Жамбыл облысынан медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресiн төлеу және аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға арналған Ережелерін бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысының әкімиятының 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 63 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 20 мамырда N 966 тіркелді. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

      Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      2003 жылдың 10 ақпанында облыстық әділет басқармасында 837 нөмірімен тіркелген Жамбыл облыстық мәслихатының 2003 жылғы 31 қаңтардағы "2003 жылға арналған облыстық бюджет және 2001 жылғы облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы" N 17-4 шешiмiн, және облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 13 қаңтарда 809 нөмірімен тіркелген "Жамбыл облысында кедейшiлiктi төмендету бойынша 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны" жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жамбыл облысынан медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресiн төлеу және аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға арналған Ережелері (ары қарай - Ережелер) бекiтiлсiн.

      2. Облыс Әкiмiнiң еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (А.Т.Тұрашев) осы Ережелерге сай Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етсiн.

      3. Облыс Әкiмiнiң қаржы басқармасы (Б. Аманбеков) осы мақсатқа көзделген қаражаттың уақтылы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсiн.

      Облыс Әкiмi

Облыс әкiмиятының 2003 жылғы
24 сәуірдегі "Жамбыл облысынан
медициналық көрсеткiштер бойынша
емделуге және консультация алуға
жiберiлген науқастардың Қазақстан
Республикасы iшiндегi жол кiресiн
төлеу және аз қамтылған көмекке зәру
азаматтарға бір жолғы материалдық
көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға
арналған Ережелерін бекiту туралы"
N 63 қаулысымен бекiтiлген

  Жамбыл облысынан медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресiн төлеу және аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2002-2005 жылдарға арналған
ЕРЕЖЕЛЕР

      Осы Ережелер 2003 жылдың 10 ақпанында облыстың әділет басқармасында 837 нөмірмен тіркелген Жамбыл облыстық мәслихатының 2003 жылғы 31 қаңтардағы "2003 жылға арналған облыстық бюджет және 2001 жылғы облыстық бюджеттiң атқарылуы туралы" N 17-4 шешiмiне сай және облыстың әділет басқармасында 2003 жылғы 13 қаңтарда 809 нөмірмен тіркелген "Жамбыл облысында кедейшiлiктi төмендету бойынша 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны" жүзеге асыру мақсатында жасалған.

  1. Жалпы ережелер

      1. Науқастардың және оларды алып жүрушiлердiң жол кiресi мен аз қамтылған азаматтарға бір жолғы материалдық көмекті, облыстық бюджет қаражаты есебiнен "Жергiлiктi өкiлеттi ұйымдардың шешiмдерiмен азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтiк төлемақы" 2585100332-шi бағдарламасына сай Жамбыл облысы Әкiмiнiң еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (әрi қарай уәкiлеттi орган) төлейдi.
      2. Медициналық көрсеткiштер бойынша емделуге және консультация алуға жiберiлген науқастардың және оларды ертiп жүрушi тұлғалардың (барып-келу) Қазақстан Республикасы iшiндегi жол кiресi облыс Әкiмiнiң денсаулық сақтау басқармасының белгiленген үлгiдегi жолдамасы болған жағдайда төленедi.
      3. Көмекке зәру аз қамтылған облыс азаматтарына бiр жолғы материалдық көмек олардың өтiнiшi бойынша және еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдарының, өтiнiш иесiнiң материалдық жағдайын тексерген актiсi болғанда берiледi.

  2. Емделетiн науқастардың және оларды ертiп жүрушiлердiң жол кiресiн төлеу тәртiбi

      4. 2002-2005 жылдар аралығында науқастардың жол кiресiн (барып келу) уәкiлеттi орган төмендегiдей iс-қағаздары негiзiнде төлейдi:
      1) СТТН және облыс банктерi бөлiмшелерiндегi есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi;
      2) облыстық денсаулық сақтау басқармасы жолдамасының көшiрмесi;
      3) ВКК-ның қорытындысының көшiрмесi;
      4) амбулаториялық картадан үзiндiнiң көшiрмесi;
      5) барып-келу билеттерi.
      5. Заңнамада белгiленген жағдайларда, науқасты емделу орнына ертiп жүрушiнiң (барып-келу) жол кiресi төленедi.
      6. Медициналық көрсеткiштерге байланысты емделуге, консультацияға жолдама алған науқастың және оны ертiп жүрген тұлғаның жол кiресi темiржол көлiгi жүрдек поезының купе вагоны билетiнiң құны мөлшерiнен аспайтын, әуе, темiржол және қалааралық автокөлiктерiмен (барып-келу) жүруiне төленедi.
      7. Науқас пен оны ертiп жүрушiнiң жол жүргендiгiн растайтын билеттерi жоғалған жағдайда, науқастың өтiнiшi негiзiнде, жол кiресi темiржолдың жалаң тарифiмен төленедi.
      8. Құжаттар тапсырылғаннан кейiн уәкiлеттi орган ақшалай қаржыны науқастың және оны ертiп жүрушiнiң банк бөлiмшелерiндегi есеп шотына аударады.

  3. Аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға бiр жолғы материалдық көмек тағайындау тәртiбi

      9. Аз қамтылған көмекке зәру азаматтарға өтiнiш негiзiнде бiр рет, жыл басына белгіленген 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейiн комиссия қорытындысына сәйкес бiр жолғы материалдық көмек көрсетiледi.
      10. Бiр жолғы материалдық көмек алу үшiн берiлген өтiнiш уәкiлеттi органның комиссиясында 10-күндiк мерзiм iшiнде қаралады.
      11. Бiр жолғы материалдық көмек белгiлi себептермен тағайындалмаған жағдайда, бұл туралы белгiленген мерзiм iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша хабар берiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады