Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1995 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2003 жылғы 3 қазандағы № 284 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 қазанда № 2537 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 11 қаңтадағы 2004 жылғы № 13 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2004.01.11.№ 13 хатымен.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" (мемлекеттік тіркелу нөмірі 1995 шешіміне, 2003 жылғы 7 ақпанда "Рудненский рабочий газетінде" 11 нөмірде жарияланған, Рудный қалалық мәслихатының 2003 жылғы 23 мамырдағы № 249 "Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212, мемлекеттік тіркелу нөмірі 2293 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2003 жылғы 18 шілдеде "Рудненский рабочий" газетінде 58-59 нөмірде жарияланған және Рудный қалалық мәслихатының 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 279 "Рудный қалалық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 212 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі жөніндегі ережелерде:
      2-тармақтың бірінші абзацындағы "22 пайыз" сөздері "25 пайыз" сөздерімен ауыстырылсын;
      16-тармақ "жергілікті бюджет қаражаттары есебінен" сөздерінен кейін "ағымдағы қаржы жылына бекітілген сомалар шегінде" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Шешім 2003 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.

      Қырық тоғызыншы кезектен тыс
      сессияның төрағасы,
      қалалық мәслихатының хатшысы

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Рудный қалалық еңбек, халықты жұмыспен
      қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы"
      мемлекеттік басқармасының бастығы
      __________________________ Е. Скаредина
      03.10.2003 ж.

      "Рудный қалалық қаржы басқармасы"
      мемлекеттік басқармасының бастығы
      _____________________ М. Досболов
      03.10.2003 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады