са-
|суларының экологиялық жағ-|дайын жақсартуға| |нитарлық-эпидемио-
|дайын (сапасын) жақсартуға|арналған ұсыныс-| |логиялық қадалағау
|бағытталған табиғатты қор-|тар, тексеру ак-| |басқармасы Оңтүстік
|ғау іс-шаралары |тілері | |Қазақстан аймақтық
| | | |жер қойнауын қорғау
| | | |және пайдалану бас-
| | | |қармасы аймақтың
| | | |Шу-Талас алаптық су
| | | |шаруашалық басқар-
| | | |масы
---------------------------------------------------------------------------
9. |Қазіргі су кодексіне бай- |Санитарлық ау- |2004- |Аудан әкімдері Шу-
|ланысты бұрынғы суды қор- |мақтық, жақсар- |2007 ж.|Талас алаптың су
|ғау аумағын қайтадан қа- |тылғанын дәлел- | |шаруашылық басқар-
|растырып, жаңаларын құру |дейтін құжаттар | |масы
---------------------------------------------------------------------------
10.|Жер асты суларының ласта- |құқықтық-норма- |2004- |Казмелиосушар
|нуынан келетін экономика- |тивтік актілер |2005 ж.|
|лық шығынды анықтайтын құ-| | |
|қықтық-нормативтіқ акті- | | |
|лерді дайындап - пайдалану| | |
| | | |
---------------------------------------------------------------------------
11.|Ауыз суды дайындау үшін |Жаңа технология |2004- |Тараз мемлекеттік
|шетелде қолданатын техно- |мен суды дайын- |2010 ж.|университеті, енші-
|логия мен қондырғылардан |дайтын қондырғы-| |лес мемлекеттік кә-
|кем түскейтін технология |лар | |сіпорын су шаруашы-
|мен қондырғылар жасау | | |лығы ғылыми зерттеу
| | | |институты
---------------------------------------------------------------------------
12.|Облысты ауыз сумен қамта- |Бас сызба |2004 ж.|Облыс Әкімнің таби-
|масыз етудің бас сызбасын | | |ғат қорғау бағдар-
|әзірлеу | | |ламасын жүзеге асы-
| | | |ру жөніндегі бас-
| | | |қармасы, ЕММ
| | | |"СШҒЗИ", Жамбылсу-
| | | |шар, Шу-Талас алық-
| | | |тық су шаруашылығы
| | | |басқармасы, Жамбыл-
| | | |гидрогеология
---------------------------------------------------------------------------
13.|Бөтелкеге құйылған суды |Бөтелкеге құйыл-|2007- |Бұтелкеге құйылған
|шығарып жеткізуді ұйымдас-|ған суды игеру- |2010 ж.|суды шығарушылар
|тыру |дің өндірістік | |
| |түрі | |
---------------------------------------------------------------------------
14.|Ауыз судың сапасын тексе- |Тексеру актіле- |2003- |Облыстық мемлекет-
|руді күшейту, әр су кұзі- |рі, құжаттар |2010 ж.|тік санитарлық-эпи-
|нің сапасын дәлелдейтін |(паспорт) | |демиологиялық қада-
|құжаттар (паспорт) дайын- | | |ғалау басқармасы
|дау | | |
---------------------------------------------------------------------------
15.|Жер асты суларын ластайтын|Жұмыстың орында-|2003- |Облыстық аймақтық
|су көздерін (тұзды сулар) |лауы туралы ак- |2005 ж.|айналадағы ортаны
|жою Жамбыл ауданында (Бір-|тілер, Оңтүстік | |қорғау басқармасы
|лесу-Еңбек ауылы), Талас |Қазақстан аймақ-| |Облыстық мемлекет-
|ауданында (Үшарал ауылы) |тық жер қойнауын| |тік санитарлық-эпи-
| |қорғау және пай-| |демиологиялық қада-
| |далану басқарма-| |ғалау басқармасы,
| |сы бекіткен есеп| |Жамбылгидрогеология
---------------------------------------------------------------------------
16.|Су қорларын, әсіресе ауыз |Семинар мен са- |2003- |Облыстық аумақтық
|суды ұқыпты пайдалануды |бақтың өткізіл- |2010 |айналадағы ортаны
|уағыздайтын кітапшалар, |гендігі туралы | |қорғау басқармасы.
|топтамалар шығару, эколо- |хаттамалар, бұ- | |Облыс Әкімінің та-
|гиялық, санитарлық-гигие- |қаралық ақпарат | |биғат қорғау бағ-
|налық мәселелерді оқытып- |құралдарында жа-| |дарламаларын жүзеге
|ағартуды радио мен теледи-|рияланған, бе- | |асыру жөніндегі
|дарда, бұқаралық ақпарат |рілген мақалалар| |басқармасы
|құралдарында (БАҚ) жария- | | |
|лауды қамтамасыз ету | | |
---------------------------------------------------------------------------
17.|Мемлекеттік емес мекеме- |ұйымдастыру іс- |2003- |Облыстық аумақтық
|лерді және қоғамдық бір- |шараларының бағ-|2010 |айналадағы ортаны
|лестіктерді халыққа ақпа- |дарламасы | |қорғау басқармасы.
|рат тарату және үгіт-наси-| | |Облыс Әкімінің та-
|хат | | |биғат қорғау бағ-
| | | |дарламаларын жүзеге
| | | |асыру жөніндегі
| | | |басқармасы, БАҚ
---------------------------------------------------------------------------
18.|Суды беру, дайындау, су |нұсқаулар, әдіс-|2003- |ЕММ "СШҒЗИ" Казме-
|құбырларын пайдалану мәсе-|темелік ұсыныс- |2010 |лиосушар, Жамбылсу-
|лері бойынша, нұсқау, | | |шар, Шу-Талас алап-
|әдістемелік ұсыныстар шы- | | |тық су шаруашылық
|ғарып-дайындау | | |басқармасы
---------------------------------------------------------------------------
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН СУМЕН ЖАБДЫҚТАУШЫ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
---------------------------------------------------------------------------
N | Ауданы |Су құ- |Салынған жылы,|5.ХII.2000ж. N№683 Облыс Әкімінің
| |бырының|су құбырының |шешімінің орындалуы
| |саны |саны |
---------------------------------------------------------------------------
1 | 2 | 3 | 4 | 5
---------------------------------------------------------------------------
1 |Байзак | 21 |1960-70жж.-2 |2002 жылғы "Таза су" бадарламасы дай-
| | |1970-80жж.-12 |ындалды
| | |1980-90жж.-5 |
| | |1990-2000жж.-2|
---------------------------------------------------------------------------
2 |Жамбыл | 14 |1960-70жж.-3 |ӨК "Жасөркенге" жергілікті бюджеттен
| | |1970-80жж.-5 |150 мың т. бөлінді, Гродиково, Бес-
| | |1980-90жж.-5 |жылдык, Кумшагал, Бектобе ауылдарына
| | |2001 ж.-15 |ЖСҚ дайындалды
---------------------------------------------------------------------------
3 |Жуалы | 19 |1960-70жж.-8 |Аудандық комиссия құрылып, су көзде-
| | |1970-80жж.-8 |рінің сантехникалық жағдайын зерттеу
| | |1980-90жж.-3 |жүргізілді, су алу скважиналарын дез-
| | | |инфикциялау жұмыстары қаржыландырылды
---------------------------------------------------------------------------
4 |Қордай | 36 |1960-70жж.-27 |Кенен және Масанчи ауылдарын сумен
| | |1970-80жж.-3 |қамтамасыз ету қалпына келтірілді.
| | |1980-90жж.-3 |"Ауыз су" комплексті бағдарламасы жа-
| | |1990-2000жж.-3|салып дайындалды
---------------------------------------------------------------------------
5 |Мойынқұм | 12 |1960-70жж.-7 |-Мирный қ.т.пос-не су тасу
| | |1970-80жж.-1 |-Респ.бюдж.-тен Мойынқұм Аксүйек су
| | |1980-90жж.-4 |құбырын салуға 105,6 млн. т. ЖСҚ
| | | |дайындалды:
| | | |- 400мың т., Мирный
| | | |- 1200мың т. Мойынқұм.
| | | |- 1400мың т. Қылышбай
---------------------------------------------------------------------------
6 |Меркі |24 су |1960-70 жж.-9 |-жергілікті бюджеттен 725 мың т. жо-
| |құбыры-|1970-80жж.-13 |балау сметалық құжат.
| |на 54 |1980-90жж.-2 |-аудан орталығында орнатылған су
| |скважи-| |құбырлар жүйесін жөндеуге-900 т.т.
| |на қыз-| |бөлінді
| |мет | |
| |көрсе- | |
| |теді | |
---------------------------------------------------------------------------
7 |Сарысу | 10 |1960-70жж.-3 |8 елді мекенге ақаулық актілері, 3
| | |1970-80жж.-3 |елді мекен бойынша ЖСҚ (Туркестан,
| | |1980-90жж.-4 |Маятас, Тогызкент) дайындалды
---------------------------------------------------------------------------
8 |Талас | 12 |1960-70жж.-2 |Жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген
| | |1970-80жж-10 |жоқ, ауылдық аймақтарда 6 скважина
| | | |бұрғылауға смета тағайындалған
---------------------------------------------------------------------------
9 |Т.Рысқұлова| 21 |1960-70жж.-12 |Ауданық бюджеттен бөлінгел қаржы:
| | |1970-80жж.-6 |қарақыстақ-310 мың.теңге
| | |1980-90жж.-3 |Көгершін-100мың.теңге
| | | |Хлорлауға-160мың.тенге
| | | |Ауыз сумен қамтамасыз ету жабдықтауды
| | | |жақсарту шараларының жоспары жасалды
---------------------------------------------------------------------------
10|Шу | 25 |1960-70жж.-8 |Толе би ауылының скважинасына аудан-
| | |1970-80жж.-12 |дық бюджеттен 2,6 млн.т. бөлінді
| | |1980-90жж.-5 |
---------------------------------------------------------------------------
|Барлығы: | 183 |1960-70жж.-79 |
| | |1970-80жж.-64 |
| | |1980-90жж.-34 |
| | |1990-2000жж.-6|
| | | |
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Бары |Су құбырының |Су құбырларының егесі
---------------------------------|техникалық |
Ведомствалық |Пайдаланатын |жагдайы |
лаборатория | мекемелер | |
---------------------------------------------------------------------------
6 | 7 | 8 | 9
---------------------------------------------------------------------------
Ведомствалық |МКК-"Байзактепло-|21 су құбырының |6-ауылдық аймақ
лаборатория жоқ|Комсервис" (Сары-|19-ы жұмыс істе-|13-қожалық субъектер
|кемер а.) |мейді (90,5%) |2-иесісіз
---------------------------------------------------------------------------
Ведомствалық |Мемлекеттік кому-|14 су құбырының |3-МКК
лаборатория жоқ|налдық кәсіпорын |5-і жұмыс істе- |4-ауылдық аймақ
|"Водоканал" (Аса |мейді (36%) |7-қожалық субъектер
|а.) | |
---------------------------------------------------------------------------
Бурный ірімшік |МКК "Жуалы-Сер- |19 су құбырының |4-МКК "Жуалы-сервис"
зауытының Ве- |вис" (Момышұлы |10-ы жұмыс істе-|4-қожалық субъектер
домствалық ла- |а.) |мейді (52,6%) |11-ауылдық аймақ
бораториясы | | |
---------------------------------------------------------------------------
Ашық акционер- |Ашық акционерлік |36 су құбырының |26-ауылдық аймақ
лік қоғам "Ақ- |қоғам "Ақсу" |6-ы жұмыс істе- |7-қожалық субъекты
су" (Қордай а.)|(Қордай а.) |мейді (17%), |3-жеке тұлға
| |30 (81%) |
---------------------------------------------------------------------------
Ведомствалық |Мемлекеттік кому-|12 су құбырының |2-МКК "Мойынқұм су"
лаборатория жоқ|налдық кәсіпорын |11-і жұмыс істе-|10-ауылдық аймақ
|"Мойынқұм су" - |мейді (92%) |
|371мың т. (Мойын-| |
|құм а.) | |
---------------------------------------------------------------------------
Ведомствалық |Республикалық |54 скважинаны |1-Республикалық мемле-
лаборатория жоқ|мемлекеттік кәсі-|29-ы жұмыс істе-|кеттік кәсіпорын "Таза
|порын "Таза су" |мейді (46%) |су"
|(Мерке а.) | |7-қожалық субъектер
| | |16-ауылдық аймақ
--------------------------------------------------------------------------
Ведомствалық |МКК "Жанатас су |3 су құбыры жұ- |5-Республикалық мемле-
лаборатория жоқ|жылу" (Жанатас |мыс істейді |кеттік кәсіпорын
|қ.) | |"Жаңатас су жылу"
| | |5-қожалық субъектер
---------------------------------------------------------------------------
Ведомствалық |Жылу, су, канали-|12 су құбырының |3-Жылу, су, канализация
лаборатория жоқ|зация шаруашылық |тек ғана 3-і жұ-|шаруашылық кәсіпорны
|кәсіпорны |мыс істейді, жа-|Қаратау қ.
|Қаратау қ. |ғдайы қанағат- |
| |тандырарлық |
---------------------------------------------------------------------------
Ведомствалық |Жоқ |21 су құбырында |5-ауылдық аймақ
лаборатория жоқ| |бірде бір хлор- |12-қожалық субъектер
| |лағыш жұмыс іс- |4-жеке тұлғалар
| |темейді, 119 км.|
| |су құбыры жүйе- |
| |сінің 91,8 км. |
| |жұмыс атқармайды|
| |(71%) |
---------------------------------------------------------------------------
Жауапкершілігі |Жауапкершілігі |25-тің 7-і жұмыс|7-ауылдық аймақ
шектеулі серік-|шектеулі серік- |істемейді (28%) |15-қожалық субъектер
тестік "Тепло- |тестік "Теплоком-| |1-көп салалық комуналдық
коммунсервис" |мунсервис" г.Шу, | |шаруашылық кәсіпорын
г.Шу, санитар- |санитарлық эпиде-| |2-иесіз
лық эпидемиоло-|миологиялық стан-| |
гиялық станция |ция | |
--------------------------------------------------------------------------
| | |85-ауылдық аймақ
| | |68-қожалық. субъектер
| | |19-коммуналды мекемелер
| | |7-жеке тұлғалар
| | |4-иесіз
---------------------------------------------------------------------------