Бейнеу ауданы ауылдарының инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау, және тазалығын сақтау ережелері туралы

Күшін жойған

Бейнеу аудандық мәлихатының 2003 жылғы 14 ақпандағы № 32/244 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 7 наурызда № 1405 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы № 5/32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 11.06.2012 № 5/32 шешімімен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару

      туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 148-II Заңының 6-бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат шешім етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Бейнеу ауданы ауылдарының инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау, және тазалығын сақтау ережелері бекітілсін (жалғанады).

      2. Осы шешім Маңғыстау облыстық әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енсін.

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихат хатшысы

      Бейнеу аудандық мәслихатының

      14.02.2003 жылғы N 32/244

      сессиясының "Бейнеу ауданы ауылдарының

      инфрақұрылымы объектілерін, аумағын

      кемелге келтіру, ұстау, және тазалығын

      сақтау ережелері туралы"

      шешімімен бекітілсін

Бейнеу ауданы ауылдарының инфрақұрылымы
объектілерін, аумағын кемелге келтіру,
ұстау, және тазалығын сақтау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті

      мемлекеттік басқару туралы" 1997 жылдың 16 сәуіріндегі N 94-I "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылдың 16 шілдесіндегі N 242-ІІ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдарына сәйкес әзірленді, аумақты кемелге келтіру, санитарлық тазарту, тазалықты сақтау саласында жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін белгілейді және қарым-қатынасын реттейді, сондай-ақ ауылдағы инфрақұрылым объектілерін ұстауды және қорғауды реттейді. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші нысандардың, жалгерлердің, құрылысшылардың, ғимарат, құрылыс және құрылғы иелерінің, сол сияқты ауылдардың тұрғындарының және келген адамдардың барлығы осы ережелерді сақтауға міндетті.

1. ТАЗАРТУ, КӨГАЛДАНДЫРУ МЕН КЕМЕЛДЕНДІРУ ҮШІН
АУЫЛДАРДЫҢ АУМАҒЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ НЫСАНДАРҒА
БЕКІТУ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ АЛЫП КЕТУ МЕН ЖОЮДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1. Құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу объектілерінің

      маңайындағы аумақты тазалау таза сақтау жауапкершілігі жөндеу құрылыс ұйымдарыны немесе осы жұмыстарды жасаушы адамдарға жүктеледі.

2. ОРТАҚ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

      2. Барлық көшелерде, вокзалдарда және басқа жерлерде жеткілікті санда урналар қойылуға тиіс.

      3. Өз үйлері мен офистерінің сауда орындарының жанына,

      парктерге, қалдықтар (жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлеміне қарай-контейнерлер қойылады) үшін урнаны иелерінің өздері қояды.

      Урналар дұрыс қажетті жағдайда болуы, жиналуына қарай

      қалдықтар тазартылуға тиіс, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою үшін полигонға әкетіледі, контейнерлер мен урналар тұрақты түрде жуылуға, дезинфекция жасалуға, жылына кем дегенде екі рет сырлануға тиіс.

      4. Ыдыстарды, тауарлардың артықтарын киоскілердің,

      палаткалардың ұсақ бөлшек сауда орындарының, дүкендердің және өзге де кәсіпкерлік нысандары жанында сақтауға тыйым салынады.

      5.Тез бұзылмайтын азық-түліктерді, көкөністер мен жемістерді

      сатуға палаткалардың, киоскілердің жанындағы көшелерге қою үшін санитарлық-эпидемиологиялық станция мен ауыл әкімімен келісу тиіс.

      6.Қоғамдық тамақтандыру орындарында, ашық алаңдарда,

      шашлык пісіретін жерлерде, киоскілерде, сауда орындарындарда келушілер үшін стационарлық дәретхана жоқ болса көшпелі дәретхананы меншік иесі орнатуға тиіс.

3. АЙРЫҚША АУМАҚ ОБЪЕКТІЛЕРІН ТАЗАРТУ

      7. Айрықша аумақ объектілерінде (базарлар, емдеу, сауықтыру мекемелері) санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың келісімінсіз санитарлық қондырғыларды салуға, қайта жабдықтауға, қалдықтарды жинауға, автокөлікті жууға, ыдыстарды қоюға тыйым салынады.

      8. Базар алаңының енеді еріген және жаңбырдың суын ағуды

      қамтамасыз ететіндей қатты қабаты болуға тиіс. Канализациясы жоқ базарларда қоғамдық дәретханалар сауда орындарынан 20 метр қашықтықта орналастырылуға тиіс.

      Базарлардың жұмыс сағатын олардың басшылары (иелері)

      белгілейді.

      Аптасына 1 кезек базардың барлық аумағын, негізгі және қосалқы орын жайларды, сауда орындарын, прилавкаларды, столдарды тазарту және оларға дезинфекция жасау үшін санитарлық күн жарияланады.

      Базардың техникалық қызметкері ол жабылғаннан соң аумаққа

      тазарту жүргізуге тиіс.

4. ҮЙ ИЕЛІГІН ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

      9. Қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды кешіктіріп алып кеткені

      үшін меншік иесі жауапты.

      10. Подъездерді, шатырларды, төлелерді және үйлерді өртке

      қарсы және санитарлық тиісті жағдайда ұстау тиіс.

      11. Тазарту жөніндегі кәсіпорындар мыналарды орындауға тиіс:

      үйлердің, ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың аумағынан қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды алып кетуді уақытында жүргізуге;

      әрбір арнайы машинаға, қозғалыс схемасы бар, маршрут кестесін жасауға;

      қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы тұрақты тазартуды

      аптасына кем дегенде 2-рет жүзеге асыруға.

      12. Әрбір елді мекенде қатты тұрмыстық қалдықты жоқ қылуды

      тиісті коммуналдық қызмет белгілейді және санитарлық-

      эпидемиологиялық қызметтің жергілікті мекемелерімен келіседі.

      13. Контейнерлер орнатуға арналған алаңдар мекеме,

      кәсіпорындардан, спорт алаңдарынан, халық демалатын жерлерден кем дегенде 20 метр қашықтықта болуы керек.

      Қалдықтарды, әсіресе тұрғын үй аумағындағы, уақытша сақтау

      орнын санитарлық-эпидемиологиялық станциямен келісу керек.

      Аула дәретханасын қондырудың, қалдықтарды уақытша сақтау

      орындарын белгілеудің мүмкіндігі жоқ құрылыс салынып жатқан аудандарда, кейбір жағдайда бұл қашықтықты комиссия белгілейді (ауыл әкімінің, сәулетшінің, тұрғын үй пайдалану ұйымының санитарлық дәрігердің қатысуымен).

      Көп қабатты тұрғын үй жанынан (ауыл әкімінің келісімінсіз)

      дәретхана, мал және құс қора салуға тыйым салынады.

      14. Ірі қалдықтарды алып кетумен жоқ қылуды аптасына кем

      дегенде 1-рет, жиналғанына қарай, орын жайдың меншік иесі (үй мен ғимараттың иелері) жүргізеді.

      15. Терівенерологиялық, жұқпалы және туберкулез

      ауруханаларының, поездардан ас қалдықтарын жинауға тыйым салынады.

      Қалдықтарға арналған басқада ыдыстардан, қалдық салғыштардан

      тамақ қалдықтарын теруге тыйым салынады.

      16. Алып кеткенге дейінгі тамақ қалдықтарын уақытша сақтау

      оның азуымен, адамдардың жағдайына кері әсер етпеуі үшін тәуліктен аспауға тиіс.

      17. Сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі тамақ

      қалдықтарын, олардың бағынысы мен меншік нысанына қарамастан, тек қана салқын орын жайларда уақытша сақталуы керек.

5. ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ АУМАҒЫНДА ШАҒЫН
СӘУЛЕТ НЫСАНЫН ОРНАТУ МЕН ҰСТАУДЫҢ РЕТІ

      18. Қоршаулардың, дуалдардың, киоскілердің, палаткалардың,

      павильондардың, ларектардың, жарнама стендтерінің құрылысын салуға, олардың маңдайшаларын, әр түрлі көрнекі және басқада қондырғыларды безендіруге, саяжайға отырғыштар орнатуға, белгіленген ретте келісілгеннен соң ғана жол беріледі.

      Барлық шағын сәулет нысандары ақаусыз болуы, жылына кем

      дегенде 1-рет сырлануы керек.

      19. Көшені жарықтандыратын шамдар, подъездердің шамдары

      қараңғы түскеннен кейін жағылуы қажет.

      20. Тұрғын үй қызметтік, өндірістік және өзге үйлер мен

      құрылғылардың иелері үйлердің нөмір белгілерін, көшелердің көрсеткіштерін, сондай-ақ маңдайшаларды ақаусыз жағдайда ұстауға міндетті, олар "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуға тиіс.

6. ОСЫ ЕРЕЖЕНІҢ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

      21. Мыналарға тыйым салынады:

      көшелерде, тротуарларда, қоқыс салғыштарда (контейнерлерде) сондай-ақ үйлердің фасадтарында ағаш, көмір, пішен, сабан, улы химикаттар және басқа да материалдарды жинауға;

      көшелердің адам жүретін бөлігіне, құрылыстан бос аймақтарға;

      көшеттер аумағына және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерге

      қоқыстар, тұрмыс қалдықтарын (темекінің тұқылы, бөтелкелерді, қағаздарды) лақтыруға;

      тұрғын үйлер жанында санаториялар, аймағында көлік құралдарын жууға, кір жууға, жануарларды шомылдыруға;

      көшелерде, мектеп жанындағы учаскелерде және ортақ қолданыстағы басқа да жерлерде мал және құс бағуға;

      ортақ қолданыстағы жасыл көшеттер аумағында көкөніс және ауылшаруашылық дақылдарын егуге;

      жерге байланысты жұмыстарды жүргізгенде құрылғыларды, жасыл көшеттерді бүлдіруге, сондай-ақ оларды құммен көмуге;

      жылу, сумен қамту және канализация жүйелерінің ақауын жөндеу, көшенің адамдар жүретін бөлігіне төгуге;

      хабарландыруларды, жарнамаларды өз бетімен ілуге.

      22. Жасыл көшеттер өсіп тұрған аумақта мыналарға тыйым

      салынады:

      ағаштарға электр сымдарын басқада сымдарды әлпеншектерді

      ілуге;

      тиісті қызмет жасаушы ұйымдармен келіспей өз еркімен

      ағаштарды, бұталарды шабуға;

      пәтерлерден және үй иелігінен тысқары жерлерде өз бетімен

      қоршау жасауға;

      көшелерді, аулаларды және басқа да аумақтарды, сондай-ақ ортақ қолданыстағы жерлерді ұстаудың санитарлық ережелерін сақтауды қадағалауды ішкі істер органдары, экологиялық, өртке қарсы қызмет, санитарлық органдары және ауыл әкімі жүзеге асырады.

      23. СЭС мекемесінің мамандары мына міндеттерді орындауды

      қамтамасыз етуге тиіс:

      елді мекендердің санитарлық жағдайға байланысты халықтың

      ауруын зерттеу және талдау;

      эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аумақтың тазалығын тексеру, рейдтерін өткізу туралы туралы тұрғын үй коммуналдық кәсіпорындарымен кооперативтерінің басшыларына ұсыныс беру.

7. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРДІ
БҰРМАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

      59. Ережелерді бұрмалаған кінәлі жеке және заңды тұлғалар 30 қаңтар 2001 жылғы N№155-11 "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады