Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Үшінші шақырылған Байзақ аудандық мәслихатының 2003 жылғы 21 қарашадағы № 2-8 (кезекті ІІ-сессия) шешімі. Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 28 қарашада № 1153 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 67-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 67-10 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 11-тармағына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесі бекітілсін (қоса беріледі).

      Аудандық Мәслихат Аудандық Мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы

  Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы
21 қарашадағы кезекті ІІ-сессиясының
"Аудандағы тұрмысы кедейшілік
шегінен төмен отбасыларына коммуналдық
қызметтерді тұтынуға берілетін бір
жолғы материалдық көмек көрсету
Ережесін бекіту туралы"
№ 2-8 шешіміне қосымша.

Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңын және 1999 жылғы 16 қарашадағы оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу тәртібін белгілейді.

1. Тұрмысы төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету тәртібі

      1. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы ауыл әкімдері жанынан құрылған арнайы комиссия қорытындысы бойынша төленеді.

      2. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек тұрмысы төмен отбасыларына жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен аспайтын жағдайда беріледі.

      3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ұсынылған тізім бойынша коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көлемін анықтайды және аудандық қаржы басқармасына қаржы бөлу жөнінде сұраныс дайындайды.

2. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек мөлшері

      4. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек мөлшері тұрмысы төмен әр отбасына үш еселенген есептік көрсеткіш көлемінде төленеді.

3. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмекті төлеу тәртібі

      5. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек аудандық бюджет есебінен осы көмекті көрсетуге көзделген сома шегінде ғана жүзеге асырылады.

      6. Коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмекті төлеу екінші деңгейдегі банк арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады