Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін бекіту туралы", мемлекеттік тіркеу нөмірі 1932 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімиятының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 837 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда № 2695 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімиятының 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 866

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімиятының 2004.12.21 № 866 қаулысымен.
      Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 қаулысын орындау мақсатында "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағы 4-тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 855 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін бекіту туралы" (2003 жылғы 15 қаңтардағы № 4 "Рудненский рабочий", мемлекеттік тіркеу нөмірі 1932) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқау туралы";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережелері қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      Рудный қаласының
      әкімі

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Рудный қалалық еңбек,
      халықты жұмыспен қамту
      және әлеуметтік қорғау
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________ Е. Скаредина
      23.12.2003 ж.

      "Рудный қалалық қаржы
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________ М. Досболов
      23.12.2003 ж.

Рудный қаласы әкімиятының  
2003 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 837 қаулысымен бекітілген

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру жөніндегі нұсқау

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқау халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдармен (меншік үлгісіне қарамастан) ұйымдармен есеп айырысу мен негізгі жағдайларды реттейді.
      2. Осы Нұсқауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) Әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын жергілікті бюджет есебінен ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;
      2) Нысаналы топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиыншылдық көріп жүрген және әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдар топтары.
      З. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заң шығару актілері тарайды.
      4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа
орналастыру және ұйымдастыру тәртібі

      5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын жергілікті (қалалық) бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.
      6. Қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына еңбекақы шығынына ішінара өтемді төлеуге қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады.
      7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатымен және олардың еңбегіне ақы төлеуге белгіленген бюджет қаражаты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімияты жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тізімін анықтайды.
      8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен келісімге сәйкес ұйымдарда жүзеге асырылады.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру
жағдайлары және көздері

      10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу және еңбек шартына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына,санына байланысты жұмыс берушілермен ай сайын жүзеге асырылады.
      11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың әрқайсысына жұмыс істеген уақытына еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті (қалалық) бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде алты айға дейінгі мерзімге өтеледі.
      Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
      12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті (қалалық) бюджет қаражатынан төленетін еңбекақыға заңнама белгілеген тәртіппен салық салынады.
      13. Жұмыс берушілер жергілікті (қалалық) бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбекақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.
      14. Жұмыс берушілер жергілікті (қалалық) бюджет қаражатынан еңбекақылары бойынша шығыстарды қайтару үшін қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жұмысқа жаңадан қабылданғандар жөніндегі бұйрықтан көшірме, жұмыс уақытын есептеу табелін, жалақы есептеудің ведомость-есебін, орындалған жұмыстардың актісін ұсынады. Көрсетілген құжаттарды беру мерзімі әлеуметтік жұмыстарға орналасуда қызмет көрсету жөніндегі шартпен регламенттеледі.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртібін бақылау

      15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауды сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады