Жітіқара ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2003 жылғы 30 мамырдағы № 269 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 1 шілдеде № 2348 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2008 жылғы 23 қазандағы № 107 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2008.10.23 № 107 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311 бабына сәйкес және Жітіқара ауданы әкімиятының қаулысын қарап, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жітіқара ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Ережелері бекітілсін (қосымша).
      2. Шешім Қостанай облысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткенінен соң күшіне енеді.

      Сессия төрайымы

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы

Жiтiқара аудандық мәслихатының
2003 жылғы 30 мамырдағы № 269 
шешiмiмен бекiтiлдi (қосымша) 

Жiтiқара ауданының елдi мекендерiнде
ит пен мысық ұстау Ережелерi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарын орындау үшiн және кент, қала және селолардың ахуалын жақсарту мақсатында төмендегi ережелер жасалынды және бекiтiлдi.
      Осы ереже ведомстволық бағыныштылығына және меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдарды қоса алғанда, ауданның елдi мекендерiнде үй хайуанаттарын ұстаушылардың барлығына қолданылады.

1. Ит пен мысық иелерiнiң мiндеттерi

      1. Ит пен мысық иелерi:
      1) хайуанаттарды олардың биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес ұстауға, хайуанаттарға адамгершiлiкпен қарауға, қараусыз, сусыз, тамақсыз қалдырмауға, хайуанат ауырып қалған жағдайда ветеринар көмегiне сүйенуге;
      2) хайуанаттарды ұстау ережелерi мен санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауға, олардың жалпы пайдаланымдағы жерлердi ластауға жол бермеуге;
      3) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша диагностикалық тексеру мен емдеп қарау үшiн хайуанаттарды дер кезiнде ветеринарлық мекемеге жеткiзуге мiндеттi;
      4) хайуанаттардан қорғануға айналадағы адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн мынандай қажеттi шаралар қолданылуы тиiс: аула иттерi арнаулы бөлiнген жерде және байлауға ұсталынады, сақтандыру кестелерi iлiнуi керек, иттер қарғы баумен, томағамен қыдыртылуы тиiс;
      5) хайуанат адамдарды немесе хайуанаттарды қауып алса, олардың иелерi ол туралы жақын маңайдағы медициналық, ветеринарлық мекемеге тез арада хабар беруге мiндеттi және де ол ветеринар маманының бақылауына алынып, карантин жасау және тексеру үшiн ветеринарлық ем қолдануға апарылуы тиiс;
      6) объектiлердi, аумақтарды әртүрлi тұқымдағы иттерiмен күзету кезiнде, олардың иелерi сақтандыру кестесiн iлiп қоюға мiндеттi.

2. Хайуанат иелерiнiң құқығы

      2. Кез келген хайуанат қожасының меншiгi болып табылады, кез келген меншiк заңмен қорғалады.

3. Иттердi және мысықтарды ұстау

      3. Төмендегi жайттарға:
      1) хайуанаттарды тұрғын жайларда, оның iшiнде, пәтерлерде ұстауға;
      2) иттердi тек қана қысқа қарғы баумен әрi томағамен көшеге, аулаға, басқа да қоғамдық орындарға шығаруға;
      3) қоршаған орта қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдай сақталған болса, ит пен мысықтарды көлiктiң кез келген түрiмен алып жүруге.
      4. Төмендегi жайттарға:
      1) қоғамдық орындарда, көпшiлiк адамдар демалатын жерлерде, мас адамдарға, 14 жасқа дейiнге балаларға iрi иттердi қыдыртуға және де итпен көшеге шығуға;
      2) жалпы пайдаланымдағы жерлерге: кiреберiске, баспалдақ алаңдарында, сондай-ақ, балконда, лоджияда хайуанаттар ұстауға;
      3) кiреберiстi, баспалдақ алаңын, спорт алаңын, балалар ойнайтын алады, көгалды, тротуарды парктер мен саябақтардың ластауға тыйым салынады, егер, хайуанат нәжiс тастаса ол жердi хайуанат иесi тазалауға мiндеттi;
      4) ит пен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсiпорынына, сауда залдары мен өндiрiс орнына, азық-түлiк дүкендерiнде ұстауға және кiргiзуге;
      5) адамдарды шомылдыруға бөлiнген жерлерде, су ағыны бойымен 500 метрден артық жерге дейiн хайуанаттарды шомылдыруға тыйым салынады.
      5. Дүкендердiң, емдеу мекемелерiнiң, дәрiханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының жанына хайуанат иелерiнiң әдейi уақытша байлап қойған хайуанаттарынан басқа қоғамдық орындарда қожайынсыз жүрген ит пен мысықтар қаңғыбас деп есептелiнедi және де ондай хайуанат арнаулы қызметтiң жұмысшыларымен аулануға жатады.
      6. Тұрғын үйлердiң жанында хайуанаттарды қыдырту кезiнде оның қожайы маңайдың тыныштығын сақтауға мiндеттi.
      7. Хайуанат өлген жағдайда, өлiмтiктердi жерлеуге тек қана мал қорымы аумағына ғана рұқсат етiледi. Өлiмтiктердi лақтырып тастауға немесе ауданның елдi мекендерi аумағындағы жерлерге көмуге тыйым салынады.

4. Осы ережелерi сақтамағаны үшiн ит
пен мысық қожайындарының жауапкершiлiгi

      8. Осы ережелердi сақтамаған ит пен мысықтың қожайындары Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес жауап бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады