Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы

Күшін жойған

Жуалы аудандық әкімиятының 2003 жылдың 30 маусымдағы N 82 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 4 тамызында 1044 нөмерімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 339 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 28.09.2015 № 339 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" N 2347 қаулысын орындау, халықтық және мемлекеттiк қызметкерлердiң құқықтық мәдениетi мен хабардарлығын жоғарылату мақсатында, Қазақстан Республикасыны 2001 жылғы 23 қантар "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-11 Заңын негiзге ала отырып аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қосымшаларға сәйкес құқықтық насихат пен жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру - әдiстемелiк кеңесiнің құрамы және оның ережесi бекітілсін.
      2. Аудан әкiмi аппараты жанынан мемлекеттiк қызметкерлерге арналған құқықтық бiлiм мектебi ашылсын.
      3. Аудан әкiмi аппаратының заңгерi (Ж. Тойшыбеков) аудандық құқық қорғау орындарымен бiрлесе отырып тыңдаушылар контингентiн белгiлеп, сабақтардың оқыту-тақырыптың жоспарын әзiрлесiн.
      4. Аудан әкiмiнiң аппараты осы қаулыда белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей құқықтық оқу өткiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.
      5. Осы қаулымен құрылған үйлестiру - әдiстемелiк кеңесiнің дербес қурамы бекіту аудандық маслихатқа ұсынылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнің орынбасары Е. Аманбековке жүктелсiн.
      Аудан Әкiмi Е. Үсенбаев

  Аудан әкiмиятының
2003 жылғы 30 маусымдағы
"Ауданда жалпыға бiрдей
құқықтық оқу жөнiндегi шаралар
өткiзу туралы"
N 82 қаулысымен бекiтiлген

Аудан әкiмi жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесiнiң құрамы

      Аманбеков аудан әкiмiнiң орынбасары,
      Естемес кеңес төрағасы
      Тойшыбеков аудан әкiмi аппаратының
      Жандос Мырзайымұлы заңгерi, кеңес хатшысы
      Кеңес мүшелерi:
      Әбдеков аудан прокуроры
      Мәулен Мәмбетұлы (келiсiмi бойынша)
      Нұрлықұлов аудандық сот төрағасы
      Ғалымжан Қансейтұлы (келiсiмi бойынша)
      Ысқақов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
      Рахымжан Жораханұлы (келiсiмi бойынша)
      Айсенова аудан әкiмi бiлiм
      Кұлшат Аймұхамедқызы басқармасының төрайымы
      Байжұманов аудандық әскери комиссары
      Нияз Қазақбайұлы (келiсiмi бойынша)
      Құндызбекова аудандық салық
      Гүлмира Дәрменқызы комитетiнiң төрайымы
      (келiсiмi бойынша)
      Мәтенов аудандық "Жаңа өмiр"
      Мейiрбек газетiнiң бас редакторы

  Аудан әкiмиятының
2003 жылғы 30 маусымдағы
"Ауданда жалпыға бiрдей
құқықтық оқу жөнiндегi шаралар
өткiзу туралы" N 82 қаулысымен
бекiтiлген

Аудан әкiмi жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы ереже 1. Жалпы ережелер:

      1) Аудан әкiмi жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бiрдей құқықтық оқу жөнiндегi үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi (бұдан әрi мәтiн бойынша Кеңес) мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң құқықтық насихат жөнiндегi жұмыстарын үйлестiрушi консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2) Кеңес аудан әкiмi жанынан құрылады.
      3) Кеңес қызметi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы ережеге сәйкес реттеледi.

2. Кеңес қызметiнiң мақсаттары мен мiндеттерi:

      1) Кеңес қызметiнiң мақсаттары:
      аудан әкiмi аппараты қызметкерлерiнiң, аудандық ұйымдар басшыларының және азаматтардың құқықтық бiлiм деңгейiн жоғарылату;
      тұрғындардың құқықтық мәдениетiн жоғарылату;
      мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң құқықтық тәрбие жұмыстарын үйлестiру;
      еңбек қатынасында, шарт жасасу және ондағы мiндеттемелердi орындауда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелердiң заң қызметi, кадрлар бөлiмi қызметкерлерiн құқықтық оқыту.
      2) Кеңестiң мiндеттерi:
      Кәсiпорындардағы, ұйымдардағы, мекемелердегi құқықтық тәрбие жұмысы және құқықтық насихаттың жағдайын зерделеу және олардың нәтижесi бойынша тиiстi ұсынымдар әзiрлеу;
      оң тәжiрибелердi тарату, құқықтық тәрбие жұмысының әдiстемелiк құралдарын дайындау, кәсiби-құқықтық дайындық және құқықтық тәрбиенiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету.

3. Кеңес қызметiнiң түрлерi:

      Құқықтық бiлiм "күндерiн", "он күндiгiн", "айлығын" өткiзу, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң қатысуымен оқу және еңбек ұжымдарында құқықтық тақырыпқа арналған кездесулер ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық бiлiмдi насихаттау.

4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру:

      1) Кеңес құрамы аудан әкiмиятының қаулысымен үш жылға бекiтiледi. Кеңесте төраға, хатшы және мүшелер болады.
      2) Кеңес отырысы қажетiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр реттен өткiзiледi. Кеңес отырысына оның құрамының 3-тен 2-сi қатысса құқылы деп саналады.
      3) Мәжiлiс қорытындылары бойынша хаттама жасалады, онда қатысушылардың саны, күн тәртiбi, мәжiлiс барысы мен қабылданған шешiмдер көрсетiледi.
      4) Кеңес осы ережемен белгiленген шектерде, өз жұмысына құқық қорғау, сондай-ақ ведомстволық қарасты кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелердiң басқа қызметкерлерiн тартуға және оларға шешiмдердiң, жоспарлы iс-шаралардың атқарылуы жөнiнде тапсырмалар беруге құқылы.
      Аудан әкiмиятының
      2003 жылғы 30 маусымдағы
      "Ауданда жалпыға бiрдей құқықтық
      оқу жөнiндегi шаралар өткiзу туралы"
      № 82 қаулысының
      Келісілген парағы:
      Аудандық ішкі істер Ысқаков Рахымжан
      бөлімінің бастығы
      Аудан прокуроры Абдеков Мәулен
      Аудандық сот төрағасы Нұрлықұлов Ғалымжан
      Аудандық әскери комисары Байжуманов Нияз
      Аудан бойынша салық
      Комитетінің төрайымы Құндызбекова Гулмира

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады