......Күші жойылды - Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 258 қаулысымен
Ішкі істер органдары және мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат көріністердің алдын алу мәселесіндегі тиісті өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына құрамда аудан әкімияты жанынан әлеуметтік алдын алу Кеңесі (ары қарай - Кеңес) құрылсын:
Боранбаев Бұралқы Боранбайұлы |
- |
Аудан Әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы |
Мадеомаров Өтепәлі |
- |
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары /келісім бойынша/ |
Есмаханов Бауыржан Мейрамбекұлы |
- |
Аудан Әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Кеңес хатшысы |
Кеңес мүшелері: |
||
Аймағанбетова Ғайни Төленқызы |
- |
Аудандық экономика басқармасының бастығы |
Әбдірахимова Гүлбахран Әбішқызы |
- |
Аудан Әкімі білім басқармасының бас маманы |
Брагина Надежда Ильинична |
- |
Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары |
Дөненбаева Жеңіскүл Шәкірқызы |
- |
Аудан Әкімі еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау басқармасының бастығының орынбасары |
Есмаханов Серік Ағайдарұлы |
- |
Жаңатас қалалық біріккен әскери комиссариаттың әскери комиссарының орынбасары /келісім бойынша/ |
Жолдасова Фатима |
- |
Аудандық тіл басқармасының бастығы |
Кенешбаева Нәйля Төлеубекқызы |
- |
Аудан Әкімі мәдениет басқармасының бас маманы |
Маманов Марат Тілепбергенұлы |
- |
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері |
Смағұлов Майлыбай |
- |
Аудан Әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі |
2. Қоса берілген Кеңес туралы Ереже бекітілсін.
3. Кеңестің дербес құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихаттың бекітілуіне ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімі аппаратының ішкі саясат бөліміне жүктелсін.
Аудан Әкімі
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 14 қазандағы
"Аудан әкімияты жанындағы
әлеуметтік алдын-алу Кеңесі
туралы" N 193 қаулысымен
бекітілген
Аудан әкімияты жанындағы әлеуметтік алдын-алу Кеңесі туралы Ереже
Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік алдын-алу Кеңесі (ары қарай Кеңес) - мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат көріністердің алдын-алу мәселесіндегі өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру мақсатында құрылатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілері және осы ереже Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады.
3. Кеңес өз қызметінде аудан әкімияты алдында жауап береді.
Кеңесті құру және оның құрылымы
4. Аудандық Кеңес құру туралы шешімді аудан әкімияты қабылдайды.
5. Кеңесті төраға - аудан Әкімінің орынбасары басқарады. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары, төрағаның орынбасары болып табылады.
6. Кеңестің тұрақты мүшелері - білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, экономика, қаржылық қамсыздандыру органдары, аудан Әкімінің ішкі саясат бөлімі басшыларының, сондай-ақ басқарудың әскери органдарының өкілдері.
Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
7. Кеңестің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат қасиеттердің алдын-алуға қатысушы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіру, бас бостандығынан айыру органдарынан, арнайы емдеу - алдын-алу және оқыту-тәрбиелеу мекемелерінен келген, тұрғылықты жерін, туған-туыстары мен әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі мүдделі органдардың өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру;
құқықтық тәртіптің жағдайы мен құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат көріністердің алдын алу бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;
қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқық тәртібін нығайту мәселесінде қоғамдық және діни бірлестіктермен, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылдар.
Кеңестің құзыреті
8. Кеңестің құзыретіне мыналар жатады:
құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің, нашақорлық пен уытқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындалуын ұйымдастыру;
құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша қолданылып отырған шаралар туралы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау және құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шешімдер шығару;
құқық бұзушылықтардың, маскүнемдік пен алкоголизмнің, нашақорлық пен уытқорлықтың алдын алу бойынша насихат және социологиялық зерттеулер ұйымдастыру;
құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат көріністердің алдын алуға қатысушы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қызметіне мониторинг және бақылау ұйымдастыру (әлеуметтік бейімдеу орталықтары, маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқорлықпен науқастанғандарды емдеуге арналған медициналық-оңалту орталықтары, полицияның учаскелік пункттері, медициналық айықтырғыштар, қабылдап алу-тарату мекемелері және тағы басқа);
құқық бұзушылықтардың және қоғамға жат көріністердің алдын алумен айналысушы органдар мен мекемелердің оңды жұмыс тәжірибесін жинақтап қорытындылау және тарату, оларға әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсету;
қызметі құқық бұзушылықтардың және қоғамға жат көріністердің алдын алуға байланысты қоғамдық ұйымдарға жәрдемдесу.
Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
9. Кеңес өз қызметін жыл сайынғы жоспарлар негізінде жұмыс мәжілістері түрінде жүзеге асырады, оған қаралатын мәселеге байланысты прокуратура қызметкерлері және құқық бұзушылықтар мен қоғамға жат көріністердің алдын алуға қатысушы мекемелер мен ұйымдар басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдері шақырылуы мүмкін. Аудан әкімияты жанындағы әлеуметтік алдын алу Кеңесінің мәжілісі тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда аудан Әкімінің, Кеңес төрағасы немесе оның мүшелерінің елу пайыздан астамының бастамасы бойынша кезектен тыс мәжіліс өткізілуі мүмкін.
10. Кеңес хатшысы әкімият, мүдделі мемлекеттік органдар және жұртшылықтың ұсыныстары негізінде мәжілістер өткізуге дайындықты қамтамасыз етеді, қаралатын мәселелер тізбесін жасайды, хаттама жүргізіп, қабылданатын шешімдердің орындалу барысы туралы есептер дайындайды.
11. Әрбір мәжіліс қорытындылары бойынша Кеңес атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне арналған ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылдайды.
Кеңес нормативтік-құқықтық акт жобасын әзірлейді, оны заңнамада белгіленген тәртіппен әкімияттың немесе аудан әкімінің қарауына ұсынады.
12. Заңнамада белгіленген тәртіппен Кеңес актілерінің іс-әрекеті тоқтатылуы немесе күшін жоюы мүмкін.
Сарысу ауданы Әкімиятының 2003 жылғы 14 қазандағы
"Аудан әкімияты жанындағы әлеуметтік алдын алу Кеңесі туралы"
Келісілді:
Жаңатас қалалық біріккен әскери
комиссариаты, комиссар
Аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы