Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 30 шілдедегі N 27/286 шешімі. Маңғыстау облыстық әділет басқармасында 2003 жылда 11 тамызда N 1496 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:

      1. Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Осы шешім жарияланған күнінен күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                     Облыстық
                                    мәслихаттың хатшысы

Маңғыстау облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 30 шілдедегі N 27/286
шешіміне қосымша

Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарын
мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Аймақтық бағдарламаның паспорты

Атауы            Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарын
                 мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған
                 Аймақтық бағдарламасы

Әзірлеуге        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
негіздеме        17 наурыздағы N 253 "Қазақстан Республикасының
                 Үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың
                 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы"
                 қаулысы

Негізгі          Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы,
әзірлеушісі      ішкі саясат Департаменті

Мақсаттары       Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарының
                 азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде тұрақты
                 дамуы үшін жағдайлар жасау және мемлекеттік билік
                 органдарымен өзара іс-қимыл жасау және олардың
                 тарапынан қолдау көрсету негізінде қоғамның
                 әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешудегі олардың
                 рөлін күшейту

Міндеттері       Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың
                 өзара іс-қимыл және ынтымақтық жүйесін жетілдіру;
                 облыстық үкіметтік емес ұйымдарын ақпараттық,
                 консультативтік, әдістемелік, ұйымдастырушылық-
                 техникалық қолдау; үкіметтік емес ұйымдардың
                 қызметіне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргізу

Қаржыландыру     Жергілікті бюджет
көздері     

Күтілетін        Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар нәтижелер        арасындағы әріптестік қатынастардың тұрақты әрі
                 тиімді жүйесін әзірлеу және енгізу;
                 облыстың үкіметтік емес ұйымдарын одан әрі дамыту
                 үшін құқықтық жағдайларын жасау;
                 аймақта азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдайлар
                 жасау   

Кіріспе

      Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) Қазақстан Республикасы үкіметінің "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысына  сәйкес әзірленген және 3 жылға есептелген.
      Осы бағдарламаны әзірлеу үкіметтік емес ұйымдарды қолдау әрі олармен өзара іс-қимылдың кешенді және мақсатты бағытталған мемлекеттік саясатын әзірлеу қажеттілігінен туындап отыр. Үкіметтік емес ұйымдар ерікті негізде әрекет жасап және бастама көтере отырып, қазірдің өзінде әлеуметтік саланың проблемаларын шешуге елеулі үлес қосып отыр. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен нақты ынтымақтастығы тең құқылы әріптестік қағидаттарда маңызды мәнге ие болып отыр.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде Маңғыстау облысында үкіметтік емес ұйымдарды тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау және өзара іс-қимыл мен мемлекеттік билік органдары тарапынан қолдау негізінде әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудегі олардың рөлін күшейту болып табылады.
      Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс қимылы мен ынтымақтастық жасау жүйесін жетілдіру;
      әлеуметтік мәселелерді шешетін облыстық үкіметтік емес ұйымдарына ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету;
      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін қалыптастыру;
      аймақта азаматтық бастамалардың өсуі үшін жағдайлар жасау;
      үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргізу.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

      Істің жүйелі әрі кезең-кезеңмен жүргізілуі үшін Бағдарлама мынадай басым бағыттар бойынша жүзеге асады:
      ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар;
      аймақта азаматтық бастамаларды дамыту;
      үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жасау жөніндегі органдар құру;
      үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
      үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік және әдістемелік қолдау;
      Бағдарлама үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауды іске асырудың, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың одан әрі ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар

      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларына орталық атқарушы органдардың тендерлер (конкурстар) өткізуі жоспарлануда. Тендерлердің (конкурстар) жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларына тендер (конкурс) өткізудің ережесін әзірлеу көзделген.
      Үкіметтік емес сектор проблемаларын, оның даму үрдістерін мемлекеттік органдармен іс-қимылын анықтау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар проблемалары бойынша социологиялық зерттеулер, Бағдарламаның орындалу барысына мониторинг жүргізілетін болады.

Аймақта азаматтық бастаманы дамыту

      Аймақта, әсіресе ауылдық жерлерде, үкіметтік емес секторды дамыту, жергілікті билік органдарының әлеуметтік проблемаларды шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тартуы әлеуметтік шиеленісті төмендетті, халықтық өзіне өзі көмек көрсетуі мен өзін өзі жұмыспен қамтуын ұйымдастыруда азаматтық бастамалардың өсуіне, әлеуметтік қызмет көрсету сапасы мен көлемінің артуына ықпал ететін болады.
      Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларына тендерлер (конкурстар) ұйымдастыру және өткізу арқылы жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды аймақтық әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу көзделуде.
      Жергілікті атқарушы билік органдарының үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып аймақты дамытудың өзекті проблемалары бойынша оқыту семинарларын, тренингтерін, "дөңгелек үстелдерін" өткізуі ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды көтермелеуге жәрдемдесетін болады.
      Қайырымдылық, еріктілік, мәдени-көпшілік және өзге де акцияларды бірлесіп өткізу ауыл халқы әлеуметтік белсенділігі артуының маңызды шарты болып табылады.
      Халықтық неғұрлым әлсіз жіктерін қолдау, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды тиімді әрі сапалы іске асыру үшін коммерциялық сектор әлеуметін барынша толық пайдалану есебінен жеке көздерден қайырымдылық саласына түсетін ресурстар көлемін елеулі түрде ұлғайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау қажет.
      Мемлекеттік билік органдары жеке тұлғалардың үкіметтік емес ұйымдар қызметі шеңберінде іске асырылатын әлеуметтік маңызы бар қызмет ретінде өтеусіз ерікті қызметін дамытуға жәрдем көрсетуі тиіс.
      Еріктілер көмегі халыққа қызмет көрсету түрінде көмек көрсету, қоғамдық пайдалы еңбекті жүзеге асыру, қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу нысандарында жүзеге асырылады.
      Азаматтық бастамаларды дамыту проблемаларының табысты шешілуі үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік саладағы тиімді қызметі үшін жағдайлар жасайды.

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасау жөніндегі органдар құру

      Жергілікті атқарушы билік органдары жанындағы консультативтік-кеңесші мәртебесі бар кеңестер мемлекеттік билік органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылының оңтайлы жолдарын іздеуге жәрдемдесетін болады. Кеңестер қызметінің негізгі бағыттары: мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынастарын нығайту мен кеңейту, оларға жүйелілік сипат беру; бірлескен "іс-қимылды үйлестіру және оларды үйлестірудің нақты тетіктерін әзірлеу; әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге, Қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамдық процестерді демократияландыруға бағытталған бірлескен іс-шаралардың кешенді бағдарламасын әзірлеу; өзара қолайлы шешімдерді іздеудегі қоғамдық дамудың өзекті проблемаларын бірлесіп талқылау.     

Үкіметтік емес ұйымдар қызметін ақпараттық қамтамасыз ету

      Үкіметтік емес ұйымдар қызметін ақпараттық қолдау бұқаралық ақпарат құралдарында үкіметтік емес сектордың әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудегі жұмыс тәжірибесін, оның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын  жария етуді көздейді.

      Үкіметтік емес ұйымдардың проблемаларын, әлеуметтік маңызы бар қызметтің даму практикасын, қоғамдық-азаматтық бастамаларды мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру көзделген.

Үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік қолдау

      Үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік қолдау үкіметтік емес ұйымдар қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтың кесімдерін түсіндіру; оларға үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың бағыттары туралы ақпарат, елдегі үкіметтік емес ұйымдар туралы деректер мен өзге де ақпарат беруді көздейді.

Үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастырушылық-техникалық қолдау

      Ұйымдастырушылық-техникалық қолдаудың маңызды бағыты практикалық сипаттағы шаралар: "дөңгелек үстелдер", семинарлар, конференциялар, тренингтер, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп өзге де акциялар өткізу, сондай-ақ іс-шараларды өткізуге техникалық көмек көрсету (үй-жайларды, техникалық құралдарды беру, мүдделі органдарды, адамдарды шақыру және т.б.) болып табылады.
      Үкіметтік емес секторды дамытудың өзекті проблемалары бойынша "дөңгелек үстелдерді" жүйелі негізде ұйымдастыру мен өткізу үкіметтік емес ұйымдардың даму процесінің, олардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын көтермелеу мен кедергілерін анықтауға жәрдемдесетін болады.
      Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдарды экологиялық проблемаларды шешуге тарту, қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру қажет.

Бағдарламаны іске асыру тетігі

      Бағдарламаны іске асыру үшін белгіленген іс-шаралардың кезең-кезеңімен орындалуын көздейтін, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі- Жоспар) әзірленеді.
      Бағдарламаны іске асыру тетігі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен іс-қимылын көздейді.
      Бағдарламаның орындалуын үйлестіру мен бақылау мақсатында мониторингі мен бағалау жүйесі жасалатын болады.
      Бағдарлама мониторингін талдау нәтижелері бойынша жекелеген бағыттарға түзету енгізу, Бағдарлама мен Жоспарға тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ кейінгі бағдарламаларды әзірлеу үшін негіз болады.    

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары

____________________________________________________________________
Р/с/                Іс-шара              /  Аяқтау  /Орындалуына
 N /                                     /  нысаны  / жауаптылар
_____________________________________________________________
 1 /                  2                  /     3    /     4
___________________________________________________________________
          1. Ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар

___________________________________________________________________
1. /Үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне  / ҚР МАҚКМ /  ОАҚКБ
   /мониторинг өткізу:                   / ақпарат  /(келісімімен)
   /Үкіметтік емес секторды дамыту       /          /
   /мәселелері бойынша сараптамалық      /          /
   /сауалдама;                           /          /
   /облыстың үкіметтік емес ұйымдарында  /          /
   /мемлекеттік қолдау бағдарламасының   /          /
   /іске асырылу барысы туралы әлеуметтік/          /
   /зерттеу                              /          /
____________________________________________________________________          2. Аймақтарда азаматтық бастаманы дамыту
____________________________________________________________________
2. /Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп   / ҚР МАҚКМ /  ОАҚКБ
   /қайырымдылық, ерікті, мәдени көпшілік/ ақпарат  /(келісімімен)
   /және өзге де акциялар ұйымдастыру    /          /аудандар мен
   /және өткізу                          /          /қалалар әкімдер
   /                                     /          /Үкіметтік емес
   /                                     /          /ұйымдар
   /                                     /          /(келісімімен)
____________________________________________________________________              3. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара
              іс-қимыл жөніндегі органдар құру
____________________________________________________________________
3. /Облыс әкімияты жанынан үкіметтік емес/  Облыс    /  ОАҚКБ
   /ұйымдармен ынтымақтастық және өзара  /әкімиятының/(келісімімен)
   /іс-қимыл жөніндегі консультативтік   /  қаулысы  /
   /кеңестер құру                        /           /
____________________________________________________________________         4. Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) қызметін
               ақпараттық қамтамасыз ету
____________________________________________________________________
4. /Әлеуметтік маңызды проблемаларды     /  ҚР МАҚКМ /  ОАҚКБ
   /шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың   /  ақпарат  /(келісімімен)
   /жұмыс тәжірибесін бұқаралық ақпарат  /           /  ІСД
   /құралдарында кеңінен жариялау        /           /
___________________________________________________________________
5. /Мемлекеттік тапсырысты орындайтын    /  ҚР МАҚКМ /  ОАҚКБ
   /бұқаралық ақпарат құралдарында       /   есеп    /(келісімімен),
   /үкіметтік емес секторды дамыту       /           /   ІСД
   /проблемалары жөнінде арнайы айдарлар /           /
   /ұйымдастыру                          /           /  
___________________________________________________________________          5. Үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік
                және әдістемелік қолдау
___________________________________________________________________ 6. /Үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне  /  ҚР МАҚКМ /  ОАҚКБ
   /қатысты нормативтік құқықтық         /  ақпарат  /(келісімімен)
   /кесімдерді семинар және дөңгелек     /           /ІСД, ӘБ,
   /үстелдер өткізу арқылы қоғамдық      /           /ЕЖҚХӘҚБ, ДСБ,
   /бірлестіктерге түсіндіру             /           /СДШБ, КҚДБ
   /                                     /           /(келісімімен)
___________________________________________________________________ 7. /Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-  /  ҚР МАҚКМ /  ОАҚКБ
   /қимыл және ынтымақтастық саласында   /  ақпарат  /(келісімімен)
   /мемлекеттік саясатты түсіндіру       /           /ІСД,үкіметтік
   /жөніндегі әдістемелік материалдар,   /           /емес ұйымдар-
   /ұсынымдар, оқу құралдарын әзірлеу    /           /мен бірлесе
   /                                     /           /отырып
   /                                     /           /(келісімімен)
___________________________________________________________________ 8. /Облыстың үкіметтік емес ұйымдар      /  Анықтама /   ОАҚКБ
   /анықтамасын шығару                   /   кітабы  /(келісімімен),
   /                                     /           /ІСД, ӘБ
___________________________________________________________________                  6. Үкіметтік емес ұйымдарды
            ұйымдастырушылық-техникалық қолдау
___________________________________________________________________ 9. /Үкіметтік емес ұйымдарды дамытудың   /  ҚР МАҚКМ /  ОАҚКБ
   /өзекті проблемалары, оның мемлекеттік/  ақпарат  /(келісімімен)
   /ұйымдармен өзара іс-қимылы мен ынты- /           / ІСД, ӘБ
   /мақтастығы жөнінде "дөңгелек         /           /(келісімімен)
   /үстелдер", конференциялар, тренингтер/           /
   /семинарлар ұйымдастыру және өткізу   /           /
___________________________________________________________________ 10./Үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық/  ҚР МАҚКМ /  ОАҚКБ
   /ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қам- /  ақпарат  /(келісімімен),
   /тамасыз ету, оларды, қоршаған ортаны /           / ОҚОҚБ
   /қорғауға қатысты мәселелер бойынша   /           /
   /құқықтық сауаттылықты көтеру үшін    /           /
   /экологиялық проблемаларды шешуге     /           /
   /тарту                                /           /
___________________________________________________________________         7. Мемлекеттік қызметшілерді үкіметтік емес
        сектормен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша
          даярлау және олардың біліктігін арттыру
___________________________________________________________________ 11./Үкіметтік емес сектормен өзара іс-   /  ҚР МАҚКМ /  ОАҚКБ
   /қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік /  ақпарат  /(келісімімен)
   /органдар қызметкерлері үшін облыстық /           /  ІСД
   /семинар ұйымдастыру                  /           /
___________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы

___________________________________________________________
     Орындалу    / Қарастырылған/   Қаржыландыру көздері
     мерзімі     /    шығыстар  /                       
___________________________________________________________
          5      /       6      /       7
___________________________________________________________
IV тоқсан  2003ж./              /Қаржыландыру қажет етпейді
IV тоқсан  2004ж./    50 000    /    Жергілікті бюджет
___________________________________________________________
___________________________________________________________
    жыл сайын    /              /Қаржыландыру қажет етпейді
___________________________________________________________
___________________________________________________________
II тоқсан  2003ж./              /Қаржыландыру қажет етпейді
___________________________________________________________
___________________________________________________________ №
    жыл сайын    /              /Қаржыландыру қажет етпейді
___________________________________________________________
 2003 жылдың  ІІ /              /Қаржыландыру қажет етпейді
тоқсаннан бастап /              /
___________________________________________________________
___________________________________________________________
    жыл сайын    /              /Қаржыландыру қажет етпейді
маусым, желтоқсан/              /
___________________________________________________________
   қажеттілігіне /2003ж.-100000 /   Жергілікті бюджет
    қарай жыл    /2004ж.-100000 /
      сайын      /2005ж.-100000 /
___________________________________________________________
 I тоқсан  2004ж./   200 000    /   Жергілікті бюджет
___________________________________________________________
___________________________________________________________
    жыл сайын,   /    жыл сайын /   Жергілікті бюджет
 ОАҚКБ және ІСД  /     50 000   /
 стратегиялық    /              /
 жұмыс жоспары   /              /
___________________________________________________________
  тоқсан сайын   /              /Қаржыландыру қажет етпейді
___________________________________________________________
___________________________________________________________
  сәуір 2003ж.,  /     50 000   /   Жергілікті бюджет
  мамыр 2004ж.   /              /
  мамыр 2005ж.   /              /
___________________________________________________________            

      Ескерту.

      Қысқарған атаулардың толық жазылуы:

      ҚР МАҚКМ - Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және
                  қоғамдық келісім министрлігі
      ОАҚКБ    - Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім
                  басқармасы
      ІСД      -  ішкі саясат департаменті
      ӘБ       - әділет басқармасы
      ЕЖҚХӘҚБ  - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік
                қорғау басқармасы
      ДСБ     - денсаулық сақтау басқармасы
      СДШБ    -  спорт және дене шынықтыру басқармасы
      КҚДБ    - көші-қон және демография басқармасы
      ОҚОҚБ   - облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады